5-ДӘріс. ТҰЛҒА ҚҰрылымындағы темперамент, мінез және қабілет



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.12.2023
өлшемі270.89 Kb.
#485654
1   2   3   4   5   6
2022 Болтаева А.М. Лекция -5

Қабілет психологиясы. Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың 
неге әр түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет 
ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына 
тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам 
қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген 
кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не? 
Тәжірибеде “қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін 
атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты 
орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі..
Қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды 
екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Олар 
жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді.
Жалпы қабілеттер – бұл арнайы қабілеттерді дамытуға деген қабілеттер. 
Арнайы қабілеттер – белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетті білдіреді (математикалық, 
музыкалық, педагогикалық қабілеттер және тағы басқалар).
Қабілеттің негізін нышан құрайды. Нышан - қабілет дамуының алғышарты болып табылады. 
Нышанға мидың анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ғана емес, 
сонымен бірге олар тікелей және жанамалы түрде тұқымқуалаушылықпен байланысты 
психикалық процестерде жатады 
Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің 
қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге 
көміп тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін 
шекті ұғым. Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары 
деңгейі болып түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. 
Талантты адамның әрекеті тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен 
ерекшеленеді. 


Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның 
алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты 
толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық. 
Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. 
Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. 
Мәселен, таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға 
болады. Адамның шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты 
факторлардың бірі ғана. Бірақ нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, 
икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық туралы 
адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді 
құрастырғанда айтылады. Данышпан адамдар өте аз. Барлық бесмыңжылдық өркениет 
тарихында небәрі 400-ден астам ғана данышпан бар деп саналынады. Данышпандықты 
сипаттайтын дарындылықтың жоғары деңгейі әрекеттің әр түрлі салаларындағы сиректілігімен 
шарасыз байланысты. Лайықты әмбебептылыққа қол жеткізген данышпандар арасында 
Аристотель, Леонарда да Винчи, Р. Декарт, Г.В. Лейбниц, М.В. Ломоносовтарды атауға 
болады. Мысалы, М.В. Ломоносов білімнің әр түрлі салаларында: химия, астрономия
математика, сонымен қатар суретші, поэзияны күшті білген әдебиетші, тілші, жетістіктерге қол 
жеткізген. Алайда бұл данышпандардың барлық дербес қасиеттері бірдей дәрежеде дамыды 
деуге келмейді. Данышпандықтың өзіндік “профилі” болады, қандай да бір жақты онымен басым 
болса, кейбір қабілеттерде айқынырақ болып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет