Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.
|
|
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады
|
Тапсырма №1
«Графикалық талдау»
ШҚМУ экология оқу-ғылыми-зерттеу орталығының мамандары Қазгидрометтің қызметкерлерімен бірлесе отырып, қаланың әртүрлі аудандары мен жақын маңдағы телімдердің ауыр металдармен қаншалықты ластанғанын анықтау үшін зерттеу жүргізді.Зерттеу нәтижесіне сай, атмосферасы ең ластанған қала Өскемен және ауыр металлургия өнеркәсібінің маңайындағы саңырауқұлақтардағы мырыштың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 1,67 есе, мыс — 2,68 есе жоғары. Қорғасын мен кадмий түріндегі қосымша барлық ақылға қонымды шектерден асып түседі. Саңырауқұлақтардағы бірінші элементтің саны рұқсат етілгеннен 14 есе, ал екіншісі — 66 есе артық.
|