5- дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси мәдениет пен саяси мінез-құлық. Саясаттану



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата22.11.2023
өлшемі1.37 Mb.
#484045
1   2   3   4   5   6   7
5-дәріс. Саяси партия, Саяси мәдениет

Екі партиялық жүйе.Бұл жүйеде кішігірім партиялар болады, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі
екі партия арасында жүреді. Сайлауда жеңген партия үкіметті құрады (Германия).
«Екі жарым партиялар» жүйесіекі партиялық жүйеден айырмашылығы, сайлауда жеңген партия үкіметті 
үшінші партиямен бірігіп құрады (Ұлыбритания, АҚШ).
Көппартиялық жүйе деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі 
мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Билікке төрт және одан да көп 
партиялар қатысады
(
негізінен Еуропа елдері).
Біржарым партиялық жүйе, мұнда нақты билік бір партияда болады және басқа партиялардың
қызметіне формальды түрде болса да рұқсат етіледі
(Қытай, Жапония).


Қоғамдық-саяси қозғалыстар – белгілі бір мақсаттарға жету үшін үкіметке ықпал ету 
бағытында құрылған азаматтардың түрлі ерікті ұйымдары
Негізгі 
белгілері
4) Қоғамдық саяси қозғалыстар билікке жетуді емес, 
билікке ықпал етуді негізгі міндет деп санайды.
1) Партияларға қарағанда тұлғасыз, әлеуметтік базасы 
кең болады
2) Белгілі бір нақты саяси мақсатқа жетуге бағдар ұстайды
3) Ұйымдық құрылымы жағынан әлсіз болады
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар: кәсіподақ қозғалысы, конфессиялық (діни) қозғалыс, 
Халық майданы қозғалысы, табиғатты қорғау қозғалысы т.б.


2. Саяси мәдениет пен саяси мінез-құлық 
Саяси мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі
белгілі бір қоғамдағы саясат субъектілерінің саяси
тәжірибесінің, саяси білімдерінің, мінез-құлық үлгілерінің
және қызметтерінің сапасының жиынтық көрсеткіші. 
Саяси мәдениет саяси жүйенің құрылымдық элементі 
болып табылады. 
Саяси мәдениетті белгілі бір қоғамға немесе индивидке 
тән болатын тарихи түрде қалыптасқан, салыстырмалы 
түрде алғанда тұрақты болатын олардың саяси жүйеге 
қатысты бағдары мен мінез-құлқы үлгілерінің және осы 
саяси жүйені құрайтын институттардың жұмыс істеуінің 
типтік үлгілерінің жиынтығы деп анықтауға болады.


Антикалық ойшылдар Конфуций, Платон, Аристотель, 
кейінірек Н.Макиавелли, Ф.Бэкон, Ш.Монтеске т.б. бұл
мәселеге көңіл аударған.
«Саяси мәдениет» терминінің авторы мәдениет пен
саясаттың өзара әрекетін зерттеген неміс философы 
И.Гердер (1744-1803) болды. 
Батыс саясаттануында саяси мәдениет теориялары ХХ ғ. 50-
60 жылдары қалыптасты. Саяси мәдениет теориясын
жасауға батыстың белгілі ғалымдары Г.Алмонд, Т.Парсонс, 
Д.Истон, С.Верба, Л.Пай, М.Доверже, Р.Таркер, С.Липсет, 
Е.Вятр, М.Бернстейн т.б. үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет