байланыс iлмектерiн жерлендіру ережелерi мен тәсілдерін;
дабылдар және дабыл беру құралдарының міндеті;
тораптарды, тартым агрегаты машиналарын қабылдау және оларға
қызмет көрсету тәртібін;
майлау жүйелерi мен колданылатын майларды;
электротехника және слесарлық ic негiздерiн, жөндеу жүргiзу тәртібін;
локомотив кұрамын тиеу және түсіру ережелерiн;
поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөнiндегi нұсқаулықтарды;
лауазымдык нұсқаулықтарын локомотив машинистері үшiн еңбекті қорғау жөнiндегi үлгілік нұсқаулықтарды.
30. Жинайтын машина машинисі
99. Жұмыс сипаттамасы.
Метрополитен станцияларын және теміржол вокзалы орынжайларын механизацияланған жинау кезінде қолданылатын түрлі үлгідегі жинайтын машиналарды басқару.
Қолданылатын машиналарды техникалық қызмет көрсету.
Машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Жуатын қоспаларды дайындау және машиналарға салу.
Станцияның вестибюль алды аумағының машиналар кіре алмайтын жерлерін қолмен тазалау
100. Білуге тиіс:
қолданылатын машиналардың қызметі мен құрылымы;
оларды пайдалану ережесі мен нұсқаулықтары, жуатын құрал қоспаларын әзірлеу технологиясы мен оларды пайдалану ережесі;
Метрополитен станцияларын және теміржол вокзалы орынжайларын ұстау жөніндегі санитария және гигиена талаптары.
Метрополитен станциялары мен жолаушылар тасқыны күніне 80 мың адамға дейінгі теміржол вокзалы ғимаратын тазалауда қолданылатын тазалау машинасын басқаруда - 3-разряд;
Метрополитен станциялары мен жолаушылар тасқыны күніне 80 мың адамнан көп теміржол вокзалы ғимаратын тазалауда қолданылатын тазалау машинасын басқаруда - 4-разряд.
31. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі
1-параграф. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі
3-разряд
101. Жұмыс сипаттамасы.
Сағатына 150 м³-ке дейін су шығындайтын шаятын-булайтын станциялардағы вакуум құрылғыларға, сорғыларға, қозғалтқыштар мен желдеткіштерге қызмет көрсету.
Жабдықты іске қосу, тоқтату, жұмыстарына қажет параметрлерді ұстап отыру.
Тартып алынатын сұйықтықтың жіберілуін реттеу.
Мұнай өнімдерін құюда және оны сақтау немесе тұтыну орнына жіберуде қыздыру.
Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, сүзгілердің жағдайын, тартатын магистральдардағы қысымды қадағалау және оларды тазалау.
Цистерналар мен сыйымдылықтардағы мұнай өнімдерін тартып алу.
Шаятын эстакадалардағы және басқа да шаятын-булайтын станция нысандарындағы жұмыс орындарын үздіксіз цистерна дайындау технологиясы талаптарына сәйкес сумен және ерітінділермен қамтамасыз ету.
Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен рефрижираторлық жылжымалы құрамды байыту жөніндегі стационарлық құрылғыларға қызмет көрсету.
Дизель отын, май, тұздық және басқа да құрылғы жабдықтарына арналған тұздық, су және отын сорғыларын, сыйымдықтарын жарамды қалыпта ұстап отыру.
Аммиак, фреон, пропан-бутан баллондарды және басқа хладагенттерді, қатты отын және ысқылау материалдарын техникалық талаптарға сәйкес сақтауды қамтамасыз ету.
Жабдық жұмысы туралы журналдағы жазбаны жүргізу.
102. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін агрегаттардың, аспаптар мен жабдықтардың құрылымы;
қолданылатын механизмдер, аспаптар, керек-жарақтар мен айлабұйымдар және оларды пайдалану ережесі,
жалпы және арнайы сыйымдылықтардың, соратын және қысып толтыратын құбыржолдардың орналасу тәсімдері,
вакуум құрылғылар мен мұнай тұтқыш арқылы өтетін мұнай өнімдерінің атауы мен сұрыптары,
механизмдердің, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы кемшілік себептері, оларды жою тәсілдері,
электр техника, гидравлика және механика негіздері;
коммуникациялық және тарату желілері;
қысыммен істейтін баллондарға қызмет көрсету ережесі.
2-параграф. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі
4-разряд
103. Жұмыс сипаттамасы.
Сағатына 150 м³-тен асатын су шығындайтын шаятын-булайтын станциялардағы вакуум құрылғыларға, сорғыларға, қозғалтқыштар мен желдеткіштерге қызмет көрсету.
Рефрижираторлық жылжымалы құрамды байыту жөніндегі стационарлық құрылғыларға қызмет көрсету.
Сорғылардың, сыйымдылықтар мен басқа да байыту құралдарының жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою.
104. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикалық тәсімдері мен жұмыс режимдері;
жанар жағар және ысқылау материалдарының, хладагенттер мен қатты отын сипаттамалары.
3-параграф. Жылжымалы құрамға қызмет көрсететін құрылғы машинисі
5-разряд
105. Жұмыс сипаттамасы.
Мұнай өнімдерін және рефрижераторлық жылжымалы құрамды байытуға арналған дизель отынды қабылдауға арналған жоғары дәлдіктегі отын салатын және май құятын колонкаларға қызмет көрсету.
«Хладон-12» хладагет сыйымдылықтарын вакуумдау және зарядтау құрылғыларына қызмет көрсету.
Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.
Жоғары деңгейде тазаланған мұнай өнімдерін (реактивтік отын, авиабензин) құятын цистерналарды өңдеу және шаюды қамтамасыз ететін машиналарға, жабдықтар мен аспаптарға қызмет көрсету және реттеу.
106. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың кемшіліктерін жою тәртібі мен байыту технологиясы;
жоғары қысымдағы жабдықтармен және байыту құралдарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесі;
электр техника, гидравлика және кинематика негіздері.
32. Электровоз машинисі
107. Жұмыс сипаттамасы.
Электровозды басқару, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықты теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді электровозды енгізу.
Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.
Электр энергиясының минимум шығынында поезды енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.
Электровозды қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.
Электровозды жұмысқа дайындау және жабдықтау.
Электровоздың құрамның бірінші вагонымен және әуе саласы байланысымен тіркелуін бақылау, сонымен қатар араларындағы ақырғы кранды ашуды бақылау.
Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинист көмекшісінің қайталауын бақылау.
Белгіленген дабылдарды беру, поезд қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.
Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссқздер жүргізу.
Бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес электровозға техникалық қызмет көрсету.
Электрлік, механикалық, тежегіш, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларын және құмды түсіру құрылғысының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.
Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды отырғызу, түсіру, тасымалдау қауіпсіздігн қамтамасыз ету.
Электровоздың механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаға, кездегі жағдайын тексеру.
Деполық және станциялық жолдардағы маневрлік жұмыстарды бекітілген жылдамдықпен орындау.
Электровоздағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.
Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде пойызды тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.
Электровоз көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.
Электровоз машинисті көмекшісін, сонымен қатар, «электровоз машинисті көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды электровозға қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.
108. Білуге тиіс:
Электровоз құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;
электровозды пайдалау кезінде күтім тәртібі;
тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;
теміржол қатынас жолы пішіні;
қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;
теміржол қатынас жолы сызбасы;
жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;
локомотивке пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы ;
отынды шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;
электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;
теміржол қатынас жолын техникалық пайдалану ережесі;
теміржол қатынас жолындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулар;
теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;
жүк пен жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;
стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;
қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;
автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;
тежегіш башмағын қолдану ережесі;
поездар қозғалысы кестесі.
электр техникасы негізі;
109. Кәсіптік дайындық пен электровозды басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.
33. Электр пойызы машинисі
110. Жұмыс сипаттамасы.
Электр пойызын басқару, қозғалыс кестесін сақтай отырып, белгіленген жылдамдықты теміржол қатынас жолы пішінінен тәуелді электр пойызын енгізу.
Жолаушыларды тасымалдау және қызмет көрсету мәдениеті қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету.
Электр энергиясның минимум шығынында электр пойызын енгізудің рационалды режимін қамтамасыз ету.
Электр пойызын қабылдау және тапсыру: негізгі агрегаттар, түйін, жүйе, электрлік, механикалық, тежегіш, қосымша жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғысын және құмды түсіру құрылғысын қарау және қызметтерін тексеру.
Электр пойызын жұмысқа дайындау және жабдықтау.
Электр пойызының тежегіш құрылғысының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қызметінің дұрыстығын тексеру.
Электр пойызы жарығын, жылуын және вентиляциясын қосу және сөндіру.
Теміржол қатынас жолының бос екендігін, контактілі желі, қарсы поездар жағдайын, бағдарды дайындау дұрыстығын, бағдаршам сигналы көрсеткіштерін, дабыл белгілері, поезд қозғалысы процесіндегі, теміржол қатынас жолы жұмысшыларын беретін сигнал көрсеткіштерін және оны машинист көмекшісінің қайталауын бақылау.
Белгіленген дабылдарды беру, пойыз қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың оперативтік бұйрықтарын нормативтік актілерге сәйкес орындау.
Сөйлесу құрылғысы арқылы бекітілген регламенттерге сәйкес келіссқздер жүргізу.
Электр пойызы машинистіне арналған бекітілген нормативтік актідегі жұмыстар тізіміне сәйкес электр пойызына техникалық қызмет көрсету.
Электрлік, механикалық, тежегіш, бақылау-өлшеу құралдарын, радиобайланыс құрылғыларының техникалық жағдайы мен жұмысын көзбен шолып және құрал арқылы бақылау.
Поезд жүрісінің бірқалыптылығын және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жолаушылардан электр пойызы қазғалысына қауіп төнгені туралы деректер алған жағдайда апатты жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
Электр пойызының механикалық бөлігінің, тораптардың, дөңгелек жұбының аралық станцияларда тоқтаға, кездегі жағдайын тексеру.
Электр пойызындағы локомотивтік бригаданың бекітілген регламенттік жұмысында, көлемінде, жүріс жолында пайда болған ақауларды жою, ал жою мүмкін емес болса – поезд тұрған теміржол аумағын поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып босату.
Кенеттен туындаған кедергілер кезінде немесе кенет тоқтату дабылы берілген кезде электр пойызын тоқтату үшін кенет тежеуді қолдану.
Электр пойызы көмекшісінсіз жұмыс орындау кезінде оның функцияларын нұсқауға қатысты орындау.
Электр пойызын пайдалану кезінде оған қызмет көрсететін жұмысшылар жұмысын басқару, қызметтерін бақылау.
Электр пойызы машинисті көмекшісін, сонымен қатар, «электр пойызы машинисті көмекшісі» мамандығы бойынша сынақ мерзімінен өтіп жатқан тұлғаларды электровозға қызмет көрсету және басқарудың рационалды әдіс-тәсілдеріне үйрету.
111. Білуге тиіс:
Электр пойызы құрылғысы, техникалық сипаттамасы, басқару ережелері;
электр пойызын пайдалау кезінде күтім тәртібі;
тежегіш құрылғысы және басқару технологиясы;
теміржол қатынас жолы пішіні;
қызмет көрсетілетін аумақтағы жол белгілері;
теміржол қатынас жолы сызбасы;
жылжымалы құрамды тіркеу, ағыту ережесі;
электр пойызын пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету нұсқауы ;
электр энергиясын шығындауды үнемдеудің негізгі режимдері;
электрлік, пневматикалық, гидравликалық, механикалық ақауларды шығару және жою тәсілдері;
теміржол қатынас жолын техникалық пайдалану ережесі;
теміржол қатынас жолындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулар;
теміржолдағы сигнализация нұсқауы және орындалатын жұмыстар аясына қатысты басқа да нормативтік актілер;
жолаушыларды тасымалдауға қойылатын негізгі ережелер;
стандартты емес жағдайларда әрекет ету тәртібі;
қызмет көрсетілетін теміржол станциялары мен аумақтарының техникалық-өкімгерлік акті;
автоматика және байланыс құрылғысы жұмысы мен пайдалану тәртібі;
тежегіш башмағын қолдану ережесі;
поездар қозғалысы кестесі.
электр техникасы негізі.
112. Кәсіптік дайындық пен электр пойызын басқару құқығын беретін куәлік қажет етіледі.
34. Эскалатор машинисі
5-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы.
Тәулігіне 150 мың жолаушыға дейін таситын эскалаторларды басқару және қызмет көрсету.
Механизмдердің жұмыс режимін олардың жүктемесіне қарай реттеу.
Эскалаторларды автотелебасқару механизмдері мен құрылғыларды баптау.
Қызмет көрсетілетін эскалаторларды жарамды қалыпта ұстау және оларды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу.
114. Білуге тиіс:
эскалаторлардың құрылымы, кинематикалық және электр тәсімдері, баптау тәсілдері;
барлық үлгідегі эскалаторлардың электр жабдықтарының құрылымы;
жүктемесіне қарай механизмдердің барынша тиімді режимін анықтамасы мен паспорты бойынша айқындау ережесі;
қызмет көрсетілетін эскалаторлардың ақаулықтарын жою әдістері мен тәсілдері;
электр жетектерінің жұмыс істеу және эскалаторларды автотелебасқару құрылғыларын қолдану принципі;
машинистке белгіленген разрядтан бір разряд төмен көлемде слесарлық жұмыстар.
Тәулігіне 150 мыңнан 200 мыңға дейін жолаушы таситын эскалаторларға қызмет көрсету - 6-разряд.
тәулігіне 200 мыңнан астам жолаушы таситын эскалаторларға қызмет көрсету; жоғары дәлдіктегі эскалатор электр тәсімдерін аспаптармен теусеру, баптау және реттеу және эскалаторларды басқару тізбектерін бақылау тәсімін жөндеуде - 7-разряд.
115. Ескерту:
Эскалатор машинисінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.
35. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
1-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
1-разряд
116. Жұмыс сипаттамасы.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес айлабұйымдар мен түрлі еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып және қолмен жеңіл, жүк және арнайы көліктердің шыныларын ысқылап сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу.
Жуатын алаңшаларда су кәріз бұрмаларды ластықтан тазалау.
Аспап, керек-жарақ, айлабұйым және жуатын алаңдарда тазалықта және жарамды қалыпта ұстау.
117. Білуге тиіс:
еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу тәсілдері мен жолдары;
қолданылатын аспаптың, керек-жарақтар мен айлабұйымдардың қызметі.
2-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
2-разряд
118. Жұмыс сипаттамасы.
Өңдеудің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес айлабұйымдар мен түрлі еріткіштерді, пасталарды, бензин және керосинді пайдалана отырып және қолмен локомотивтердің, жолаушы вагондарының, электр және дизель поездардың, автобустардың, трамвай және троллейбустардың шыныларын ысқылап сырты мен ішін тазалау, жинау және жуу.
Көмір салатын жартылай вагондарды тазалау және ыстықтай жуу.
Еріткіштерді, бензин және керосинді пайдалана отырып теміржол жылжымалы құрамын жөндеу кезінде бөлшектер мен тораптарды тазалау, үрлеу, ысқылау және шаю.
Жуатын ерітінділерді әзірлеу.
Қоқыс және көң салатын арнайы пештерде тасымалдау, қалау, биотермиялық зарарсыздандыру және жандыру.
Дезинфекциялық-шаятын станциялардың және кешенді вагон дайындау пункттерін жинау.
119. Білуге тиіс:
түрлі жуатын ерітінділерді пайдалана отырып шаю және жинау тәсілдері мен жолдары;
қолданылатын ерітінділердің құрамы және әзірлеу тәсілдері;
көтергіш-көлік құралдарын пайдалану ережесі;
қоқыс және көң салатын арнайы пештерде биотермиялық зарарсыздандыру және жандыру ережесі;
теміржолдарда жұмыс жасау қауіпсіздігі техникасы ережелері.
3-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
3-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы.
Дизелді, жүк электрқозғалтқыштарын және жүк жылжымалы құрамының электр жабдығын тазалау, үрлеу, сүрту, жуу.
Адам, астық және басқа да азық-түлік таситын жүк вагондарын, тірі мал және мал шикізатын салатын вагондарды, рефрижераторлық, изотермиялық және тірі балық салатын вагондардың ішін тазалау, ыстық сумен шаю және дезинфекциялау.
Механизациялау құралдарын пайдалана отырып тұрып және қатып қалған жүк вагондарын, жолаушылар вагондарының санитарлық тораптарын тазалау.
Ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, мемлекеттік нан инспекциясы талаптарына сәйкес вагондарды тасуға дайындау жөніндегі технологияда көзделген жұмыстарды орындау.
Механизациялау құралдары мен жабдықтардың жұмыс процесінде қолданылатын қызмет көрсету.
Ерітінділерді дайындау, жұмыс, су және бу жіберу режимдерін реттеу, қоқыс тазалау.
Механизмдер мен жабдықтардың ұсақ ақаулықтарын айқындау және жою.
121. Білуге тиіс:
Дизелді, жүк электрқозғалтқыштарын және жүк жылжымалы құрамының электр жабдығын тазалау, үрлеу, сүрту, жуу ережелері;
жүк вагондарын, жолаушы вагондарының санитарлық тораптарын тазалау, шаю ережесі;
вагондарды дезинфекциялау ережесі;
қолданылатын ерітінділердің рецептурасы.
Ветеринарлық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, мемлекеттік нан инспекциясы талаптары.
4-параграф. Жылжымалы құрамның жуып-жинаушысы
4-разряд
122. Жұмыс сипаттамасы.
Теміржол мен метрополитеннің жылжымалы құрамының бөліктерін лас, тот, ескі бояулардан механикаландырылған әдіспен ротациялық құралмен, механизм арқылы тазалау, жоғары қысымды суды пайдалана отырып, сонымен қатар химиялық әдіспен жуу.
Қолданылатын құралдар мен технологиялық жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.
123. Білуге тиіс:
Қолданылатын механизмдер мен қүралдарға қызмет көрсету тәртібі;
жылжымалы құрамды жуу және тазалау кезінде жоғары қысымды су мен химиялық құралдарды пайдалаудың қауіпсіздігі ережелері;
электр техникасы мен гидравлика негіздері.
36. Жол жөндеуші
1-параграф. Жол жөндеуші
2-разряд
124. Жұмыс сипаттамасы.
Жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің өте қарапайым жұмыстарын орындау.
Балластты жәшігіне норма бойынша толтыру.
Шпал жәшігіндегі балластты шпал табанына дейін ауыстыру.
Рельс табанынындағы қалдықтарды алып тастау.
Ағаш шпалдарды таңбалау.
Жол және дабыл белгілерін бояу.
Ескі ағаш шпалдары қатарларға сұрыптау және төсеу.
Рельс буындарын нөмірлеу.
Шпалдардағы бұрандама мен бұрандалы шегелерді шөрке кілтпен бекіту.
Салмалы және клемма бұрандамасын жинақтау.
Қардан қорғайтын шарбақтың тақталарын алып тастау және төсеу.
Жолды ажырату және бір сарынға түсіру кезінде қадаларын қағу.
Бекітпелерді тиеу, тасымалдау және түсіру.
Жолды қардан қолмен тазалау.
Шпалдар мен бекітпелерді қолмен жайып салу.
Шпалдар мен білеулерді антисептикалау.
Теміржол аралығындағы жол белгілері мен қардан қорғау шарбақтарын орнату және ауыстыру.
Кюветтерді, су бұрғыш және тау үстіндегі арықтарды тазалау.
Бекітпелер мен рельстерді лас пен мазуттардан тазалау.
Жолдарды қоқыстан тазалау.
Жолдағы өсімдіктерді алып тастау.
125. Білуге тиіс:
Жол белгілері мен сигналдар;
жолдың жоғарғы құрылысын орнату үшін қажет негізгі материалдар түрі;
жолдың жоғарғы құрылысы мен жер төсемдерін орнату бойынша жалпы ережелер мен оларды пайдалануға қойылатын ережелер;
жолдың жоғарғы құрылысы мен жер төсемдерінің негізгі элементтері атауы;
жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау және демонтаждау бойынша қарапайым жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдері.
2-параграф. Жол жөндеуші
3-разряд
126. Жұмыс сипаттамасы.
Жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің қарапайым жұмыстарын орындау.
Түйіспелі бұрандаманы бояу және қатайту.
Шпалдар мен білеулерді, рельстерді және рельс-шпалдық торлама буындарын кран арқылы тиеу, түсіру және жайып салу.
Шпалдарды эпюра бойынша орналастыру.
Шпалдардағы саңылауларды электрлік құрал арқылы бұрғылау.
Рельс-шпалдық торлама элементтерін жеке ауыстыру.
Жартылай ашық вагондардан балластты түсіру.
Рельстік саңылауларды гидравликалық екпіндеу аспабымен реттеу.
Рельс-шпалдық торламаны гидравликалық екпіндеу аспабы тұрғысында реттеу.
Жолды жолтабан ені бойынша және деңгейі бойынша түзеу.
Рельстік тораптарды монтаждау.
Жұмыс өндірісі орындарын дабыл белгілерімен қоршау.
Балласт призмасын өңдеу.
Бұрандамаларды қатайту.
Теміржол аралығындағы балдақтарды қағу.
Жолдағы және қаттап тастау орындарындағы шпалдарды жөндеу.
Жырықтар мен қоқыс тіректері құрылғысы.
Балластты шпал табанынан төмен ауыстыру.
Рельс-шпалдық торламадағы буындарды жер төсемдеріне жол төсегіш арқылы төсеу.
Шпал қуаттандырғышты буын жинағыш желісі арқылы күту.
127. Білуге тиіс:
Жердің жоғарғы құрылысын орнату үшін қажет материалдар түрлері;
ағаш шпалды жолдарға қызмет көрсету нормалары;
жердің жоғары құрылысы орнын реттеу ережесі (жылдамдықты аудандар мен теміржол негізді аудандардан басқа);
жалпы қолданыстағы электрлендірілген, пневматикалық қол құрылғылары мен гидравликалық аспаптарды қолдану арқылы жұмысты іске асырудың әдіс-тәсілдері;
гидравликалық құрылғыларды күту ережесі;
өндіріс жұмыстары орындарын бекітілген сигналдармен қоршау тәртібі;
жер төсемі құрылысы жұмыстарын қол құрал-жабдықтарын қолдану арқылы әске асырудың әдіс-тәсілдері;
рельс, пакет, шпал, брус және бекітілген контейнерлерді арқандау әдістері.
3-параграф. Жол жөндеуші
4-разряд
128. Жұмыс сипаттамасы.
Жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау, демонтаждау және жөндеудің күрделілігі орташа қарапайым жұмыстарды орындау.
Рельстерді шпалдар мен брустарға қолмен және балдақ қағатын құрылғымен бекіту.
Рельстерді төсемдерге клеммалы бқрандамалармен жеке бекітпелермен бекіту.
Рельстерді электр кескіш станокпен кесу.
Рельс саңылауларларын электр бұрғысымен бұрғылау.
Достарыңызбен бөлісу: |