Бақытты сәт ойыны – «Жұлдызды сағат» ойынына ұқсас, бірақ көбінесе төменгі сынып оқушыларымен ойналады. Бақытты сәт ойынының ерекшелігі - оқушыларды өз ойын еркін айта білуге үйрететіндігі.
Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.
Жарыс сабақтарына жататындар:
· Сайыс сабағы;
· Не? Қайда? Қашан?
КТС (көңілді тапқырлар сайысы) және т.б. сабақтар жатады.
Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында сыныпқа 2 топ бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді. Жарыс сабақтарына әсіресе білімі орта оқушылар мен бұйығы оқушылар ерекше ынтызарлық білдіреді. Жарыс сабақтарында бұндай оқушылар өздерін еркін ұстап, жарысқа қатысып, пәнге қызығушылық таныта бастайды. Жарыс сабақтарының оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын арттыруда атқаратын рөлі орасан зор.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі топ білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай топтың жеңгені анықталады. Екі топтың топ басшыларының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ – дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, не артындағы тапсырмаларды, есептерді шығаруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |