50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Эмболия. Себептерi, түрлерi, морфологиялық сипаттамасы, нәтижесi және маңызы



бет16/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
001-3

15.Эмболия. Себептерi, түрлерi, морфологиялық сипаттамасы, нәтижесi және маңызы.
Эмболия Эмболия деп кан тамырында, калыпты жағдайда кездеспейтін әр түрлі заттардын көшіп жүруін жэне олардың кан тамырларын тығындап коюын атайды. Қанмен келген бұл заттарды эмбол дейді. Эмболияның түрлеріне мыналар жатады: тромбоэмболия — тромбтар алғашкы орнынан үзіліп немесе бөлшектеніп кеткенде пайда болады, ол эмболияның басым бөлігін күрайды. Тромбоэмболияның негізгі себептерінің бірі веналык тромбтардың тез өсу жағдайында кан тамыры кабырғасымен байланысын жоғалтып алуы, яғни акциалдык тромбтардың түзілуі. Сондыктан әсіресе, операциядан кейінгі кезенде, сэл эсер нэтижесінде (жөтелу, дефекация) тромб орнынан жылжып кетіп, өкпе артериясының тромбозы белгілері пайда болады. Ғылыми мәліметтерге карағанда, тромбоэмболдардың 60%-ы ірі веналарда табылады Артерия жүйесінде тромбоэмболдар көбінесе колка атеросклерозымен, ревматизмдік аурулармен, жүрек инфарктынын аскынуымен байланысты. Артериялык тромбоэмболиялар жүрек инфаркты, мидын ишемиялык инсульты, ішек, аяк гангреналары түрінде көрініс береді. Бұл аскынулардын эркайсысы ауру өлімінің себебі бола алады. Май эмболиясы жіліктер сынған кезде, тері асты майлары езілгенде, дене күйгенде, кейде кұрамында май бар дәрілерді канға кездейсок дарытканда немесе каннын физикалык-химиялык касиеттерінің өзгеруі нәтижесінде оның кұрамында май тамшыларының түзілуіне байланысты пайда болады. Май тамшылары бірінші кезекте өкпе капиллярларын тығындап кояды. Өкпе капиллярларының 75% маймен толғанда канның өкпеден жүрекке өту мүмкіншілігі болмай жедел асфиксия (ауа жетіспеушілігі) дамып, ауру тез өліп қалады. Кейде май тамшылары өкпе капиллярлары аркылы немесе артерия-веналык анастомоздардан өтіп ми капиллярларына жетуі мүмкін. Бүл жағдайда кан тамырлары айналасында кан кұйылу, некроз ошактары көрінеді. Сирек жағдайларда май эмболиясының көзі бауырдағы май басу болады. Ауа эмболиясы жүрекке жакын кан тамырлары, мысалы, мойын веналары жаракаттанғанда дамиды. Қанға ауаның сорылуы тыныс алу кезінде көкірек куысында теріс кысым пайда болуына байланысты. Кдн кұю кезінде, дәрі жібергенде мұкият болмаса, ауа кан кұятын жүйелер аркылы канға өтуі мүмкін. Канмен араласкан ауа көбіктеніп, көлемі ұлғайып, канның жүректің оң карыншасынан өкпеге өтуін киындатады, сонын нәтижесінде сол карыншаға кан бармай, ол өз жұмысын токтатып, наукас адам бірнеше минут ішінде өледі. Бұл өлімнің себебі өкпе-жүрек рефлексі болуы мүмкін. Ол өкпе кан тамырларында баро-механорецепторлардын аса тітіркенуімен, осыған байланысты өкпе артериясы мен оң карыншадағы кысымның көтерілуімен, үлкен кан айналу шеңберінде кан кысымының рефлекторлы түрде төмендеуімен, қанның минуттык көлемінің азаюымен түсіндіріледі. Өкпедегі артерия веналык анастомоздардың ашылуы ауа көпіршіктерінін үлкен кан айналым жүйесіне (ми, бүйрек, жүрек, кан тамырларына жэне т.б.) өтуіне мүмкіндік береді. Газ эмболиясы атмосфера қысымы жоғары жағдайда жұмыс істейтін (кессон жұмыстары) адамдарда кездеседі. Осы жұмысшыларды кейбір төтенше жағдайда су астындағы жоғары кысымнан тез су бетіне, яғни, калыпты кысымға шығарғанда кандағы еріген азот, көмір-кышкылы, оттегі газ күйінде бөлініп шығып, кан тамырларын тығындап тастайды. Ұшкыштарда дамитын газ эмболиясы өте биікке жылдам көтерілгенде өкпе альвеоласындағы ауаның көп мөлшерде капилляр жүйесіне өтуіне байланысты. Ми жэне жүлын тамырларының эмболиясы организм үшін аса катерлі кан кұйылу, некроз ошактарымен аскынады. Олар ауру өлімінің тікелей себебі бола алады. Сирек жағдайларда газ эмболиясы анаэробты гангрена нәтижесінде дамуы мүмкін. Тін эмболиясы көбінесе жаңа туылған балаларда, туылу кезінде тіндердің эр түрлі себептерге байланысты езіліп-жаншылып канға өткенінде дамиды Канға үрык айналасындағы сұйыктың немесе хорион бүрлерінін катерлі ісік жасушаларынын түсуі де тін эмболиясына жатады (41-сурет). Сонғы жағдай организмде катерлі ісіктердің таралуының негізгі көзі болып есептелінеді. Майда тамырларда кідіріп калған ісік жасушалары өніп-өсіп жаңа ісік ошағына (метастазға) айналады. Бөгде зат эмболиясы. Кднға октын, снарядтын жаркыншактары, киім бөлшектері, түскенде пайда болады. Бүл заттар өз салмағымен канға карсы бағдарда әрекет етеді, оны ретроградты эмболия деп атайды. Бактерия эмболиясы сепсис кезінде канта бактерия колониялары немесе сепсистік аутолиз нәтижесінде бөлініп кеткен тромб бөлшектері түскенде дамиды. Эмболияның тасылу бағытына карап үш түрін ажыратады. 1. Тура бағытта эмболияда эмбол кан бағытымен көшеді. 2. Кері бағытта (ретроградты к) эмболияда эмбол кан ағу бағытына карамакарсы әрекеттенеді. 3. Күтпеген (пародоксалдык) бағыттағы эмболия — эмболдың үлкен кан айналу шеңберінен, кіші кан айналу шеңберіне (өкпеге) сокпастан айналып жүруі. Бұл негізінен жас нэрестелерде, екі жүрекше аралығындағы сопақ тесік бітпей калған жағдайда, ересек адамдарда карыншалар арасында саңылау пайда болғанда (мысалы, инфарктан кейін) ғана кездеседі. Эмболияның маңызы мен даму көздері. Эмболия жиі кездесетін кұбылыс болып кана калмай көптеген жағдайларда ауру өлімінің негізгі себебі бола алады. Сол үшін эмболияны аныктаудын, оның даму көздерін табудын маңызы зор. Өкпе кан тамырларының тромбоэмболиясын аныктау үшін жүректін он карыншасын өкпе артериясы бағытында көкірек куысында ағзаларды шығармастан бұрын, ашу керек. Ауа эмболиясы күтілген жағдайда жүрек кабын алдын ала сумен толтырып, оң карыншаны су астында теседі, ауа болса ол су аркылы көпіршіктеніп шыға бастайды. Орталык жүйке жүйесінің ауа эмболиясында кейде көздің алдыңғы камерасында ауа көпіршіктері көрінеді, бұл мүмкіншілікті де естен шығармау керек. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кенеттен өлу себебі болса, үлкен кан айналым жүйесіндегі кан тамырлардын эмболиясы көптеген ағзалардың инфарктына соктырады, ол тромбоэмболиялык синдром деген атпен белгілі. Өкпе артериясындағы тромбоэмбол көзі төменгі куыс венаны түзуші вена қан тамырлары. Үлкен кан айналу жүйесіндегі тромбоэмболдар жүрек какпактарынан (тромбоэндокардит), колкадағы өзгерістер нэтижесінде пайда болған тромбтардан басталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет