52-шығарылым 1-тарау. Жалпы ережелер



бет8/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
#131171
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Вагонның ішкі қауіпсіздігін сақтау және алынбалы керек-жарағын жарамды қалыпта ұстап отыру.

Жолаушыларды қауіпсіз түсіру және отырғызуды қамтамасыз ету.

Жолаушыларды олардың жүру құжаттарына сәйкес вагондарға орналастыру.

Жылыту, жарықтандыру, желдеткіш, тоңазытқыш құрылғылары мен ауаны салқындату аспаптарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Вагондарды қысқы уақытта жылыту.

Еріксіз вентиляция, кондиционерлік ауа құрылғысы, жарық және жылу аспаптары жұмыстарын реттеу.

БЖБЖ (букстарды жылытуды бақылау жүйесі) аспабының көмегімен электр жабдықтарын, қайнатқыш, букстың қыздырылуын қадағалау, қол тежегішін тексеру.

Төсек жабдықтарымен және шаймен жолаушыларды қамтамасыз ету.

Фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездардың жолаушыларды шаймен, кофе және кондитерлік заттармен тәулік бойы қамтамасыз ету.

Фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездардағы балалы, мүгедек және қарт жолаушыларға вагон рестораннан немесе буфетке берген тапсырыстарын өтініштері бойынша жеткізіп беру.

Қамтамасыз ету бригадасы болмағанда тиісті қоймаларға төсек орындарды, шай жарақтарын алу және тапсыру.

Алысқа баратын жолаушы және жүрдек поездарындағы ұйықтайтын вагон жолаушыларының талаптары бойынша, ал фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездарда – міндетті түрде төсек орындарын салып, жинап беру.

Бұзылған немесе құртылған материалдық құндылықтарға актілер жасау және кінәлі адамдардан белгіленген тәртіпте құнын өндіріп алу.

Жолаушыларды тоқтайтын пункттердің атаулары, поездың тоқтау ұзақтығы туралы хабардар етіп отыру.

Қажет болғанда жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Вагондардағы бос және босайтын орындар туралы поезд бастығына уақытында (арнайы бланкілерде) хабарлап отыру.

Вагонды құрғақ және ылғалдай тазалау (дезерітінділерді пайдалана отырып туалеттерді тазалау).

Вагондарға реттік нөмірлерін және бағдар тақталарын ілу.

Қатты отын салу, күлден тазарту.

Сорғы немесе арнайы айлабұйымдардың көмегімен салқындатылған қайнатылған су дайындау.

Вагондардың (жолаушы вагондарының жол серігі лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес) ішкі қосымша жабдықтар және алынбалы керек-жарақ тізбесі және накладнойлары бойынша қабылдау және тапсыру.

Халықаралық қатынастағы поездарда – жол ведомостілерін, кеден декларацияларын ресімдеу, оларды белгілеу үшін кеден органдарына ұсыну, валюта алу және тапсыру, халықаралық қатынастағы қолданыстағы тарифтерге сәйкес жолаушыларға плацкарта сату және квитанцияларды ресімдеу. Жолаушы талаптары бойынша халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарына белгілерді ресімдеу. Шекаралық станциялар арасындағы поездардың жолаушыларына арналған ережелерді бақылау.

Соңғы вагонға қызмет көрсетуде – артқы сигнал фонарьларының жағдайын бақылауды қамтамасыз ету.

Поездарды мәжбүр тоқтатылған кезінде оны қоршауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, соңғы вагон жолсерігі құрамның жүруін қамтамасыз етуге міндетті, автоматты тежегішті қысқаша сыннан өткізуге қатысуы керек.

219. Білуге тиіс:

барлық үлгідегі жолаушы вагондарының, арба жабдықтарының құрылымы; тежегіш жабдықтар;

автотіркегіш, вагон асты жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі, СКНБ, ӨСЖ (өрт сөндіру сигналының жүйесі) құрылымы, ауаны желдету құрылғылары, жылыту аспаптары, міндетті желдету, электр жабдықтарын, тоңазыту құрылғыларына қызмет көрсету және реттеу тәртібі;

авариялық ахуалдарда жолаушыларды құтқаруға арналған жабдықтарды пайдалану ережесі;

жолаушы поезд вагондарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары, еңбекті қорғау ережесі мен нормалары;

алғашқы көмек көрсету нұсқаулықтары;

теміржол желілері маңызды станцияларының географиялық орналасуы; жолаушы поездардың қызметтік кестелерін пайдалану тәртібі;

жолаушы вагондары жол серігінің жұмыс сипаттамасы;

қолданылатын есептеу және есептілік нысандары, оларды жүргізу және жасау тәртібі.

220. Халықаралық қатынастағы вагондарға қызмет көрсетуде білуге тиіс:

халықаралық қатынастағы вагондарға қызмет көрсетуде арнайы дайындық бағдарламасында көзделген шетел тілі;

қызметтік мәселелер бойынша жолаушылармен сөйлесуге қажетті көлемде білуі;

поезд бағыты бойынша елдердің көлік географиясын;

жол құжаттамасын жүргізу, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі;

халықаралық қатынастағы тарифтер;

поезд бағыты бойынша темір жолдарда қолданылатын поезд және маневрлік сигналдар.

Вагондар тұратын парктерде және қала сыртына қатынайтын поездардағы вагондарға қызмет көрсетуде - 3-разряд;

Жергілікті және алыс жақтарға қатынайтын арнайы тағайындалған вагондарға қызмет көрсетуде - 4-разряд;

Фирмалық поездарда және халықаралық қатынайтын поездардағы вагондарда қызмет көрсету - 5-разряд.

221. Ескерту.

Шетел тілін білетін жолаушы вагонының жол серігі халықаралық қатынастағы поездардағы вагондарда қызмет көрсетуде бір разряд жоғары тарифтеледі.

64. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік
1-параграф. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсеріктер

3-разряд


222. Жұмыс сипаттамасы.

Жүкті қабылдау және оны вагонға тиелуін қадағалау, баратын жеріне дейін ілесіп бару.

Тасымалдаудың бекітілген шарттары мен жүкті сақталуын қамтамасыз ету.

Жүктерді тапсырыс берушілерге белгіленген тәртіппен тапсыру.

Поездың баратын жолында ақаулықтарын жою шараларын қабылдау.

Жүру кезінде вагонның күндізгі және түнгі сигналдарының бар екенідігін және жарамды екенін тексеру.

Теміржолдардағы сигнал беру нұсқаулығына сәйкес мәжбүрлі аялдамада поездардың қоршалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Вагонды отын және сумен қамтамсыз ету.

Вагонды ылғалдап және құрғақтай жинастыру.

223. Білуге тиіс:

жүкті қабылдау және тапсыру тәртібі;

тиеу ережесі;

вагонға жүкті орналастыру және бекіту;

оларды тасымалдау шарттары;

жүк вагондарының құрылымы туралы жалпы мәліметтер, жүкті апару бағыты;

поездардың өрт қауіпсіздігі ережесі мен қауіпсіздік техникасы;

жолаушылар вагоны жолсерігі нұсқаулығы.

2-параграф. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

4-разряд

224. Жұмыс сипаттамасы.

Арнайы вагонды жүріс жолында техникалық жағдайын бақылау.

Вагонның ішкі жабдығын, алмалы жабдықтарының дұрыс жағдайын тазалығын және сақталуын қамтамасыз ету.

Электрлі жарық, су жабдығы, жылу, вентиляция, тоңазытқыш және басқа да құрылғылар жұмысын қамтамасыз ету.

Анықталған ақауларды түзеу үшін техникалық қызмет көрсету пункттеріне уақытылы өтініш жазу және орындалған жұмыстың сапасын бақылау.

225. Білуге тиіс:

Қызметтік-техникалық вагондардың жалпы құрылымы;

Электрлі жарық, су жабдығы, жылу, вентиляция, тоңазытқыш және басқа да құрылғылар құрылымы және пайдалану ережесі, кішігірім ақауларды жою әдістері.

65. Істемейтін локомотивтер мен жолаушы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3-разряд

226. Жұмыс сипаттамасы.

Жіберуге арналған локомотивтер мен жолаушы вагондарын тексеру, техникалық жағдайын тексеруге қатысу және қабылдау.

Олардың қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның, құралдардың, керек-жарақтың, қосалқы бөлшектердің, майлау материалдары мен сигнал беру жабдықтарын тізбеге сәйкес сақталуын қамтамсыз ету.

Локомотивтер мен вагондардың қауіпсіз жылжуына кедергі келтіретін ақаулықтар табылған кезде жақын жердегі жөндеу пунктіндегі локомотивтер мен вагондарды жөнделуін қамтамсыз ету шараларын қабылдау.

Тежегіш құралдарды қажеттігіне қарай қолдану.

227. Білуге тиіс:

локомотивтер, жылжымалы құрам мотор вагондар мен жолаушы вагондарын жіберу тәртібі туралы нұсқаулық;

электрлендірілген аудандардағы теміржол көлігі жұмысшылары үшін қауіпсіздік ережелері;

локомотивтерді тапсыру мен қабылдау ережесі.

66. Паровоз қазандықтарын шаюшы

3-разряд


228. Жұмыс сипаттамасы.

Паровоз қазандықтарын, түрлі жүйедегі кран бу қазандықтарын және қысыммен істейтін паровоз тендерлерін шаю.

Шаю тығындарын, зәкір, жапсырмалы, тендерлік шаю люктерін тексеру және түзету.

Арнайы құралдардың көмегімен қазандық жиектеріндегі қалдықтарды тазалау.

Тығын люктеріне және асбест люктерге арналған паронитті төсем дайындау және отырғызу.

Люктар мен шаю тығындарын шаю және герметикалығын тексеру.

229. Білуге тиіс:

паровоздар қазандықтары мен түрлі жүйедегі бу крандарының құрылымы, шаю ережесі,

қазандықтардағы қаспақтардың жиналатын жерін;

су жіберетін су құбырлары мен жабдықтарының құрылымы;

шаю түрлері;

қазандықтарды тазалау және шаю жолдары;

шаю люктарын ашу және жабу, шлангілерді біріктіру ережесі.

67. Цистерналарды шаюшы-булаушы


1-параграф. Цистерналарды шаюшы-булаушы

3-разряд


230. Жұмыс сипаттамасы.

Эстакадалардағы, арнайы алаңшалар мен арнайы белгіленген жолдардағы цистерналардан этил бензині мен химиялық өнімдерден басқа қара және ашық түсті мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау.

Цистерналардың құятын аспаптарындағы қатып қалған клапандарды бумен қыздыра отырып мұнай өнімдері қалдықтарынан тазарту.

Құю аспаптары клапандарын салу және олардың техникалық жағдайы мен дұрыс жабылуын тексеру.

Жөндеуге дайындалған цистерналардың сыртын тазалау.

231. Білуге тиіс:

құятын аспаптардың және цистерналардың құрылымы;

мұнай өнімдерін құюға арналған цистерналарды суықтай тазалау талаптары;

қолданылатын механизмдер, құрал, керек-жарақ және айлабұйымдар, оларды пайдалану ережесі;

цистерна ішіндегі жұмыстарға арналған қорғау айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану ережесі.

1-параграф. Цистерналарды шаюшы-булаушы

4-разряд


232. Жұмыс сипаттамасы.

Бу, ыстық су және еріткіштерді пайдалана отырып этил бензині және химиялық өнімдерден басқа мұнай өнімдері мен химиялық өнім цистерналарды өңдеу.

Вакуум құрылғысын, паросифон және буды пайдалана отырып цистерналардағы қалдықтарды тазалау.

Цистерналарды суықтай өңдеуде этил бензині қалдықтарын механизациялау түрінде тазалау.

Брандспойт көмегімен қақпақтар мен клапандарды шаю.

Цистерна қазандықтарын салқындату және газсыздау, олардың ішкі бөлшектерін кептіру және ысқылау.

233. Білуге тиіс:

құятын және жөндейтін цистерналарды дайындауға арналған өңдеу ережесі және техникалық шарттары,

цистерналарға қойылатын санитарлық талаптар;

дезинфекциялайтын заттардың қасиеті мен оларды пайдалану ережесі;

эстакадалар мен арнайы алаңшалардың құрылымы;

цистерналарды механизацияланған тазалауға арналған аспаптарды, вакуум қондырғыларды, бу сифондарын, жарылғыш фонарларды және басқа да құрылғылар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі,

құбыржолдардың, төгетін лотоктардың, кәріз желісінің, мұнай тұтқыштар мен басқа да өнім қалдықтарын тазалау имараттарының орналасуы.

цистерна қазанының ішкі бетін, енгізу және шығару клапандарын жууға арналған механикаландырылған құрылғы құрылысы мен жөндеу, реттеу ішкі қазан қысымы, төменгі ағызу аспабын жөндеу технологиясы.

Тамақ өнімдері цистерналарын этилді бензиннен, хош иісті топты химиялық өнімдерден, мұнай иісінен, реактивті қозғалтқышқа арнлаған отын ерітіндісінен, Б-70 маркалы авиациялық этилді емес бензиннен, этилді бензиннің барлық маркасынын, 1-2 және 3- топты майлардан, нефрас және басқа да жоғары сапалы мқнай өнімдерінен тазалау; тасымалданатын сұйық жүктің сақталуын қамтамасыз ететін құю аспаптарының төменгі нығыздаушы дөңгелектерін ауыстыру және жетілдіру - 5-разряд.

Рективті отынды, авиабензин, май және басқа да мұнай өнімдерін жоғары қысым, ыстық су және сәйкес ротациялық аспатар арқылы, цистернаның ішкі бетін тазалап және ысқылай отырып, құюға арналған цистерналарды өңдеу, дайын цистерналарды бақылау органдарына өткізу;

Құжатсыз цистерналарды ЖБС-на ерте әкелінген жүкті анықтаудың органолептикалық әдісті және өңдеу технологиясын білу; қолданылатын құрылғылар ақауларын жоя білу;

жоғары қысымды машиналар мен аспаптарды жөндеуге қатысу;

цистернаны жуушы-булатушы бригадаға басшылық ету кезде -6-разряд.

68. Қозғалыссыз теміржол қатынас жолдарындағы локомотивке

(локомотивтер тобы) қызмет көрсететін жұмысшы

3-разряд

234. Жұмыс сипаттамасы.

Қозғалыссыз локомотивті деполық теміржол қатынас жолдарында және жалпы қолданысқа берілмейтін теміржол қатынас жолында тепловоз (тепловоздар тобы) дизелін жылыту, қыс мезгілінде (қажет болса- сәйкес нормативтік актіге сай басқа да мезгелдерде) локомотивтің (локомотивтер тобы) (әрі қарай-локомотив) тартылыс күшті электр қозғалтқышты және басқа да электрлік машиналарын жылыту жылыту және кептіру: жұмысты күтіп тұрған локомотивті іске қосу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу.

Аккумуляторлық батареяны, басқару шынжырын іске қосу.

Пневматикалық желіні сыртқы көзден немесе локомотивте орнатылған қосымша (қол) компрессордан сығылған ауамен толтыру.

Ток қабылдағышты көтеруподнятие токоприемника.

Құрылғыны, агрегаттарды, жүйелерді – дизль, мотор-винтелятор, мотор-компрессор, жарықты, басқару кабинасы жылуын, өрт сөндіру жүйесін іске қосу.

Істегі құрылғыны, агрегаттарды, жүйелер жағдайы мен жұмысын көзбен шолу және аспаптар арқылы бақылау.

Электр энергиясы мен отынды жұмсауды бақылауды қамтамасыз ету.

Жұмысты, техникалық қызмет пен жөндеуді күтіп түрған локомотивті істен шығару: істегі құрылғыны, агрегаттар мен жүйелерді бекітілген тәртіпте сөндіру.

Пневматикалық шынжырды үрлеп тазалау.

Локомотивті өздігінен болатын қозғалыстан нормативтік актіде бекітілген тәртіп бойынша бекіту.

Локомотивтің құрылысына сәйкес жинақталуын тексеру.

Локомотив жабдығының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

Локомотив терезелерін жабу және кіріс есіктерін бекіту.

235. Білуге тиіс:

Локомотивті іске қосу және істен шығару тәртібі;

жабдықтарды, агрегаттарды және локомотив жүйесі құрылысы және пайдалану ережесі;

деполық теміржол қатынас жолдарында және жұмысты күтіп тұрған жалпы қолданысқа берілмейтін теміржол қатынас жолында тұрған локомотивтің негізгі техникалық сипаттамасы және күтудің бекітілген тәртібі;

локомотивтің механикалық, электрлік, тежегіш және қосымша жабдықтары жұмысын бақылау тәртібі;

отынды үнемдеп жұмсаудың негізгі режимдері;

тежегіш башмақтарын қолдану ережесі;

теміржолды техникалық пайдалану ережелері;

теміржолдардағы поезд қозғалысы мен маневрлік жұмыстар нұсқауы;

теміржолдардағы сигнал беру нұсқауы;

электровоздар мен тепловоздарға пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы;

локомотив шаруашылығын қысқы жағдайда жұмысқа дайындау нұсқауы;

тепловоз дизелін пайдалну нұсқауы және орындалатын жұмыстар шеңберіндегі басқа да нормативтік актілер;

локомотивтердің тоқтау жолы жоспары, сол жерге өту тәртібі;

электр техникасы негізі.

69. Станция жұмысшысы
1-параграф. Станция жұмысшысы

2-разряд


236. Жұмыс сипаттамасы.

Станциялық жолдарды, станция алды аумағын, жүк аулалары мен қоймаларын, вокзалды, перрон, жолаушы және жүк платформасын, станциялық қызметтік-техникалық орындарды тазалау.

Станциялық өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жылыту.

Бекітілген құрыл-жабдықтарды тазалықта ұстау және дұрыс қалыпта күту.

237. Білуге тиіс:

Қызмет көрсетілетін станциялық жолдардың, қызмет орындары, платформа және басқа да жұмыс орындарының орналасуы;

Қолданылатын құрал-жабдықтар, станциялық жолдарда тұрған кезде және жұмыс өндірісі кезінде жеке қауіпсіздік ережелері.

2-параграф. Станция жұмысшысы

3-разряд

238. Жұмыс сипаттамасы.

Коммерцялық ақауларды жөндеу.

Жүктерді жылжыған кезде, пломба мен бұрауыш үзілгенде біртіндеп қайта тиеу, жүкті бекіту және жылжымалы құрам аумағынан шығуын болдырмау.

Ұсақ жөнелтулермен тасымалданатын жүк мен багаждарды тиеу, түсіру және жүк пен багаждарды станция қоймаларына тасу.

Қолданылатнын құралдар мен қарапайым механизация жабдықтарын жұрыс қалыпта күту.

Жол жүру құжаттарын пневматикалық пошта бойынша қабылдап-жіберу пункттерінде қабылдау және жіберу.

Рельс пен бағыттамалы бұрманы (отралықтандырылған бұрмалардан басқа) тазалау және бояу.

239. Білуге тиіс:

Жүктерді ашық жылжымалы құрамда бекітудің жалпы талаптары;

Коммерциялық ақаулар, жүктер мен багажды тиеу, түсіру және станцияда тасу және қолданылатын құралдар мен қарапайым механизация жабдықтарын пайдалануда жұмыстарды орындау тәртібі;

пневматикалық поштаға қызмет көрсету тәртібі.

70. Түнел жұмысшысы
1-параграф. Түнел жұмысшысы

1-разряд


240. Жұмыс сипаттамасы.

Біліктілігі жоғарылау түнел жұмысшысының басшылығымен орындалатын метрополитеннің түнелдік құрылыстарының ағымдық жұмысы, жөндеу және ұйымдастыру.

Құрылыстың қапталған бетін, металл торламасын, бұйымдарын және басқа да элементтерін сүрту және сумен жуу.

Құрал-жабдықтарды тазалықта ұстау.

Материалдарды, мінбені, қысқа бағаналарды, жеңіл баспалдақты, ағаштарды және құралдарды жұмыс орнына жеткізу және жұмыс біткен соң тазалау.

241. Білуге тиіс:

Құрылыс элементтерін тазалықта ұстау ережесі;

тиеп-түсіру жұмыстары нормасы мен ережесі;

материалдарды қаттап тастау ережесі және олардың атауы.

2-параграф. Түнел жұмысшысы

2-разряд

242. Жұмыс сипаттамасы.

Метрополитеннің туннельдің құрылысының ағымдық жұмысы, жөндеу және ұйымдастыру.

Қаптамадан тұздың орындарын тазалау, сәулеттік беттегін шаңды шаңсорғыш арқылы тазалау.

Мәрмәрдің тұздан тазарған жерлерін жылтырату. Кірпіш қаптаманы тұз қышқылы ерітіндісімен айқындау.

Тюбинг пен бұрандамалы құраманы коррозия мен ластан метал щетка мен шүберек арқылы тазалау.

Материалдарды ерітінді үшін және желімді оқшаулауға даярлау.

Қаспақтарды қолмен құлату, шеге мен атызды қағу, цемент ерітіндісімен өңдеу.

Баспа аппараттарын тазалау және жуу.

243. Білуге тиіс:

Ерітіндіге қажет материалдар түрі және қаптаманы тазалауға арналған ерітіндіні дайындау әдістері;

майлау жұмыстары ережесі;

шаңсорғыш, айдау аппараттарының жұмысы принциптері;

жұмыс орындарын сигналдармен қоршау ережесі.

3-параграф. Түнел жұмысшысы

3-разряд


244. Жұмыс сипаттамасы.

Инъекторлі шлангты айдау жұмыстарында монтаждау және демонтаждау.

Ұңғымены ерітіндіні айдағаннан кейін өңдеу.

Оқшаулау қаптама бетін дайындау.

Қорғасыннан жасалған, қорғасынмен қапталған бауды және басқа да құрамдарды қырқу үшін дайындау.

Жіктерді қолмен қырқу.

Битум шайырларды қыздыру, оқшаулау астына цемент жиыстырмасы құрылғысы, бетіне битум шайыр жағу.

Әр түрлі қоспаларды мөлшерлеу және жасау.

Бұрғылау мен қырқуды алмастыру, құрылғыны ауа өткізгіш желісіне қосу.

Құрыл-жабдықты тастар мен ағаштарды жинау және бөлшектеу.

245. Білуге тиіс:

Еретіндіні араластырғыш құрылғысы, туннель қаптамасы мен оларды гидрооқшаулау құрылғысы; ерітінділер құрамы және негізгі қасиеттері;

Айдау материалдары мен қосындылар сапасына қойылатын негізгі талаптар.

4-параграф. Түнел жұмысшысы

4-разряд

246. Жұмыс сипаттамасы.

Бұрандалы шегелерді бұрғылау балғасымен түнелдер мен шахталарды қаптау кезінде бұрғылау.

Бұрғылау орындарын тетіктерді жою картасына сәйкес белгілеу.

Жіктерді кеңеюдегі цемент және пен қорғасын арқылы қырқу.

Тығындар мен бұрандамалы біріктіргішті алмастыру.

Жер асты құрылыстары мен тартпаларды біріктіру қабырғаларын шайырда бума материалдармен оқшаулау.

Ағыдарды аспалы қорап құрылғысымен және түтігімен бұру және құрылысқа өңдеу.

Ерітіндінің бетіне шығып кетуді жою.

247. Білуге тиіс:

Қолданылатын механизмдер құрылысы, бұрандалы шегелердің тиімді орналасу сызбасы;

туннельдік қаптама түрлері;

гидрооқшаулағыш жабындардың негізгі құрылысы, шайырды жағу және бума материалдар жапсыру ережесі;

қырқу жұмыстары әдістері.

5-параграф. Түнел жұмысшысы

5-разряд


248. Жұмыс сипаттамасы.

Құрылыстағы судың ағуын жою үшін полимерлі материалдарды қоса отырып, бақылау айдауын және цементті ерітінді аудауын жүргізу.

Түнел асты құрылысын жару және жөндеу.

Жер асты суының сүзілуін тоқтату үшін эпоксидті қарамай негізінде гидрооқшаулау құрамының қаптамасының ішкі бетіне айдау.

Металл және бетон қаптаманың кесілген жерін қырқу, сонымен қатар, полимер шайырды қолдау арқылы.

Қаптамадағы және ауыспалы кесіктері бар орындардағы судың ағуын тотқату үшін оқшаулағышты жапсыру.

Тюбингті бетіндегі суаағар құрылысы, тюбинг ұяшықтарын су тюбингіне қажетті еңесті қамтамасыз ету үшін құм-цементті еретіндімен толтыру.

Дренажды лотокты су ағыны үшін берілген еңеске пішіндеу.

Бетон негізді кен балғасымен отау.

Лоток бетін берілген еңеске құм-цементті ерітіндімен түзеу.

Жаңа трубаларды еңіске дәлденген бетон негізді жабық дренажға демонтаждау және орналастыру.

Кең трубаларды тығындау және қырқу.

249. Білуге тиіс:

Цемент жұмыстар технологиясы, айдауға арналған құрам рецептурасы;

тау жыныстары мен грунттың химиялық бекітпесінің негізгі қасиеттері;

жікті жөндеу ережесі мен пен жарықтарды өңдеу;

стандартты емес және күрделі жіктерді қырқу тәртібі мен әдістері;

түнелдердегі жұмыс пен токсинді полимерлі материалдармен жұмыс жасау тәртібі және қауіпсіздік ережелері;

түнелдер мен станцияларда сутөкпелерді ұйымдастыру сызбасы, ашық және жабық дренаждарды орнатуда еңістерді бөлу тәртібі;

кен балғасы құрылысы сызбасы;

гидооқшаулау сылауын орындау әдістері, полимерлі қоспалы цемент-құм ерітіндісін даярлау.

6-параграф. Түнел жұмысшысы

6-разряд

250. Жұмыс сипаттамасы.

Метрополитеннің көлбеу эскалаторлық туннелінде судан қорғағыш шатырының көрінісін алмастыру кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау.

Шатыр көрінісін бекіту және түйіндерді полимерлік материалдармен оқшаулау.

Түнелдің инъекцияланған бетон және темір бетонды қаптамасын «Гидротон» қондырғысы арқылы жөндеу-қалыпқа келтіру.

Арнайы шөкпеген цемент пен қоспалар қоспасын таңдау және дайындау (алюминий, силикон және тағы басқа).

Түнелдік қаптама элементтерін бірітіндеп жару, қалыпқа келтіру, анкерлік бекітпе орнату.

251. Білуге тиіс:

Судан қорғағыш шатырын, шатырды бекіту түйіндері құрылысын монтаждау тәртібі және әдісі;

көлбеу эскалаторлық туннельде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

перфоратор, бетон сүймені, гидросына құрылысы сызбасы;

инъекциондық жұмыстар технологиясы, инъекциялауға арналған арнайы құрам, жұмыс сапасын бақылаудың әдіс-тәсілдері;

метрополитеннің істегі туннельдерінде жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі.

71. Мұнай өнімдерін таратушы

5-разряд

252. Жұмыс сипаттамасы.

Белгіленген тәртіпке сәйкес мұнай өнімдері мен сүртетін материалдарды қабылдау, сақтау, есепке алу және жіберу.

Тепловоздарды жабдықтау үшін салқындатын су даярлау.

Орнатылған насос жабдықтарына қызмет көрсету.

Өңделген мұнай өнімдерін қабылдау және тапсыру.

Есеп жүргізілетін материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, түгендеу жүргізуге қатысу.

Қойма аумағы мен орынжайларын тазалықта ұстау, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтау.

253. Білуге тиіс:

мұнай өнімдері мен сүртетін материалдарды сақтау, есепке алу және беру ережесі және тәртібі;

насос агрегаттары мен өлшеу аспаптарының құрылғысы мен жұмысы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет