5. Топырақтың құнарлығын сақтау және арттыру жөніндегі іс-шаралар


Учаскелік жерге орналастыру объектілері



бет3/3
Дата04.12.2023
өлшемі20.07 Kb.
#485339
түріҚұрамы
1   2   3
5-8 Аяжан (копия)

7.Учаскелік жерге орналастыру объектілері
Қазіргі жерге орналастыру - бүл еңбектің жоғары әлеуметтік -экономикалың тиімділігі мен экологиялың тұрғыдан қауіпсіз қоршаган ортаны қамтамасыз ету мақсаты мен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.
Жерге орналастыру объектісі
Біріншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға жер бөліп беруге байланысты.
Екіншісі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге байланысты.
 Қазіргі жерге орналастыру сала аралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.  Шаруашылық жерін орналастыру тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
ауылшаруашылық алқаптарды жақсарту;
бүлінген жерлерді қалпына келтіру;
жаңа жерлерді игеру;
культуртехникалық шараларды жүргізу;
эрозияға қарсы шараларды жобалау;

8.Жерге орналастырудың экономикалық мәні мен принциптері
Жерге орналастыру жобалардың көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру өдісі жерге орналастыру түрлерімен, өр түрлілігімен және формаларымен анықталады, жерді пайлалану қарқындылығына және ауыл шаруашылық өндірісінің интенсификациясы деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жагдайына, сапа аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланыстыболады. Бөрінен бұрын жобалар үлкен үш топқа бөлінеді, жерге орналастыру түрлеріне сәйкес шаруашылық аралық, шаруашылық жерін орналастыру және учаскелік Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі өр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркэсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру. Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен өкімшілік территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.
Жерге орналастырудың түріне, тармағына, формасына қарамастан оның қай іс қимылы болсада белгілі бір принциптерге негізделеді. Принциптер деп- белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады.
Жерге орналастыру принциптерін 2 топқа бөліп қарастырамыз. Жалпы принциптер және жеке принциптер. Біріншілеріне мыналарды жатқызуға болады:
─ қоғамдық, сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі мен тұрақты ретабльдігін қамтамасыз ету;
─ ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып отыру,
─ заңдар мен нормативтік актілерді қатал ескеріп отыру;
─ қабылданған шешімдерді озатты ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіздеу;
─ күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз ету.
Жеке принциптерге:
─ ҚР-ның Конституциясы мен жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын жетілдіру;
─ бүкіл халық шаруашылық мүдделіктерін жан жақты ескере отырып, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;
─ жерді халық дәулеті және аса маңызды өндіріс құралы мен табиғат ресурсы ретінде жоғары тиімділік пен пайдалану және қорғау;
─ жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;
─ жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелерімен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлармен жердің кеңістік қасиеттерін барынша ескеру.
Жерге орналастыру жобаларында берілген әлеуметтік экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік осы принциптердің негізінде дәлелденеді. Сонымен бірге бұл принциптер методологиялық негізі ретінде нақты міндеттерді орындау әдістемесін, демек ненің, қалай және қандай жүйеліктерінде орындалуын себептейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет