57 И. В. Панфилов атындағы жалпы орта мектебі директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары А. И. Эжемов, Жаңартылған білім беру жүйесінде критериалды бағалау жүйесі



бет2/2
Дата08.05.2024
өлшемі27.68 Kb.
#500740
1   2
Жаңартылған білім беру жүйесінде критериалды бағалау жүйесі

Жиынтық бағалау үдерісі
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау. Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі оқуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Аталған ақпарат рубрика түрінде беріледі.
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді.Рубрика әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдеріне құрастырылады, әр критерий аясындағы оқу жетістігінің деңгейлерін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім,дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.
Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде тоқсан басында білім алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары
қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тапсырмаларды белгілі бір орында, белгілі қызметкерге ғана (мысалы, директордың орынбасары) мүмкіндік беріп
сақтау ұсынылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды әдетте мұғалімдер өткізетін болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинете тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.
1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады. Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы есебінен жинақталады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады. Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:
–тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;
–тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша қалыптасады.
Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің тиімді бағалау жүйесі көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет