5-ДӘріс. ТҰЛҒА ҚҰрылымындағы темперамент, мінез және қабілет



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.12.2023
өлшемі270.89 Kb.
#485654
  1   2   3   4   5   6
2022 Болтаева А.М. Лекция -5



5-ДӘРІС. 
ТҰЛҒА ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАМЕНТ, МІНЕЗ ЖӘНЕ ҚАБІЛЕТ 
Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының 
динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның 
биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк 
қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-
құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, 
жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.
Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол 
биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып 
табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның 
әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға
болмайды.
Темперамент туралы теорияларға қысқаша шолу 
Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн 
салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, 
оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, 
шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы 
сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-
сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым 
болса- меланхолик айқындалады деген.
Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi: 
1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса; 
2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады. 
И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен психикасының 
динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты болады. Себебi 
ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз. Сонымен қатар, темперамент 
қасиеттерi әлеуметтiк ортадағы адамдардың әрекеттерiмен тығыз байланысты. Темперамент 
түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман 
жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi
жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай 
қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. 
Меланхоликтер керiсiнше, жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн 
сақтайды. Олардың жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. 
Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының сапасы бiрдей, айырмашылықтары әр 
кезеңдегi жұмыс динамикасында.
Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс 
барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ 
және мақсатына жеткенше белсендi бола алады.
Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген: 
1) Эмоциясы күштi темпераменттер. 
2) Эмоциясы әлсiз темпераменттер. 
Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына 
байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен 
кеңдiгiне байланысты дедi.
Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса
психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп 
түсiндiрдi.
В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар: 


1) индивидтiң белсендiлiгi; 
2) оның моторикасы; 
3) эмоционалдылығы. 
Бұл компоненттер құрылысы және психологиялық көрiну формалары жағынан әр түрлi. Бұл 
жерде үлкен орынды индивидтiң белсендiлiгi алады. Оған шаршау, инерттiлiк, енжарлық т.б. 
жатады. Ал, моторикаға қозғалыс тездiгi мен күштiлiгi, эмоционалдылық көңiл-күй, аффект,сезiм 
т.б.жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет