5. Топырақтың құнарлығын сақтау және арттыру жөніндегі іс-шаралар



бет2/3
Дата04.12.2023
өлшемі20.07 Kb.
#485339
түріҚұрамы
1   2   3
5-8 Аяжан (копия)

6.Өнімділігі аз алқаптар ұғымы
Біздің еліміздің, ел қоныстанбаған және өндіріс шаруашылықтары орналаспаған территорияның барлығы әртүрлі аңшылық алқаптарына (орман алқабы, су айдыны, далалық алқап) жатады. Бұл алқаптар аңның өмір сүретін ортасы. Қазақстан бұл тұрғыдан алғанда, басқа мемлекеттермен салыстырғанда көптеген артықшылығы және келешегі бар ел. Жайылым және шабындық жерінің көлемі жағынан Қазақстанмен Монголия және АҚШ-ты салыстыруга болады. Тек, мемлекетіміздің солтүстік аймағында дала алқабы 200 млн. гектарға дейін барады. Ол дегеніміз Франция мемлекетінің жер аумағынан үш есе артық. Дегенмен жерге байлық, оны тамақ және азықтық проблемаларды шешу үшін тиімді пайдалану, қазіргі заманда өзекті мәселе. Өнім аз беретін дала алқаптарын, шелді және жартылай шөлді аймақтарды аншылық алқабы ретінде пайдалану қажет. Казақстанның жалпы 60 млн. га жері аңшылық алқаптар болып саналады, оның 27 млн гектары спорт бағытындағы аншылық және балық шаруашылық ұжымдарына бекітіліп тіркелген. Тіркелген аңшылық алқаптар республиканың әр алуан, ландшафты аймақтарында жайғасуына байланысты, ондағы аңшылық аңдардың да түрлері көп болып келеді.Орманды-далалы аймақ түгелдей Солтүстік Қазақстан шепнен өтіп Қостанай, Көкшетау, Орал аймақтарының солтүстігінде, Павлодар және Семей алқабында жайғасқан Ертіс өзенінің оң жақ жағасын шолып жайғасқан.
Қазақстанда өнімділігі аз,төмен алқаптар көптеп кездеседі.Су шаруашылығында, ауылшаруашылық дақылдарына берілетін ылғал мөлшері жауын-шашынмен, суарумен және топырақ ылғалдылығымен анықталады және бұл өз кезегінде өнімге әсер етеді. Бірақ кірістілікке жер бедері мен топырақ түрі сияқты басқа факторлар да әсер етеді. Егістік жерлеріңізді визуалды тексеру көбінесе топырақ эрозиясынан туындайтын, бөгет пайда болатын кез келген айқын проблемалық аймақтарды оңай анықтауға көмектеседі. WM-Survey сияқты RTK-дәл GPS құралдарын пайдалану кірістілікке әсер етуі мүмкін тік беткейлерді, көтерілулерді және аңғарларды анықтау үшін өте маңызды.
Ауыл шаруашылығында дақылдардың өнімділігін арттыруда органикалық тыңайтқыштарда пайдаланудың маңызы ерекше. Олардың елімізде көп тараған түрлері: көң, көң садырасы, құс саңғырығы, шымтезек, қорда, сабан, қала тұрғындары пайдалынуының қалдық заттары, көк-жасыл шөптер және басқалары. Органикалық тыңайтқыштар жан-жақты және күрделі тыңайтқыштар қатарына жатады. Дұрыс қолданғанда олар топырақ құнарлығына біршама жақсы әсер етеді. Топырақтың су мен ауа, микробиологиялық режимдері жақсарады және қореқтік заттары көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет