5, 6а,6б сыныптар арасында математикалық сайыс



бет1/4
Дата30.07.2022
өлшемі317.5 Kb.
#459845
  1   2   3   4
Бақытты сәт ойыны (5-6 сынып)


№228 орта мектеп

(5, 6а,6б сыныптар арасында математикалық сайыс)


Өткізген: Әшірбаев Ғ


2012 – 2013 оқу жылы
«Бақытты сәт» математикалық ойыны.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылырдың ойлау қабілітін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамутушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылырды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;
2. Тапқырлық сайысы;
3. Біліктілік сайысы;
4. Капитандар сайысы;
5. Жанкүйерлер сайысы
6. Ойымды жалғастыр;
7. Сөз жұмбақ сайысы;
8. «Қас қағым сәт» сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

( К.Гаусс)

  1. Ақыл – ойды тәртіпке келтірген математика.

(М.В.Ломоносов)

  1. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

( Р.Бэкон)
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойнайық!
Қатардан атта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен –текке жоймайық.
Ойнайық, ойнайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық.
Жеңсен де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат» топтарын шақырамыз. Топтар орналасып болғанша, музыка қойылады.)
Басталық ақыл –ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізді жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе.
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Матиматика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,
- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет