Ахмет
Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол
құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы көрінеді. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер
бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне
жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап
етеді.«
Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы
шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей
келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін
айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
« Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды »
деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын
меңзешген сияқты. Еліне қорған, ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы
өзгерістерге сын көзбен қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет – ақ.
Міне, бұл биік – оқушының шығармашылығы арқылы келетін іс.ендеше оқушыларды
шығамашылыққа баулуды алғаш мектепке келген сәттен бастап – ақ қолға алу керек.
Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды
қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да
жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты
мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың
шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс
мұғалімнен көп ізденуді талап етеді. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға
ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру
барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |