Бақылау сұрақтары:
1.Өзінің кітаптарын Аристотельдің неліктен тұспалдап жазған себептерін білу
2.Философиядан белгі білімі бар адамның қандай күйде болуға тиісті екенін білу
3.Аристотель кітаптарын зерттегісі келетін адамға қажетті нәрселерді білу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.«Қазақ совет энциклопедиясы» ІІ том 6-13 бет «Фараби және ғылым»
2.Машанов «Шарафат» А-73 99-100 беттерде, 102,103,105 бет
3.А.Машанов «Әл-Фараби және Абай»
4.А.Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» А, 1973 ж. «Шығыс Аристотелі» 39-71 бет.
5.Ж.Тобаяқов «Қазақ үні» газ. 1996 қазан № 11
6.Әл-Фараби Философиялық трактаттар, А, 1973 ж 24-25,113,208,213,219,14-21,241,245,260,289,290,295-297 б.
4-Дәріс. Махмуд Бируни туралы
4.1 Бирунидің ғылыми өмірі
4.2 «Индия» деген атпен белгілі болған еңбегін
4.3 Бирунидің ғылыми-зерттеуге қоятын 8 принципі
Хорезмді Махмуд Ғазнауи басып алған 13 жыл ішінде Бируни өзінің ең маңызды ғылыми еңбектерін жазды. Ол 1017 жылдан басталған болатын. Еңбектерінің ішінде бізге жетпей жоғалып кеткен «Хорезм тарихы» еңбегі де бар.
Бирунидің толы бір көрнекті шығармаларының бірі «Тахдид нахаят» немесе «Ел қоныстанған жерлердің шекараларын баяндау және олардың ара қашықтығын анықтау». Онда география, геология мәселелері, жердің дамуы жөніндегі қазіргі ғылыми ұғымға сай келерліктей пікірлер айтылған. (теңіздің құрлыққа немесе керісінше ау.)
Бирунидің ғылыми өміріндегі тағы бір белес оның Индия сапарына байланысты. Ол үнді жұртының ғылымын, өнерін, тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгере отырып, санскрит тілін меңгереді. Ол үнді оқымыстыларының бірсыпыра трактаттарын арабшаға аударады. Шығыс ғұламаларының ішіндегі ғылыми мақсат үшін санскрит тілін үйренген ең алғашқы оқымысты.
1030 жылы Бируни Индия туралы көрген-білген, оқыған-түйгендерін «Индия» деген атпен белгілі болған еңбегін жазады. Бұл шығарманың толық аты – «Үнділердің көңілге қонатын ілімдерін де, ақылға сыймайтын қате түсініктерін де баяндап беру кітабы».
Ерте заманда және орта ғасырлар кезінде көптеген саяхатшылар Индияда болып, ол туралы жазба мағұлматтар қалдырған, алайда олардың бірде-бірі Бируни еңбегіне жетпеген.
Көрнекті шығыс зерттеушісі орыс академигі В.Р.Розен 1888 жылы былай деген: «Индия еңбегі – Батыс пен Шығыстың ежелгі және орта ғасырлардағы ғылыми әдебиетінде теңдесі жоқ бірден-бір ескерткіш. Онда қанында тартпайтын, діни, нәсілдік, ұлттық және касталық мінеп-кемсітушіліктен және ойға сіңген ескілікті пікірлерден аулақ тұратын, сақ және кереген, жаңа ғылымның нағыз құдіретті құралы – салыстыру әдісімен баяндалған».
«Индия» 80 тараудан тұрады, оның 40 тарауы үнділердің астрономия, математикалық ғылымдарындағы білім-дағдыларына арналған да, қалған тараулары Индия табиғаты мен мәдениетін баяндайды. Бұдан кейін ол «Масғұд канонын» жазған. Бұл еңбекте жер формасы мен мөлшері, Күн теориясы, Күнің, Айдың, жердің тоғысуы, тұтылулары, жаңа айдың көрінісі, қозғалмайтын жұлдыздар және айдың тұрақтары жайлы айтылған. Бұл еңбекте ашылған соны жаңалықтар, айтылған тамаша кірілер көп, әсіресе мұнда сфералық астрономия мен математиканың қажетті салаларының бірі тригонометрия есептері мол қарастырылған. Ағылшын тіліне аудармашылар бұл шығарманың атын «Астрология жөнінде жазылған жетекші» деп аударған. Шынында Бирунидің кітабының астрологияға қатысы шамалы. Ол негізінен астрономияға байланысты барлық ғылымдар бойынша жазылған оқулық тәріздес. Кітап төрт тараудан тұрады: астрономия (140 баб), астрономбия (22 баб), геометрия (74 баб), арифметика (47 баб).
Осыдан кейін бұрын бастап, аяқталмаған «Минерология», «Сайдананы» аяқтаған. «Минерология» немесе «Асыл тастарды тану жайлы мағұлматтар жинағы, 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім асыл тастар туралы (36 т), екінші бөлім металдар жайлы (12 т ) тараудан тұрады».
Бируни тізімінің бір ерекшелігі ол еңбектерді сала-салаға бөліп топтап келтіреді және әрқайсысын жазу себептері, көлемі т.б. жөнінен қысқаша түсінік (аннотация) беріп отыруға тырысады. Тізімнің бірінші тарауына енген кітап аттары осы айтқанымызды дәлелдейді.
1.Мен Әл-Хорезмидің таблицаларын негіздеуге арналған шығарма жаздым, оның аты «Пайдалы сауалдар және дұрыс жауаптар», 250 парақ.
2.Дәрігер Әбу Талха бұл мәселе туралы қарсы бірдемелер жазыпты. Мен «Көрнекті дәлел келтіру жолымен әл-Хорезмидің есептеулеріне тағылған жалған кінәләуды теріске шығару» деген кітап жаздым, көлемі 300 парақ.
3.Менің қолыма бұл мәселе жөніндегі Әбу-л-Хасан әл-Ахвазидің кітабы түсті, ол әл-Хорезмиді әділетсіз түрде кінәләпты. Мен оларды ортақтастыратындай кітап жазуыма тура келді; көлемі 600 парақ.
4.«Хабаш таблицаларына қосымша» атты кітап жаздым, мұнда ол таблицалардың кемшілігі түзетіліп, қатесі жөнделген. Үштен бірі, бітті, көлемі 250парақ.
5.Аркант таблицасын түзеттім және оны дұрыс тілмен баяндадым. Бұрынғы аударма түсініксіз болатын, өйткені көптеген үнді термині аударусыз алыныпты.
6.«Ибн Қайсумның тәжірибелері мен талдаулары туралы» атты кітап жаздым. Мұнда оның әлін білмес іске ұмтылғанын, өйткені астрономиялық білімдерден хабары жоқ надан екенін көрсеттім. Кітаптың көлемі 100 парақ болды.
Бируни тізімнің соңында болашақ ұрпаққа өсиет ретінде мынадай сөз айтады: «Саған менен қалған кітаптардың бәрін білу қажет. Бұрын жазылғанын да, кейін шығарылғанында. Оларды елемей, тастап кетіп жүрме. Ол кітаптар кітаптар – менің балаларым ғой, ал адамдар балалары мен шығарған өлеңдерін жақсы көреді».
Бирунидің ғылыми-зерттеуге қоятын 8 принциптері:
-
Зерттеуші ескі әдістерден бақталастардан олжа түсіру мақсаттарынан арылу керек.
-
Табиғат құбылыстарын түсіндіргенде табиғаттағы заңдылықтарға, анық деректерге, тәжірибелерге ғана жүгінуі керек.
-
Мәселені зерттеуді сол мәселені құрастыратын білімдерден бастау керек.
-
Зерттеу жұмыстарында дедукцияға сүйену керек. Оған сезім арқылы алынған деректерді арқау ету керек.
-
Ғылыми қорытындылар жасау үшін асықпай әбден ойлану керек.
-
Құбылыстарды бақылай білу керек. Ол жөніндегі әртүрлі пікірлерді салыстыру керек.
-
Әртүрлі құбылыстарды зерттегенде белгіліден белгісізге қарай, нақтыдан жалпыға қарай аттанып отыру керек.
-
Ертеде болған құбылыстарды зерттеуде олардың тарихын біліп алу керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Бирунидің ғылыми-зерттеуге қоятын принциптері.
2. Бирунидің көрнекті шығармалары.
3. Бирунидің ғылыми өміріндегі белес.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.«Қазақ совет энциклопедиясы» ІІ том 6-13 бет «Фараби және ғылым»
2.Машанов «Шарафат» А-73 99-100 беттерде, 102,103,105 бет
3.А.Машанов «Әл-Фараби және Абай»
4.А.Көбесов «Сөнбес жұлдыздар» А, 1973 ж. «Шығыс Аристотелі» 39-71 бет.
5.Ж.Тобаяқов «Қазақ үні» газ. 1996 қазан № 11
5-Дәріс. Омар Хаям туралы
5.1Омар Хайям дүние жүзілік әдебиет және ғылым тарихындағы ұлы тұлғасы
5.2 Омар ибн Ибранем әл-Хайямидің өмірі мен шығармашылығы.
5.3 Хайямның өлеңдері
1859 жылы ағылшынның белгілі ақыны Эдвард Фицджеральд «Омар Хаям рубаяттары» деп аталатын өлеңдер кітабын жарыққа шығарды. Кітапқа әрқайсысы 4 жолдан тұратын жүзге тарта өлеңнің парсы тілінен аудармасы енген. Мұндай өлең формасы «рубалт» деп аталады. Қазақша оны кейде «төрттаған» деп те айтып жүр. Рубалт Шығыс ақындары арасында мол таралған өлең түрі. Мұнда әрбір өлең бас-алғы тқөрт жолмен (рубалттың түбірі арабша «төрт» дегенді білдіреді) шектеліп, белгілі бір бүтін ой топшысын білідіріп отырады. Міне, осы аударма кітап парсы-тәжіктің ұлы ақынын Европаға алғаш рет алып келіп, оны Батыстың оқушы қауымымен қауымтырған еді. Осыдан кейін Омар Хаям туралы, оның поэзиясы жайлы біріне-бірі қайшы, шым-шытырық пікірлер айтыла бастады. Оның ойлы, мұңлы өлеңдері көп көңіліне жол тапты. Дәл осы қарсаңда, атап айтқанда 1851 жылы неміс математигі Франц Вепке Парижде «Омар әл-Хайямидің алгебрасы» деген еңбек жариялады. Мұнда бұрын Европа ғылымына бүтіндей мәлімсіз орта ғасыр ғұламасының алгебралық трактатының арабша тексті мен французша аудармасы келтірілген. Тарихтағы аса көрнекті алгебралардың бірі Европа ғалымдарымен алыс заманнан аса талғын ұстап келіп осылай табысып еді.
Алғашқы кезде ақын Омар Хаям және математик әл-Хайями екеуі екі басқа кісі саналып жүрді. Мәселен, 1897 жылы шыққан Брюкгауз бен Европаның энциклопедиясында ғалым, ақын болып, екі бөлек екі томда (42 және 73 томда) дара-дара жүр.
Әрине, бұл жаңғастық кейін жөнелді. Ол ол ма, Омар Хайямидің ғылым мен өнердің өзге саларында да еңбектері үлкен екені ашыла бастады (философия, физика, астрономия, тарих, музыка, медицина т.б.). сөйтіп, Омар Хайям дүние жүзілік әдебиет және ғылым тарихындағы ұлы тұлғалардың біріне айналды:
Дүниенің бар түкпірін оймен шолдым,
Сатурнның сырын да танып болдым.
Сан тосқауыл, шиелер шешілгенмен,
О, ажал, жалғыз жұмбақ қалып қойдың.
Өзінің өлмес рубаяттарының бірінде Омар Хайям дүние тану тұрғысындағы қолы жеткен біліктерін осылай бейнелейді. Мақтанға жоқ, сөзге сараң ұлы ойшылдың бұл сөздерінің асқақтық емес, ақиқат екендігі Омар Хайямнығң жан-жақты творчествасымен талыс әрбір адамға белгілі.
Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик – Омар ибн Ибранем әл-Хайями (1048-1131) Хоросанның басты қаларының бірі болған Нишапурда туған. Алайда, ол өмірінің түрлі кезеңдерінде Орта Азия мен Иранның, Самарқанд, Мерв /қазіргі Мары/, Исфаған, Рей және басқа қалаларында тұрып, қызмет жасайды. Хайям туып-өсіп, өмірінің көбін өткізген Нишапур қаласы – шығыста ежелден белгілі шаһарлардың бірі. Оның атын тіпті «Мың бір түн» ертегілерінен де кездестіреміз. Ол қазір де бар. Харасанның басты қаларының бірі, Солтүстік-шығыс Иранда орналасқан. Хайямның тұсында Харасан қазіргі Ирандық Харасанмен бірге Түркменстанның және Ауғаныстанның территориясын алып жатқан үлкен өлке болатын. Оның тарихы, бір жағынан, жалпы Иранның, екінші жағынан, Орта Азия тарихымен тығыз байланысты болып келеді.
ХІ ғасырда Харасанға түрік-сельджуктер басып кіреді. Олардың басшысы Тоғрул – бек (1063 ж өлген) Махмұд Ғазнауидің баласы сұлтан Масғұдтің әскерінің быт-шытын шығарып бүкіл Харасанға әмір болады. Осыдан кейін сельджуктер тоқтап қалмай Хорезмиді, бүкіл Иран мен Азербайжанды, ал 1055 жылы араб халифатының астанасы Бағдатты басып алады, Тоғрул-бек сұлтан болады. Басқыншылық саясаты Али-Арслан (1063-1072) және оның баласы Жәлелиддин Малик – шах кезінде онан сайын күшейіп, сельджуктер Қытайдан Жер Орта теңізіне, Кавказдан Иеменге дейін созылып жатқан байтақ мекенді иемденді. Осылай құрылған феодалдық мемлекеттің қай жағынан болса да нығаюына, көркеюіне ақылды да саясатшыл уәзір Низам әл-Мусик (1017-1092) көп еңбек сіңіреді. Ол мемлекеттің көтеруде ғылым мен мәдениеттің маңызын дұрыс түсінеді, ғалымдарға қамқорлық жасап, оқу орындарын ашуға себепші болады. Соның бірі Бағдаттағы әйгілі «Низамил» академиясы болды.
Сельджуктер империясының орталығы ең әуелі Харасанның Мерв қаласы болып, кейін Исфаханаға көшіріледі. Хайям кезінде Харасан халқының көпшілігі парсы тілінде сөйленетін. Ақын өзінің бүкіл өлеңдерін және кейбір ғылми трактаттарын осы тілде жазған. Кейіннен бұл өңірді түріктер басып алған соң түркі тілінің әжептәуір ықпалы күшейтеді. әрине, араб тілі негізгі ғылми ортақ тіл болып қала береді.
Омар Хайям Орта Азияда осы көшпелі түрік тайпаларының, яғни сельджук сұлтандарының дәуірлеп тұрған кезінде туып, өмір сүрген. Хаямның толық аты – жөні Гилседдин Әбу-л-Фатх Омар Ибн Ибрахим Хайям Нишапури. Омар - өзінің аты, Ибрахим- әкесінің аты, Нишапур – шыққан қаласы : Әбу-л-Фатх – Фатхтың әкесі дегенді білдіреді, бұған қарай оның осы есімді баласы болған деген үзілді –кесілді қорытынды шығаруға болмайды, мұндай қосымша ол кезде көбінесе жайдан – жай-ақ тіркеле салатын болған (мәселен, Әбунасыр Фараби т.б.). Ал Хайям деген әкесінің мамндығы болуы мүмкін деп топшылайды. Бұл туралы ақынның бір өлеңінде астарлап айтылған. Сөйтіп, Хайям қолөнершілер тегінен шыққандығы байқалады.
Хайямның жас шағы жайлы нақты мағұлматтар аз, кейбір рас-өтірігі белгісіз деректер ғана бар. Мысалы белгілі тарихшы Фазлаллах өзінің «Шежірелер жинағында» Хайямның балалық шағы туралы мынадай мәлімет келтіреді: «Біздің әмірші, Омар Хайям және Низам әл-Мүлк үшеуі Нишапурда бір ұстазда оқыған. Жас балаларға тән достыққа беріктік әдеті бойынша олар бірінің бірі ұрттап, егер үшеуінің қай-қайсысының болсын үлкен лауазымға қолы жетсе, қалғандарына қамқорлық көрсетіп, жәрдем етуге ант береді. Кейіннен Низам әл-Мүлк сельджук сұлтанның уәзірі болады. Омар бала кездегі серт бойынша оның алдына келген көрінеді. Сонда уәзір баяғы сөзде тұрып, «Нишапурдың және оның айналасының билігін саған бердім», дейді. Сонда ол кезде белгілі де беделді ғұлама болған Омар: «Мен халыққа әкімдік етуді ойламаймын. Маған одан да ақша –пұл жөнінен қарасып тұрғайсың,» - депті. Низам әл-Мүлк оған жыл сайын төленіп тұруға тиіс кесімді жалақы беруге бұйрық беріпті». Бұл аңыздың шын-өтірікті өз алдына, алайда Омардың әкімдікті сүймейтін, кішіпейіл мінезі шежірелердің хатында қалуы кездейсоқ емес сияқты. ХV ғасырда жазған автор Яр-Ахмед Табризи, Хайям он жеті жасында ғылым мен философияның бар саласын жетік меңгерген төселген ғалым болғандығын айтады. Омар Хайям күн көріс қамы үшін ұстаздықпен шұғылданады. Ол кезде кедей-кембағал кісінің ұстаздық етуі, ғылым жолын қууы аса қиын болатын. Бұл үшін ғалым сарай төңірегінде хатшы ақын, жұлдызшы, тәуіп мамандықтанрының бірін атқару шарт. Бұл жағдайда ғалымның тағдыры билеуші әкімнің ақыл-парасантына, қас-қабағына, сарай маңындағы төңкеріс, айла-шарғыға тікелей тәуелді болатыны өзінен-өзі түсінікті. Жайем өмір сүрген талассыз соғыс жайлаған аумалы – төкпелі заманда алдыңғы қатарлы ойшылдар мен ғалымдар халі тым ауыр болды. Олар өз көзқарастарын надан да менмен сұлтандардың, пасық та залым дін басылардың ыңғайына қарай құбылтып отыруға мәжбүр болды. Алгебраға арналған трактатының алғы сөзінде Омар Хайям бұл жағдай туралы жабырқай жазады. «Менің тағдырдың тәлкегінен ғылым ісімен жүйелі түрде айналасуға мүмкіндігім болмады. Тіпті, азды-көпті ойлануға мұрша жоқ. Талай ғалымдардың қырылып кеткенін де көзбен көрдік, олардың жапа шеккен біраз бөлігі ғана аман қалды. Оларда ғылым дамыту жөнінде ешбір жағдай қалмады. Ал қазір ғалымның атын бүркеніп жүргендердің көпшілігі арамзалар, олар шындықты жалғанмен жабушылар, білмесе де білемін деушілер. Бар білгенін олар құлқылы үшін, азғындық жол үшін жұмсайды. Егер білетін кісілерді, ақиқат жолына жетуге ұмтылушы адал білімпаздарды жолықтыра қалса, олар оны барынша жек көріп келемеж етуге дайын тұрады,» - дейді Хайям.
Хайям 1131 ж Нишапур қаласында 83 жасында қайтыс болған. Ғалымның өлімінің басы-қасында болған туысы Мұхаммед ал-Бағдади мынадай деректер береді: «Ол алтын тіс шұқығымын алып тісін асықпай тазатты да қолына Әбу Әлидің «Шипа кітабын» алып метафизикасын баптап оқи бастады. Дара және көп жайлы айтылған жерге жеткенде, екі бет арасына тіс шұқығын қойып, хатшыны шақыршы, мен өсиет жаздырайын деді. Сонан соң жалма-жан тұрып намазын оқыды, нәр татқан жоқ. Кешкі намаздан кейін сәждаға басын қойып: «О тәңірі, мен бар мүмкіндігім келгенше сені тануға ұмтылғаным өзіңе аян. Кешір мені, менің сені білуім – менің саған қарай сапар шегуім,» - деп жан тапсырады.
Омар Хайям – ең әуелі сырға толы, парасатты пайымдаулар мен ойға негізделген рубалардың авторы. Одан қалған мыңнан аса рубалт бар. Олардың кейбіреулері бірнеше нұсқада кездеседі. Бұлардың басым көпшілігінде ол шариғаттың нұсқауларына қарама-қарсы бұл дүниенің қызығын паш етеді, адамның еркіндігін дәріптейді. Сондықтан да тарихшылар Хайямның рубалттарын «шариғатты шағып алатын ұлы жыландар» деп тегін атап жүрген жоқ. Хайямның өлеңдері мұсылман дінінің қатып қалған қағидаларына, дүмше молдалардың өтірік уағызына қарсы бағытталып, ащы мысқыл мен ажуаға толы болып келеді.
Мәселен:
Шағбанда шарап ішсең күнә дейді
Ішкізбес раджабта хұда, - дейді.
Екі айды пайғамбар мен құдай алса,
Ішеміз оразада шыда, мейлі.
Тікен бар бізге гүлі бұйырмаса,
Оты бар бізге нұры бұйырмаса.
Крес пен қоңыраулы шеркеуі бар,
Мешіт пен бізге діні бұйырмаса немесе,
О, құдірет, пақырыңды салған кезде-ақ қалыпқа,
Оңбасымды білдің сөзсіз, түспейінше табытқа.
Аямадың қасақана күнәкәр ғып жараттың
Сөйте тұра, әділдік пе, шыжғырғаның тамұқта.
Кейде ақын рубалттарынан бұл дүниеге риза болмаушылық, торығу лебі соғады.
О, тәңірім, жүрегімді қан қылдың ғой,
Бақытқа бір жарытпай зар қылдың ғой.
Самалды бетіме ескен жалын етіп,
Суымды аузымдағы зәр қылдың ғой.
Хайям кейбір өлеңдерінде адамның әлеуметтік өміріндегі теңсіздікке қарсы шығады.
Сұм тағдыр! Сұмырайларға нан бересің,
Су мен жер, үй, салтанат, сән бересің
Бір үзім нанға зар боп жүргендер көп
Алмаған адал жанда бар ма еді өшің?
Жалпы, Омар Хайям өлеңдерін философиялық терең ойларды халыққа қонымды түрде жеткізу үшін құрал ретінде жұмсайды.
Ол бірнеше философиялық трактат жазған ғұлама. Олар: «Болмыс және борыш туралы трактат», «Үш сауалға жауап», «Жалпыға ортақ ғылымның пәні жөнінде ақылдың шамшырағы» т.б. ол Аристотель, Фараби, ибн-Синаның көзқарастарын қабыл алып, дамытушы. Ол философ ретінде идеалист бола тұра көп мәселелер жөнінде материалистік позиция ұстаған. Хайям Европада «концепциялизм» деп аталған философиялық ағылшын негізін салушы.
Омар Хайям дүниенің ақиқаттығына шүбә келтірмейді. Ол жаратылыстану ғылымына да тоқталып, календарь реформасына байланысты жүргізген. Ол сондай-ақ «Алтын мен күмістен тұратын заттардағы алтын, күмістің мөлшерін анықтау өнері жөнінде физикалық трактат жазған. Осымен қатар ол медицина – тәуіптік өнерімен де көп шұғылданса керек. Бір нұсқада Омар Хайям сұлтан Салжар жас шағында шешекпен ауырған кезде оны емдеп жазды деген дерек бар.
Омардың ғылыми еңбектерінің салмақты жағы оның математикалық жетістіктерінде жатыр. Ол алгебра жөнінде «Алгебра және әлмунабала мәселерін дәлелдеу туралы» атты көлемді трактат жазады. Бұл еңбек сайып келгенде «алгебраның атасы » атанған ұлы Хорезмидің алгебрасы жөніндегі трактатының заңды жалғасы.
Қорыта айтқанда, Омар Хайям – үшінші дәрежелі теңдеулерді тұңғыш рет саралап, оларды шешуді белгілі бір жүйеге салуға талпынған математик.
Омар Хайямның математика тарихында көрнекті роль атқарған тағы бір трактаты – «Евклид кітабындағы қисын аксиомаларға түсініктеме деп аталады.
Хайям аты қазақ халқына бұрыннан мәлім есім. Революцияға дейін – ақ ескіше оқыған кітаби ақындар, зиялылар Хайямды, оның шығармаларын білген. Дінді, дүмше молдаларды ажуа-сықақ еткен рубаяттары көптеген ақындарға үлгі болған.
Талантты ақын Қуандық Шаңғытбаев 1964 жылы Хайямның рубалттарын тікелей парсы тілінен қазақшаға аударып бастырды. Соңғы он жыл ішінде Омар Хайямның өмірі мен творчествосы жайлы осы жолдардың авторы мен М.Исқақов арнайы мақалалар жарияланды. Қазақ Совет әдебиетінің көрнекті өкілі Сәбит Мұқанов Хайямның ұлылығын бір шумақ өлеңмен былай тұжырымдайды:
Төрт жолмен талай ойды етке баян,
Сондықтан да атағы әлемге аян.
Мәңгіге төрт тағандап тұрып қалған
Не деген берік еді Омар Хайям.
Бақылау сұрақтары:
1. Омар Хайям қандай ғылым салаларын жетік меңгерген
2. Омар Хайямның рубаяттарында көтерген тақырыптары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ауданбек Көбесов «Шығыс жұлдыздары».
2. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
6-Дәріс. Әбдіхасан Рудаки
6.1 Әбдіхасан Рудакидің өмірі
6.2 Әбдіхасан Рудаки ғәзалдары
Парсы поэзиясының алыптары – ортағасырларды өмір сүрген ұлы ақындар Рудаки, Хаям, Руми, Сағди, Хафиз, Жәмилер.
Әбдіхасан Рудаки қазіргі Тәжік ССР-і Пәнджрудак қыстығында 860жылдар шамасында туған, 941 жылы сол жерде қайтыс болған. Ұлы ақын өз заманында жақсы білім алған, араб тілін білген. 40 жылдан астам уақыт Бұхарадағы Саманид әмірлерінің сарайында бас ақын боп тұрған. өмірінің соңғы кезінде қуғынға ұшыраған.
Парсы поэзиясының атасы атанған ұлы Рудакидың аса мол мұрасынан бізге тек 2000 жылдай өлеңі ғана жеткен.
Омар Хаям 1040 жылдар шамасында Нишапурда туып, 1123 жылы сонда қайтыс болған. Балалық шағын Балхта өткізген. Ірі математик, философ Омар Хаям ұлы ақын ретінде тамаша рубайларымен танылған (325).
Жәлаләддин Руми 1207 жылы Балхта туып, 1273 жылы қәзіргі Түркия жеріндегі Коньяда қайтыс болған. Ұлы ақын Нишапур, Бағдад, Дамаск, Аллепода тұрған. Руми көптеген ғәзалдар, лирикалық өлеңдер, Мәснәуи атты дастан және де басқа шығармалар жазған.
Муслихеддин Сағди 1203-1210 жылдар шамасында Ширазада туып, 1292 жылы сонда қайтыс болған. Бағдаттағы жоғары діни академия «Низамейеде» оқыған. Ол жиырма жылдан астам уақыт Шығыс елдерін аралаған. Ұлы ақын «Бустан», «Гүлстан» кітаптарын және көптеген , ғәзалдар жазған.
Шәмсәддин Мұхаммад Хафиз 1325-1326 жылдар шамасында Ширазда туып, 1389 жылы сонда қайтыс болған. Өлеңді жастайынан жаза бастаған. Оның тамаша ғәзалдары классикалық парсы поэзиясының інжу-маржанынан саналады.
Әбдірахман Жәми 1414 жылы Жамда (Харасанда) туып, 1492 жылы Гератта қайтыс болған. Ақын, философ, музыкатанушы, филолог Жәми жүзден астам еңбек жазған, соның ішінде үш ғәзалдар кітабын, жеті жастан және де басқа өлеңдер жазған (Махаббат туралы аңыз).
Бақылау сұрақтары:
1. Парсы поэзиясының алыптары.
2. Муслихеддин Сағди.
3. Омар Хаям.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ауданбек Көбесов «Шығыс жұлдыздары».
2. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
7-Дәріс. М.Әуезов – ғалым тілі һақында
7.1 Мұхтар Әуезовтың ғылыми мақалалары
7.2 Мақалаларда көтерген өзекті мәселелері
Ұлы Әуезовтың қаламын ысылтып, адымын ашқан басылым «Абай» «Ғылыми, әдеби, шаруашылық» журналы. Журнал 1918 жылы «Уақ қарыз Серігінің» қаржысы есебінен шығарылды. Яғни, ел-жұрттан оқу-ағарту, мәдениет, үгіт жұмыстарын ұйымдастыру үшін жиналған жәрдемнің нәтижесінде ашылды деген сөз. Жаңа басылымның негізгі мақсаты – халыққа Абай шығармаларын насихаттау, ел тарихы, әдебиеті-мәдениеті, өнер – білімі туралы мағұлмат беріп, өзге жұрттың үлгілі істерін, жетістіктерін таныстыру. Журналдың барлығы 11 саны жарық көрген.
Абайдың алғашқы саны февраль айында 900 оқырманның қолына тиді. Онда өзге ағымдық мақалалармен қоса Л.Толстойдың «Будда» атты әңгімесі басылған. Тәрәлімәланған – Мұхтар Әуезов. Бұл – кездейсоқ көрініс емес. Журнал бағыты –ғалам ғылымын қалың қауымға неғұрлым кең түсіндіру болғандықтан да, танымдық тағылымы бар дүниелерді іріктеп басқан. Философиялық талғамы мол, будданың шығу тегін баяндайтын Толстойдың дәл осы шығармасын аударуы да сондықтан. Келесі санында жарияланған Мұхтардың «Философия жайынан» атты ғылыми мақаласы алдыңғы тақырыптың заңды жалғасы. Мұнда философияның мән-мағынасы, даму тарихы, философия мен діннің ара қатынасы, таным мен болмыс, одан өзектесе тарайтын «психология», «логика», «гносология», «метафизика», «онтология», «рациональная теология», «рациональная космология», «рациональная психология», «жаратылыс ғылымы» хақында түсініктер беріліп, Аристотельден бастап кейінгі дәуірде философиялық ағымдарға мұрындық болған Фалес, Декарт, Бэкон, Кант теориялары талданған еді. Мұхтардың пікірлерінің қысқаша түйіндері мынадай: «Философия – кең ақыл, терең қиял шығарған адамның жанын тәрбиелейтін ғылым... философияның құралы – толғаулы терең ой. Іздейтіні – бүкіл дүниенің ең әуелгі сыры, негізгі ақиқаты... философияның кірісетін жері – қолға ұстатып, көзге көрсетерлік дәлелдер табылмайтын, таза ақыл шешетін сауалдар. Философия адамның басынан шыққан бар ғылымның тамырын бір анаға тоғыстырып, сол шығарған қорытындысын адамның ақылына азық қылып береді... Адамның өмірін көкірегіндегі ақылдың идеясы билейді, »- дейді.
«Қайсысын қолданамыз» атты алғашқы мақаларының бірінде оқулықтардың программасын қай үлгіде пайдаланамыз, әйтеуір, бір жағына шыққан жөн деп қорғаншақтай айтса, журналдың №7 саныдағы «Ғылым тілі» деген еңбегінде сол мәселеге қайта оралып, бұл жолы төрелік беріп, пікірін шешуші тұжырым ретінде ұсынады. Бұлдыртпай дәләлдейді. Ең білгір мәселенің шұғыл шешілуін талап етеді. Бұл ретте М.Әуезовті бүгінгі жоғары және арнаулы оқу орындарының, мектеп программаларының негізін қалаған педагог-реформатор деп бағалаған ләзім. Жоғарыдағы тұжырым – сол кездегі оқу саласындағы революциялық төңкеріс еді. Ол өзінің назарын енді мектеп оқулығына, мұғалімдердің сапасына, оқу және оқыту жүйесіне аударды. «Елге, елдікке мұқтаждығы саясаттан артық болмаса, кем соқпайтын біздің дауымыз бір мұқтажымыз бар. Ол – оқу», - деп бастайды да, мектептегі білім сапасының төмендігін, оның себептерін талдап келіп, өз ұсынысын ортаға салады. Халықтың келешегін ойлаған салиқалы азамат ел тұрмысының жанды жерін дәл басып, «қапастан шығудың» жолын нұсқайды. Мысалы, өзінің «Оқу ісі» атты мақаласында: «Оқу ісіне менің ұсынатын жобам: бірінші, жалпы қазақ, қырғыз съезі сайлап шығарған оқу бөліміндегі 5 кісілік оқу комиссиясы тез уақытында іске кірісіп, барлық бастауыш мектептерге һәм курстарға белгілі бір-ақ түрлі программа жасап, оқу құралдарын толықтыру керек... Екіншіден, жазды күнгі сабақтан босаған уақытында барлық қазақ ішіндегі мұсылманша оқыған мұғалімдерге жоғарғы курс ашу керек,» - деген өз жоба, тұжырымын айтады. Журналда Абай сөзі, Абай ұрпақтарының сөзі көп басылды. Соның ішінде ауылға жаңа леп ала келген, ғылым – білім арнасынан сөз қозғайтын. Мұхтар мақалары ерекше болды. Журналдың бірінші санында жарияланған «Ғылым» деген мақаласы Абай елінде ауыздан-ауызға тарады. «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Қазақ ішіндегі партия неден?» т.б. мақалары да ел ішінде етек алған елеулі мәселелерді қозғағандығымен құнды. Жас жазушының қалыптасуына шешуші ықпал етіп, өмір мектебіндей көрінген «Абай» журналы қазан айныда қаржының жоқтығынан шықпай қалды. Шығарушылардың атынан «Сарыарқа» газетінің 1919 ж 20 ақпанындағы санына берілген: «Абайды» 900-дей алушы бар. «Абай» біржола жабылған жоқ. Бастырушы – «Уақ қарыз» қоғамы «Абайды» тоқтатпас, шығарар. Жалғыз журналын жауып қойып, тыныш отыруға жастардың, талапты азаматтардың ұжданы жібермес, қайтсе де шығарар деген үмітіміз күшті,» - деген хабарлама жасағанымен, журнал қолға тимеген болатын. «Абай» журналының жабылуымен М.Әуезовтің алғашқы шығармашылық бір белесі де аяқталып, мәңгілік ұлылыққа беташар болып қалды.
Мұхтар Әуезовтың алғашқы «Ғылым тілі» деген мақаласы 12 томдықтың 11-ші томында жазылған. 1959 ж шыққан 10-14 беттерде.
«Біреу онға, біреу солға тартып илей беруге көне беретін ғылым жолы терінің пұпағы емес, әуелде қалай жазылды көп уақытқа шейін сол бетінде жол болып бекітіп қала береді. Сол себепті қазақ оқу бетінде қандай жол салып іс қылудың артынан жолдан шығып кетпеуіне көңіл аудару керек», деген. Ол дегені ғылым жолы сара жол сол жолда біліктілік таныиып кейінгіге қаланып, төселген нақты, айшықты жол салып беру деген сөз.
Бақылау сұрақтары:
1. Мұхтар Әуезовтың алғашқы «Ғылым тілі» деген мақаласы.
2. «Қайсысын қолданамыз» атты алғашқы мақаласы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.«Қазіргі қазақ күйі» деген мақаласы 50 т І-т, 110-112 б.
2.«Қазақ қашан жетіледі» 110-117 б
3.«Оқу ісі» 133-138 б
4.«Қазақтың қалам қайраткерлеріне ашық хат» 12 т-ң ХІ том
5.«Халқының зор ғалымы» (Қ.Сәтбаевқа) 12 томда
6.«Адамдық негізі әйел» 46-48 50 том-ң І томында
7.«Оқудағы құрбыларыма» І том
8.«Ғылым» 53-56 бет І том
9.«Қайсысын қолдаймыз» 51-52 бет
10.«Мәдениетке қай кәсіп» І том 72-75 бет
11.«Философия жайынан» 76-84 бет
12.«Япония», «Кәсіп дос» 82-89 бет
8-Дәріс. Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері
8.1 Шоқаннның өмірі мен шығармашылығы
8.2 «Жоңғария очерктері»
Шоқан 1837 жылы Ақмола облысы, Көкшетау уезінде Сырымбет
деген жерде туған. Шоқанның кітапша шын аты Махмұд Қанапия екен, Шоқан бала күнінде еркелетіп қойылған ат. Шоқанның ата тегі : Шоқан орта жүздің атақты ханы Абылайдың шөбересі, Уәлиханның немересі, Шыңғыс төренің үлкен ұлы. 19 ғасырдың 30 жылдарында үкімет Уәлихановтарға Сырымбетте ағаштан мешіт үй салып берген. Шоқан балалық дәуірін сонда өткізген Шоқанның оқуы: Шоқан Омск кадет корпусына 1847 жылы күзде 10 жасында түскен. Бір ауыз орысша білмейтін бала тез жаттығып, зеректігін көрсеткен. Шоқан зерттеуші ғалым, жолсапар очерктерін жазушы.
Шоқан Уәлиханов өзінің «Жоңғария очерктерін» 1860 жылы Петербургте жазған. Шоқанның бұл еңбегі жеке оқулықтарда, зерттеулерде «ғылыми мақала» делініп жүр. Ал, шынында бұл – жолсапар очеркі. Қашқария мен Жоңғарияға бару сапары, содан көрігендері мен түйгендері – Шоқан шығармасына қазық. Очерктің басты кейіпкері – автордың өзі. Саяхатшы, ғалым өз атынан сөйлеп, көбінесе «мен», «біз» деп отырады. Мұндай әдіс жолсапар очеркіне, саяхатшыларға тән нәрсе. Шоқан Уәлиханов очерктерінде көзге түскеннің бәрі тізіле бермейді. Автор халықтардың тіршілігін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын терең зерттей келе типтік фактілерді жинақтап алады. Мысалы: Қырғыздар мен Жетісу қазақтарының, Қытайлардың шаруашылығы, тұрмыс-салт санасындағы көңіл қоярлық бұрын Европа жұртшылығына мүлде беймәлім жағдайларды ғана Шоқан «Жоңғария очерктеріне» өзек етеді. «Жоғария очерктерінің» 1-ші бөлімінде түгелдей дерлік жалпы ғылыми мағұлмат беруден, зерттеу пікірінен тұрады. 2-ші бөлімінде бірнеше шағын сюжет бар. Талантты ғалым қырғыз халқының этнографиясы, тарихы, мәдениеті жөнінде көптеген мұра қалдырды. Мұндай этнографиялық деректер «Жоңғария очерктерінде» баршылық. Шоқан осы еңбегінде «Манас» жыры туралы сөз қозғайды, оның қысқаша мазмұнын түсіндіреді. «Манас» пен оның жалғасы «семетейді» бүкіл қырғыз мәдениетінің аңыз-ертегілерінің энциклопедиялық жиынтығы деп бағалайды. Шоқан манасты – даланың-Иллиадасы, ал Семетейді – қырғыздың одиссеясы тәрізді дейді.
Шоқанның енді бір қыры публицист екендігі. Оның орыс достарына жазған хаттарында нағыз бұқарашыл публицист екені аңғарылады. Дост-ге 1862 жылы 15.Х. жазған хатында өзінің қараңғы халқына іс жүзінде көмек көрсету үшін, қалың бұқараны чиновниктер мен бай қазақтардың озбырлығынан қорғау үшін аға сұлтан болғысы келетіндігі айтады, сол жылы 6.ХІІ. А.Н.Майковқа «Жергілікті сұлтандар мен қарадан шыққан байлармен келісе алмай жүрмін, өйткені, олар өздерінің бұрынғы құлдарын жаман ұстайды, бұл құлдар азат етілгеніменде қайда барарын білмей, сол бұрынғы қожайындарының қолдарында жүр. Мен оларға еңбекақы төлеңдер деп айттым, заңмен қорқыттым, бұқара халықпен доспын», - деп жазды. Басқа хаттарында да парақор чиновниктер мен қиянатшыл байларға деген өшпенділігін білдіре отырып, бұқараның мүддесі үшін қоғамдық-саяси маңызы бар мәселелер көтеріп отырады. Публицистикалық және ғылыми-зерттеу мақалаларында Шоқан қазақтың әдебиеті мен тілін дамытудың жолдарын айтып, жөн сілтейді. Журналистикамен шындап шұғылданғысы келетіндігін Шоқан 1862 жылы А.Н.Майковқа жазған хатында былай дейді: «Санкт-Петербурские ведомостидің» Орта Азиямен қазақ даласындағы істер жөніндегі тілшісі болғым келеді. Редакторымен сөйлесуіңізге де болады», - .деген. Осы хатында «Современикке не болды?» - деп Сов-ң 1862 ж 8 ай бойы шығарылмай тасталғанына реніш білдіреді.
Шоқан - өз халқының перзенті. Ол аталы қазақтың ауыз әдебиеті жасаған халықтың публицистиканы жастайынан зерттеді, содан нәр алды. Ол Абылай хан туралы, Қазақтың ертегі, өлеңдері, ақындары туралы, Қазақ шежіресі туралы құнды деректер жазды.
Бақылау сұрақтары:
1. «Жоғария очерктерінің» 1-ші бөлімінде нені қарастырады?
2. Шоқанның публицист ретіндегі шығармаларын талдаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
4. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
5. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
9-Дәріс. Ақжан Әл-Машани оқымысты, ғалым, насихаткер
9.1 Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани өмірі
9.2 Ақжан Әл-Машани оқымысты, ғалым
9.3 Ақ Ақжан Әл-Машанидің қайраткерлік болмысы
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы — 02.05.1997, Алматы) — геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор (1968), ҚР ҰҒА-ның алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966).
Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1939). КСРО ҰА-ның Қазақстан бөлімшесінде (1939 — 43), Геология ғылымдары институты (1943 — 46), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі ҚазҰПУ) (1946 — 50), Қазақ политехникалық институты (қазіргі ҚазҰТУ) (1950 — 88) ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы — кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясы жаңғыртатын жаңалық жасады.
Ол тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
-
тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориясы негізін анықтау;
-
тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау.
Осы мәселелерді біріктіре шешу — тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геол. құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау — Құсмұрын кен өрісін ашқан. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында П.А. Рыжовпен бірге Лениногор, Зырьян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. М. геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемл. тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғыл.-көпшілік, фантастик. жанрларына да үлес қосты. Оның “Жер астына саяхат” атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты. Әбу Наср әл-Фарабидің Дамаскідегі (Сирия) Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. “Әл-Фараби” тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады, ал “әл-Фараби және Абай” еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғыл. және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төккен. 1984 ж. Кувейтте шығатын “әл-ұараб” мерзімдік басылымында “әл-Машани” бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. М. 350-ден астам ғыл. еңбек, оның ішінде 9 монографияны жазған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Өзінің көрген білгендерінің ішінен ғибрат болатындықтарын хабарлау әрбір адамның міндеті болса керек. «Ұзақ өмір бойында менің жиған тергенім үш бастаудың құйған арнасы болды»- деген Машанов.
Табиғат табыстарының дәлелділігі
Адам баласының табиғат танудағы жолдары (тарих және діни)
Ана тілінің қазынасы
Осы үш компоненттің қосындысынан әр мағынасына тілі басқа әдісі басқа, ойлау өрісі басқа, сол себептен 1 саладан табылған нәрсе 2-ші салада істеуге белгісіз, пайдасыз болып қала береді. Біздің заманымыздағы ғылыми жетістікте кемшілікте осында. Жеке таңдалмаса ғылым жетілмейді. Бірақ жекеленіп кеткен ғылымдар біріне-бірі жат болмайды. Олар барлық ғылымды тұтас қалпында бүтіндей қамтиды.
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде¬лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсын¬да оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады.
Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П.А.Ры¬жов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.
Ол ғылыми еңбегіне жер қойнауының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бермейтін тың тақырып еді. Кертартпа ғалымдар ғылыми жаңалыққа күдікпен қарады. Алайда Ақанның диссертациясындағы кен орындарын зерттеудің жаңа әдісі Қазақстанның көптеген кен орындарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылыми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдістерін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды.
1946 жылы Ақжан Жақсыбекұлы Мәскеу қаласында “Кендер құрылымын жер қойнауын геометрлеу әдістерімен зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, механика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт – “геомеханика” дүниеге келді.
А.Машанов жетекшілігімен жүргізілген геомеханика саласындағы ғылыми жұмыстардың өрісі кеңейіп, жас ғалымдар саны көбейе түсті. Геомеханикалық зерт¬теулерді жүргізуде, Ақжан Жақсыбекұлы – ең алдымен, кен орнының табиғи геологиялық жағдайын және қатты денелер механикасы мен физикасының негіздерін зерделеу арқылы адамзаттың инженерлік қызметінің нәтижесінде пайда болған жасанды ортаның геологиялық, кернеулі жай-күйін білуге және ашылған тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктеріндегі физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауға басты көңіл аударды десек, ол КСРО-дағы геомеханика ғылымының негізін салушылардың бірі және Қазақстандағы геомеханика мектебінің іргетасын қалаушы.
А.Машановтың геология, геомеханика саласындағы ғылыми еңбектері, көп жылдардағы далалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орындарының тау-кен мамандықтарына геомехани¬каны жаңа ғылыми пән ретінде оқу үрдісіне енгізуге негіз болды. Ол тау-кен саласындағы ғалымдар ішінде алғашқысы болып “Геомеханика” пәнінің мақсаты мен мазмұнын тұжырымдады. А.Машанов көптеген ғылыми кітаптар жазды. Солардың ішіндегі “Механика массива горных пород”, “Введение в геомеханику”, “Основы геомеханики скально-трещиноватых горных пород”, “Геомеханика”, “Устойчивость бортов карьеров бассейна Каратау” сияқты монографиялық еңбектері осы саладағы іргелі зерттеулер қатарына жатады. Бір айта кететін жәйт, оның еңбектері “Маркшейдерлік іс” ілімінің отаны Германияда неміс тілінде жарық көрді. Бұл оның ғылыми мектебінің халықаралық деңгейде мойындалуы еді.
Қазақстанның алғашқы техника саласындағы интелегенттерінің алдында ғылым мен техниканың жалпы мәселелерімен қатар, ұлттық инженерлік-техникалық әдебиеттер жазу қажеттігі тұрды. Сол кездері А.Машанов тау-кен атауларының тұңғыш сөздігін, жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінде көптеген оқулықтар даярлады. Мәселен, “Кристаллография, минерология және петрография” атты кіта¬бы соңғы ғасырдағы алғашқы және әзірге жалғыз оқулық болып есептелінеді.
А.Машанов ғылыми-техникалық білімді көпшілікке кеңінен насихаттаушы. Оның қаламынан туған “Жанар тау”, “Жер сілкіну”, “Таулар қалай құрылды”, “Жер сыры”, “Ғажайып ошақ басында”, “Табу” сияқты кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ол ғылымның сыр сандығын біртіндеп ашып, інжу-маржанын, талғаммен терген жан. Ғалым “Кісіліктің өлшемі – білімділік, сондықтан да барлық ғылымдар тарихын жақсы білу керек” деген қағиданы біздерге айтудан жалықпады және өзі де өмірінің соңғы сағатына дейін ғылымды сүйіп, ұлы ғалымдарды құрмет тұтып кетті.
Осы саладағы Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар келетін, еңбегі – ұлы бабамыз Әл-Фарабидің қазақ топырағында туып қана қоймай, қаны түркі екендігін дәлелдеудегі, оның еңбектерімен ұрпағын сусындату және насихат¬таудағы теңдессіз қызметі. Ақанның арқасында Әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайта оралды. Бұл жолда жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан Әл-Фараби еңбектерін жинап, 1969 жылы бабамыздың Дамаск қаласынан бейітін тапқан да Ақаң еді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені – Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін біздерге жырдай қылып айтушы еді және оны өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты кітабында жазып та кетті. “Қабір басында көз жасымды тыя алмадым, қабіріне бас иіп тұрып, бір шөкім топырағын орамалымның шетіне түйіп алдым да, құранның өзім білетін сүрелерінің бірін ағытып қоя бердім” дейтін. Ақаңның бабамыздың басында тұрып шығарған өлеңі бар.
Ақаңның үйіндегі кітапханасында сирек кездесетін кітаптар көп еді. Солардың бірі – Иоган Кеплердің “Аспан музыкасы” деген кітабын оқып отыра, Ақжан Жақ¬сыбекұлы Кеплердің жазғандарының бірсыпырасы Әл-Фарабиден алынғандығын анықтады. Осы мәселеге байланысты А.Машанов 1984 жылы Кувейтте шығатын “Әл-Фараби” журналына “Орта Азияның мәдениет шамшырақтары” атты мақала жариялап, онда өз пікірін дәлелдеді. Кейіннен осы мақала төңірегінде жарық көрген пікірлерде белгілі ғалымдар “Әл-Машани мырза өз көзқарасын толық дәлелдеді” деп жазды. Міне, содан бері “Әл-Фарабиді ашқан Әл-Машани” деген сөз тіркесі жалғасып кете берді. Әл-Машани деген атақ Ақаңның өзіне де ұнағандығы соншалық, “Ай арысы” және “Геомеханика” атты кітаптарында авторы Әл-Машани деп өз қолымен жазып кетті.
Жалпы, Әл-Машани 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Осы еңбектері арқылы ғалымның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі елге мәшһүр болды.
Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған “Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы”, “Шығыстың Аристотелі”, “Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы”, “Әл-Фараби”, “Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары”, “Әл-Фараби және Абай” сияқты көптеген кітаптары жарық көрді.
Әл-Фараби мұраларына арнап осындай еңбек жазып жүрген және 1978 жылы Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізуге көшбасшы болған Ақаң әлем оқымыстыларын өзіне тәнті етті. Жетпісінші-сексенінші жылдары Әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесінде, Отырар, Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы ғалымның өзі Түркістанға барып, Отырар мұражайының ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқы ғылыми кеңесшісі болды.
Абай атамыздың 150 жылдық тойы тұсында жазылған “Әл-Фараби және Абай” атты кітабы өзінің мән-мағынасымен, ойшылдық, талдау болжамдарымен аса құнды, халқымыздың мың жылдық мәдени тарихының үндестігін зерделеген еңбек. Ақжан Жақсыбекұлы Абай дүниетанымын, ғылымның бастауы орта ғасырлық, араб, шығыс елдерінде жатқандығын, оның көш бастаушысы ұлы бабамыз Әл-Фараби болғандығын, сөйтіп екі дананың арасын жалғастырар ғылымның даңғыл жолын баяндаған, сонау мың жылдан астам уақыт өткен Әл-Фарабиден кейін, оған ой өрісі жақын. Парасаты кең, ойшыл Абай екенін дәлелдеген.
2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық деңгейде Әл-Фарабидің 1130 жылдығы аталып өтті. Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі артына мол мирас, өшпес іс қалдырған Әл-Машаниға берілді.
Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалады. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдар және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы жараты¬лыстану гуманитарлық институтына Ақжан Әл-Машани есімі берілген.
Әл-Машани барлық ғылымдардың басын біріктіруші – ислам дініне, мұсылманшы¬лыққа, ислам философиясына ден қойған ойшыл ғалым. Ол ғылым мен ислам діні байланысының сырын ашқан, “екеуін бірінен-бірін айыруға болмайтынын”дәлелдеп кеткен.
“Алдаспан” тәуелсіз журналының бас редакторы Қазтай Әбіш тоқсан бір жастағы Әл-Машаниден (қайтыс боларынан бір ай бұрын) сұхбат алған болатын. Сонда журналист соңыңыздан ерген інілеріңізге, шәкірт балаларыңызға өсиет етер амана¬тыңыз қандай – деп сауал қойғанда, Ақаң былай деген болатын: “Кісіліктің өлшемі – білімділік. Қазақ жастары тек білімге ұмтылулары керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстау үшін де білімді болуы керек. Ал бар ғылымның тоғысар арнасы, зәулім шырқау шыңы – қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні – ең таза, ғылымға негізделген. Исламның бір үлкен парызы – ғылым. Ата-бабалары¬мыз қастерлеген сол дінді қадірлеп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін”.
Бұл айтылғандардың барлығы Ақаңның “Исламның ғылыми негіздері” атты қолжазбасында баяндалған.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақжан Әл-Машани қандай ғылым салаларын игерген?
2. Ақжан Әл-Машанидің әдебиетке қосқан үлесі
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
2. . Машанов «Шарафат» А-73 99-100 беттерде, 102,103,105 бет
3. А.Машанов «Әл-Фараби және Абай»
10-Дәріс. «Зерде» журналындағы ғылым тақырыбы
10.1 «Зерде» журналының шығу тарихы
11.2 «Зерде» журналының айдарлары
Республикаға тарайтын «Зерде» журналы өзінің ұстанар бағыты жағынан ғылыми-көпшілік басылым болып табылады. Негізгі бұл журналдың шыққанына 40 жылдан аса уақыт болды. 1960 жылы «Білім және еңбек» деген атпен шыққан. Оған сол кезде редакторлық еткен белгілі публицист, шебер қаламгер Камал Смаилов.
1990 жылы басылым «Зерде» деген атпен шыға бастады. Қазіргі таңда бұл журнал көпшілікке танымал, мазмұны мен формасы жағынан бай, алдыңғы қатарлы басылымдардың біріне айналды. Қазіргі редакторы - Әшірбек Амангелді. Орынбасары – Шермат Ералы. Редакциясы Алматы қаласында орналасқан. «Курсив» баспаханасынан шығады. Таралымы – 3000 дана, айына 1 рет жарық көреді. Химия, астрология, тарих, техникалық ғылымдары бойынша әртүрлі ғылыми мәселелерді көтереді.
Ғылым, мирас, тарих, оқырман хаттары, ғарыш, жаңалық, естімеген елде көп сияқты айдарлары бар. Мысал келтіретін болсақ. №1, 2004 «Көкейкесті мәселе» деген айдарында «Ауыл туралы ащы шындық» деген өте мазмұнды мақала жарық көрді. Оның авторы – Шәкәрім атындағы СМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты былай жазады: «Ауыл шаруашылығы оқу орындарының саны күрт төмендеген 1990 жылмен салыстырғанда аграрлық саладағы кәсіптік техникалық оқу орындары 215-ен 95-ке дейін азайды. Олар дайындайтын мамандық саны 150-ден 43-ке дейін, оқушылар саны 10 мыңнан 1,6 мыңға дейін азайды. Қалпына келтіру үшін үкімет 3 жылда 150 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген».
Мақалада осы көкейкесті мәселе көтеріліп, оның себептері, салдарлары жан-жақты талдауға түсіп, ауыл шаруашылығы оқу орындарын дамытудың маңызы көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпкерлікке қатысты материалдар да басылады. Мұндай материалдарды оқырманның өзі де дайындай алады. Мысалы, кейбір оқырмандар өз тәжірибесімен бөлісіп, сұранысты қалай зерттеу, жоқтан бор жасау т.б. пайдалы кеңес береді.
Енді бір мақаланың авторы Құдайберген Өрісбаев оқырман қауымға лазердің ауыл шаруашылығына тигізер көмегі көп екендігін жеткізеді. Бұл мақалалардан ой түйгеніміз – лазермен өңделген егістің өнімділігі 20-30 % жоғарылайды. Сонымен қатар дәннің құрамындағы белоктың мөлшері 1,06 % дейін көбейеді. Автор сондай-ақ лазерді қалай дұрыс, қолдану керек, зиян ететіндей тиімді жолын көрсетеді.
«Келесі «Ғарыш» деген айдармен жарық көрген, қолыңды бер Меркурий» мақаласынан жаңалық білеміз. Айтар болсақ, жапондықтар Меркурий планетасын зерттеуді Еуразиялық ғарышкерлік агенттігімен бірлесіп қолға алмақ. Негізгі Меркурий зерттеуі қиынға түсетін планета. Себебі ол жер шарына ең шалғай, Күнге жақын орналасқан. 88 тәулікте күнді бір айналып шығады, радиациясы аса жоғары. Температурасы да тұрақты емес. Мәселен, күндіз ауа температурасы +410 градуске жетсе, түнде -173 градусқа дейін төмендейді. Жалпы Меркурий туралы ақпарат осы ғана. Сондықтан жапондықтар зерттеу объектісі етіп – Меркурий планетасын таңдады. 2010 жылы Аппарат ұшырылып, 2014 жылы ол Меркурий ортасына жетеді. Бұл шара үшін 621 млн доллар жұмсалмақ, соның 507 млн-ын Жапония көтереді. Юнд келесі жылы ұшырылып, 2009 жылы қайтуы тиіс. Осы мақаланы жазған Айгүл Амангелді журналға жиі материалдарын бастырады.
Мысалы, тат бір материалы журналдың 3 санында жарық көрген. «Генетика» туралы мақаласында: «Соңғы кезде генетиктер адам денесіндегі тілге, коммуникацияға жауап беретін генді зерттеп тапты. Оны шартты түрде ҒОКР деп атайды» деген мәлімет жазылған. Сонымен қатар кез келген адамның тілді игеруге қабілеті, ауызша ақпаратты қабылдап түсінуі осы ген жұмысына байланысты екені айтылады.
А.Амангелдімен бірге тат да тұрақты авторлар баршылық. Мәселен, мұрат әңі «Тарих» айдарында бірнеше мақаласын жариялаған. Оның зерттеу мақалары «Әр халықтың өз Геогені болғаны ма?», «Дионклетианның жазыт не?», «Күйреудің басталуы», т.б. материалдары әулие Георгий және император Диалектиканның заманын, өмірін зерттеуге арналған.
Келесі бір автор – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиұлы жастар тәрбиесіне қатысты көп маңызы зор мақалалар жазған. Жалпы оқу-білімге, тәрбие жұмыстарына байланысты мәселелер журнал беттерінде жиі көтерілген. Солардың ішінде магистратураның тиімділігі туралы, қандай мамандарға сұраныс бар студенттердің белсенділігі, оқу жүйесіндегі парақорлық т.б. Мысалы мамыр айында жарық көрген Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы материал сол уақытқа сай, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Оның мақсаты қандай тілі, кім тапсыратыны, сырттай оқуға қалай түсу керек екендігі туралы ақпарат берілген.
Ал журналдың 2004 жылғы 6-шы санында Қазақ мемлекеттік қыздар пед институтының құрылғанына 60 жыл толуына орай мақала жазылған. Мақала сұхбат жанрында жазылған. Сұхбаттасушы институт ректоры Шәмиля Көпбайқызы институт құрылуының себептерін айтқанда, бірінші себеп ретінде сол кезде оқытушылар қатарында 80 % ер адамдар болғанын айтады. Ал екіншіден, қыздардың сауатын ашу, қазақ қыздарына жоғарғы білім беру қажеттілігінен болған деп көрсетеді. Сонымен қатар педагогикалық институтының тарихы жайында тағы да көп мәлімет айтып, оның қазіргі жағдайы, қандай қоғамдық жұмыстар өткізіп жатқаны, осында құрылған «Айгерім» вокальды-инструменталды ансамбль туралы сұрақтарға жауап берген.
Алайда бұл басылымда әртүрлі ғылым саласына қатысты материалдар басылады. Мысалы, медицинаға байланысты Қазақстандық ортопедияға 40 жыл, стомотология т.б. Сондай-ақ лингвистика, тіл ғылымы, философия, соның ішінде ислам философиясына арналған бір айдар бар. Бұл айдарда тәрбие, соның ішінде өтірік сөйлеу, өсек айту, көре алмаушылық секілді әдеттерден аулақ болу, уәдеде тұру, қайырымды болу т.с.с. тәрбиелік мәні орасан зор мәселелер орын алады.
Сонымен қатар экология, спорт, техника, технологияға т.б. ғылыми салаларға қатысты материалдар жарық көреді. Жалпы, журналдың мазмұны, мәні зор, берері көп.
Формасына келсек, мұнда тұрақты түрде бірінші бетінде анонс беріледі. өзекті мәселелер көтеретін мақала болса, содан үзінді келтіріледі. Ал соңғы беттерде оқырман қауымнан келген сұрақтарға арнайы мамандар жауап береді. Пайдалы кеңестер деген айдар да бар. Кейде сканворд, ғылымға, белгілі бір салаға қатысты кроссвордтар ұсынылады.
Айдарлардың ішінде «Шетелдік тәжірибе» деген айдары аса мазмұнды әрі қызықты. Мұнда Қытай, Жапония елдерінің оқу орындары жайында жарияланған. Алайда, «Зерде» журналы – маңызы зор, жаңашыл, әмбебап басылымдардың бірі. Оның қазіргі қоғамдағы оқу-ағарту, сауаттандыру, халықтын снасын оятып, танымын молайту қызметі әр кезде де бағалы болмақ.
Бақылау сұрақтары:
1. «Көкейкесті мәселе» деген айдарында қандай мәселелер көтерілген?
2. «Зерде» журналының қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызы.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. «Жұлдыз», «Зерде» журналдары.
11-Дәріс. ХХ ғасыр соңындағы ғылымдардың дамуы
11.1 ХХ ғасыр соңындағы ғылымдардың дамуының негізінде жетістіктері
11.2 Батыс ғылым дүниесі
ХХ ғасыр срңындағы ғылымдардың дамуының негізінде өткен замандағы жетістіктер жатқаны шындық.Математиканың ерекшелігі ойлау жүйесін, сананы жетілдіруге үлес қосатындығы десек, ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарға қаншалықты қатысы бар екенін айтудың өзі артық болар еді.
Батыста математика ғылымының дамуын 2 бөлімде қарастыруға болады, біріншісі б.э.д. 650-б.э. 400 жылдар аралығы. Бұл кезеңдегі атақты математиктер қатарында Пифагор, Эусмидес, Архимед, Гиппоргос, Батламиос, Клаудис сонды ғалымдар бар.
Екінші кезеңнің өкілдері біріншіден соң араға мың жыл салып белгілі бола бастағандар, яғни 1436 жылы Джохан Мюллерден басталған математиканың дамуы қазіргі кезеңге дейін жалғасып келеді. (Мюллерден басталған математиканың дамуы) Д.Мюллермен қатар сол дәуірдің белгілі математиктері – Кардона Декартес, Паскаль, Ньютон, Лейбництерді атап өткен жөн.
400-1436 жылдар аралығында батыс 10 ғасырдай қараңғылықты бастан тұста ислам әлемінің Жабыр Ибни Хайан әл-Суфи, әл-Фараби, Хорезми, әл-Кинди сияқты жүздеген математигі дүниеге келді. Олар ашқан жаңалықтар ХV ғасырдағы батыс математиктеріне соны сүрлеу болды. Бірақ өкініштісі, алдыңғы толқынның еңбектерін құрметтеу орнына, олардың жаңалықтарын өздері пайдаланып, өз аты-жөндерін шығаруды, сөйтіп әйгіленуді әдетке айналдырғандар көп болды. Осындай әділетсіздіктердің құрбаны болған, жәбір саласында бірқатар формалар мен теориялардың негізін қалаушы, математик, ғалым Омар Хайям.
Батыс ғылым дүниесінде Зелтмамер лақабымен танылған Омар Хайямды, өкінішке қарай, біз тек рубаилердің авторы ретінде ғана білеміз.
Алгебра, физика, астрономияда маңызды жаңалықтар ашқан Омар Хайямның «Әл жәбір» (яғни, алгебра) оқулығын Ф.Веопан 1851 жылы немісшеге, 1857 жылы Францияға аударса, 1918 жылы стори ағылшын тіліне тәржімалаған. Ал бізде 1940 жылдан кейін ғана төрттағандары аударылды. 40 жыл бойы (1052-1092) Сұлтан Мәлікшахтың қарамағында Нишапур Обсерваториясын басқара жүріп жазған «әл жәбір» оқулығының аудармасы бізде әлі жоқ. Қазір жәбір мен математика анализмінде сериялылық мәселесіне қатысты. (а+в)
Теңдеуін ойлап тапқан Омар Хайям екенін білмейтініміз рас. Осы формуладағы терминдердің коэфиценттерін жеңіл түрде төмендегіше түсіндірген де сол.
(а+в)
Алгебрада осы формула мен олардың анықтамасын жасаған Омар Хайям бола тұра бүгінгі мектептерде біріншісі О.Хайямнан 500 жыл кейін өмір сүрген Ньютонның жаңалығы ретінде «Ньютон формуласы» немесе «Бином формуласы» делінсе, екіншісі «Паскаль үшбұрышы» немесе «Арифметикалық үшбұрыш» деп аталады. Омар Хайям бірнеше алгебралық теңделерді геометриялық жолмен шешкен. Ол сондай-ақ, кубтық теңдеуді шешудің жүйесін тапқан. Ал үшінші дәрежелі теңдеуді Европада ХVI ғасырда жаңалық ретінде ашқан француз математигі Пьер Ферма теориясы х3+у3=z3 теңдеінің натурал сандармен шешілмейтіндігін Омар Хайям Фермадан 550 жыл бұрын көрсеткен. Оның бұл еңбегін орта ғасыр математиктері негізгі қағида ретінде қабылданды. Ұзақ жылдар бойы батыстықтар О.Хайямның математик, физик және астрономиялық қырынан зерттесе, біз оны тек шайырылық тұрығысынан қарастырдық. Рубаяттарды тәжімалаумен айналыстық. О.Хайямның шығармалары Ресейде, Германиядағы Гете мұражайында, Англиядағы Бритиш мұражайы мен Оксфордты сақталған. Атақты американ тарихшысы Вилл Дуронт Омар Хайямының шығармашылығы жөнінде былай деп баға берген екен: «Оның өлеңдеріндегі пікірдің 85 жылдық өміріндегі әсері болмашы ғана. Оны үшінші дәрежелі теңдеуді, шоқ жұлдыздар мен астрономиялық карталарды зерттеуші ғалым деп тануға тиіспіз».
Кезінде Омар Хайям сынды ғалымдарымыздың баға жетпес қазынасын танып, зерделейтін болсақ, бүгінгі барымызды өзгеге танудан аулақ болар едік.
Бақылау сұрақтары:
1. Математиканың даму кезеңдерін атаңыз.
2. Омар Хайям қандай ғылыми жаңалықтар жасаған?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Заман-Қазақстан» газеті, 1999 жыл 26 мамыр
2.«Ғылым» 53-56 бет І том
3. «Қайсысын қолдаймыз» 51-52 бет
12-Дәріс. Полигон шежіресі – баспасөз беттерінде
12.1 Дегелеңнің үрейлі бейнеті
12.2 Полигон туралы шыққан мақалалар
«Міне, Дегелең айналасында тыныштық орнағанына 10 жылдан асты. Бәрі біткен, бәрі тоқтаған сияқты. Жоқ, олай емес екен. ҚР Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының мамандары қырық жыл бойы жүргізілген ядролық сынақтардың зардаптарын жиі зерттеуде.
Бұл күнде жер асты сынақтары жүргізілген оқтарға адам кіре алмайды. Оларға бетон құйылып, қалың бітелген. Көзге көрінбейтін ажал арнасы жабылған сияқты, олардан зиян келмейтіндей. Жегенмен, Дегелең төңірегінде жайлып жүрген мал бар, алыс-жақынды түркпектеп жүрген кен іздеушілер де табылады. Аждаһадан қауіп күткен пенде жоқ. Шынында солай ма?» деп Мүтән Аймақов өз мақаласында жұртқа сауал қояды. Жалғыз ол емес, басқа да қаламгерлер, сондай-ақ полигонды сол кезде өз көзімен көргендер жарылыс үні өлмесе де, қауіп әлі де бар деп пікір айтуда.
Мұндай пікірлер республикалық, аймақтық баспасөзде жиі орын алады. Жоғарыда аталған автор – полигонды өз көзімен көрген адамдардың бірі. өз мақаласында ол полигонның басталуы, оның зияны мен тұрғындары туралы, сондай-ақ шындықтың қалай ашыла бастағаны және бұл шындықты ашқан кімдер, т.б. сынаққа байланысты оқиғалар жайында жазады. Алғаш рет жарылыс көргенін М.Аймақов былай дей келе, есіне алады:
... 1949 жылдың 29 тамызында сағат 6-да солдаттар бүкіл ауылды тік тұрғызды. «Бір жағдай болады, жерге жатыңдар, көздеріңді ашпандар, бастарынды көтермеңдер». Сағат жеті шамасында жер астымен естілмейтіндей, күркіреген әуіл шықты. Жер шайқалды. Ол кезде қайыр дұрыс салынғандар үй бар, ішкі кесектен салынған үйлердің қабырғасы сөйлеп, құлай тастады. Сандар – гүлдер терезеде шынылары сынды.
Жөн жоққа қарама, басыңды көтерме деп айтса да, әуесқойлық жеңіп, алақанымен көзімді көмеңкелеп аспанға қарадым. Қарақаншыл дүние, күннің көзін басып кеткен бұлт, әнден уақытта қара бұлт күреңтіп, қызарғандай болды. Қалпат үлкен, сабат жуан саңырауқұлақ сияқты қара бұлт шудаланып, ұйпалатып, қозғалып жатқанын көрдім. әлден уақытта саңырауқұлақ сабатмен жерден суырылғандай көтеріле берді, көтеріле берді. Бұлт аспанға жайылды. Бір кездее біздің ауылдың үстін түндіктей басып, қараңғылап бара жатқанын байқадым...»
Міне, дегелеңнің үрейлі бейнеті осы. Алғашқы сынақтың өзінде-ақ Бестерек, Долан, Тайлан аймағы 160 рад. Сәулелену зардабын шеккен.
Ғылыми әдебиеттерде Семей және Невада (АҚШ) полигондарын салыстырған межұлттар жарық көрген. Соған қарасақ, Семей полигонының аумат 8000 шаршы км екен, ал Невада – 3500. семей полигонында тұрақты адам қызмет істеген саны – 30 мың, Невадада – 8 мың адам уақытқа, 1800-2600 адам тұрақты, істейді: радиусы 200 шақырым Семей полигоны аймағында 600 мың адам тұрған. Невада – Лас – вегас қаласын қасып алғанда 100 мың адам. Әрине, салыстыру дегеннің өзі кейде дұрыс емес. Американың Невада штаттың тұрғындарын өзден артық тұрып жатыр деуге келмейді: бірақ оларға мемлекет тарапынан жылына 1 млрд доллар көмек бөлінеді.
Осы және басқа проблемалар қазақ баспасөз беттерінде көрініс табуда. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген мақаланы қарастырып көрейік. Мұнда мақаланың тақырыптарында «Ядролық от-жолының өтінде туғандар әлеуметтік қорғаудан неге шет қалады» деген сұрақ қойылады. Ал мақаланың өзінде мынадай ұсыныс айтылады: «Төтенше радиациялық аумақта 1963 жылға дейін туылған азаматтар және сол аумақта ата-анасы он жыл тұрған, медициналық тексерулер денсаулығы қалыпты емес деп тапқан азаматтар 50 жаста зейнеткерлікке шығуға құқылы деп «Полигон туралы» заңды толықтыру қажет».
Мақала авторы Асан Қайырбекұлы полигон тарихшы шолу жасай келе, былай деп жазады «Атом тарихына шолу жасағаным, әсіресе, екі жарылыс жайына қозбалай тоқталғаным, әрине, тегінінен емес. 1953-1963 жж дүние есігін ашқан азаматтар ядролық от-жалының тоту сұрапылнда доп келгені шындық екенін көрсету үшін тоқатлдым. Демек, бұл ұрпақты атом зардабын шеккен жоқ деуге қақымыз бар ма? Әлеуметтік қорғаудан дәмелі болса, бұл олардың конституция шегіндегі құқы емес пе?!» деп сұрақ тастап, шетел елдерінде полигон залалынан зардап шеккендерге қалай көмек көрсеткені және көрсетіп жатқаны туралы сөз қозғайды. Автордың айтуынша, радиация салдары әлеуметтік жағдаймен тұрмыстық дәрежеге тікелей тәуелді. Сондықтан оның тобықтай түйіні «Полигон туралы» заңды сақтау қжажет. Және де оны бүгінгі өмір шындығына ісі, қамы қазірден қолға алынса құба-құп. «Иә, өлгендер қайтып келмейді. Бірақ, мемлекеттен, қоғамнан әділеттік пен қамқорлық дәметкен қамкөңіл, жаутаңкөз бауырлар арамызда екенін ұмытпалық демекпін» деп автор ойын қорытындылайды.
Енді, бір мақаланы алып қарасақ, мұнда да заң мәселесі қозғалады. 1992 жылы қабылданған «Семей ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңның әлі де сөз жүзінде ғана беруі толғандырады. Оған сәйкес мысалдар, нақты деректер келтіріледі. әсіресе, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету сын көтерме деңгейде екені айтылады.
Автор ЮНЕСКО журналының деректерін сүйене отырып, қатаң құпия жағдайда жүргізілген інішара мед. зерттеулердің көрсеткіштерін жазады. Бұл көрсеткіштер бойынша, 1959 жылдан 1987 жылдар аралығында өз қанмен ауырып қайтыс болғандар 3 есе, өлгені расынан көз жұмғандар 8 ееге дейін өскен екен.
Бұл – рас, ақ қан (лейкоз), жүрек- қан тамырлары сияқты нешетүрлі ауруларды қоздырып, қаншама қазақты баудай түсіріп, қанын шығармай радиациямен бауыздады деген сөз. Автор: «Шын мәнінде қазір зейнет жасына келіп қалғандар кезінде полигонды атом бомбасы ашық жарылғанда туғандар. Олардың денсаулықтары қандай екені айтпаса да белгілі: еңбектерінің зейнетін көре ме, әлде радиация сырқаты меңдеп, бұл өмірлен ерте өте бере ме, ойлай беріңіз. Заңда бұл жеңілдік те көзделген. Бірақ орындалатын түрі көрінбейді» деп, проблеманы ашық айтады.Егемен Қазақстан 2004, 27 ақпан.
Ал, осы газеттің 2002 жылғы санында ұлы конденсаторларды Семей полигоны аумақта көшу мәселесі көтеріледі:
Екібастұз электр стансасынан алып әкелінген конденсаторлар құрамында трихлордефиния деген өте қауіпті зат бар. Сондықтан оны Семей полигонының аумағында пайдаланылмай атқан алқапқа көшу жөнінде шешім жасалған екен.
Конденсаторларды көшудің жобасын жасаған - ҚР ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік институты. «Бәрі дұрыс-ау. Бірақ бұл хабарды естіген соң полигон аймағындағы қазақ ауылдарының тұрғындарымен тапты да маза кете бастады. Осы маңда мал өсіріп, күнкөріс жасап отырған қандастарымыздың жүрегі шайылыпты, алаңдайтын да жөні бар. өйткені, күндердің күнінде, жыл артынан жыл өтіп, көшілген конденсаторлар келешек ұрпақтарының өміріне қауіп төндірмес пе екен? Осылай болмасына тиісті орындар кепілдік бере ала ма?» деп жазады мақала авторы Ғ.Омархан.
Иә, шынымен-ақ бұл ядролық қалдықтар қауіпсіз болса, келе оны басқа жерге көмбеске. Семей халқының сынақ кезінде шеккен зердекті аз еді, оған қоса зәлал қылуға да болады екен. Бір аурудан құтыла алмай жүргенде, басқа ауру жабысты...
Соңғы деректерге қарағанда, қазіргі Абай, Май, Бесқарағай, Қарқаралы аудандарында қалқан безінің ұлғаюы қалыпты жағдайға айналған. Осыдан он жыл бұрын Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты М.Жұматованың жазғанын оқысақ: «Полигоннан 30 км жердегі Знаменка ауылында болғанда жағамды ұстадым. Жүгіртіп жүрген балалардың бейнесі тірі аруақтай, әлжуаз, шүдеу. Ауруханаға кіргенімде дене мүшесінің кемісті бар балалар да көп екен. әуелде жергілікті басылымдар маған әдейі ақыл-есі, дене мүшесі кем, жарымтан балаларды жинап қосқан екен деп қалдым. Олай емес екен. Облыстық жикнатриялық аурухананың бас дәрігері Щербаконь бұл облыста ақыл-есі кем осындай аурулар республиканың орта көрсеткішінен 2-2,5 есе көп дегенді айтты. Мен бұған таң қалғаным жоқ. өзін көріп, куә болған жағдайлар».
Ажалдан кейінгі ақиқат осы. Келесі мақаланы алар болсақ Жас Алаш газетінің 2002 жылғы санында жарияланған ҚазҰУ теология факультетінің деканы, профессор Рахметқали Терсімбаевпен сұхбат.
Әңгімені оқып болғаннан білетініміз: еуропалық коммисияның қолдауымен соңғы 3 жыл төңірегінде Қазақстанның Ұлыбританияның, Финляндияның және АҚШ жиындары Семей аймағы тұрғындарына радиация әсерін анықтау үшін генетикалық зерттеулер жүргізеді. Мақалада бұл жұмыстардың қалай өткізілетіні, нәтижелер туралы сөз қозғалады. Сандық көрсеткіштермен, графиктермен радиция әсері көрсетіледі. Соның бәрі айтыла келе, полигон өңірінде тұрып жатқан елге әні де ерекше қамқорлық пен жете көңіл болу қажет деген қорытынды шығарылды.
Шынында, полигон жабылуына 10 жыл-дан аса уақыт өтсе де, халық оның зардабын бүгінде де көріп жатыр. Әлі жазылмаған жараның адам сайын асқындауына мемлекет шенеуліктерінің үлес тигізіп отырғандарына шаруасы жоқ.
1999 жылы октябрь қозғалыстың тегеурінді әсеріне 19-шы қазанда Совет үкімет Семей полигонындағы сынақтарды тоқтатты. Бұл «Невада - Семей» қозғалысының жеңісі еді. Қазақстан халқының жеңісі еді.
Әрине, бұл жеңістер оңайлықпен келген жоқ еді. Оған еңбек сіңірген, күш-қуат жұмсаған қоғам қайраткерлері де аз емес еді.
Жалпыға мәлім, полигонның жабылуына қалың жұртшылықтың наразалығы оны бастаған «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының тегеурінді әсері болды.
Қозғалысты қазақтың адам ұлы, ақын, публицист Олжас Сүлейменұлы бастады. «Невада-Семейдің» қыруар жұмысы туралы көп жазылды. Бірақ сонда да ядролық жарылыстарға қарсы, үкіметтің бұл жөніндегі ұстанған саясатына қарсы халықты ұйымдастырғандардың әрқайсысының орны бөлек.
Мысалы, Сұлтан Омарұлы Картаев «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысының Шығыс Қазақстан облысы бойынша үлестірушісі. Ол Шульба поселкесіне Олжас келіп, өз ойын айтқан бетте-ақ қоғамыдқ қозғалысқа белеске қатысқанымен білдірген. Абай аудандық партия комиетінің бірінші хатшысы Хафиз Матаев, Мәркен Шайжүнісов, Одақтық Кеңесінің депутаты болған белгілі қайраткер Александр Княшкин секілді білімді азаматтар осы ұлыхалықтық шеруді бастады. Олардың арасында Семей медицина институтының проректоры Мұрат Оразалин, оның інісі Болат, профессор Майра Жөнгелова, Мәрия Әлімова, жанасемейден Марат Ногеров, Семейден Әсел Симбиренова т.б. жігерлі ұлдарымыз бен қыздарымыз қолдап, бүкіл республиканың халқын жұмылдырды. Қозғалысқа Қарағанды, Павлодар облысының азаматтары, Алматының білікті мамандар тілектес болды. Білімін, еңбегін, күшін алмай күресті.
Сонымен, бүгінде Семей полигоны үнсіз. Дегенмен де оның зардабы қазір де халыққа әсерін тигізуде. Бұған дәлел ретінде баспасөз беттерінде жарық көретін материалдарды айтуға болады. «Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды» демекші қоғам шындығын бейнелейтін БАҚ-да Семей полигоны туралы мәселенің көрініс табуы бұл проблема әлі де жойылмаған екендігін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Семей және Невада (АҚШ) полигондарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтыңыз
2. Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысы қай жылы құрылыды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Егемен Қазақстан 2002 ж, 19 ақпан
2.Егемен Қазақстан 2004ж, 27 ақпан
3.Жас Алаш 2002 ж, 28 ақпан
4.Жұлдыз журналы 2001, №24
5.Қазақ әдебиеті 2001 ж, №28
13-Дәріс. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің ғылыми публицистикасы
13.1 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өмірі
13.2 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - публицист
Достарыңызбен бөлісу: |