5-ші дәріс Оқытудың ұйымдастыру формалары Оқытуды ұйымдастырудың формасы



бет5/11
Дата15.10.2023
өлшемі43.22 Kb.
#480842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-ші дәріс ворд

Интеграциялық сабақ – бір сабақта өтілетін тақырыптың басқа пәндермен өзара байланысы қарастырылып екі немесе одан да көп пәндердің бір тақырыпта өзара байланыста ашып беруін айтады.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту.
Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Бинарлық сабақ – интегралды сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланысына қарай 2 мұғалім жүргізеді.
Модульдік сабақ. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар (жекеше немесе топтармен жұмыстар, мөлшерленген үй тапсырмалары, стандартты емес сабақтар, т.с.с.) Стандартты емес сабақтың бір түрі  модульдік сабақ.
Модульдік сабак бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді:
Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Бұлай болатын себебі, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетілген.
Екішіден, топ (ұжым) болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Топпен жұмыс істеу кезінде окушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, қателігін мойындауға және жолдасының пікірінің дұрыстығын немесе қателігін көрсетуге, онымен пікірлесе отырьш ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Оқушыда өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады.
Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады.
Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде алуға болады.
Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді. Сабақты бастамас бұрын өте жақсы оқитын оқушыдан эксперт-кеңесші тағайындалады. Ол оқушылардың қойған сұрауларына жауап беріп, қажет жерінде көмек көрсетеді. Сонымен қоса ол оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеріп бағалау кезінде мұғалімге көмек көрсетеді.
Жұмыс істеу топтарын құрған кезде оқушылардың өз қалауларын ескере отырып, тапсырманы орындауға шамасы келетіндей жағдайды қарастыру керек. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға сабақ жоспарындағы ескертулерді, нұсқауларды және сабақтың мақсатын толық түсіне білуді, жеке өзінің және тобының еңбегін әділ бағалай білуді үйрету керек.
Ойын сабақтары. Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі – оқу-тәрбие процесінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану.
Ойын – оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағыш келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше ең үлкен етіп көрсетуге бейім.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі-рөлдік, қимыл қозғалысты, дидактикалық-шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында оқушылардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсендігі артып, игерген білім-машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет