50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Қатерсіз мезенхималық ісіктердің микроскопиялық макро- сипаттамасы



бет40/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
001-3

43. Қатерсіз мезенхималық ісіктердің микроскопиялық макро- сипаттамасы
Қатерсіз мезенхималық ісіктердің макро-микроскопиялық сипаттамасы
Мезенхимадан өсетін катерсіз ісіктер. Фиброма жетілген талшыкты дэнекер тіннен өсетін катерсіз ісік. Ол теріде, тері асты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшыкет аралығында өсіп, бірте-бірте үлкейіп көлденені 4-6 сантиметрге жетеді. Ісік айналасындағы тіндерден капсуламен шекараланған. Кұрамындағы жасушалар мен дәнекер тіннін аракатынасына байланысты фиброманы катты жэне жүмсак түрлерге бөледі. Жүмсак фиброма негізінен фибробласт, фиброцит жасушаларынан түзілген, олардың арасында аралык тін мен жіңішке коллаген талшыктары көрінеді. Аралыктін ісінген жағдайда фибробласт жасушалары бір-бірінен алшактап, жұлдыз тэрізді болып калады. Ісіктін бұл түрін миксома деп атайды. Қатты фиброма эр түрлі бағытта орналаскан дэнекер тін талшыктарынан жэне аз мөлшердегі фибробласт жасушаларынан құралған. Ісік стромасы кейде гиалинге ұксас катты. Десмоидтык фиброма катты фиброманын бір түрі, іштің тік бүлшықетінің апоневрозынан өседі. Ісік ұршык тәрізді, катарласа орналаскан талшыктар түзетін, жасушалардан кұралған. Десмоидтык фиброманың ерекшелігі — ол айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Десмоид баска жерлерде де өсуі мүмкін, оның экстраабдоминалды десмоид деп атайды. Дерматофиброма (гистиоцитома), терімен байланысқан дэнекер тін ісігі. Ісік жасушалары кейде фибробласт жасушаларында коллаген түзіп, кэдімгі фибромаға ұксап, кейде гистиоцит жасушалары басым болып, олардын арасында көп ядролык цитоплазмасында май немесе гемосидерин бар жасушалары пайда болады. Ісік кұрамында кан тамырлары да көп, сондыктан дерматофиброманын ангиофиброматоздык, липидтік жэне сидерофилдік түрлерін ажыратады (М.Ф. Глазунов). Липома — май тінінің катерсіз ісігі. Ол кесіп карағанда сэры немесе акшыл сары түсті, салмағы 10—15 килограмға дейін жетуі мүмкін. Әдетте липома айкын шекараланған ісік, бірак кейде ол бұлшықет арасына сіңіп өседі. Липома көлемі мен пішіні эр түрлі май жасушаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе, онда ісікті фибролипома деп атайды. Липома кұрамында кан жасаушы элементтер болса, оны миелолипома дейді. Бүйректің кыртысты кабатында май тінінен, кан тамырларынан жэне бірынғай салалы бүлшықет талшыктарынан кұралған сирек кездесетін ісік — ангиомиолипома өседі. Гибернома коңыр май тәрізді өте сирек кездесетін ісік. Қоныр май калдыктары кездесетін жерлерде: омыртка, бүйрек, бүйрек үсті безі айналасында, жауырын аралығында, мойында, колтык астында дамиды. Коныр май алғашқы рет кыскы ұйкыға кететін жануарлардан табылған. Гибернома (латынша hibernus — кыскы) термині де осы түсінікпен байланысты. Ісік коңыр түсті түйін түрінде өсіп, көлденеңі 5—8 сантиметрге жетеді. Ісік көп пішінді, цитоплазмасы май тамшыларымен толған түйіршікті, ядросы хроматинге бай жасушалардан кұралған. Олардын арасында өте ірі, кейде көпядролы жасушалар да кездеседі. Лейомиома бірынғай салалы бүлшыкет ісігі, көбінесе жатырда, асказанішек жолдарында кездеседі. Ісік әр түрлі бағытта жайғаскан бүлшыкет талшыктарынан түзілген. Ісік кұрамында дэнекер тін басым болса, ол ісік фибромиома деп, кан тамырлары көп болса — ангиомиома деп аталады. Жатырда фибромиома салмағы 70 килограмға дейін жеткендігі аныкталған (83-сурет). Ван Гизон бояуымен дәнекер тін кара түсті көрінеді. Рабдомиома көлденең жолакты бүлшыкет ісігі жүректе, аяк-кол бүлшыкеттерінде өседі, онын көлденеңі 10—15 сантиметрге жетеді. Ісік үрыктык кезендегі бұлшыкет талшыктарына ұксас жасушалардан жэне мио бластардан кұралған. Кейбір жасушаларда көлденен жолактардын табылуы, бұл ісіктін рабдомиома екендігінін морфологиялык белгісі болып саналады. Қан және лимфа тамырлары ісіктері Кан жэне лимфа тамырлары ісіктерінін көпшілігі дизонтогенездік негізде дамиды. Олардың катерсіз түрлеріне капиллярлык, каверналык, веналык гемангиомалар, гломусангиома, катерсіз гемангиоперицитома, лимфангиома жатады. Капиллярлык гемангиома ең көп кездесетін ісік. Ол бет терісінде, мойында, аркада, көкшіл не кызғылт түсті дак немесе түйін түрінде көрінеді (84-сурет). Микроскоппен карағанда бір-біріне өте жакын жаткан. 1-2 кабатты, эндотелиге ұксас, жасушамен астарланған, шекарасы анык білінбейтін майда кан тамырларынан (капиллярлардан) түзілген. Каверналык гемангиома коңыр кызыл түсті түйін түрінде бауырда, асказан-ішек жүйесінде, теріде кездеседі. Бауырдың каверналык ангиомасы жарылып кеткенде ішке кан кету мүмкін. Ол кабырғасы жүка, ішкі кабаты эндотелий жасушаларымен астарланған, бір-бірімен жалғаскан, канмен толған ірі куыстардан түзілген. Веналык гемангиомада кан тамырларынын санылуы бір-бірінен калың дәнекер тіндік кабатпен бөлінген. Оның кұрамында бірынғай салалы бұлшыкет талшыктары да болады. Гломусангиома терідегі гломустардан, артерия жэне вена жүйелерін біріктіруші кан тамырлардан, оның ішінде СукеГойер өзегі деп аталатын артериялык бөлігінен өсетін ісік. Микроскоппен карағанда ісіктің тэртіпсіз орналаскан, ішкі кабаты эндотелиймен қапталған майда саңылау тәрізді кан тамырларынан түзілгендігі көрінеді. Оларды пішіні домалак не сопакша, цитоплазмасы ашык, ядролары гиперхромды боялған тығыз, эпителиоидты жасушалар коршап жатады. Катерсіз гемагиоперицито ма капилляр айналасындағы перицит жасушаларынын көбейіп өсіп кетуімен сипатталады (85-сурет). Эндотелий жасушаларында өзгерістер болмайды. Лимфангиома лимфа тамырларынан өсетін ісік. Олардың капиллярлык, каверналык, кистоздык түрлерін ажыратады. Лимфангиома жайылмалы түрде не бірнеше кисталардан түзілген түйін түрінде өседі, ол жайылмалы түрде өскенде ісік пайда болған жер үлкейіп, тілде макроглоссия, ерінде макрохейлия деп аталатын өзгерістерге соктырады. Кистоздык лимфангиоманы кесіп карағанда олардың ішінде сәл сарғыштау, мөлдір сұйыктык көрінеді. Қатерсіз синовиома көбінесе ірі буындарда кездесетін, көлденеңі бірнеше сантиметрге жететін, коныр аралас акшыл түсті катты ісік. Синовиоманың бір фазалы жэне екі фазалы түрлері бар. Бір фазалы синовиома негізінен үршык тэрізді, ал кейде тек ірі, цитоплазмасыашык түсті жасушалардан күралған. Екі фазалы синовиомада аталған жасушалардың екі түрі де кездеседі. Олардын арасында эпителийге үксас жасушалармен астарланған өзектер пайда болады. Ісік жасушаларынын арасында кұрамында май тіні бар ксантомдык жэне полиморфты ядролы алып жасушалар да көрінеді. Бұл ісікке гемосидерин жиналып калу тэн. Кейде сүйекке жэне шеміршекке айналған алкаптар көрінеді. Мезотелиома сірлі кабактардын ішкі кабатын астарлап жататын мезотелий жасушаларынынісігі. Катерсізмезотелиомабарлыксірлі кабыктардан, эсіресе, плеврадан жиі өсетін, катты консистенциялы ісік. Ол өзінін микроскоптык көрінісі бойынша жасушаға бай фиброманы елестетеді.
Остеома сүйек тінінің ісігі, оның тығыз жэне кеуек түрлері бар. Кдлыпты жағдайда сүйек бедгілі бір ретпен жайғаскан сүйек белдеудерінен түзілген болса, остеомада олар эр түрлі бағытта орналаскдн жэне жетілу мерзімі эр түрлі сүйек тінінен кұралған, араларында пластинкалык жэне талшыктык сүйектіні, кеңейген гаверс өзектері, сүйектің сорылу ошактары да көрінеді. Остеоидтык — остеома (катерсіз остеобластома) сүйектердің диафизінде кездесетін, диаметрі 1 сантиметрден аспайтын катерсіз ісік. Ол бір-бірімен жалғасып жаткан сүйекке ұксас жэне кальций тұздары аз сүйек белдеулерінен тұрады. Олардың арасында көп ядролы алып жасушалар — остеокластар жэне дәнекер тін элементтері өсіп кеткен. Хондрома гиалин шеміршегінен өсіп шығатын катты ісік (86-сурет). Ен көп кездесетін жері колдың, аяктын майда сүйектері, омыртка. Ісік сырткы карап өссе — оны экхондрома деп, сүйек өзегіне қарап өссе — энхондрома деп атайды. Хондрома негізгі зат ішінде жеке-жеке түйіншелер түрінде орналаскан толык не шала жетілген шеміршек жасушаларынан түзілген. Қатерсіз хондробластома аралык затқа өте бай, хондробласт жасушаларынан түзілген ісік. Олардың арасында көп ядролы алып жасушалар (остеокластар) да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет