5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары



жүктеу 0.99 Mb.
бет3/4
Дата21.02.2016
өлшемі0.99 Mb.
1   2   3   4

3.4 Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері, заңды және

оқиғалы себептер

Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас бұл субьективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды.

Құқықтық қатынастардың құрылымы төрт элементтен тұрады: субьект, обьект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.

1. Құқықтық қатынастың субьектісі жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 12б.). Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің ең негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтар бар (кодекстің 14-бабы)

Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды негіздері мен себептері бар. Бұл обьективтік процес. Заңды себептер құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер.

Табиғаттың обьективтік даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.).

Оқиға құқықтық-азаматтық құқықтар мен міндеттің пайда болу негіздерінің бір түрі. Оқиға деп-адамның тууын, өлуін, стихиялық апаты, уақыттың өтуін т.б. табиғи құбылыстар аталады. Азаматтық құқық пен міндеттемелерге оқиға заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлеуге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән береді. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауып туғызатын ұйымдар мен заттар (транспорт ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, автомобиль иелері т.б.) егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс-әрекеттен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бүліну тәуекелін (риск) тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер-адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс-әрекеттер болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс.

Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негіз болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субьективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынасатар дамып, нығайып қоғамның обьективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады.

Оқулықтың бастапқы білімінде қылмысты квалификациялаудың жеке қағидасы немесе ережесі ретінде қажетті жағдайларда Жалпы бөлімнің нормаларына сілтеме жасау арқылы құқықтық баға беру туралы айтылған болатын. Міне осындай Жалпы бөлімге сілтеме жасауды талап ететін қылмыстық құқықтағы жағдайдың бірі, аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау болып табылады.

Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше біліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс-әрекетті квалификациялау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.

Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:

1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында кездеспейді. Қылмыстық кодекстегі тікелей де, жанама да қасақаналықпен анықталатын қылмыстарда тек тікелей қасақаналық орын алғанда ғана қылмысқа даярлану немесе оқталу кездеседі. Жанама қасақаналықпен қылмыс жасауға дайындалу және оқталудың мүмкін еместігі, ол қылмыстың салдарын тілемей тұрып, оған дайындала немесе қылмысты жасауға оқтала алмайтындығына байланысты болып табылады.1 Ал абайсыздықпен жасалатын қылмыстарда қылмысқа дайындалу немесе оқталу болмайды, сондықтан мұндай кінә нысанындағы қылмыстарда аяқталмаған қылмыстық әрекеттер болмайды.

2. Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді. Егер қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттің жалғасуын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамда қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілу мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мҹдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақсатқа жету ҹшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы сатысы көрініс алады.

Аяқталмаған әрекеттердің қоғамға қауіпті болуы қылмыстық жауаптылық қолданудың заңды негізін білдіреді.

Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы, ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табылады. Аяқталмаған қылмыстарда құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің ішінен тек қылмыс объектісі ғана емес, сонымен бірге субъективтік белгілерден қылмыстың мақсаты мен ниеті, ал объективтік белгілердің ішінен көпшілік жағдайларда қылмыстың орындалуын білдіретін әрекет немесе әрекетсіздік және материальдық құрамдар бойынша қылмыстың зардабы орын алмайды. Мұндай белгілердің аяқталмаған қылмыстарда орын алмау себебі, ол қылмыс субъектісі, іс-әрекеттің қасақана түрде жасалуы сияқты қылмыс құрамының барлық немесе көпшілік түрлеріне тән, көбінесе бірдей анықталатын белгілер болмауына байланысты. Қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын іс-әрекеттер, ниетпен мақсаттың, елеулі зардаптың түрі тәрізді белгілердің бір ерекшелігі, ол аталған белгілердің аяқталған қылмыстарда көрініс алатын белгілер болып саналуына байланысты болып табылады. Бұл белгілердің кейбіреулері түсіндіре кетуді талап етеді. Ең алдымен қылмысқа даярлану немесе оқталу тәрізді әрекеттерде қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге зардап келмесе, онда қылмыстық жауаптылықты қолданудың қандай негіздері бар, қылмыстық жауаптылыққа адамды тарту үшін құрам элементтері толық болуы керек емес пе деген сұрақ туындауы мүмкін.

Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын объектілерге зардап келмеуі немесе зардап келгенде де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде туындауы болып табылады. Мысалы адамды қасақана өлтіру мақсатын көздегенмен, оның еркінен тәуелсіз жағдайда мұндай зардап туындамай, тек жәбірленушінің денсаулығына зардап келуі мүмкін. Аяқталмаған қылмыстарда заңмен қорғалатын объектілердің бұзылу дәрежесі екі түрлі болады деп түсіну керек.

Біріншісінде, қылмысқа даярлану және оқталудың нақты зардаптар тудырмаған жағдайларында қылмыстың объектісі нақты бұзылмағанымен, бірақ оған бұзылу қауіпі болады немесе оған қатер туындайды. Мемлекет мұндай жағдайда да есі дұрыс, жауаптылық жасына жеткен адамның қоғам, адамзат құндылығына қасақана түрде қатер төндіргені үшін әрекекетсіздік таныта алмайды және жауаптылық қолданудың субъективтік негізі пайда болады.

Екіншісінде, қылмыскердің ойындағыдай объектінің түрі бұзылмағанмен, бірақ оған ұқсас немесе төменгі мөлшерде зардап келуі арқылы маңыздылығы қылмыскердің көздегенінен көрі жеңілірек объекті бұзылғанда, аяқталмаған қылмыстардың да зардаптарсыз болмайтындығы анықталады. Мұндай зардаптар келгенде де немесе қорғалуға жататын объектілерге нұқсан келтірілгенде де іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде бағалану себебі, ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәлінің қасақаналығының бағыты қолданылатынына байланысты. Сондықтан аяқталмаған қылмыстарда да зардаптар болады, бірақ ол зардаптың түрі мен көлемі кінәлінің мақсатындағыдай түрде немесе көлемде болмайды. Көпшілік жағдайда ол көздеген мөлшерден аз болады. Бірақ қылмысқа оқталу деп бағаланатын кейбір әрекеттерде кінәлінің қасақаналығына кірген объектіден де құндырақ қоғамдық қатынасқа немесе ауыр зардаптарға соқтыратын кездері бола алады. Мұндай оқталу әрекеттері объектіден қателесу жағдайында кездеседі. Мысалы қылмыскер 96 баптың 1 бөліміне жататын жай кісі өлтіру қылмысын жасауды көздегенмен, бірақ қателесу салдарынан жүкті әйелді өлтіруі мүмкін. Мұндай жағдайды кінәнің аралас нысанымен жасалған қылмыс деп бағалауға болмайды. Кінәнің аралас нысаны деп бағалау үшін квалификациялау кезінде қолданылатын ҚК бабында бұл туралы арнайы бөлім болуы керек. Ал 96 бап немесе жалпы қылмыстық заң, объектіден қателесу үшін арнайы баптар немесе оның бөлімдерін келтірмейді. Демек мұндай жағдайлар үшін квалификация тәртібі қылмыстық құқықтық ереже бойынша шешілуі керек және жоғарыда келтірілген қателесіп жүкті әйелді өлтіру қылмысы абайсыздықта қаза келтіру емес, кісі өлтіру қылмысы ретінде квалификациялануға жатады. Қылмыстық құқықтың квалификацияға байланысты бір кемшілігі ретінде қылмысқа оқталу деп бағалағай отырып, біз қылмыскердің нақты келтірген және өзі ойлағаннан да көрі ауыр зардаптар келтіргені үшін жазаны қаталырақ тағайындай алмайтындығымыз болып табылады. Өйткені қылмыстық заң оқталу әрекеттері үшін кінәлі айыпталып отырған баптың санкциясындағы жазаның ең жоғарғы мөлшерімен салыстырғанда төрттен үшінен асырмауды талап етеді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы қылмысты әрекеттерді қылмыстар жиынтығы ретінде де бағалауға болмайды, себебі мұндай жағдайларда кінәлі адам қасақаналықпен сипатталатын бір қылмысты жасауды көздейді, тек осы қылмыстың орындалу мазмұнында айырмашылықтар орын алады, екіншіден қылмыстық кодексте жүкті әйелге абайсыздықта қаза келтіруді қарастыратын бап жоқ, 96 бап субъективтік жағы бойынша тек қасақаналықпен сипатталатын қылмыс болып табылады.

Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі



Қасақаналықпен жасалатын, оның ішінде тікелей қасақаналықпен жасалатын қылмыстар кейде алдын ала дайындалу арқылы жасалады.Сондықтан мұндай кінә нысанымен жасалатын қылмыстардың аяқталуына дейін сатылардан немесе белгілі бір кезеңдерден өтуі жиі кездеседі 195. Егер кінәлінің қылмыс жасау туралы шешімі пайда болған кезден бастап, оның орындалған кезіне дейінгі уақыт аралығындағы әрекеттерді анықтап, оларға құқықтық баға берсек, онда қылмыстың ең алғашқы кезеңі ретінде қылмыс жасау туралы қасақаналықтың, шешімнің пайда болғанын келтіруге болады. Қылмыстық құқық ережесі бойынша қылмыс жасау туралы адамда қасақаналық болғаны немесе шешім қалыптасқаны үшін қылмыстық жауаптылық болмайды. Бірақ бұл кезде адамда қылмыстық заңда қарастырылған қандай қылмыс түрін жасайтындығы белгілі болады. Қасақаналықтың пайда болуы ретінде адамның белгілі бір қылмыс түрін жасау туралы шешімі болып, бірақ ол қылмысты орындауға бағытталған әлі ешқандай әрекеттерді жасамауы болып табылады. Қылмыс жасау туралы қасақаналықтың пайда болғаны ҹшін қылмыстық жауаптылықтың болмау себебі, біріншіден мұндай кезеңде адамның ойында қалыптасқан шешімді іс жүзінде анықтаудың мҹмкін болмауына байланысты. Қылмыс жасау туралы адамда тілек, шешім орын алғанмен, бірақ бұл тілектің,шешімнің бар екендігін анықтау ҹшін, ол көрініс алуы қажет, яғни кемдегенде ол адам қылмыс жасайтындығы туралы мәлімдеме жасауы немесе белгілі бір сөздер айтуы керек. Екіншіден, адамда қылмыс жасау туралы шешім, қасақаналық болғанымен, ол әрі қарай жалғаспай, қылмысты жасау туралы шешімінен бас тартуы да мүмкін. Міне осындай себептерге байланысты қасақаналық пайда болғаны үшін жауаптылық болмайды. Адам қылмысты әрекеттер жасайтындығы туралы қоғамға немесе жәбірленушіге хабарлағанда да қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптары бойынша квалификация жасауға немесе жауаптылыққа тартуға барлық кезде заңды негіздер бола бермейді. Себебі қылмыс жасайтындығы туралы ойының, шешімінің бар екендігін хабарлау әрекеттері ҚК 24 баптың 1 бөліміндегі қылмысқа дайындалу әрекеттерін білдіретін белгілер қатарына жатпайды. Қылмысты деп танылған әрекеттерді жасайтындығын жариялау немесе оған шақыру- ҚК Ерекше бөлімі баптарында тікелей көрсетілген жағдайда ғана қылмысты деп танылады және аяқталған қылмысты білдіреді. Мысалы 157 баптағы басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария тҹрде шақыру, 164 баптағы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, немесе діни араздықты қоздыру. Мұндай қылмыстарда кінәлінің осындай қылмыстар туралы шешімінің бар екендігін жариялауының өзі, осы баптардың диспозицияларындағы әрекеттерге сәйкес келеді. Мұндай ережеге сүйене отырып, қылмыс жасау туралы қасақаналықтың пайда болғанын жариялау қандай жағдайларда қылмыстың жасалғанын білдіреді немесе неліктен қылмыстық заңның кей баптарында қасақаналықтың пайда болғанын жариялау қылмыс деп бағаланған деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселе кейбір қылмыс түрлерінде қылмыстың орындалуы негізінен осындай әрекетті жасау түрінде анықталатындығына байланысты болып отыр. Жоғарыда келтірілген қылмыс түрлеріндегі қылмыскердің шешімі, оны жариялау әрекеттері бір адамның емес, бүтіндей бір нәсілдің, ұлттың, дін өкілдерінің заңды мүдделеріне, олардың тең құқықтылығына зиян келтіреді және екіншіден, қылмыстың нақты орындалуы, яғни заңмен қорғалуға жататын объектілерге ауыр зардаптар келтіру үшін өзі ғана емес, көпшілікті қатысуға шақырады. Жеке адамның өміріне, денсаулығына немесе меншігіне, абыройына қарсы бағытталған әрекеттерді жасайтындығын да жариялау қылмыстың орындалғанын білдіреді. Мұндай әрекеттер 112 баптағы қорқыту, 181 баптағы қорқытып алушылық қылмыстары ретінде квалификацияланады. Сондықтан адамның қылмысты әрекеттер жасайтындығын қоғамға немесе жәбірленушіге ашық білдіруі, жариялауы ҚК Ерекше бөлімнің баптарында тікелей көрсетілгенде ғана қылмысты деп бағаланады. Мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы бар деп танылу себебі, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің бұзылу қаупінің болуы және қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілердің адамгершілікке жатпайтын, заңды мүдделерге зардап келтіруге бағытталған іс-әрекеттерді білдіретіндігіне, сонымен қатар зұлым ниеттерін іске асыруды көздей отырып, тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталатынына байланысты. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың кезеңдерінде дайындалу сатысы қылмыстық ой-шешімді іске асырудың алғашқы сатысын білдіреді. Дайындалу әрекеттерін қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыстар өз құрамына сіңіреді, себебі қылмыстың кейінгі сатысы алдыңғы сатыға қарағанда қоғамға қауіптілігі, тәсілі бойынша ауыр деп бағаланады. Сондықтан қылмыс жасалып және ол қылмысты жасауға алдын ала дайындық болғанда, бірден Ерекше бөлімнің бабымен 24 бапқа сілтеме жасалынбай квалифкацияланады. Негізінде қылмыстық құқық ережесі бойынша қылмыстың алдын ала дайындық арқылы жасалуының квалификация жүргізу кезінде ролі жоқ. ҚК 24 бабының ережесі аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлерін және оның белгілерін анықтауға арналған. Сондықтан қылмысқа дайындалудың қылмыстық құқықтағы негізгі мағынасы, қасақана қылмысты жасауға алдын ала дайындық жасау әрекеттерінің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмеуін білдіреді және осындай жағдайды сот-тергеу құжаттарында бейнелеуді, сонымен қатар жауаптылық тағайындау кезінде ескеруді қамтиды.

Қылмысқа дайындалу төмендегідей белгілермен анықталады:

- қылмыстың құралдары мен қаруын іздестіру;

- қылмыстың құралдары мен қаруын дайындау;

- қылмыстың құралдары мен қаруын бейімдеп жасау;

- қылмысқа қатысушыларды іздестіру;



- қылмыс жасауға сөз байласу;

- қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау.Қылмыс жасау үшін құралдар мен қару іздестіру- қылмыстың орындалуы ҹшін қажетті болып табылатын құралдар және қару тәрізді жабдықтарды табу жолындағы әрекеттерді білдіреді. Кейбір қылмыстардың өзіндік ерекшелігіне қарай қажетті құрал-жабдықтардың дайын болуы міндетті болып табылады. Мысалы жалған ақша немесе жалған төлем құжаттарын жасау ҹшін алдымен арнайы техникалық құралдарды түгелдеу қажет. Сонымен қатар қылмыстың жасалуын жеңілдету үшін тиісті құралдар мен жабдықтарды іздестіру әрекеттері жасалуы мүмкін. Мысалы кісі өлтіру қылмысын атылатын қарусыз да жасауға болады, бірақ қылмысты жеңіл орындау үшін атылатын қару іздестірілуі мүмкін. Мұндай қылмыстар арнайы құрал-жабдықтарсыз да жасала алады. Қылмыстың құралы немесе қаруының қылмысты квалификациялауға әсер ететін кездері де болады. Егер белгілі бір қылмыс түрінің орындалуы үшін арнайы құралдың қолданылуы қажетті болса, онда мұндай құрал квалификация кезінде жеке қылмыстың түрін білдірмейді және іс-әрекетке құқықтық баға беруге әсер етпейді. Өйткені бұл құрал-қару осы қылмыстың құрамында міндетті белгі ретінде қолданылады. Мысалы бандитизм қылмысының жасалуы немесе оған дайындық жасау кезінде атылатын қару болғаны үшін атылатын қаруды, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 251 баппен қосып квалификация жасауға болмайды. Ал егер қасақана кісі өлтіру қылмысы атылатын қаруды заңсыз пайдалану арқылы жасалса, онда 96 баппен және 251 баппен қылмыстар жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмыстың құралдары мен қаруын іздестіру әрекеттері кез-келген түрде болуы мҹмкін. Мысалы сатып алу, біреуден уақытша пайдалануға алу, талан-тараж арқылы алу т.б тҹрлерде бола алады.Қылмыстың құралдары мен қаруын дайындау- қылмыстың жасалуын жеңілдететін жабдықтарды қолдан немесе өндірістік тәсілмен жасауды білдіреді. Қылмыстың орындалуы үшін белгілі бір құрал-жабдықтың түрі арнайы түрде қажетті болғанда, ол қылмыс құрамы белгілерінің қатарына жатады, сондықтан осындай құрал, қаруды дайындау өзге бапта жеке қылмыс ретінде қарастырылса іс-әрекетке квалификация жасау кезінде ол қолданылмайды. Мысалы 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық қылмысының ауырлататын түрі келтірілген. Қару немесе қару ретінде қолданылатын құралдарды пайдалана отырып қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 251 немесе қаруды заңсыз жасау ретінде 252 баптармен қосып квалификация жасауға болмайды. Өйткені 179 баптың келтіріп отырған 2 бөлімі күрделі құрамды білдіреді және 252 баппен салыстырғанда бүтін норма болып табылады. 179 бап 2 бөлімінің мазмұнында 251 немесе 252 баптың белгілері толық қамтылған.Қылмыстың құралдары мен қаруын бейімдеп жасау- бұл қылмыстың орындалуы кезінде қолдануға болатын немесе қылмыстың жасалуын жеңілдете алады деген затты әдепкі түрінен өзгертіп, қылмысты жасау құралына айналдыруды білдіреді.Қылмысқа қатысушыларды іздестіру- қылмыс жасауға ниеті бар екендігін кем дегенде бір адамға айтып айтып, қылмыстың бірге орындаушысы немесе көмектесушісі болуға шақыруды білдіреді. Қылмысқа қатысушылады іздестіру белгісі бойынша қылмысқа дайындалу ретінде квалификация жасау ҹшін адамның келісім беруі міндетті емес. Яғни қылмысты бірге орындауға адам келісім бермегенде де қылмысқа дайындалу әрекеттері үшін 24 бапты қолдануға болады. Қылмысқа қатысушылық ережесі бойынша мұндай жағдай, анығырақ айтқанда іске аспаған қылмысқа қатысушылық деп аталады.Іске аспаған қылмысқа қатысушылық жасалған әрекеттің түріне қарай қылмысқа дайындалу немесе оқталу деп бағаланады. Қылмысқа қатысушыларды іздестірген адам орындап отырған әрекетінің сипатына қарай қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады және құқықтық Тишкевич И.С. Приготовление и покушение по советскому уголовному праву (понятие и наказуемость). –М.: Госюриздат, 1958. С.38 бағалау жасағанда ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен 24 бапқа сілтеме жасай отырып квалификация жүргізу керек. Мұндай адамдардың әрекеттерін квалификациялағанда 28 бапқа сілтеме жасалынбайды,себебі қылмысқа қатысушыларды іздестіру 28 бапта да айтылғанмен, 24 бапта оның нақты жағдайы, қылмысқа дайындалудың бір тҹрі ретінде келтірілген. Яғни ұйымдастырушылық әрекет екі бапта да келтірілгенмен, бірақ 28 бапта аяқталған ұйымдастырушылық әрекет қарастырылса, ал 24 бапта аяғына дейін жетпеген қылмыстық әрекет тҹрінде келтірілген.Қылмыс жасауға сөз байласу-бұл кем дегенде екі адамның белгілі бір қылмысты жасау туралы келісімге келіп, бірақ олардың еркіне тәуелсіз себептермен қылмысты аяғына дейін жеткізудің мҹмкін болмауын білдіреді. Сонымен қатар бұл кезеңде келісім жасаған адамдардың арасында кімнің қандай ролдер орындайтыдығы тәрізді қылмыс жоспарының деталдары әлі анықталмаған болуы мҹмкін. Келісім жасау қылмысқа қатысушылық ережесіне сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, мысалы ауызша немесе жазбаша келісім беру, ым жасау арқылы келісімге бару. Кейбір әдебиеттерде келісім әрекетсіздік тҹрінде де бола алады дейді,мысалы ҹндемей келісім беру. Алдын ала келісім болмаған жағдайда қылмысқа қатысушылар іштей келісімде болады. Соған қарай бірінің әрекетін екіншісі басқа мағынада емес, сол бірінші адамның әрекетінің мағынасында түсінуі арқылы іштей бірлестікте болады.Қылмыс жасалардың алдында ғана немесе аяқ астынан қылмыс жасау туралы пайда болған келісім алдын ала келісімге жатады. Себебі мұндай жағдайда келісімді білдіретін белгілі бір сөздер, ымдар жасалмай болмайды. Мұндай келісімді зерттеушілер еңбектерінде «элементарное соглашение» деп атайды.1 Ал алдын ала келісімсіз түрде қылмыс жасалғанда қылмысқа қатысушылар көрінеу сөзбен, ыммен келіспейді. Мұнда бір-бірінің әрекетінің мағынасын тҹсініп, іштей келісімді түрде қылмыс жасалады. Қылмысқа қатысушылықтағы алдын ала келісім мен алдын ала келісім болмау жағдайының шекарасы міне осылай ажыратылады.Қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау-бұл көлемі бойынша қылмысқа дайындалуды білдіретін, өзге белгілерге қарағанда кең және тыл белгі болып табылады. Қылмыстың жасалуы ҹшін өзге де жағдайлар жасау ретінде қылмыстың орындалар жерін немесе қылмыстың жәбірленушісін алдын ала барлау, қылмыстың жасалуы кезінде кедергі жасауы мүмкін бөгеттерді құрту, қылмыс жасалғаннан кейін қылмыстың затын, ізін, қылмыскердің өзін жасыру керек болғанда алдын ала жасыратын жерлерді іздестіру т.б дайындық әрекеттері тҹрінде түсіну керек.Осындай жоғарыда баяндалған дайындалуды білдіретін белгілер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына дейін жеткізілмесе, жасалған іс-әрекет қылмысқа дайындалу ретінде бағаланып, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабымен және 24 баптың 1 бөліміне сілтеме жасау арқылы квалификацияланады. Қылмысқа дайындалудың аяқталу моменті немесе 24 баптың 1 бөлімін қолдану негізі, ол дайындалуды білдіретін белгілердің аяғына дейін орындалуына байланысты емес. Дайындалу- уақыт аралығы бойынша қылмысқа оқталуға дейінгі кезеңді толық қамтиды.

Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі

ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, «тікелей қылмыс жасауға бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады». «Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет» ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орындағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек. Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталудың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа оқталудың түсінігі туралы мынандай анықтамалар кездеседі. «қылмысты қасақана орындағанмен, оны ойлаған субъектінің еркіне тәуелсіз жағдайларда қылмыстың нәтижесінің аяқталмауы» немесе «Аяқталған қылмыстың құрамын орындауға тікелей бағытталған қоғамға қауіпті қасақана іс-әрекет осындай әрекеттер жасап отырған адамның еркіне тәуелді емес себептермен мақсаттына жетпеуі болып табылады»1, сонымен қатар «қылмысқа оқталу- бұл тікелей қасақаналықпен қылмыс жасауға тікелей бағытталған, ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында бейнеленген аяқталған қылмыс құрамдарының объективтік жағының белгілері бар, яғни материальдық құрамдардағы қылмыстарда зардаптарға соқтырмаған немесе осы баптарда көрсетілген іс-әрекеттердің тек бастапқы бөлімін қамтитын әрекет немесе әрекетсіздіктің кінәліге байланысты емес жағдайлар бойынша аяғына дейін жеткізілмеуі болып табылады».

Қылмысқа оқталудың тҹсінігін беруге арналған бұл анықтамалардың сапасы туралы сөз қозғамаймыз. Бұл біздің міндетімізге жатпайды, тек бұл жерде қылмысқа оқталу түсінігінің қылмыстық құқықта даулы екендігін ескертеміз.

Аяқталмаған оқталу ҚК Ерекше бөлімінің баптарындағы қасақаналықпен жасалатын қылмыстарды жасауға тікелей бағытталған әрекеттер болып табылады. Анығырақ айтқанда, аяқталмаған оқталу-қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың объективтік жағы белгілерінің жасалған іс әрекетте болмауын, яғни қылмысты орындауға бағытталған әрекеттердің құрамның объективтік жағы белгілерін сипаттайтын іс-әрекетке дейін үзілуін білдіреді. Мысалы қылмыскер ұрлық жасау орнына бара жатырғанда оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұстап алуы немесе қылмыс жасайтын жерге жеткенімен қылмыстың затының орнында болмауы, өзге адамдардың бөгет болуы сияқты т.б себептерге байланысты қылмыстық жоспар немесе қылмыстың бастапқы кезеңі аяғына дейін жеткізілмеуі мүмкін.

Аяқталған оқталуда қылмыстың обьективтік жағын білдіретін іс-әрекеттер толық немесе ішін-ара жасалады, бірақ кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың зардабы туындамайды немесе қылмысты әрекет мақсатына жетпей аяқталады. Сондықтан аяқталған оқталу материальдық құрамдарға жататын қылмыстарға тән деуге болады, өйткені материальдық құрамдарда қылмыстың обьективтік жағын білдіретін әрекеттер жасалғанмен, қылмыстық зардап туындамай тұрып аяқталды деуге болмайды. Мысалы ұрлық қылмысы материальдық құрамға жатады, бірақ бөтеннің меншігіне қарсы бағытталған әрекетті кінәлі адам жасағанмен, сол жердегі қылмыс затына, жағдайды толық білмеуіне байланысты аз көлемдегі мүлік немесе өздерінің жоспарына кірмеген басқа, жарамсыз затты алып кетуі мүмкін. Сондай-ақ кісі өлтіру мақсатымен адамға қаратып мылтықтың



шүріппесін басқанмен мылтық атылмауы немесе оқ тимей кетуі мүмкін. Міне осы тәрізді іс-әрекеттер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмегенде де қылмысқа оқталу деп бағаланады.Демек аяқталмаған оқталу мен аяқталған оқталудың айырмашылығы қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекетті жасауы немесе жасауға үлгірмегендігінде болып табылады. Ал ұқсастығы қылмыстың мақстына жетпеуінде немесе қылмыстың заң жҹзінде аяқталу моментіне жетпеуінде.

Жоғарыда аяқталған оқталуда қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер толық немесе ішін-ара жасалады дедік (бұл жерде біз бір неше әрекеттерден тұратын және осы әрекеттердің біреуі жасалса да қылмыстың аяқталуын білдіретін диспозицияларды айтып отырған жоқпыз). Қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер Ерекше бөлім нормалары диспозицияларының ерекшелігіне қарай жай диспозиция түрінде бір әрекеттен, сипаттамалы диспозиция түрінде бірнеше әрекеттен де тұрады. Қылмысқа оқталу мәселесінде Ерекше бөлім баптарының диспозицияларындағы іс-әрекеттерді толық немесе ішін-ара жасау,қылмыстың аяқталған немесе аяқталмағанын шешуде ролі болмайды.Бұл тек формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда ғана өзгеше анықталады. Формальдық құрамдарды білдіретін қылмыстарда қылмыстың обьективтік жағын құрайтын әрекеттерді толық жасау қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Мысалы адам ұрлау қылмысында жәбірленушіні басқа жаққа алып кеткен кезден адамның жеке басы бостандығы шектелді деп саналады және қылмыс осы кезден аяқталды деп танылады.Қылмыстық заңда объективтік жағы бір белгіден ғана құралмайтын формальдық құрамдар да кездеседі. Мысалы жыныстық қылмыстарда жәбірленушіні ұрған, қорқытқан немесе дәрменсіз жағдайын пайдаланған кезден қылмыс аяқталды деп бағаланбай, объективтік жағы толық орындалғанда, яғни жыныстық қатынас басталғанда ғана қылмыс аяқталды деп танылады. Бірақ қылмыстық заңдағы формальдық құрамдарға жататын көпшілік қылмыстарда обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттің біреуінің жасалуы-ақ қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Бұл формальдық құрамдарға жататын іс-әрекеттерге қылмыстық-құқықтық шектеу қою негізіне байланысты. Ал материальдық құрамдарда қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер толық жасалса да, ішін-ара жасалса да қылмыстың аяқталғанын немесе аяқталмағанын анықтауға ролі жоқ, материальдық құрамдарда қылмыстың аяқталғанын анықтаушы негізгі белгі, ол заңда келтірілген зардаптың түрі мен көлемінің туындауы болып табылады. Мысалы ұрлық қылмысын жасау үшін топ құру әрекеті аяғына дейін жеткізілмесе, онда ұрлыққа дайындалу деп бағаланады. Ал қылмысқа қатысушылықтың ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді нысандары «тұрақтылық» белгісін иеленетіндіктен қысқартылған құрамдарға жатады және тұрақты топ құрылған кезден-ақ қылмыс аяқталды деп танылады. Сондықтан мұндай құрамдарда осындай тұрақты топты құруға бағытталған әрекеттердің өзі қылмысқа оқталуды білдіреді. Басқаша айтқанда, егер қысқартылған құрамдарда немесе тұрақты топты құруға бағытталған әрекеттерді 24 баптың жалпы ережесін нақтыламай-ақ қылмысқа дайындалу ретінде бағаласақ, онда қысқартылған құрамдарда қылмысқа оқталу шектеледі, яғни қылмыскер ауыр зардап келтіруге тырысып, бірақ оның еркіне байланысты емес себептермен жеңілірек зардап туындаған жағдайда қылмыс жеңіл зардапты қарастыратын бапппен емес, кінәлінің қасақаналығына кірген ауыр қылмысқа оқталу ретінде квалификацияланады. Мысалы қылмыскер қасақана кісі өлтіру қылмысын жасамақшы болғанмен, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына әр тҹрлі дәрежелі зардаптар келсе, онда 24 және 96 баптармен кісі өлтіруге оқталу және денсаулыққа зардап келтіру қылмысы жасалды деп 103 баппен квалификация жасауға болмайды. Мұндай жағдайларда іс-әрекет бірден қылмыскердің қасақаналығының бағыты бойынша 24 және 96 баптарман қылмысқа оқталу деп бағалануы керек.Аяқталған оқталудың бір көрінісі жарамсыз оқталу болып табылады және мағынасы адамның қылмыс затына немесе жәбірленушіге,сондай-ақ қылмыстың құралына қатысты шын мән-жайды дұрыс білмеуі салдарынан қателесіп, жасалған іс-әрекеттің кінәлінің ойындағыдай,жоспарындағыдай болмай аяқталуын білдіреді. Қылмыстың заты кейбір қылмыс түрлерінде қылмыстың объектісін де белгілеуге әсер ететіндіктен жарамсыз оқталуға объектіден қателесуді де жатқызуға болады.

Жарамсыз оқталу орын алғанда іс-әрекет қылмыскердің ойында болған, жоспарлаған қылмыс түрі бойынша, яғни қасақаналығының бағыты бойынша квалификацияланады. Қылмыскердің қателесуінде немесе жарамсыз оқталуда өзі жоспарлағаннан заңмен қорғалатын құндырақ обьектілерге зардап келуі мүмкін екендігін және ондай әрекеттерді квалификациялау тәртібі қылмыстың субъективтік жағы бойынша квалификация жүргізу тақырыбында айттық. Қылмыстың затына қатысты қателесу салдарынан жарамсыз оқталуда, кінәлі қылмыстың затының орнына басқа затқа қатысты қылмысты әрекеттер жасайды. Мысалы есірткі заттарды сатып алушы сатып отырған адамның алдағанын білмей есірткі заттардың орнына басқа ұнтақ затты алуы мүмкін.

Мұндай жағдайда сатып алушының әрекеттері 259 баптың 1 бөлімімен және 24 баптың 3 бөліміне сілтеме жасай отырып бағаланады. Ал есірткінің орнына басқа затты алдап сатқан адамның әрекеті 177 баппен алаяқтық ретінде бағаланады, себебі есірткі заттың орнына басқа затты алдап сатқан адамда халықтың денсаулығына қарсы қасақаналық және сондай іс-әрекеттер болған жоқ. Осы тәріздес, қылмыстың құралының жарамсыз екендігін білмеу салдарынан кінәлі ойына алған қылмыстың түрін іске асыра алмауы мҹмкін. Жарамсыз оқталу материальдық құрамдарда ғана емес, формальдық құрамдарда да кездесе алады. Мысалы, пара алушы адам ақша немесе бағалы заттың орнына алданып басқа затты қабылдауы мүмкін.Жарамсыз оқталуда кінәлі адам қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді орындайды, бірақ объективтік жағдайды толық білмеуі салдарынан жарамсыз іс-әрекеттерді орындайды, соған сәйкес қылмыстың мақсатына жете алмайды. Басқаша айтқанда, қылмыстың объективтік белгілері мен субъективтік белгілерінің арасына ауытқу, сәйкес келмеушілік орын алады. Қылмыстың көптілігі бойынша квалификациялау. Нормалар бәсекелестігі және квалификациялау тәртібі.

Адамдар қылмысты әрекеттермен айналысқанда көпшілік жағдайларда бір қылмыс жасаумен шектелсе, кейде бір адамның бір неше қылмыстарды жасайтын кездері болады. Мұндай жағдайдың да көріністері қылмыстық құқықта айтылғандай бір неше түрлерде кездеседі, яғни адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарымен немесе бір бабымен қарастырылған қылмыстарды жасауы немесе бұрын қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамның қайтадан қылмыс жасайтын кездері болады. Осындай кездерде әдеттегі бір қылмыс үшін квалификация жасауға және жауаптылық белгілеуге қарағанда қылмысты әрекеттердің көптілігіне байланысты квалификация жүргізуде және жауаптылық белгілеу мәселесінде өзгешелік болады немесе арнайы ережелер қолданылады. Бірақ жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың арасында кейде ұқсастық кездесетін кездері болады немесе жекелеген қылмыстардың кейбір түрлері көптік қылмыстарға ұқсас болады деуге болады. Квалификацияны мұндай кездерде дұрыс жүргізу үшін жекелеген қылмыстардың негізгі белгілерін және оның көптік қылмыстарға ұқсайтын түрлерінің түсінігін, мағынасын қарастыра кеткен жөн. Сондықтан қылмыстық құқықта қылмыстың кптілігі тақырыбы әдетте жекелеген қылмыстардың түсінігімен, оның түрлерімен басталады.

Жекелеген қылмыстар кптік қылмыстардан негізінен қылмысты әрекеттердің көлемі немесе қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің саны, бір неше кіні нысандары бойынша емес, қылмыс құрамдарының көлемі бойынша ажыратылады. Көптік қылмыстардың түсінігін ашуда құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субъектісі ерекшелік байқатады, өйткені бұл мәселеде бір адамның бір неше қылмысты іс-әрекеттер жасаған жағдайына құқықтық баға беріледі. Бірақ бұл белгіні де міндетті белгі қатарына жатқызуға болмайды, себебі көптік қылмыстар мәселесі бір неше адамдардың бірлесуі арқылы жасалатын қылмысқа қатысушылықта да кездесе алады. Қылмыс бір адаммен немесе бір неше адаммен жасалсын, бірақ одан көптік қылмыстарды квалификациялау ережесі өзгермейді, тек жасалған қылмысқа байланысты адамның кінәсі болса жеткілікті.

Жекелеген қылмыстар ретінде бір қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттер танылады деп түсіну керек. Мұндай түсінік бір эпизодтан тұратын және бір іс-әрекетті орындаумен-ақ аяқталған қылмысты білдіретін жекелеген қылмыстардың қарапайым ұғымын білдіреді. Ал қылмыс күрделі сипатта болғанда, яғни бір неше эпизодтан тұрғанда немесе ұқсас бір неше әрекеттердің жасалуымен анықталғанда бұл іс-әрекеттердің жиынтығы бір қылмысты немесе бір неше қылмысты білдіретінін анықтау, соған сәйкес квалификация жасау да қиындық туындайды. Мысалы бір неше рет жасалған ұрлық әрекетінің әр қайсысы аяқталған ұрлық қылмыстарын білдіргенде, мұндай әрекеттерді бір неше рет жасалған ұрлық деп тану керек пе немесе ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалау керек пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол сияқты бір қылмыскер бір неше адамды өлтіріп, олардың әр қайсысы жеке қылмысты ниеттермен жасалғанда, бұл қылмыстарды екі немесе одан көп адамды өлтіру деп түсіну керек пе, әлде қылмыстар жиынтығымен квалификация жасау керек пе деген мәселе туындауы мүмкін. Яғни осы тәріздес жағдайларда іс-әрекеттерді бір жеке қылмыс деп немесе көптік қылмыс ретінде тану туралы мәселе туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларға құқықтық бағаны дұрыс беру үшін жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың түсінігін және олардың айырмашылығын білу ғана қажет емес, сонымен қатар заң нормаларының мазмұнына, іс-әрекеттерді қамту деңгейіне көңіл аудару керек. Заң шығарушы кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде жиі орын алатын басқа қылмыстың негізгі белгілерін осы қылмыста да келтіріп, қылмысты бір неше объектілі немесе бір неше әрекеттердің орындалуымен сипаттағанда осы қылмыстың табиғатын көрсетуге және оның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға тырысады. Мысалы зорлық-зомбылықпен ұштастырыла жасалатын қылмыстарда адамның денсаулығына, меншікке зардап келуін құрамның негізгі бөлімінде немесе ауырлататын құрамы ретінде келтіруі кездеседі. Айталық, қарақшылық қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық әрекет қарастырылған. Баптың бұл білімінде екі қылмыстың, яғни қарақшылық және 251 баптағы қаруды заңсыз алып жҹру қылмыстарының белгілері келтірілген және қарақшылық қылмысында қару қолдана отырып жасауды осы білімде көрсеткенде осы қылмыстың негізгі мағынасын ескере отырып, оның бір көрінісі үшін жеке жауаптылық қарастырған. Қарақшылық қылмысының негізгі мағынасы меншікке қарсы әрекетті адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті шабуыл арқылы іске асыруды білдіреді. Олай болса бұл қылмыстың жасалуы кезінде қару қолдау, жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптың келуі әбден мүмкін және мұндай тәсілдің, зардаптың баптың мазмұнында қарастырылуына назар аудара отырып, екі қылмыс немесе қылмыстың көптілігі ретінде емес, жеке бір қылмыс деп түсініп квалификация кезінде бір бапты қолдану керек.



Бұл айтылғандар жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстарды заң нормаларының мазмұнына қарай отырып ажыратуға болатынын білдіреді. әйтсе де жекелеген қылмыстардың негізгі мағынасы, оның құрылысы қалай болуы керек деген сұрақ туындайды. әдебиеттерде бұл мәселеге бір келкі жауаптар кездеспейді. Бір зерттеушілер жекелеген қылмыстарды «бір мақсатқа жетуге бағытталған бір тектес актілердің орын алуы» түрінде анықтаса,1 кейбір ғалымдар «бір немесе бір тектес әрекеттермен жасалған және бір кінә түрімен орындалатын, сонымен қатар бір зардап түрінің немесе бір тектес зардаптардың туындауын білдіретін қылмыстар деп анықтайды.2 Сондай-ақ, «жекелеген қылмыстардың әлеуметтік мағынасы, көбінесе бірге жасалатын, әдетте ортақ объективтік және субъективтік белгілері болатын, өз ара бір-бірімен тығыз байланысты сақтайтын және өзінің қоғамға қарсы мағынасы бойынша кейбір қылмыскерлердің санаттарына тән құқыққа қайшы әрекеттердің бейнесі болып табылады. Ал құқықтық нысаны жағынан алғанда, жекелеген қылмыстар қылмыстық құқықтық нормалармен бір қылмыс құрамы ретінде қарастырылған әрекеттер болып табылады» деген көз-қараста кездеседі.1 Жекелеген қылмыстардың мағынасын ашу үшін жеке қылмыстық құрамдарды бейнелеуге арналған қылмыстық заң нормаларының негізгі бағытын, олардың белгілері бойынша әр түрлі деңгейде болатынын ескеру керек тәрізді. өйткені жекелеген қылмыстар жоғарыда келтірген кейбір зерттеушілердің айтқанындай қылмыстық заң нормаларында бір әрекет, бір зардап немесе бір кінә нысанымен анықталып, сипатталып жатпайды. Бір әрекет, бір немесе бір тектес зардаптар, бір кінә нысаны кездесетін жекелеген қылмыстар жай немесе қарапайым қылмыс түрлерін білдіреді. Мысалы кісі өлтіру, ұрлық сияқты қылмыстар негізінен объектіге қарсы бағытталған бір әрекетпен (адамды өмірінен айыратын, мүлікті жасырын түрде алатын), кінә нысаны қашанда қасақаналықпен анықталады. Ал күрделі құрамдар деп аталатын кейбір қылмыстардың құрылымы немесе құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің көлемі бұған қарағанда күрделі болып келеді. Қылмыстық заңдағы көптеген қылмыстар негізгі және қосымша түрдегі бір неше объектілермен, объективтік жағының белгілері бойынша бір неше құрамдас іс-әрекеттермен, екі немесе одан көп зардаптармен, сондай-ақ кінәнің екі нысанымен де сипатталады. Мысалы адамды ұрлау, кепілге алу сияқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зардаптар келуі, адамның бостандығына қарсы бағытталған әрекеттерді қасақаналықпен жасағанмен жәбірленушінің мірі мен денсаулығына зардапты тек қасақаналықпен ғана емес, абайсыздықпен де келтіруі, соған сәйкес бір неше объекті түріне зиян келтіруі мүмкін. Бір қылмысты орындау кезінде орын алуы мүмкін осындай белгілерді жекелеген қылмыс құрамдарының да қамту деңгейі әр түрлі деуге болады. Заң баптарының немесе қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің күрделіленуі, әсіресе 1998 жылдан бергі қылмыстық заңда анық байқалады, өйткені қолданыстағы заң қылмысты жасау кезінде орын алуы мүмкін өзге де немесе негізгі зардаппен салыстырғанда ауырырақ зардаптардың, абайсыздықтың да белгілері кездесуі мүмкін екендігін жеткілікті ескерген және осы қылмыстың негізгі мағынасын, құқықтық табиғатын ашу үшін қолданылатын қажетті белгілерден де басқа осы қылмыстың жасалуы кезінде кездесуі мүмкін, бірақ өзге қылмыстарға тән белгілерді бір қылмыстық құрамның көлемінде келтіреді. Мысалы жоғарыда аталған адамды ұрлау қылмысының негізгі мағынасын, құрамын ашу үшін қолданылатын белгілер, ол адамның жеке бостандығы, адамды басқа жаққа еріксіз алып кету және мұндай әрекетті қасақана жасау болып табылады. Бірақ адамды ұрлағандық үшін жауаптылық қарастыратын 125 баптың өзге білімдерінде осы қылмысты жасау кезінде кездесуі әбден мүмкін адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану немесе осындай зардаптар келтіру, қару қолдану, топ адам болып жасау әрекеттері келтірілген. Демек, заң шығарушы қылмыстың ауырлататын құрамдарын ашуды мақсат етіп, ауырлататын белгілерді келтіргенде, осы қылмысты және оның жекелеген құрамдарын толық ашуға, анық бейнелеуге тырысқан. Сондықтан жекелеген қылмыстардың мағынасы құрам элементтерінің негізгі белгілерімен анықтаумен ашылмайды. Байқап отырғанымыздай қылмыстық құқықтық нормалардың дамуында жай қылмыстан күрделі қылмысқа көшіру, осы қылмыстың әр түрлі көріністерін бейнелеу, сипаттаубайқалады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып айтқанда, «жекелеген қылмыс дегеніміз, қылмыстық құқықтық нормалармен қарастырылған бір қылмыс құрамын білдіретін қылмыстар» деген түсінік тар ұғым деп санауға болады. Ал толық немесе кең мағынада алғанда, жекелеген қылмыстар дегеніміз, қылмыстық заңда белгіленген мазмұнмен қылмыс дәрежесіндегі қоғамға қауіптілікті білдіретін, қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы болып табылады. Байқап отырсаңыздар біздің бұл жекелеген қылмыс дегеніміз не деген сұраққа беріп отырған жауабымыз, қылмыс құрамының түсінігіне ұқсас келтіріліп отыр. Мұны заңды деп түсінуге болады, себебі «жекелеген қылмыс» және «қылмыс құрамы» деген ұғымдар бір-бірімен ұқсас, тек қолданылатын ортасы бөлек ұғымдар болып табылады, сондықтан олардың анықтамасында ұқсастық байқалуы түсінікті жәйт. Басқаша айтқанда қылмыс құрамының өзі жекелеген қылмысты білдірсе, жекелеген қылмыста, нақты қылмыс құрамын білдіреді. Бұл ұғымдардың ара қатынасындағы бір айырмашылық, ол ҚК Ерекше бөлімнің әр бір бабында, оның бөлімдерінде нақты бір қылмыс түрі қарастырылған, ал баптың негізгі және қоғамға қауіптілікті ауырлататын немесе аса ауырлататын бөлімдерінде, сонымен қатар кейінгі білімі ауырлатпай келтірілгенде де осы қылмыстың жекелеген құрамдары қарастырылған. Сондықтан жекелеген қылмыспен көптік қылмыстың ара қатынасын нақты бір өлшеммен, белгі түрімен ажырата алмаймыз. Бұл ара қатынасты меңгеру үшін, жекелеген қылмыстарды анықтағанда Ерекше білім баптары белгілерінің көлемін немесе қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің толықтығын ескеруіміз керек. Ал қылмыс уақиғасында бір қылмыс құрамымен қамтылмаған, өзге қылмыстың белгілері (қылмыс жиынтығы) немесе бір қылмыстық мақсатты білдірмей бір қылмыстың бір неше рет қайталануы (бір неше рет қайталанған қылмыстар) болса, онда көптік қылмыстар орын алады дейміз. Көптік қылмыстар мәселесінде бір субъектінің бір неше қылмыс жасауы арқылы криминогендік белсенділігі құқықтық тұрғыдан сипатталатынына байланысты рецидив мәселесі де қарастырылады.

Көптік қылмыстар бойынша квалификация жүргізуде «кінәліде бір қылмысты жасау мақсаты» болған, болмағанын анықтау маңызды деп түсіну керек. өйткені әр біреуі аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттер бір неше рет жасалғанда, көптік қылмыстар ретінде бір неше рет қайталанған қылмыс деп бағалау керек пе немесе жеке қылмыс ретінде ірі мөлшерде зардап келтіру деп квалификация жасау керек пе деген сұрақ туындайтынын жоғарыда келтірдік.

Мұндай жағдайларда қылмыскерде ірі зардап келтіру немесе ірі Мөлшерде пайда табу мақсаты болса, онда әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір неше рет жасалған әрекет заң бабында келтірілгенде бір қылмыс ретінде бағалануы керек. Мысалы 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалануы керек. Ал әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір тектес әрекеттерде бір мақсат болмағанда және осы бапта қылмысты «бір неше рет қайталау» арнайы келтірілгенде, баптың тиісті Білімімен бір неше рет қайталанған қылмыс деп квалификация жасау керек

Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау

Адамның жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің көлемін және оларды заң баптарымен салыстыра отырып, бір қылмыс немесе бір неше қылмыс жасалғанын анықтауға болады. Іс-әрекетте бір қылмыстың немесе бір неше қылмыстың құрамы бар екендігін анықтау маңызды болып табылады. өйткені жасалған іс-әрекетте бір неше қылмыстың белгілері бар деп танылса, онда кінілінің әрекеттері де заңның бір неше баптарымен квалификациялануы тиіс және осыған байланысты жаза тағайындау кезінде де арнайы ереже қолданылып, қылмыстар жиынтығы бойынша жазаның тҹрі мен көлемі белгіленеді. Демек, іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы бар немесе жоқ екендігін анықтау кезінде қателесуге болмайды, мұндай кезде қате жіберу ауыр салдарға соқтырады деуге болады. өйткені квалификация жҹргізуші қызметкер бір қылмыстық құрам ретінде бағаланатын әрекетті бір неше қылмыс деп екі немесе одан көп баптармен бағалағанда, сол қолданылған баптардың санкциялары қолданылып, әдеттегі бір қылмыс бойынша жаза тағайындауға қарағанда қаталырақ жаза белгіленеді. Немесе бұл жағдай керісінше болғанда да, яғни бір неше қылмыс жасаған адамның әрекеттерін бір қылмыс ретінде бағалағанда да құқықтық баға дұрыс берілмеуіне байланысты, жаза да қылмыстар жиынтығы бойынша емес, жекелеген қылмыстарға тағайындалатын тәртіппен белгіленеді және қылмыскердің қауіптілік дәрежесі көрінбей қалады деуге болады.



Қарапайым мағынада айтқанда, қылмыстар жиынтығы бір адамның заңның әр түрлі баптарымен қарастырылған екі немесе одан көп қылмыстарды жасауын білдіреді. Бірақ қылмыстар жиынтығының толық, ірі дұрыс мағынасы бұл қарапайым түсінікке сәйкес келе бемейді. Себебі қылмыстық заң нормаларының бір неше білімдерге бөлініп күрделенуі немесе күрделі құрамдарды көптеп келтіруіне байланысты қылмыстар жиынтығы әр түрлі баптардың жиынтығынан емес, бір баптың көлемінде де құралады. Заң баптары кейде өз ара ұқсас екі қылмыстық құрамды бір баптың жекелеген бөлімдерінде қарастыруы кездеседі. Мысалы, 194 баптағы мемлекеттік несиені заңсыз алу және мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау, 231 баптағы коммерциялық сатып алу қылмысындағы сатып алу және сатылу. Біз 231 бапта жеке қылмыстық сипаттағы бір неше қылмыс құрамдары бір баптың көлемінде қарастырылған деп санаймыз, себебі осыған ұқсас 311 және 312 баптарда пара алу және пара беру қылмыстары қарастырылған. Мұнан өзге білімдерде айтқандай, бір қылмыстың жекелеген құрамдары бір баптың көлемінде жеке білімдер ретінде де келтірілген. Сондықтан бір баптың әр түрлі білімдерімен қарастырылған әрекеттерді жасау барлық кездерде бір неше рет қайталанған қылмыстарды емес, қылмыс жиынтығын білдіретін кездер де болады. Мұндай жағдайда іс-әрекеттерді бір неше рет қайталанған қылмыс немесе қылмыс жиынтығы екендігін ажырату үшін әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттердің баптың бір біліміне сыю мүмкіндігін ескеру керек. Мысалы пайдақорлық ниетпен және бұзақылық ниетпен кісі өлтіру қылмыстары жеке-жеке жасалғанда қылмыс жиынтығы ретінде 96 баптың «з» және «и» пункттерімен емес, осы баптың «н» пунктімен бұрын қасақана кісі өлтірген адамның қайтадан кісі өлтіруі деп, бір неше рет қайталанған қылмыстар ретінде бағалау керек. Себебі «н» пунктінде келтірілген кісі өлтіру түрі пайдақорлық және бұзақылық ниетпен кісі өлтіру қылмыстарымен салыстырғанда толық және белгілері бойынша әр түрлі ниетпен, мақсатпен немесе тәсілмен жасалған қылмыстарды қамтитын күрделі құрамды білдіреді. Егер жеке-жеке жасалған қылмысты әрекеттер бір бөліммен квалификациялануға жатпаса, онда қылмыс жиынтығы түрінде квалификация жүргізілуі қажет. Сонымен қылмыстар жиынтығы қылмыстық заңның әр түрлі баптары бойынша ғана емес, бір бабтың бір неше бөлімдерімен қарастырылған қылмыстарды жасағанда да бола алатынын ескере отырып, ҚР ҚК 12 бабының 1 бөліміне сәйкес, қылмыстар жиынтығы дегеніміз, кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының түрлі бөлімдерінде көзделген қылмыстарды бір Адам жасап және солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан көп әрекеттерді жасауы болып табылады
1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет