Дипломдық зерттеуді жүргізу барысында біз келесідей шешімдер мен қортындылауларға келдік:
1. Нарықтық экономика – туризм үшін неғұрлым жағымды орта. Туризм рекреациялық, танымдылық және емдік мақсатта орындалады, бірақ сонымен бірге жаңа инфрақұрылымды құру, аралас салаларды дамыту, елдің төлемдік балансын жақсарту және валюталық түмімнің ағымы сияқты экономикалық аспектілерге және үлкен мәнге иелік етеді.
Қазақстанда соңғы 12 жылдың ішінде туризм сферасында түбегейлі институционалды және сапалы өзгерістер болды. Нарықтық экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындарды акционерлік, жеке және біріккен кәсіпорындарға қайта құру сыртқа шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның аймақтарын рекреациялық аймақтандыру сапарлық мақсаттар бойынша туризмді қайта құруға мүмкіндік берді. Еліміздің территориялық артықшылықтарын және оның аттрактивтігін бағалауды есепке ала отырып ішке кіру туризмін дамыту үшін приоритетті болып тау, танымдылық және рекреациялық туризм табылады. Қазақстандағы көрсетілген туризм түрлерінің құрылымы елде мамандандырылған аңшылық туризмнің, оқиғалық туризмнің, көштік, этникалық, өткенді еске түсірушілік, діни және жастар туризмінің қызмет етуі мен әрі қарай кеңеюі үшін мүмкіндіктері бар.
Шетеледер тәжірибелері көрсетіп отырғандай, туризм сферасында дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік саясат оның пайдалылығын қамтамасыз етугуі мүмкін және әлеуметті-экономикалық дамудағы бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Шетелдік туризмді дамытуға бағытталы мен дамыту кезінде, қымбат және қымбат емес орналастыру құралдарын үйлестіріп, шетелдік туристердің саранымына жауап беретін туристік өнімді құру арқылы болашақта Қазақстан Рнеспубликасында ішке кіру туризмін дамыту мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда туризмді елдің мамандануының негізгі түрлерінің біріне айналдыра отырп, халықаралық туризмді сапалы дамыту үшін икемді салық саясатын, пайызсыз займдар мен несиелер беру, соның ішінде валютада, дотациялар қарастыру мақсатты болар еді.
2. Экономикалық күйзеліс жағдайында, белгіленген экономикалық және саудалық байланыстардың бұзылуы, жұмыссыздық өсуі кезінде туристік қызмет көлемі мен туристік өнімнен бас тарту болған жоқ, бірақ туризмде құрылымдық қайта құру байқалды – қызметтердің жалпы көлемінде сауда-саттық туризмі жоғарылады, неғұрлым үнемді турларға сұраныс көбейді.
Туристік сферадағы бар сертификациялау мен лицензиялау жүйесі өз қызметтерін толық көлемде орындап отырған жоқ. 2001 жылы қабылданған соңғы лицензиялық жүйе туристік саланың дамуына теріс әсерін тигізді. Лицензияны туризмнің түріне байланысты және ішке келу туризмімен айналысатын туристік фирмалардың қызметтерін ынталандыру мақсатында беру қажет. Туризмдегі тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарлату үшін кешенде Қазақстанның жекелеген аймақтарында қызметтерді сертификациялауды жүргізу мақсатталынған: туристік фирмалар, қонақ үйлер және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.
Туристік қызметтің жақсаруы маркетингті тиімді қолдану көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін. туризм нарығын сегменттеу әртүрлі сегменттердің приоритеттері айрықшаланатынын көрсетті: жоғары табысы бар тұтынушылар рекреациялық туризмді талғайды, орташа және төмен табыстылар – шоп-туризмді.
Туризмде фирмалар арасындағы бәсеке жоғарылауда, сондықтанда бәсекелестерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып-үйрену керек, осыған орай фирмамен тұтынушыларын таңдауға әсерін тигізетін неғұрлым маңызды қызметтік көрсеткіштері есепке алынған туристік фирмалардың рейтингтік бағаларының варианттары құрылған.
3. Дипломдық жұмыста ішке кіру туризмін дамытуға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі негізделген. Осы мақсатта шетелдік туристерді қабылдаумен айналысатын туристік фирмалар үшін жеңілдік шарттар қолдануға болады: қызмет етуінің бастапқы жылдарында жиынтық табыстан алынатын салықтан, қосымша құн салығынан босату, сонымен қатар туристердің негізгі ағымы жоспарланып отырған аймақтарда туристік инфрақұрылым объектілер салумен айналысатын ұйымдарды субсидиялау және жеңілдетілген несие беруді қарастыру.
4. Туризмді дамытуға ынталандырушылық әсер ету инвестициялаудың арқасында жүргізіледі. Сондай-ақ, инвестициялаудың сондай мақсатталынған жүйесін қолдану керек, әсіресе жергілікті жұмыс күшін және жергілікті өндіріс материалдарын қолдануды іске асыратын.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Туризімнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көзсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік эконмиканың құлдырауын білмейтін саласы.
Қорыта айтқанда жалпы туризм мемлекетке 3 оңтайлы нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қаматамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын қаматамасыз етеді. Бүкіл әлемдік туристік ұйым (БТҰ) мен Бүкіл әлемдік туризм және саяхат кеңесін бағалау бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфро құрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құрылуы немесе жұмыс істеуі жол көлігі, сауданы комуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуде дамытумен тығыз байланысыты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым дәрменді мултипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымды жетілдіру құрамы ретінде жоспарлануы
және тәжірибеге іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен спортпен араласумен байланысты қызмет.
Туризм жылдам және тұрақты дамуы, оның қоршаған ортаға барлық секторларымен қоғамның әл- ауқатын күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік дамуы бағдаламасында туристік саласы басымдық ретінде белгілі.
Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекегке қабілетті туризм индустриясының құқықтық ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Қазақстанлда туризмнің тенденциясы кереметтей болмай тұр. Агенттік тарапынан ұйымдастырылған бірлі – жарым саминарлар мен іске асуы күмәнді жобаларды ескермесек, әрине. Жарнамалық газеттердің тең жартысын алып тұрған турфирмалармен туристік агенттіктерге көз салсаңыз, елімізде ттуризм қарыштап дамып жатқандай әсер қалдырады. Ашық нарықтық қоғам туризмнің дамуына қолойлы жағдай жасып тұр. Тек қажетті жағдай туғызып, құқықтың жағын реттеп, тәртібін қадағалап тұрса жетіп жатыр. Қазіргі кездегі туризмнің жеткен жетістіктерін (біршама дамығаны рас қой) агенттікпен байланыстыруымыз қате болар. Бұл жетістікті туризмнің дамуға бейімділігімен байланыстырғанымыз жөн. Қазақстандағы туризм қараусыз өскен жеміс ағашы секілді жабайланып бара жатқаны жасырын емес. Көршіміз Қырғызстанның жылдық бюджетінің жартысын Ыстықкөлге демалу үшін келген туристердің әмияндары құрайды. Туризмнің басқа елдердегідей емес, елімізде экономикалық маңызы төмен. Біз көп ретте сұлу табиғатымыз бен тарихи мәнізор ескерткіштерімізді айтып мақтанғанда, алдыға дан салмаймыз. Ал, іске келгенде, дүрмектің соңында қалып жатамыз. Әлде, біздің табиғаты сұлу аймақтарымыз бен тарихи ескерткіштеріміз біз айтқандай емес пе? Олай демек тұрмақ, ойлаудың өз» қианат болар еді. Агенттік туристік фирмалар мен туристік агенттіктерді қатаң қадағалап, мына салалардың басын біріктіріпжұмыс жүргізсе, туризмнің маңдайы жарқырар еді. Олар: туристік фирмалар мен туристік агенттіктер, маркетингтік зерттеу, туризмдегі БАҚ-тың салмағы, банк саласындағы сақтандыру қызметі, қонақүй, әуе қатынасы, спорт және іскерлік туризм. Аталған салаларды үйлестіріп жұмыс істесе, туризмнің даңғыл жолында қырғыздар сияқты тасымыз өрге домаламаса да, қаржының басын қайыруға болады.
Ендігі сөзді еліміздегі туризмнің қадам басуына бұрсақ, республикада туристерге арналған 159 қонақүй, 34 сауықтыру орны, 29 демалыс бағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік кешен, 13 сауықтыру лагері, 10аңшылық үйі бар екен. Солардың ішінде үздіксіз пайда түсіріп тұрған қонақүйлер мен мейрамханалар болса керек. Қалғандарының пайда тауып, қарық қылып тұрғаны шамалы. Оған сеьеп – БАҚ-дұрыс насихатталмауы, қызмет көрсетудің және инфрақұрылымдардың кежегесінен кейін кетіп тұрғаны. Егер жолымыз тақтайдай, байланыс көңілдегідеі болса, қыдырымпаз саяхатшылар Қазақстанның тау-тасынын аяқ құрғатпайтые еді.
Туристердің көпшілігі әуе қатынасын пайдаланады. Ал, теміржолмен тек Ресей, Қырғызстан, Қытай туристері ғана табан тірей алады. Сондықтан, теміржолд туристер тасуға ыңғайлы емес. Ойдым – ойдымы шаққан халақаралық маңызы бар тас жолдар жөнделіп жатыр. Бұл жұмыс 2007 жылға дейін созылғандықтан, тап бүгін болмаса да, келешекте туризмге біраз шарапатын тигізері сөзсіз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства,
Москва, 1995 г.
-
Папирян Г.А. Экономика туризма, Москва: Финансы и статистика,
1998 г.
-
Зорин И.В. и др. Менеджмент туризма, Москва, 1996 г.
-
Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг, Москва,
1997 г.
-
Борисова Ю.Н., Гаранин Н.И., Забаев Ю.В., Сеселкин А.И.
Экономика туризма: учебное пособие,- Москва: 1996 г.
-
Азар В.И. Экономика и организация международного туризма,
Москва: Экономика, 1996 г.
-
Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма.
Алматы, 1999 г.
-
Материалы семинаров по вопросам развития туризма. Агентство
Республики Казахстан по туризму и спорту. Астана, 2003 г.
-
Щурова А., Кантарбаева Ж., Саурамбаев О. Рынок туристических
услуг в Казахстане // Альпари 2000 г., №2,с.17.
-
Статистический пресс-бюллетень. Агентство Республики Казахстан
по статистике, Алматы, №4, 2005 г.
-
Национальная программа развития индустрии туризма в Республике
Казахстан, Алматы, 1994 г.
-
Статистический пресс-бюллетень. Агентство Республики Казахстан
по статистике. - Алматы: 2005 г., №1.
-
Ердавлетов С. Почему в Казахстане слаба индустрия туризма // Новое
поколение, 16 декабря, 1994 г.
-
Программа действий Правительства Республики Казахстан на 1998-
2000 годы. Примечание №3 к Указу Президента РК от 28января 1998
года №3834, Казахстанская правда, 15 апреля, 1998.
-
Программа развития туристской отрасли на 2003-2005гг., Алматы,
2003 г.
-
Целевая программа. Концепция развития туризма в Республике
Казахстан, Алматы, 1993 г..
-
Котлер Ф. Основы маркетинга, Москва, 1994 г.
-
Баймуратов У.Б. О долгосрочном комплексном прогнозе// Экономика
и статистика 2000 г.- №2
-
Баймуратов У.Б. К вопросу о маркетинге и направлений его развития
в Казахстане// Наука научно-технический прогресс Казахстана:
Сборник научных трудов - Алматы: Экономика, 2000 г.
20. С.С.Шназбаева, Г.М.Керимханова, Л.А.Смирнорва, Л.М.Смағұлова,
Н.В.Маркевич, Г.Д.Шопобаева,Л.С.Кажигали «Статистикалық
Жылнамасы 2004» Қазақстан Республикасының статистика агенттігі,
Алматы қаласының статистика басқармасы, Алматы, 2006 жыл.
21. Бартон Ю.А «Великие путешествие» Москва, 1986
22. «Гостиничный и туристический бизнес» Москва, ассосация авторов и
Издателей «Тандем», 1998г.
23. Квартальнов В.А «Туризм» Учебник. – М.: Финансы и статистика,
2000 г.
24. Туристік қызмет туралы: Заң актілерінің жиынтығы – Алматы:
ЮРИСТ,2002 жыл.
25. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы
Туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6
Наурыздағы №333 қаулысымен мақұлданған.
26. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан
Республикасының Заңы 2001 жылғы 13 маусым №211-11 2002 жылғы
22 ақпандағы №296-11 Заңымен енгізілген өзгертулер.
27. Безрукова.Н Туристы из СНГ осваивают новый регион //БТИ. 1993 г.
28. Сенин В.С Организация международного туризма: Учебник.-.:
Финансы и статистика, 2000 г.
29. Биржаков Т.Б Введение в туризм (3-ое издание) – СПб.: Издательский
Дом Герде, 2002 г.
30. В.А Квартальнов «Туризм» Российская Международная Академия
Туризма, Москва «Финансы и статистика» 2000 г.
31. Янкевич В.С, Безрукова Н.Л. Маркетинг в гостиничной индустрий
И туризме: российский и международный опыт/Под ред.В.С.Янкевича
Москва, Финансы и статистика, 2003 г.
Достарыңызбен бөлісу: |