Дәріс № 2
Тақырып: Негізгі жіп өндірісінің технологиясы.
Дәрістің мазмұны:
-
Жіп иіру мағлұматы.
-
Өндірістік жіптердің түрлері.
-
Жіп иіру қасиеті.
Мақсат: Жіп иіру өндірісі мен студенттерді таныстыру.
1. Жіп иіру мағлұматы.
Иірілген жіп деп жұқа жіптен жасалған, тігін жіптері және тоқыма жіптерінен жасалған мата өндіруге арналған жіптер. Жіптер қысқа талшықтардан құралады.
Иірілген жіпті дайындау үшін бірнеше сатыдан тұрады. Жіпті иіру кезінде әр түрлі талшықтарға байлнысты өндіріледі.
Жіп иіру процесінің негізгі түрлері:
-
Араласқан талшықтар.
-
Талшықтарды соғу.
-
Талшықты кардандық түту.
-
Талшықты гребендық түту.
-
Лентаны түзету.
-
Жіп иіру.
2. Өндірістік жіптердің түрлері.
Өндірістік жіптер бірнеше түрлерге бөлінеді: элементарлық, кескіндік, қосарланған және тоқыма жіптер.
Талшықтың құрамына байланысты біртектес және аралас материалдардан тұрады.
Тоқыма жіптердің түсіне және бояуына байланысты бөлінеді: боялған, боялмаған, мерсеризовалық, меланжалық.
Тоқыма жіптердің құрамына байланысты бірнеші бөлімдерден тұрады: бір жіптік, иірілген, фасондық, армировалдық және т.б.
Тоқыма жіптердің иірілуіне байланысты бірнеше түріне бөлінеді: бос, орташа және мықты жіптерге.
3. Жіп иіру қасиеті.
Тоқыма жіптердің сапасы мен негізгі қасиеті жіптің қалындығына, иірілуіне, созылғыштығына, мықтылығына байланысты.
Тоқыма жіптің созылғыштығы - бұл жіптің салмақ түсуіне байланысты ұзартылу қасиеті. Табиғи талшықтарға және табиғи жібекее қарағанда химиялық талшықтар және штапельдік жіптер тепе – тендік қасиеттін сақтайды.
Кілттік сөздер: тоқыма жіп, қосарланған жіп, аралас жіптер.
Бақылау сұрақтары:
1. Тоқыма жіп дегеніміз не?
2. Қосарланған жіп дегеніміз не?
3. Мононить дегеніміз не?
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
Дәріс № 3
Тақырып: Тоқылатын материалдардың негізгі өндіріс технологиясы.
Дәрістің мазмұны:
-
Тоқыма өндірісі.
-
Матаны бояу.
Мақсат: Мата және жіп бөліктерімен тоқыма өндірісі мен танысу.
1. Тоқыма өндірісі.
Тігін өндірісінде осы проблемаға басқа проблемаға баса ден қойылып келеді. Матаның құрамында әр түрлі қоспалардың барын білесіңдер, олар адамның организміне әсер етеді. Мысалы, синтетикалық матадан тігілген бұйым адамның денесін қысып, электрленіп, ауа жібермей, денеден тез тер шығаратындай ыңғайсыз жағдайларға әкеліп соғады. Сонымен қатар синтетикалық бұйымдарды әр адамның организмі әрқалай қабылдайды. Кейбір адамдардың денелеріне бөртпе шығып, аллергиялық қасіреттерге душар етеді. Әсіресе кішкене нәрестелер мен жас балаларға синтетикалық маталардан киім тігуге немесе сатып алмауға тырысу керек.
Кейінгі кезде зығыр, мақта, жүн маталарға әуестенушілер де, сұраныс та көп. Адамның денесі тәулік бойы киімнің ішінде болатындықтан, оған қолайлы жағдай жасау керек. Адам денесі үнемі тыныс алғаны жөн. Ал табиғи маталар тұтынушылардың сұранысына нақты жауап береді. Әрине, синтетикалық маталарды зиянды деп, өндірістен мүлде алып тастау да дұрыс емес. Одан тігілген бұйымды ұзақ уақыт кимеу керек.
Кез келген бұйымды тігер алдында оған қажетті мата таңдай білу керек. Матаны таңдағанда, оның пайдалы , сәндік қасиеттеріне назар аударады. Пайдалы қасиеті деп отырғанымыз – мата талшығының құрамы, денсаулыққа пайдалы, ауа мен ылғалды өткізгіштігі, тез жуылуы, кебуі, өңінің түспеуі, қыртыстанбауы. Мұндай қасиеттерді матаны қолмен ұстап, мыжғылап анықтайды. Сәндік қасиеттеріне – таңдаған матаның түсі, сапасы, тігістің әдемі түсуі, қатпарлардың дұрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі, көп қыртыстанбауы жатады.
2. Матаны бояу.
Мата булау - тоқыма өндірісінде матаны ыстық бумен өңдеу процесі. Мата сурет басу, химиялық тазалау, бояу процестерінен өткен соң буланады. Бояу жақсы жұғу үшін оның құрамындағы заттардың талшықтармен әрекеттесуі қажет. Сонда ол оңбайтын болады. Химиялық тазалау жұмыстардың алдын ала күйдіргіш сілті сіңірілген мата буланады. Кейде буға аздап натрий гипохлориді не сутектің асқын тотығы қосылады. Бұлар кездемеден целлюлоза емес қоспаларды ажыратады. Булау процесі компенсатор деп аталатын аппаратта жүргізіледі. Бояу жұмыстары кезінде де булау қолданылады. Бұл процесс бояуды жақсы сіңіріп, бояғыштарды пайдалану мүмкіндігін арттырады әрі шаю-жууды жеңілдетеді. Ширатылған жібек жіптер қайта төгу кезінде ілмектеліп, түйіліп қалмас үшін ыстық буға ұсталады. Жібек пілләсін тарқату кезінде желім жұмсарту процесі булау деп аталады.
Кілттік сөздер: орам, дымқылдау, желім.
Бақылау сұрақтары:
1. Мата дегеніміз не?
2. Қандай өндіру әдістерін білесіз
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№4 дәріс
Тақырып: Матаның құрылымы және қасиеті.
Дәрістің мазмұны:
-
Жіп және иірілген жіптің құрылымы.
-
Мата айқасуы
Мақсатты: Тоқыма айқасу. Жіп және тоқыма жіптің құрылымы.
-
Жіп және иірілген жіптің құрылымы.
Матаның тығыздығы мен қалыңдығы бірлік ұзындықта 10 см-де жіптің санымен анықтайды. Матаның тығыздылығын негізгі және арқау жібі бойынша анықталады. Матаның негізгі және арқау жіптері бірдей тығыз тоқылса тең тығызды мата деп атайды. Егер арқау мен негізгі жіптің тығыздылығы әр түрлі болса теңсіз тығыздығы деп атайды.
Матаның тығыздылығы абсолюттік, жоғары және салыстырмалы абсолюттік тығыздылық матаның абсолюттік тығыздылығын анықтау үшін лупа, өлшеуіш сызғыш , қалыңқиналар. Тығыздылығы төмен матлардың 10 см ұзындық бойынша, тығыздылығы орташа маталардың 5 см , ал тығыз маталарда-2,5 см. Ұзындықта саналады. Жіптерді көзбен немесе лупамен санауға болады. Матаның тығыздығын анықтау үшін арнайы матаға арналған лупа немесе приборлар қолданады. (ИПТ-1, ПТ 58 М, ТТИ).
Абсолюттік тығыздылықты анықтау үшін кемінде үш рет өлшеп және анықтайды. Абсолюттік тығыздылық жіптің қалыңдығына байланысты. Мысалы: Мауыт матасының негізгі жібі бойынша тығыздылығы 160, ал маркизеттің 730. Жоғары мата тығыздылығы-шарты тығыздылықпен өлшенеді, бүкіл жіптердің диаметрі бірдей және бірдей орналасады.
Егер жіптің диаметрі ал ұзындығын (белімеге матаның жоғары тығыздылығын яғни ұзындық бірліктегі жіптің санын анықтауға болады: Т жоғары – Л/Д матаның салыстырмалы тығыздылығы деп матаның дәл тығыздылығымен жоғары тығыздылығының қарым-қатынасы).
Салыстырмалы тығыздылық мынадай формула арқылы көрсетуге болады: Е-100 Т дәл / Т жоғары, Е-100 П дәл / 31,6 с.
Матаның жібінің қалыңдығы , оралуы және құрылымы матаның құрылысына байланысты болады. Жіптің тығыздылығы артқан сайын матаның қалыңдығымен ауырлығы көбейеді. Қалың, үлпілдек жіпті ақпараттық иіру арқылы қысқаталшықтардан иіреді. Тығыз, үлпілдегі төмен орташа қалыңдығы бар жіпті кардтық жүйе арқылы иірді: Жіңішке , тығыз және тегіс жіпті ұзын талшықтардан иіреді. Жіптің түріне байланысты қалың , үлпілдек немес жұқа, тығыз тегіс болып мата тоқылады.
Бір жіптен тұратын, оралған және фасондық мата жіптер болады. Матаның құрылымы жіптің түріне, оралуына байланысты.
Қардық материалды тоқу үшін бір жіпті тоқыма жібін қолданады. Бірақ көйлектін және киімдік. Маталарды тоқығанда негізгі және арқау жібіне де, кейде негізгі жібі де оралған жіптен тоқылады. Осыған байланысты матаның мықтылығы, серпімділігі жақсарды. Матаның құрылымы мен құрылымына мінездеме беру үшін, матаның негізгі және арқау жіптерінің орналасуын анықтау керек.
Матаның арқау және негізгі жіптерінің орналасуын мына белгілер бойынша білуге болады.
-
Матаның үлгісінің жиегі болса, негізгі жіп жіпке паралель, ал арқау жібі көлденең жатады.
-
Егер матаның жиегі болмаса негізгі және арқау жіпті матаны созу арқылы анықтайды, мысалы, мақта матасы созу арқылы анықтайды, мысалы мақта матасы негізгі жібі арқау жібіне қарағанда көп созылмайды.
-
Матаның негізгі жіптері, арқау жіпке қарағанда жіңішке болады.
-
Егер матаның, бір жіп жүйесі-оралған болса, ал екінші жүйесі бір жіпті болса, әрқашан негізгі жіп оралған болады.
-
Негізгі жіптер матада арқау қарап анықтауға болады.
-
Жартылай жүн маталары мақта матасы қосылса, негізгі жіп мақта жібі болады.
-
Жартылай жібек маталары мақта жібімен орналастырылса арқау жіп-мақта жіп болады.
-
Түкті маталардың түгі негізгі жіппен сәйкес келеді.
-
Жолақты басынған суреті бар маталардың жолағы негізгі жіпке сәйкес келеді.
-
Мата айқасуы
Матаның жіптерінің айқасулары – матаның құрылысының маңызды параметрі. Матаның жібінің айқасуынан түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, механикалық , физикалық және технологиялық қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне қарай тоқыма айқасулар төрт класқа бөлінеді.
-
Қарапайым-палатналық, саржалақ, сатиндік.
-
Майда өрнекті екіге бөлінеді.1. репсті, рожки 2. күрделі саржа, сынық саржа. Ромбикті т.б.3. күшті сатин, күшті атлас.
-
Аралас айқасулар: крептік, диогональды, вафельді, аралас саржалар.
-
Күрделі айқасулар: екіжақты, екіқабатты, түкті, ілмекті.
-
Ірі өрнекті айқасулар: қарапайым және күрделі ірі өрнекті.
Тоқыма айқасына тор көз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізгі жібі деп, көлденең арқаудың жібі деп қабылданады. Әр көз екі жіптің негізгі және арқау қиылысы болады да жапқыш деп аталады. Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқасына түрлерінен матаның үлгілерін мұқият қарасаң барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қойылатын өрнектерді раппорт деп атайды.
Полотнолық айқасу- кең таралған тоқыма айқасу. Полотноның айқасуда матаның негізгі және арқау жіптері бір-бірімен айқасады, матаның оң жағына негізгі және арқау жібі кезекпен түседі. Полотноның фонына айқасудың раппорттың негізгі және арқау жіптері бойынша екі жіпке тең. Полотноның тоқыма айқасумен тоқылған мата беті тегіс күңгірт , оң және теріс жағы бірдей болады. Полотноның айқасумен мақта маталары-шыт, боз,миткалды, маркизет, бәтес.
Зығыр маталары- крепдешен, креп-жоржет, креп-шифон,креп-марокен т.б. Жүн маталары-шұға, кейбір көйлектің және костюмдік маталар.
Полотнолық айқасу матаға мықтылық, тығыздылық пен қаттылық береді.
Саржалық тоқыма сайқасуда мата бетінде қиғаш жолақтар матаның диагоналі бойынша орналасады (саржа, кашемир, шотлндка т.б.). Матаның оң жағында қиғаш жолақ сол жақтан төменнен жоғары оң жағына қарай орналасады. Саржалық айқасуда рапотта бір жіпке жылжып отырады. Егер саржаның бет жағында негізгі жіп болса саржалық айқасу негізі болып аталады. (2/1, 3/1, 4/1) егер матаның оң жағында арқау жібі болса, саржа арқаулы (1/2,1/3,1/4) . Негізгі саржалық айқасумен жартылай жібек маталары тоқылады. Арқаулы саржалық айқасумен жартылай жүн маталары тоқылады. Саржалық айқасумен тоқылған мата серпілді, жұмсақ, мықтылығы палатноның айқасуға қарағанда төмен болады.
Сатиндік және атластың тоқыма айқасулар, полотнолық және саржалық айқасуға қарағанда айырмашылығы бар, сатиндік және атластық айқасумен тоқылған маталар тегістеу жіптердің сирек айқасуынан беті жыльтыр болып келеді. Сатиндік оң жағында-арқау жіптері, ал атластың оң жағында –негізгі жіптері көрінеді. Сатиндік және атластың айқасуларында рапотра бес жіптен кем болмауы керек.
Бес жіпті сатиндік әрбір негізгі жіп матаның оң жағын төрт арқау жібінің астынан бір рет шығады. Тор көз салғанда әр көлденең қатардың бір көзі болып, төртеуі болмайды. Сегіз жіпті сатинді негізгі жіп, жеті арқау жібінің астынан өтеді. Сатиндік айқасумен кең таралған сатин деп аталатын мақта мата тоқылады.
Атластық айқасу сатиндік айқасуға ұқсайды, бірақ бес жіпті атластың айқасуда негізгі төрт арқау жібін босады. Матаның оң жақ беті негізгі жіптерден тұрады. Мақта маталар ассортиментінде атластың айқасумен –сатин дубль және ластик, дығыр маталар ассортиментінде коломенок – костюмдік матасы, штапель маталары. Сатиндік және атластық айқасулар матаға мүжілмейтін біріктік береді. Бұл маталарды сетінегіш және тігу барысында жылжымалы кемшіліктері бар. Майда өрнекті айқасулар майда өрнекті айқасулар екі шағын топқа бөлінеді.
-
Қарапайым айқасулардың туындылары.
-
Қарапайым айқасуларды айқастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқасулар.
Полотнолық айқасу туындысы және рожка , репст айқасы негізгі және арқау жапқыштары ұзарту арқылы алынады. Респті айқасуда әр негізгі жіп 2-3 одан көп арқау жіптер арқылы өтер. Бұл жағдайда мата бетінде көлденең сызық пайда болады, ал репс көлденең репс деп аталады. Егер әр арқау жіп 2-3 немесе одан көп негізгі жіп арқылы өтсе мата бетінде ұзын бойлы сызықтар пайда болады, оны бойлы репс дейді.
Репстік айқасумен репс маталары, оны бойлы репс бетінде ұзына тоқылады. Маталардың беті тегіс болады. Рогожка деп екі немесе үш полотнолық айқасуда тоқылаған тоқыма айқасуды атайды. Рогожкада раппорт негізгі жіппен, арқау жібі бойынша болады, оны бойлы репс дейді.
Маталардың беті тегіс болады. Рогожка деп екі немесе үш полотнолық айқасудан тоқылған тоқыма айқасуды атайды. Рогожка айқасуда сурет оның көрінер, мата бетіндегі тік төрт бұрыштар көрінеді. Мақта және зығыр ассортиментінде , рогожка айқасумен –креп-элегант, жүн матасынан көйлектің және костюмдік маталар. Күшті саржа қарапайым саржадан қарағанда бір жапқыш болмайды, мата бетінде жалпақ жолақтар көрінеді. Мысалы: күшті саржа рапорты : 2/2, 3/2, 4/2, 2/4, 2/3, 3/3. Күшті саржалық тоқыма айқасумен шотландка , кошемир, бостон, шивиот. Мата бетінде саржа сызығы 0/0 бұрышқа ауысып матаның бетінде жиырма суреті пайда болады. Бұл айқасумен мақта, жүн, костюмдік маталар тоқылады. Кері саржа-сының саржадан саржа сызығы бір жіпке ауысумен ерекшеленеді. Бұл айқасумен костюмдік польтолық және іш киімдік. Күрделі саржалық айқасуда бір рапортта бірнеше диогональ сызықтар түрлі болады.
Екі жақты және екіқабатты тоқыма айқасулармен мақта маталары (сатин-трико, бумазди) және драп маталары тоқылады. Бұл айқасуды мата тоқығанда қосымша жіптер жүйесі қосылып, матаға қалыңдық беріп осылай
Матаның жылу сақтағыш қасиеттері жоғарылайды. Екі жақты тоқыма айқасулар үш жіп арқылы тоқылады.. екі негізгі , бір арқау жібі немесе бір негізгі, екі арқау жібі . Екі қабатты тоқыма айсулар төрт немесе бес жіп жүйесі арқылы тоқылады: екі негізгі және екі арқау, екі негізгі және үш арқау , үш негізгі және кі арқау.
Түкте айқасулар-мата бетінде қалың талшықтардың ұштары шығып, түкті мата тоқылады. Түктер арқау жібінен шығу мүмкін немесе негізгі жібінен. Түкті айқасулар үш жіпті жүйе арқылы тоқылады. Жіптің бір жүйесі түкті және екі жүйесі негізгі-негізгі және арқау. Негізгі жүйесі полотнолық немесе саржалау айқасумен тоқылып түкті мықтап ұстап тұрады. Мақта түкті маталары-жартылай барқыт, вельветтер түгі арқау жіп жүйесі арқылы тоқылады. Жібек түкті маталар-барқыт, күлеш, велюр-екі полотнолық түкті станокты арқылы тоқылады.
Қарапайым ірі өрнекті айқасулар екі жіп жүйе арқылы мақта маталары жібек маталардан (алтын, дудан, москва) жүн көйлектік маталар, зығыр үстел жапқыштар, декоративті маталар тоқылады.
Күрделі ірі өрнекті айқасулар үш жіп немесе одан да көп жіптер жүйесі арқылы тоқылады. Бұл айқасумен гобелен, кілем, декоративті жиһаз қаптау маталары.
Кілттік сөздер: саржа, сатин, атлас, айқасу,
Бақылау сұрақтары:
-
Айқасудың классификациясы
-
Матаның құрылу параметрилеріқандай
-
Матаның талшықты құрамын анықтау әдісі.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№5 дәріс
Тақырып: Матаның талшықтық құрамы.
Дәрістің мазмұны:
-
Талшық құрамы бойынша матаны топтастыру.
-
М атаның талшықтық құрамын анықтау әдісі.
Мақсатты: Матаның талшықтық құрамымен және классификациясымен танысу.
-
Талшық құрамы бойынша матаны топтастыру.
Талшықтар – дегеніміз тығыздалған, жұқа, иілгіш және мықты, өте кішкентай мөлшердегі денелерді айтамыз. Талшықтар мата, трикотаж, тігін жіптері, басқа да текстильді бұйымдар жасау өндірісінде қолданатын текстильді талшықтар болып саналады.
-
М атаның талшықтық құрамын анықтау әдісі.
Текстильлді талшықтарды және жіптерді топ тастыруда олардың алынуына және химиялық құрамына қарастырылады. Алынуына байланысты барлық талшықтар табиғи және химиялық деп екі топқа бөлінеді.
Табиғи талшықтарға өсімдік, жануар және минералдардан алынтын, яғни адам қатысуының пайда болатын талшықтарды кіргіземіз. Табиғи өсімдік талшықтар целлюлоздан тұрады. Оларды мақта, стебель үстіндегі дәнекерінен алынады.
Кілттік сөздер: лабораториялық әдіс, жіп, тоқыма жіп.
Бақылау сұрақтары:
-
Матаның талшықтық құрамын анықтау әдісі.
-
Лабораториялық әдіс деп нені айтамыз?
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№6 дәріс
Тақырып: Матаның құрылымы мен қасиеті.
Дәрістің мазмұны:
-
Матаның механикалық қасиеті.
-
Матаның физикалық қасиеті.
Мақсатты: Матаның физикалық және механикалық қасиетімен танысу.
-
Матаның механикалық қасиеті.
Маталардың қасиеттерінің томын құрамына, байланысты – физикалық, механикалық, технологиялық, геометриялық, оптикалық қасиеттері болады.
Матаның технологиялық қасиеттері деп тігін барысында әсер көрсететін қасиеттерді айтады. Матаның жылжуы қабаттап тіккенде байқалады. Талшық құрылымда мата бетінің жылтырынан және тоқыма айқасуға байланысты. Қиюға қарсылық көрсету матаның талшық құрамына тығыздылығына және өңдеу операциясына байланысты жоғаррғы қарсылық көрсететін синтетикалық маталар. Матаның сетінеуі-талшық құрамына, айқасуына байланысты, сондықтан киім тіккенде тігіске әдіп көп қалдыру керек.
Матаның геометриялық қасиеті – оның размері мен қалыңдығы, екі және ұзындығы. Размері мен беткі тығыздылығы 1 м2. бірлік тігін бұрыштарын дайындау барысында жоғары роль атқарады.
Матаның қалыңдығы оның тоқылған жібінің орауына, матаның айқасуына, тығыздылығына байланысты. Жіп қалың болған сайын матада қалың, тығыз болады. Матаның қалыңдығы , оның тоқыма айқасуына байланысты болады. Мысалы: полотнолық айқасумен тоқылған матаның тығыздылығы төмен, саржалың, сәтендік және мойда өрнекті айқасумен тоқылған мата тығыздылығы жоғары . Күрделі айқасумен тоқылған маталар өте қалың және тығыз болады.
Матаның оптикалық қасиеті деп оның түсі және түсінің өзгеруін айтады. Оған матаның түсі, жылтырығы, ақтығын жатады.
2. Матаның физикалық қасиеті.
Матаның физикалық қасиеттері – гидроскопиялық, яғни қоршаған ортадан ылғал өзіне сіңіру қасиеті , ауа өткізгіштік, талшықтың құрамында тығызуына байланысты. Бу өткізу адам денесінің бөлініп шығатын су буларын матаның өткізу қабілеті.
Жылу сақтағыш қасиеті – қыстық маталар үшін өте қажет. Шаңға төзімділігі – матаның былғанғыштығы қасиеті, электрленгіштігі-матаның бетіне тұрақты электр жинау қабілеті.
Тігістен мата жібінің жылжуы, матаның тығыздылығына айқасуына байланысты жіптен қатты жылжыитын матадан тер киім тігуге болмайды. Матаның ойылғыштығы тігіс жүргенде матаның инеден білінуі.
Матаның отыруы ылғал-жылумен өңдеу жұмыстары әсерінен мата отырады. Сондықтан пішу алдында денатирлеу керек.
Кілттік сөздер: электрлндіргіш, дымқылданғыштық, жылу сақтау қасиеті.
Бақылау сұрақтары:
1. Матаның мықтылығын,қыртыстандырғыш механикалық қасиетін немен анықтайды.
-
Матаның қай түрі физикалық қасиетке жатады.
-
Физикалық қасиет немен байланысты.
-
Тігін өндірісінде физикалық қасиетін қалай есептейді.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного
производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№7 дәріс
Тақырып: Талшықтар бойынша мата ассортименті.
Дәрістің мазмұны:
-
Матаны стандарттау.
-
Матаның сорты.
Мақсатты: Матаның ассортиментің стандартау және сортқа бөлу.
-
Матаны стандарттау.
Стандарттың орнатылуына байланысты жалпы балл бағасын әрбір сорттың нормалық бағасымен салыстырады. Егер жалпы баллдық баға төменгі сорттан жоғары болса, мата сортсыз, яғни брак болып табылады. Бір топ маталарға және барлық маталарға тиісті нормалары мен ережелер мысалы: матаның сорттығы олардың жасанды белгіленуі салмағы тығыздығы бояуының мықтылығы т.б. өлшемдер келтірінеді . Матаның сорты оның сапасымен сипаттанады. Матаның сортынығы стандарт көрмелеріне сәйкес тоқылу сорттылығын анықтау үшін 4 стандарт бар.
-
Мақта және гитапель мақталау үміт
-
Жүн маталар
-
Жібек
-
Жібек маталар үшін – матаның жылтырлығы, сыртқы оңқауға физикамеханикалық көрсеткіштеріне және бояуының мықтылылығына байланысты.
2. Матаның сорты.
Матаның сортын анықтаудың төрт стандарты бар: мақта маталы, аралас және химиялық талшықты иірілген жіп; жібекті; зығырлы; жүнді. Маталық сортын анықтаудағы жалпы талап – бұл көркем эстетикалық көрсеткіш үлгілеремен сәйкес келуі және ГОСТ – тармен белгінілуі.
Мақта – маталы, аралас, жібек, штапельді маталардың негізгі анықтауына баллдық система қойылады: матада табылған әр бір ақау белгілі бір баллмен бағаланады. Матаның сорты жалпы баға бойынша анықталады. Онда жергілікті ақаулардың баллынан физикалық – механикалық көрсеткіш баллы мен бояу төмемділік баллын алып тастаймыз.
Кілттік сөздер: Мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар, үлгілер.
Бақылау сұрақтары:
1. Мата талшықтық құрамына байланысты ассортиментке қалай бөлінеді.
-
Стандарт дегеніміз не.
-
Стандарттың түрлері.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№8 дәріс
Тақырып: Тоқыма маталары.
Дәрістің мазмұны:
1. Тоқыма айқасулары.
Мақсатты: Тоқыма полотносының айқасуымен танысу.
1. Тоқыма айқасулары.
Тоқыма материалы – бұл мықты тоқылған полотно немесе ырғақпен дайындалған бұйым. Тоқыма мата негізгі екі айқасуынан тұрады. Тоқыма материалын дайындау үшін көлденен және тігінен тоқиды. Тігінен тоқылған тоқыма матаның қатары петельдік, ал көлдененен тоқылған тоқыма матаны петелдік столбик деп атайды.
Құрамына қарай тоқыма материалдары біртекті, ір текті (әр түрлі тоқыма жіптерінен) және әр түрлі табиғи жіптерден дайындалады.
Кілттік сөздер: Тоқыма мата, негізгі және арқау тоқыма айқасу, аралас айқасу, біртекті айқасу.
Бақылау сұрақтары:
-
Тоқыма матаның негізгі айқасудан арқау айқасуының айырмашылығы
-
Тоқыма айқасуларын атаңыз
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№9 дәріс.
Тақырып: Тоқыма маталары.
Дәрістің мазмұны:
-
Тоқыма маталарының қасиеті.
-
Тоқыма маталарының ассортименті.
Мақсатты: Тоқыма полотносының қасиеті мен құрылымы мен танысу.
Тоқыма маталарының қасиеті.
Талшықтар жақсы өңделіп ал кейін мата және текстилді материалдарға олардан жасалған бұйымдар белгілі ұзындыққа, қалындыққа, мықталыққа , созылғыштыққа, иілгіштікке және қоршаған ортаға қарсы тұру қасиетіне ие болу керек.
Талшықтың ұзындығы бірден – бір басты көрсеткішткердің бірі. Талшықты жасағанда жіп ұзын тәріздес болу үшін, талшық таңғажайып ұзындыққа ие болу керек. Талшық қаншалықты ұзын соншылықты мықты жіп алынады. Себебі жіппен талшық арасында үлкен және мықты байланыс жұріп отырады. Ұзын талышықтардан өте жұқа және өте жұмсқ жіптер алынады.
-
Тоқыма маталарының ассортименті.
Тоқыма өндірісінің лабораториясында сапасы бағалануында механикалық қасиеттері тексеріледі. Жіптің қалындығы, матаның ені, 10 см – дегі жіптің саны, созылудағы матаның төзімділігі.
Тоқыма материалын көбінесе сырт киімдерін қолдануға пайдаланады. Тоқыма материалдары ауа өткізгіш, су сіңіргіш, жұмсақ, созылғыштық қасиетке ие болу керек.
Кілттік сөздер: иірілген жіп, тоқыманың тығыздығы, тарқатылу.
Бақылау сұрақтары:
-
Тоқыма полотно қандай спецификалық қасиетімен белгілі.
-
Тоқыма полотносының иірілімі неге байланысты.
-
Сыртқы тоқыма киімді дайындау үшін қандай полотно қолданады.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г.
№10 дәріс
Тақырып: Беймата материалдар
Дәрістің мазмұны:
-
Беймата материалдарды өндіру тәсілі мен классификациясы
-
Беймата материалдарының қасиеттері.
Мақсатты: Беймата материалдар қасиетін және классификациясымен танысу.
Беймата материалдарды өндіру тәсілі мен классификациясы
Беймата материалын өңдеу үшін текстильдік талшықта өңделген текстильдік бұйым, физикалық – химиялық, механикалық және аралас жолдарымен алынатын материал.
Беймата материалын дайындау арзан шикізат өңімінен өңделеді.
Беймт материалын көйлекке, костюмге, польтоға, ерлер сорочкасіне, халатқа, спорттық бұйымдарды тігу үшін қолданады. Беймата полотносы боялған және түкті болып келеді.
2. Беймата материалдарының қасиеттері.
Бейматаның физикалық қасиеттері – гидроскопиялық, яғни қоршаған ортадан ылғал өзіне сіңіру қасиеті , ауа өткізгіштік, талшықтың құрамында тығызуына байланысты. Бу өткізу адам денесінің бөлініп шығатын су буларын матаның өткізу қабілеті.
Жылу сақтағыш қасиеті – қыстық маталар үшін өте қажет. Шаңға төзімділігі – матаның былғанғыштығы қасиеті, электрленгіштігі-матаның бетіне тұрақты электр жинау қабілеті.
Тігістен мата жібінің жылжуы, матаның тығыздылығына айқасуына байланысты жіптен қатты жылжыитын матадан тер киім тігуге болмайды. Бейматаның ойылғыштығы тігіс жүргенде матаның инеден білінуі.
Кілттік сөздер: беймата материал, полотно, тоқыма материал
Бақылау сұрақтары:
1. Беймата материалының классификациясы
-
Бемата материалының өндіріс процессін атаңыз
-
Әйелдер мен балалар киімін тігу үшін қандай бемата материалын қолданады.
Әдебиет: 1. Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г, стр. 274 – 288.
2. А. П. Жихарев, Г. П. Румянцева, Е. А. Кирсанова «Материаловедение швейного производства». Москва: Академия, 2005 – стр.145 – 148.
№11 дәріс
Тақырып: Киімге арналған маталардың ассортиментері.
Дәрістің мазмұны:
-
Қосарланған материалдар.
-
Үлпектік материалдар.
Мақсатты: Жапсырма материалдар және оның қолданылуы.
1. Қосарланған материалдар.
Қосарланған материал екі немесе үш материалдан тұрады. Олар желіммен жапсырылған немесе тігілген әдіспен орындалады. Қосарлаған матеиадар көбінесе тігін бұйымдарын тігу үшін қолданады. Олар: польто, плашь, бас киімдер болйып келеді. Қосарланған материал бір және екі жақты болып келеді.
Бір бетті қосарланған материалды өңдеу үшін материалдың тек қана бір бетіне материалды жапсыру жолымен алады. Оларға желім, латек, акрилдық смаланың қосындысын және т.б. қолданады. Негізгі материалға әр түрлі матаны қолдануға болады.
Екі жақты қосарланған материалды өңдеу үшін екі немесе үш материалдың қосындысың арқылы алынады.
2. Үлпектік материалдар.
Плащь, куртка және әр түрлі арнайы киімдерді (комбинизон, фартук, берет және т.б.) дайындау үшін арнай салафан материалын қолданады. Салафанның механикалық қасиеті пластификатор жылтырақтық, жұмсақтық, тегістікке және стабилизатор салафанның тез ескірмеу процесіне байланысты.
Салафан материалы түстері әр түрлі болады: түсті және түссіз, күміс немесе алтын түстес болып келеді. Салафан материалының беті жұмсақ немесе мата мен ілде былғарымен қапталан болып келеді.
Кілттік сөздер: қосарланған материал, желімді материал, пластификатор, стабилизатор.
Бақылау сұрақтары:
-
Желімді материалдардың қасиеттері
-
Плашь, куртка және польто тігу үшн қандай материал қолданады
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г, стр. 386 -391
№12 дәріс
Тақырып: Жылтқыш материалдар.
Дәрістің мазмұны:
-
Табиғи мехтың құрылымы.
-
Табиғи мехтың қасиеті.
Мақсатты: Табиғи мехтың қасиетің аныөтау. Жылу сақтағыш материалдар (ватин, ватилин, мақта, поролон)
1. Табиғи мехтың құрылымы.
Табиғи мех – жүні қымбат бағалы аңдар мен малдардың және теңіз жануарларының арнайы өңдеулерден өткізілген терілері әрі осылардан тігілген киім не бұйым. Мех өндірісінің шикізаты ретінде биязы және қылшық жүнді қой мен ешкінің, құндыздың, бұғының, сусардың, ақ тиіннің, түлкінің, тюлленьдердің т.б. жануарлардың терілері пайдаланады. Мех өндірісі терілерді өңдеп шала өнімдер дайындайтын және бұлардан әр түрлі киімдер тігетін өндіріс орындарын қамтиды. Мех өндірісінің шала қиімдері ретінде республикамызда қой терілері көбірек пайдаланады. Мех өндіру процесі теріні илеуге даярлық, илеу және өңдеу жұмыстарыны жиынтығына тұрады. Даярлық жұмыстарға теріні жібіту, оны селеулерден тазарту, жуу, сорғыту, жүндерін қысқрта қырқу, шелдеу т.б. жатады. Илеу кезінде тері арнйы ерітіндімен өңделеді.
2. Табиғи мехтың қасиеті.
Табиғи мех өндірісі негізінен механикаландырылған. Мехты әр түрлі сұйықтармен өңдеу үшін барабандар, астаулар, ал механикалық өңдеулер үшін шелдеу, сүргілеу, машиналары, оның ақ түстерін өңдеу, қырқу, тарау, үтіктеуге арнай машиналар, әр түрлі өңдеулерден өткізілген теріні кептіруге камералары, рамалы кептіргіштер және кептіру барабандары пайдаланады.
Кілттік сөздер: пластина, мех, тығыздық, жылтырақ, мықтылықь.
Бақылау сұрақтары:
-
Табиғи мех дегеніміз не
-
Табиғи мехтың қасиеті
-
Үй жануарынан алынған мех қандай түрге жатады.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г, стр. 325 – 352.
№13 дәріс
Тақырып: Қолданбалы материалдардың ассортименті
Дәрістің мазмұны:
-
Астарлық материалдар.
-
Төсемдік материалдар.
Мақсатты: Астарлық және төсемдік материалдар және қолдануы.
-
Астарлық материалдар.
Астарлық материал киімде басты орында тұрады. Ол киімнің қасиетін жоғалтпауға және кірлеуден сақтауға қорған болады. Астарлық матариалдарды дайындау үшін көбінесе саржалық, сәтендік, атластық және жаккардық маталарды қолданады. Астарлық маталар бір түсті немесе полоскалы болады.
Астарлық матаның бетінің жылтырағына байланысты, матаны пішерде жылжымалы болғандықтан арнайы зажимдерін қолданады. Астарлақ матаны қолданғанда негізгі матамен сәйкестендіріп алу керек. Астарлық матны көбінесе химиялық материалдардан: визкоза, капрон, ацетаттық жіптерді қолдану арқылы өндіреді.
2. Төсемдік материалдар.
Төсемдік материалдарды көбінесе киімдердің өңір асты, алдыңғы бөлігі, жағаға, жеңге және басқа да бөліктеріне өз формасын жақсы ұстап тұру үшін қолданады. Классикалық төсемдік материалдарға коленкор, мақта мата, зығыр; беймата материалдар желімді және флезилин, покламин, фальц; өңір асты матасына жартылай жүн, синтетикалық талшық; жағалық маталар жатады.
Төсемдік материалдар желімделген және желімделмеген болып бөлінеді. Желімді төсемдік материалында бір бетінде арнайы желім жағылған болып келеді. Оны киімнің бөлшегіне үтіктің қызуымен жабыстырады. Желімсыз төсемдік материалдрды киімнің бөлшегіне арнайы машинамен әлде қол ине мен тігеді.
Кілттік сөздер: беймата материал, холст, флизелин, прокламилин, фальц.
Бақылау сұрақтары:
-
Астарлық матаға қандай материал қолданады.
-
Астарлық материал қандай қасиеттері бар.
-
Астарлық материалды не үшін қолданады.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г, стр. 354 - 374
№14 дәріс
Тақырып: Киім бөлшектрін қосу материалдары.
Дәрістің мазмұны:
1. Тігін жіптерінің ассортименттері.
Мақсатты: Тігін жіптерінің түрлері және қолдануы.
1. Тігін жіптерінің ассортименттері.
Тігін жіптері киімнің бөлшектерін біріктірудегі ең басты материал болып табылады, сонымен қатар тігін жіптері жеке материал түріндеде қызмет атқарады. Қазіргі кезде тігін жіптерінің мақта – мата, зығыр, жібек, синтетикалық түрлері шығарылады. Соның ішінде 80 % - мақта – мата құрамына жатады. Зығыр жіптері қайып тігуге және су отпейтін қалың кенептерді тігуге арналған.
Синтетикалық тігін жіптерінің жыл сайын құрамы көбейіп сапасы жоғарылап келеді.
Тігін саласында әртүрлі әрекеттердің салдарынан соның, үйкелу, созылу, ширатылу, тарқатылу кезінде тігін жіптері өзінің мықтылық қасиетінің 10 – 40 % жоғалтады, сондықтанда тігін жіптеріне ең басты қойылатын талап – бұл оның мықтылығы.
Кілттік сөздер: мақта – мата, зығыр, жібек, синтетикалық, жасанды талшықтардан жасалатын жіптер.
Бақылау сұрақтары:
-
Тігін жіптеріне қандай талаптар қойылады.
-
Тігін жіптері қалындығына, бояуына қарай қалай бөлінеді.
Әдебиет: 1. Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г, стр. 306 – 323.
2. А. П. Жихарев, Г. П. Румянцева, Е. А. Кирсанова «Материаловедение швейного производства». Москва: Академия, 2005 – стр.201 - 207.
№15 дәріс
Тақырып: Табиғи және жасанды былғары.
Дәрістің мазмұны:
-
Табиғи былғары.
-
Жасанды былғары.
Мақсатты: Табиғи және жасанды былғараның өндіру жолын үйрену.
1. Табиғи былғары
Былғары – мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Мал терісі үш қабаттан – шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынап, қыртысы жазылады. Табиғи былғарыны өндіру үшін үй жануарынан қой, шошқа, бұзау және басқа да жануарлардан терісін алу арқылы алады. Былғары жұмсақ, жылтырақ және мықтырақ болу үшін технологиялық процесстен өтеді.
2. Жасанды былғары.
Тігін өндірісінде жоғары сапалы киімдер дайындау үшін жұмсақ жасанды былғарыны қолданады. Жасанды былғарыдан тігілген киімдер жұмсақ болуы және денеге қонымды болып тұруына керек. Іс машинкасымен тіккенде сөгіліп кетпес үшін қатты жіпті қабаттап пайдаланады. Жасанды былғары температура ауытқуларында да, ылғалды ауада да түсін өзгертпей, тарылып қалмау керек және жууға да икемді болу қажет.
Жасанды былғарыда тігілген киім мынадай гигеналық талаптарға сай болуы керек:
-
Жылу өткізгіштік қасиеті 1м2 кем болмауы керек;
-
Ауа өткізгіштік қасиетінің болуы;
Жасанды былғарының негізгі түрлері мыналар ; маталар, кенеп, тоқыма бұйымдары.
Жасанды былғарыдан киім тігу 3 түрлі әдіспен жүргізіледі:
-
Тура
-
Ауыспалы немесе қозғалмалы
-
Каландырлық
Кілттік сөздер: бахтармяный , мереей, прямой, переносной и каландровый методы.
Бақылау сұрақтары:
-
Табиғи былғарының ассортименті.
-
Табиғи былғарының бетіндегі суретті қалай атайды.
-
Бұйымды дайындау бүшін қандай табиғи былғарының қолданады.
-
Жасанды былғары мен жасанды замш қалай өндіріледі.
Әдебиет: Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г, стр. 376 - 391
6. Семинарлық сабақтың жоспары.
№
|
Тақырып
|
Семинар сабақтың мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Талшықты материалдар.
| -
Жасанды талшықтар.
-
Синтетикалық талшықтар.
|
1
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
2
|
Тоқылған материалдар өндірісінің негізгі технологиясы.
| -
Тоқылған материалдардың сапасы мен жалпы мағлұмат.
-
Тоқу станогының жұмысы және қондырғысы.
-
Тоқу өндірісінің ақауы..
|
2
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
3
|
Тоқылған материалдар өндірісінің негізгі технологиясы.
|
1.Мақта матасының бояуы.
2.Зығыр матасының бояуы.
3.Жүн матасының бояуы.
|
3
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
4
|
Матаның құрылымы және қасиеті.
|
1. Матаның мықтылығы мен геометриялық қасиеті.
|
4
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
5
|
Талшықты матаның құрылысы.
|
1. Матаның оң және теріс бетінің құрылысы.
|
5
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
6
|
Матаның құрылымы мен қасиеті.
|
1. Мата қасиеті.
|
6
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
7
|
Мата ассортименті.
|
1. Мата ассортиментімен жалпы мағлұматы.
|
7
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
8
|
Тоқыма материалдары.
|
1. Тоқыма материалдарының құрылымы.
|
8
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
9
|
Тоқыма материалдары.
| -
Тоқыма материалдарының ассортименті.
-
Тоқыма материалдарының сорты.
|
9
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
10
|
Тоқыма емес материалдар.
|
1. Тоқыма емес материалдардың ассортименті.
|
10
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
11
|
Киімге арналған материалдардың ассортименттері.
|
1. Химиялық өңделген материал.
|
11
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
12
|
Жылтқыш материалдар.
| -
Табиғи былғарының ассортименті.
-
Жасанды былғары.
|
12
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
13
|
Қолданбалы материалдардың ассортименті.
|
1. Көркемдеп – бехендіру материалдары.
|
13
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
14
|
Киім бұымдарын біріктіретін материалдар.
|
1. Желімді материалдардың ассортименті.
|
14
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
15
|
Табиғи және жасанды былғары
|
1. Табиғи былғарының ассортименті.
|
15
|
Суворова О. В. Материаловедение швейного производства. Издательство «Феникс», 2001г,
|
7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№ 1 Практикалық сабақ.
Тақырып: Талшықты материалдар.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Жасанды талшықтар.
-
Синтетикалық талшықтар.
Мақсаты: Талшықтарды алу жолын үйрену және талдау.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта талшықтарды алу жолын үйрену..
№ 2 Практикалық сабақ
Тақырып: Тоқылған материалдар өндірісінің негізгі технологиясы.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Тоқылған материалдардың сапасы мен жалпы мағлұмат.
-
Тоқу станогының жұмысы және қондырғысы.
-
Тоқу өндірісінің ақауы..
Мақсаты: Тоқу станогының қондрғысын үйрену және мата алу жолы.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта тоқу станогын қондырғысымен танысу.
№ 3 Практикалық сабақ
Тақырып: Тоқылған материалдар өндірісінің негізгі технологиясы.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Мақта матасының бояуы.
-
Зығыр матасының бояуы.
-
Жүн матасының бояуы.
Мақсаты: Мата бояу өндірісімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта матаны бояуды үйрену.
№ 4 Практикалық сабақ
Тақырып: Матаның құрылымы және қасиеті.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Матаның мықтылығы мен геометриялық қасиеті.
Мақсаты: Матаның құрылымы мен қасиетімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта матаның құрылымы және қасиеті мен танысу.
№ 5 Практикалық сабақ
Тақырып: Талшықты матаның құрылысы.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Матаның оң және теріс бетінің құрылысы.
Мақсаты: Талшықты матаның құрылысы мен қасиеті мен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта талшықты матаның құрысы мен қасиетін анықтау.
№ 6 Практикалық сабақ
Тақырып: Матаның құрылымы мен қасиеті.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Мата қасиеті.
Мақсаты: Мата қасиетімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта мата қасиетімен және матаның механикалық, технологиялық, оптикалық қасиетімен танысу.
№ 7 Практикалық сабақ
Тақырып: Мата ассортименті.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Мата ассортиментімен жалпы мағлұматы.
Мақсаты: Мата ассортиментімен жалпы мағлұматымен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта мата ассортиментімен мағлұматымен танусы.
№ 8 Практикалық сабақ
Тақырып: Тоқыма материалдары.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Тоқыма материалдарының құрылымы.
Мақсаты: Тоқыма материалдарының құрылымы мен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта тоқыма материалының құрылымымен танысу.
№ 9 Практикалық сабақ
Тақырып: Тоқыма материалдары.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Тоқыма материалдарының ассортименті.
-
Тоқыма материалдарының сорты.
Мақсаты: Тоқыма материалдарының ассортиментімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта тоқыма материалдарының ассортиментімен және сортымен танысу.
№ 10 Практикалық сабақ
Тақырып: Тоқыма емес материалдар.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Тоқыма емес материалдардың ассортименті.
Мақсаты: Тоқыма емес материалдардың ассортименті мен қасиетімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта тоқыма емес материалдардың құрылымы мен қасиетімен танысу.
№ 11 Практикалық сабақ
Тақырып: Киімге арналған материалдардың ассортименттері.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Химиялық өңделген материал.
Мақсаты: Химиялық өңделген материалдардың қасиетімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта химиялық өңделген материалдармен танысу.
№ 12 Практикалық сабақ
Тақырып: Жылтқыш материалдар.
Практикалық сабақтың мазмұны:
-
Табиғи былғарының ассортименті.
-
Жасанды былғары.
Мақсаты: Жылтқыш материалдар ассортиментімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта былғарының ассортиментімен танысу, табиғи және жасанды былғарыны анықтау.
№ 13 Практикалық сабақ
Тақырып: Қолданбалы материалдардың ассортименті.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Көркемдеп – бехендіру материалдары.
Мақсаты: Көркемдеп – безендіру материалдары мен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта көркемдеп – безендіру материалдарының ассортиментімен танысып білу.
№ 14 Практикалық сабақ
Тақырып: Киім бұымдарын біріктіретін материалдар.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Желімді материалдардың ассортименті.
Мақсаты: Желімді материалдардың алу жолын үйрену.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта желімді материалдардың ассортиментімен және алу жолын үйрену.
№ 15 Практикалық сабақ
Тақырып: Табиғи және жасанды былғары
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Табиғи былғарының ассортименті.
Мақсаты: Табиғи және жасанды былғарының алу жолдары.
Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта былғарының ассортиментімен танысып, шығу технологиясымен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |