Жапырақтың суды буландыруы
Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру. Өсімдіктер суды жапырақтары арқылы буландырады. Неғұрлым жапырақ тақтасы үлкен болса, соғұрлым су көп буланады. Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Егер, су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспеген жағдайда, өсімдіктің өсуі баяулайды, солып, қурайды. Су өсімдік бойымен минералды тұздардың ерітіндісінің қозғалуы үшін қажет. Яғни, судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі.
Су булануының маңызы
Булану процесі ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетіден сақтайды. Ауық – ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап – жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтез процесімен тығыз байланысты. Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты қыздырады, ал булану процесі арқылы жапырақ өз температурасын бірқалыпты сақтайды.
1.1. Суретке мұқият қараңыз.
Сурет 1.1
А)Жапырықтың құрылысын атаңыз.
..............................................................................................................................................................................
2.1 Суретке сәйкес, буланудың транспирация үдерісіндегі, өсімдік өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
Сурет 2.1
|
Оқулық, Презентация
|
|
Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады
|
|
|
Оқулық, Презентация
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |