5-күн тапсырмасы Берілген мәтіндерге жоспар құрыңыз. 1-мәтін



бет2/3
Дата25.02.2024
өлшемі27.04 Kb.
#493149
1   2   3
5-күн тапсырмасы Қазақ тілі1

Күрделі жоспар
1.Кіріспе:
Ауылға деген сағыныш
2. Негізгі бөлімі:
а) Ауыл адамдарының қарапайымдылығы
ә) Дастарқан басындағы жылылық
3.Қорытынды:
Ауылым- құт-мекенім


Тезистік___________________________________________________________
І. Кіріспе
1. Тезистік сөйлем:
Ауылым қаладан қашық емес.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Тезистік сөйлем: Қалаға барсам, ауылға қайтқанша асығамын.
а) тезисті қолдаушы сөйлем: Қаладан ауылға жақындағанда, бір жақын, таныс адамымды көргендей қуанамын.
б) тезисті қолдаушы сөйлем: Ауыл адамдары бір-біріне қол ұшын беріп, көмектеседі.
2.Тезистік сөйлем: Сәкіде кешкі дастарқанда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін.
а) тезисті қолдаушы сөйлем: Бауырларымның бәрі жиналып, у-шу боламыз.
б) тезисті қолдаушы сөйлем: Дастарқан басында самаурынмен шай ішуді ұнатамын.
3. Тезистік сөйлем. Демалыс күндері осы ауылда тұратын әжеме барамыз, шаруа­сына көмектесеміз.
а) тезисті қолдаушы сөйлем: Кішкентай сіңілім қозы мен лақты қолым­мен ұстаймын деп жылайды.
б) тезисті қолдаушы сөйлем: Ауылдағы бір қалыпты, бірақ жайлы өмір маған ұнайды.
ІІІ.Қорытынды
Туған ауылымды сүйемін.

3-мәтін
Компьютер: пайдасы мен зияны
Қазір барлық үйде компьютер бар. Компьютер өміріміздің бөлінбес құрамына айналды. Компьютер туралы адамдар арасында әртүрлі пікірлер қалыптасты. Бірі оның пайдасы көп десе, бірі оның зияны көп дейді. Шынымен де, оның қандай пайдасы және зияны бар?
Компьютердің басты артықшылығы деп адамның уақытын үнемдеуін айтуға болады. Компьютерде жұмыс істеу арқылы, ақпаратты компьютердің көмегімен интернетте жіберу арқылы адамдар уақыттарын үнемдейді. Әйтпесе, бір ақпаратты екін­ші орынға жеткізу үшін қанша уақыт кетер еді. Сонымен қатар компьютер арқылы жаңа ақпараттарды біліп отыруға, білімді дамытуға болады. Ерте жастан-ақ балалар компьютерді меңге­ру арқылы білімдерін жетілдіріп, жаңа дағды түрлерін үйренеді. Олар сурет салуды, музыкалық аспаптарда ойнауды арнайы кур­стар арқылы компьютерде меңгере алады.
Алайда, осындай тиімді жақтарымен қатар, компьютердің зиянды жақтары да бар. Компьютердің пайда болуымен адамдар жұмыссыз қала бастады.Өйткені компьютер көптеген жұмыс орындарында адамның орнын ауыстырғандықтан, жұмыссыздар саны көбейді. Со­нымен қатар компьютер адамның денсаулығына да зиянын тигізе баста­ды. Қозғалыссыз ұзақ уақыт отыру бас, көз ауруын, қан айналымымен байланысты ауру түрлерін туғызуы мүмкін.
Бұл қиындықтардан шығудың бірнеше жолдары бар: 1) компьютерді қолданудан бас тарту; 2)компьютер қолдану мәдениетін дамыту; 3)адам­ның қызметін көп керек ететін қызметтің жаңа түрлерін ойлап табу. Аталған шешім жолдары ішінде қолдану мәдениетін дамыту маңызды деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, компьютердің пайдалы жақтары мен зиянды жақтарының барын әр уақытта ұмытпау керек. Бір нәрсені есте сақтау керек: компьютер адамның өмірін жеңілдетуге қызмет етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет