5 – сыныпқа арналған «Бөлшектерге амалдар» факультативтік сабақ
Түсінік хат
«Бөлшектерге амалдар» курсы 5 сыныпқа арналған математикадан стандартты курстың толықтыруы болып саналады.
Курстың үйренудің негізгі бөлшектерге, аралас сандарға амалдар қолдану болып табылады.
Факультативтік сабақты мақсаты:
Оқушыларды бөлшектерге, аралас сандарға амалдар қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру дағдысын қалыптастыру.
Факультативтік сабақтың міндеті:
Бөлшектер тарауын теориялық негіздеу;
Жай бөлшектер мен аралас садарды оқу, жазу, салыстыру және есептеу дағдыларын арттыру;
Бөлшекке байланысты мәтінді есептердің жаңа түрімен және оларды шығару тәсілдерімен таныстыру;
Ондық бөлшектерді оқу, жазу, салыстыру және ондық бөлшектерді есептеу, ондық бөлшекті жай бөлшекке және жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру дағдыларына машықтандыру;
Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге амалдар қолдану біліктілігін арттыру;
Үлестер және пайыздарды, күрделі пайыздарды есептеу дағдысын арттыру;
Пайызға берілген есептерді алгебралық тәсілмен шығару, бөлігі, пайызы бойынша санды табу, концентрация және пайыздық қатынасқа есептер шығару дағдысын арттыру;
Білім мен іскерлік дағдысын кеңейту, әр түрлі проблемалық ситуацияларды шешу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Оқу мотивациясын арттыру, кеңейту;
Пәнаралық байланысты кеңейту.
«Бөлшектерге амалдар» курсына 34 және 68 сағат бөлінген.
Ұсынылған курс 5 сыныптың программалық материалдарына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған.
«Бөлшектерге амалдар» факультативтық сабақтың ерекшеліктері:
Математиканың ұғыну деңгейін кеңейту.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Математиканы нақты өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру, математиканы саналы меңгеруге дағдыландыру.
Курстың тиімділігі олимпиадада, интелектуалды марафон, интелектуалды турнирге қатысушыларға тигізер пайдасы көп.
Курсты оқып-үйрену барысында оқушылар білуі тиіс:
Жай бөлшек және оның қасиеті, аралас сан, ондық бөлшек, рационал бөлшек ұғымын білуі тиіс.
Бөлшектер мен аралас сандарға, рационал бөлшектерге амалдар қолдана білуі қажет.
Бөлшектер мен аралас сандарға, рационал бөлшектерге амалдар қолдану, түрлендіруережелерін жатқа білу.
Есептерді шығарудың дағдыларын меңгеруі тиіс.
Математикалық мәдениеті мен білім сапасын арттыру тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |