№58 қазан педагог


 (Ө; Т) Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу



Pdf көрінісі
бет42/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
мамырова пед

3.2.5.1 (Ө; Т) Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу. 
Оқушылар алдымен Қаныш Сәтбаевтың сөзі берілген мәтінді 
(қосымшада) өздігінен іштей оқиды. Артынан бір балаға оқытып, не 
түсінгендері сұралады.
- Бұл сөзді кім айтқан? 
- Сәтбаев туралы естігендерің бар ма?
- Не білесіңдер?
- Мәтінде қарамен берілген сөздердің мағынасын кім біледі? 
- «Геолог» деген сөз не білдіруі мүмкін? 
- Қазақ тілінің сөзі ме?
- Неге олай ойлайсыңдар?
- Дәлелдеңдер. 
- «Борыш» деген сөз нені білдіреді? 
- Синонимдерін атай аласыңдар ма? 
- «Қор» деген сөзінің мағынасы не? 
- Кен байлыққа не жатады? 
- Ол қайда болады?
- Оқушылар ойларын айтқан соң, түсіндірме сөздік таратылып, 
қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтап, алдында 
айтылған ойларының қаншалықты дұрыс екендігіне көз 
жеткізеді. 
(Ө) Көркем жазу: ф ф портфель фильм светофор 

(Ө;Ж;Ұ;Қ) Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар мәтінді тыңдайды. Мұғалім алдын ала мәтінді өз даусымен 
жазып қойған аудиотаспадан тыңдатады немесе мәтінді оқып береді 
(қажет болған жағдайда мәтін екі рет тыңдатылады/оқып беріледі).
Мәтінді тыңдатпас/оқымас бұрын нұсқаулық беріледі: 
- мәтінді тыңдап болған соң қойылатын сұрақтарға жауап беру 
үшін мәтінді мұқият тыңдау; 
- тыңдау барысында 2 тірек сөзді жазып алу. 
Алдын ала тірек сөздер жазылған сөздер қатары оқушыларға 
көрсетіледі. Оқушылар жазып алған тірек сөздері тақтағымен 
салыстырылады, қажет болғанда, тізімде жоқ сөздер толықтырылып 
жазылады. Содан соң әр жұпқа алдын ала қағазға басылған ашық және 
жабық сұрақтар беріледі (қима қағаздар теріс жағымен партаға 
қойылады). Тыңдалым аяқталған соң әр жұп өзінің сұрағын ашып
жауап береді (кеңесіп алуға уақыт беріледі). Жауап бере алмаған 
жағдайда басқа жұпқа жауап беруге мүмкіндік беріледі. Ешбір жұп 
дұрыс жауап бермегенде, ол сұрақ тақтаға ілінеді де. Жұмыс аяқталған 
соң мәтін қайта тыңдалып, жауап алынады.
- Ербол «Дүниетану» пәнін неліктен ұнатады деп ойлайсыңдар? 
- Ерболға әсіресе не туралы оқыған ұнайды? 
- Қандай жағдайдан кейін Ерболдың картаға деген 
қызығушылығы арта түсті? 
- Ербол Қазақстандағы қай қаланың атауына назарын аударды?
- Ербол кітап оқып отырып, есіне нені түсірді? 
- Ерболдың ойында қандай сұрақ пайда болды? 
- Ербол сұрағына жауапты қайдан іздеді? 
- Ерболды қандай бала деуге болады? 
- Геолог мамандығы болмағанда не болар еді? 
- Неліктен адамдарға ескерткіш орнатылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет