50 беттің беті Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#170907
1   2   3   4   5

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Жұп тұяқтылардың сипаттамасы..

2 Жұп тұяқты жануарлардың шаруашылықтағы маңызы.

3 Жирафтар тұқымдасы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
16-17 тақырып Тақтұяқтылардың биологиясы.

1. Тақтұяқтылардың систематикасы.

2. Тақтұяқтылардың биологиясы.

3. Тақтұяқтылардың таралуы.


Бұлар үшінші саусағы жақсы жетілген, ірі түяқтылар. Басқа саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған. Бүйір саусакгарының редукцияға ұшырауы түрлі топтарында түрліше болады. Жалпы тез қозғалуға бейімделуіне байланысты бұғанасы болмайды.

Ертеде тақ- тұяқтылар өте көп болғанымен, қазір олардың бірінен-бірін айқын ажыратуға болатын үш бұтағы ғана: тапирлар, мүйіз тұмсықтар және жылқылар сақталған.

Тапирлар тұқымдасының алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғы үш саусақты болатын ірі жануарлар жатады. Тапирлар тұқымдасының мұрны жоғарғы ерінімен бірігіп, қысқа тұмсыққа айналған. Терісі қысқа түбітпен жабылған, қүйрығы қысқа болады. Қазір бұлардын, бес түрі белгілі. Олардың төрт түрі Оңтүстік Америкада және бір түрі Оңтүстік Шығыс Азияда тіршілік етеді. Батпақты тоғайларды мекендейді. Тапирлар су жағасындағы, судағы су өсімдіктерімен қоректенеді. Іңір немесе түн жануары.

Мүйіз тұмсықтар түқымдасы мүйіз тұмсықтылар өте сирек кездесетін жануарлар. Осы заманда тіршілік ететіндерінің алдыңғы және артқы аяқтары үш саусақты болады. Ерте заманда тіршілік еткендерінін, бірқатарының аяқтары төрт саусақты болған. Терісі жалаңаш, маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі эпидермис қабатынан пайда болған мүйізі болады. Шошак тістері жойылған.

Тропиктік Африка мен Оңтүстік Азияда бірнеше түрі кездеседі, мысалы, үнді мүйіз тұмсығы және ерінді Африка мүйіз тұмсығы, шөптесін ірі бұта және орманды жерлерді мекендейді. Өсімдікпен қоректенеді. Мұз дәуірінде мүйіз тұмсықтар Европа мен Сибирьде мекендеген. Бізде мамонттармен бір заманда тіршілік еткен қалың жүнді мүйіз тұмсықтардың қазба қалдықтары табылған. Мүйіз тұмсықтар үшінші дәуір кезінде көп болған.

Жылқылар тұқымдасы. Бұлардың үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немесе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын қүйрығы және өскелең түгі болады. Олардың осы кезде үш туысы белгілі. Зебр немесе жолақты ат ол Африкадағы саваннада тараған. Оның құйрығының үшында ғана қылы болады. Есектердің түсі біркелкі, құйрығы зебрлердің қүйрығындай болады. Жабайы есектер Солтүстік-Шығыс Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы және Орталык. Азияда тараған. Бізде Түркменияның оңтүстігінде кездеседі, ол жерде оларды өсіретін арнаулы қорық ұйымдастырылған.

Жылқылардың қүйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдар мен жабылып тұрады. Олардың түстері көпшілігінде біркелкі болады. Атақты саяхатшы Н. М. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның батыс бөлігінің таулы далаларын мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстының атымен Пржевальский жылқысы деп атайды.

XIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс дала сының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқьшы тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) соңғы зерттеуіне қарағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекеленген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында өткен ғасырдың 70 жылдарының басында тіршілік еткен. Сонғы тарпанды осында 1876 жылы өлтірген.

Жылқылардың барлығы да үйір құрап, тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған; тез қозғалу, қүлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету тағы басқалар.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Тақтұяқтылар отрядының шаруашылықтағы маңызы..

2 Тақ тұяқтылар отрядының таралуы.

3 Тақ тұяқтылар мекен жайы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.

18-19 тақырып Киттәрізділердің биологиясы.

1. Киттәрізділердің жалпы сипаттамасы.

2. Киттәрізділердің өкілдерінің таралуы.

3. Киттәрізділердің экономикалық маңызы.

Кит тәрізділердің барлық тіршілігі суда өтеді. Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен қайтадан суға түсе алмайды. Бұлардың денесі ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін денесінен айыруға болмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа жотасына бекімеген, бос жататын екі рудиментті сүйек сақталған. Денесінде түгі болмайды, тек қана басында бірен-саран түгі болады. Терісінде тер және май бездері болмайды. Бір пар сүт безі болады. Емшегінің ұшы шап маңында болатын қалтта сияқты қуыска ашылады. Емшегінің ұшының мұндай қалталардың түбінде болуы, балаларын емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Тері астындағы май қабаты өте жақсы жетілген, ірі түрлерінде бұл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін салқындап кетуден сақтайды және меншікті салмағын кемітеді. Ірі түрлерінід меншікті салмағы судың меншікті салмағыші жуық, яғни 1,025%: деуге болады. Өкпесі өте үлкен болады.. Дельфиндер тыныс алғанда өкпесіне 1-2 литр, ал алып көк киттердің өкпесіне—14000 литр ауа сияды. Кейбір түрлерінің танау тесігімен жалғасып жататын ауа қуысы болады. Суға сүңгігенде осы қуыстағы ауа тыныс алуына жұмсалады. Көптеген түрлері су астында 15-45 минут тыныс алмай шыдайды, Киттердің су астында 1 сағаттан артық бола алатыны туралы мәліметтер бар.

Киттердің есіту органдары жақсы жетілген. Киттер кейбір дыбыстарды 10-20 км жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу органының рудименті ғана сақталған.

Суда көбеюіне байланысты киттерде өзіндік бейімделулер пайда болған. Кит тәрізділердің балалары туысымен анасының соңынан еріп кетеді. Жаңа туған баласының дене мөлшері анасының денесінің 1/4 , 1/з, 1/2 бөліміндей болады. Мысалы, Қара теңіздің дельфиндерінің денесінің ұзындығы 160-170 см болса жаңа туған баласының үзындығы 80-85 см болады. Кашалоттың ірілерінің ұзындығы 7-8 метр болса, оның баласының ұзындығы 3-3,5 м ал көк киттің ересектері денесінің ұзындығы 22-23 м болса, олардың балаларының ұзындығы 7-8 м болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты. Екінші бір тамаша бейімделуі - киттер балалағанда баласы құйрығынан бастап шығатыны байқалған. Сондықтан аналық кит құйрығын жоғары көтеріп, судан шығарып, баласының тұншықпауын қамтамасыз етеді. Баласы жоғары ытқып шығып, суға түскенінше дем алып үлгіреді. Бүл кезде кіндігі үзіледі де, балалаған соң біраз уақыттан кейін жолдасы түседі. Баласы емгенде анасының емшегін жиырылып жатқан түтік тәрізді тілімен қармап үстайды, анасы кұрсақ еттерін жиыру арқылы емшегін оньң аузына сауады. Кит тәрізділердің барлығы да бір ғана бала туады. Тіссіз киттер 2-3 жылда бір рет, белуха - жыл аралап, дельфиндер - жыл сайын балалайды. Сүттері жұғымды болғандықтан балалары тез өседі. Мысалы, сиыр сүтінде 4-5% май болса, киттердін, сүтінін, 23-38 проценті май болады. Жыныс органдары 2-3 жасында жетіледі. Тіссіз киттер 20-50 жыл, дельфиндер 25-35 жыл жасайды. Кит тәрізділер екі отряд тармағына бөлінеді.

Тісті киттер. Бұл отряд тармағына дельфиндер және кашалоттар жатады. Бұлардың көптеген (240 жуық) тістері болады. Тістері қарапайым, формасы мен күрылысы бірдей болып келеді.



Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Кит тәрізділерге жалпы сипаттама..

2 Кит тәрізділер отрядының систематикасы.

3 Кит тәрізділер экологиясы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
20-21 тақырып. Дельфиндер отрядүстінің биологиясы

Сұрақтар: Дельфиндердің түрлері .Маңызы.Дельфиндердің систематикасы.

Дельфиңдердін, көпшілігінің ұзындығы 1,5—З метрге жетеді. бұлардың Қара теңізде бірнеше түрі тіршілік етеді. Мысалы, нағыз дельфин, теңіз шошқасы. Дельфиндер Балтық, Баренцев теңіздерінде және Қиыр Шығыстың теңіздеріне тараған. Мұзды мүхиттьвд теңіздерінде және Тынық мүхиттың солтүстік теңіздерінде ақ дельфин деген түрі тіршілік етеді. Олардын, үзындығы 6 м-ге жуық болады. Дельфиндердің барлығы балықтармен қоректенеді. Балықтардың ауған жағына қарай оларда ауысып отырады.

Кашалот тісті киттердің ең үлкен түрі, олардын. үзындығы 11—21 м болады. Солтүстік Мүзды мүхиттан басқа мүхиттардың, жылы теңіздердін, барлығында, бізде жазда Қиыр Шығыс теңіздерінде кездессді. Негізінен бас аяқты моллюскалармен (сегіз аяқтылармен, кальмарлармен), кейде су түбінде тіршілік ететін балықтармен де қоректенеді. Олар 300 м терендікке сүнги алады. Су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды.

Тісті киттердін, кәсіптік маңызы үлкен.

Тіссіз киттер. Бұлардың негізгі өзгешелегі тістері болмайды. Таңдайының екі жағына тізіліп орналасқан мүйізді пластинкалары болады. Бүларды «кит мұрты» деп атайды. Ол сүзгі аппараттың қызметін атқарады. Бұлардың көпшілік түрлері планктонды омыртқасыздармен, сирек болса да балықтармен қоректенеді. Мұртты киттер — барлық мұхиттарға тараған, бірак суық теңіздерде көбірек кездеседі. Әрқашан миграциялап отырады. Солтүстік жарты шарда киттер қысты тропикалық суларда өткізеді де, жазда солтүстікке қарай ауысады, өйткені, бүл кезде солтүстікте планктондар көп болады. Күзде қайтадан оңтүстікке ауысады. Оңтүстік жарты шарда да осындай миграция байқалады. Киттердің бір жарты шардағы сулардан екінші жарты шардағы суларға миграция жасайтыны байқалған.

Тіссіз киттердің он шақты түрі белгілі. Олардың көпшілігі өте ірі болады. Мысалы, жасыл киттің ұзындығы 33 м, салмағы 160 тонна болады. М. М. Слепцовтып мәліметіне қарағанда бұл киттің салмағы 25 пілдің немесе 150 өгіздің салмағына тең. Жүрегі 600—700 кг, денесіндегі қаны 8000 л, яғни 8—9 т болады. Ішегінің ұзындығы 300 метрдей, қарнының сыйымдылығы 3000 л болады. Бала емізіп жүрген мұндай кит күніне 200—300 литрдей сүт береді. Бір тәулікте көк кит 4—5 т шаян тәрізділерді немесе балықтарды жейді. Тіссіз киттердің кәсіптік маңызы үлкен. Бұлардың майы, мұрты және терісі пайдаланылады. Етімен ішкі органдарынан тук деп аталатын жем даярлап, малға береді. Совет Одағында кит Қиыр Шығыста және Арктикада ауланады.

Дамандар систематикалық жағынан тұяктыларға жақын, үсақ жануарлар. Алдыңғы аяғында төрт, артқы аяғында үш саусағы және тұяғының рудименті болады. Шошақ тістері болмайды. Күрек тістері үлкен, және бойы өсіп тұрады. Олар үйірімен жүретін, өсімдіктермен қоректенетін жануарлар. Бірқатары тау етегінде, далалық жерлерде, басқалары орманда тіршілік етеді. Дамандар Сирияға, Палестинаға, Аравияға, Орта және Оңтүстік Африкаға тараған.



Өзін өзі тексерудің сұрақтары:

1 Дельфиндер ситематикасы.

2 Дельфиндер таралуы.

3 Құрылысы, маңызы.

Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
24-25 тақырып. Құстардың биологиясы.


  1. Құстар класының негізгі ерекщеліктері.

  2. Құстардың систематикасы.

  3. Құстардың салыстырмалы морфологиясы.

Қүстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың үшуға бейімделген ерекше маманданған бүтағы деуге болады. Қүстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) қүстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дүрыс болуына байланысты температурасының жоғары жәнё тұрақты болуына әкеліп соқкан. в) ауа кеңістігінде үшу кабілеті көпшілігінің қозғалу, не өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).

Қүстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядка топтасатын 8000-нан аса түрі бар, ал қазіргі кезде амфибилердің 2800, рептилилердің 5500 түрі ғана тіршілік ететіні белгілі. Құстар морфологиялық жағынан денесінің кауырсынмен капталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығымен, сүйектерінің ішінде қуыс болумен, ми сауытының шүйдесіндегі бұдырының болумен жүрегінің терт камералы, оның оң жағында бір ғана аорта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұм.сықтары аткарады.

Құстардың дене құрылысы

Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жүқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана күйрық түбірінің үстінгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жүқпайтын етеді. Қүймышақ безі су қүстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін қүстарда болмайды. Сүйекті туындыларынын, болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен капталып, түмсықты қүрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Қүстардың кепшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып түрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды.

Қүс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып түрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген белімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мүртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мүртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш күрайды.

Қалыпты контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бүл қауырсындар қүстың денесін сыртқы мехаңикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды. Қүстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатынық артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды қақпа (маховые) қауырсындар, құйрығындағы үзьш қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын кауырсындары- қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады. Калыпты кауырсындардын. астьңғы жағында үсақ-мамьқ қауырсындар орналасады. Бүл қауырсындардын, сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі үсақ мүртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі түтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардын, сабағы ете жіңішке болады, сондықтан мүртшалары сабақтын, жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мүндай мамық қауырсындарды нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететін қүстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында, мүртшалары жок. жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі. Көптеген қүстардын, езуіне орналасқан қылтандары да болады ( қарлығаш). Ауада үшып жүріп қорегін үстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияктанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады. Қауырсындардың дамуы, олардын, рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады. Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Қөпшілік қүстар жылына 1—3-ке дейін түлейді.

Ет системасы. Қүстардьң бүлшық еттері, олардын, тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда қүстардың бүлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол үшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бүлшық еттер дене скелетіне орналасып, екінші сіңір үштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандыктан, қанаттарын қозғалтатын ірі бүлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып кекірек бөліміне, төс сүйегінін, екі жағына орналасқан. Әсіресе аяктарының бүлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті қүстын, жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, канаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бүғана асты еттері келемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бүлшық еттері болады. Бүлардың ішінде кебірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп түратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бүтаққа келіп қонғанда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарьшан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгіліп бұтақты бүреді. Қүс неғүрлым теменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түседі де, саусақтар бүтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, үйқтап отырған құстар құлап кетпейді. Қүстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақтарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтардың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық еттід әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бекиді. Сіңірдің астыңғы жак бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлденең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақтарымен бұтақты бүргенде, сіңірдің теменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бүтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсізақ бекиді. Енді құс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусактары жазылады. Скелетінің ұшуға бейімделуіне және қүрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мыкты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.

Омыртқа жотасы мойын, кеуде, бел, сегізкез және құймышақ, құйрык. бөлімдерінен қалыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі қүрылысты сегізкез қүрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардъщ тез кимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалгасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.

Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және қүймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген.

Құстардың бас сүйегінің қүрылысы рептилилердің бас сүйегінін. қүрылысына үксас. Желке бөлімі төрт сүйектен қүралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бүдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш қүлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек кұстарда бүл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, тандай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап түрады. Жоғарғы жағы жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен түрады.

Тіл асты аппараты сүйекті үзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.

Есту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен түрады. Қүстардың бас сүйегінің рептилилердін, бас сүйегіне үқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: қүстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен

болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен болады; құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады.

Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін кұстардың тісі болмайды. Олардың қызметін коректерін қармап үстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты түмсығы атқарады. Әрбір қүстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай түмсығының формасы да түрліше болады. Қүстардың ауыз куысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш қүстардың тілі қысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі өте үзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.

Сілекей бездері түрлі қүстарда түрліше дамыған. Кейбір қүстардың сілекей бездері жоқтын, қасында (мысалы, ешкіемерде). Сүр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шыққан сілекейінен үя жасайды. Оны жұрт «қарлығаштьң үясы» деп дүрыс атамайды. Жыртқыш қүстардың сілекейлері, қоректік заттарын жүмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептел-мей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады. Кейбір қүстардың (тауықтардьң, көгершіндердің т. б.) өңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын (қуыс) кеңістік болады, оны жемсау деп атайды. Ас қорыту системасының мына ерекшеліктерін керсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе үзын болады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі ездерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы ішегінің қысқа, карнының екіге бөлінуіне әкеліп соққан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі қоректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.

Тыныс органдарының өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айкын кезге түседі.

Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен түрады. Бүл жоғарғы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды. Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек кана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектін, екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар. Қүстардың екпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек куысының арқа жақ қабырғасына бекиды. Бронхылары екпе ішіне еніп, бірнеше ұсак, тарамдарға бөлінеді. Олардын, кейбір салалары екпені тесіп өтіп, ауа қапшықша-лармен жалғасады. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік түтіктер парабронхалар, аркылы қосылады. Олардан бірнеше түйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан капиллярлары шоғырланадьь Жоғарыда айтылғандай, бронхылардың тарамдары жүқа қабы бар, ауа қапшықтарын құрайды. Мүндай ауа қапшықтарының көлемі, өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдардың аралығына орналасады. Олардың түтіктері бүлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Күстардын, денесінде болатын ауа қапшықтары мойын белімінде екеу, бүғана аралығында біреу, кеудеде 2—3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады. Ауа қапшықтарыньщ ен, басты маңызының бірі қүстар үшқанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.

Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер. Систематикалық шолу.

Бұл топқа жататын қүстардың өзіндік ерекшеліктері бар: бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екін-ші жағынан үшпай жердің бетімен адьшдап, немесе жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінің болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерий-лерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш қауырсындарынын. болмауы; осыған байланысты бүлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Динозаврлардың бірқатарындағы сияқты, төсінде терісінін, қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бі-рігіп бір сүйёкке айналып кеткен. Бүғанасының жұрнағы қал-ған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Қүйрық безі болмайды. Бірден бір қозғалыс мүшесі басқа органдарымен салыстырғанда әлдеқай-да үзын әрі мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуы-на байланысты саусақтарының саны 3, немесе 2-ге дейін қыс-қарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады. Қырсыз тесті қүстар осы заманда Африка, Аравия, Австралия, Оңтүстік Америкада және Жаңа Зеландияда тараған. Ерте заманда олар біршама кен. тараған.

Африка түиеқүстары

Осы замандағы қүстардың ең ірісі деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркектерінің бойының биіктігі 260-275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінің салмағы 90 кг-ге жетеді. Бұлардың ерекшелігі аяғының саусағы екеу ғана болады (қазіргі кездегі қүстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін қүрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды катты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі кара, ал үрғашыларының түсі коңыр-сүр болып келеді. Қүйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады. Бүл түйеқүстар қазіргі кезде Аравия мен Африканың шелді далалы аймақтарында кездеседі. Осы түрге жақын түрлері үшінші дәуірде Оңтүстік Азияда, Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Забайкальеде, Солтүстік Қазақстанда, Украинада (далаларда, шөлдерде, саванналарда) тіршілік еткен. Бірнешеуі бірігіп топтанып, жиі өріс ауыстырып отырған. Өте тез жүгіреді, жүгіргенде адымы 2—3 метрді алады. Олардың негізгі қорегі өсімдіктер, кейде үсақ жануарлар, кемірушілер, репти-лилер, насекомдар болып табылады.

Бүлар әдетте моногамдар. Еркек особтары шағылысу кезінде, өзінше әрленеді. Ұрғашысы салмағы 1400 г болатын 10—15 жүмыртқа туады. Жүмыртқаны еркегі түнде, ұрғашысы күндіз кезектесіп басады. Бұл 40 күнге созылады. Жұмырткадан көзі ашық, мамық жүнді ширақ балапан шығады. Олар тек үш жасында ғана жыныстык жағынан жетіледі. Бұлардьщ ақ түсті қанаттары мен қүйрық қанаттарын әсемдік үшін, ал етін тамақ үшін пайдаланады. Кейбір жерлерде оларды жартылай үй қүстары есебінде асырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет