5В050300 «Психология» мамандығының студенттеріне арналған


Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар



бет3/35
Дата17.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498999
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттердің түсініктер туралы болу қажет:
-отбасы құрылымын, қызметін және дамуын білу керек.
Істей алу:
Білу қажет:
-психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
заңдылықтары жайлы білімдер;
Істей білу кажет:
-отбасылық мәселелерді шешудегі, отбасы татулығын сақтау жұмыстарын қолдана алу.
Тәжірибелік дағдыларды иелену:
-зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
-кәсіби қарым-қатынас дағдылары;
Құзыретті болу:
-психологияның бұл саласында кәсіби қарым-қатынасты игеру қажет.


5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар


Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлуі




п\п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны


дәрістер

тәжірибе

жеке даралық

1

Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері

2

1

5

2

Қазіргі отбасының құрылымы мен дамуы, қызметтері

1




5

3

Отбасының әртүрлі кезеңдерде қызмет ету ерекшеліктері

2

1

5

4

Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу. Жеке адам және қоғам

2

1

5

5

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынас мәдениеті.

1

1

5

6

Жас жігіттер мен қыздардың өзара қатынасының адамгершілік негіздері

1

1

5

7

Ғашықтық мінез-құлық мәдениеті

2

1

5

8

Неке және отбасы. Отбасының психологиялық ахуалы.

2

1

5

9

Жекелік психикалық зардаптарды қамтамасыз етуші отбасылық қызметтер бұзылыстарының түрлері.

2

1

5

10

Отбасылық қызметтердің жекелік алғышарттарының бұзылыстары. Отбасылық дағдарыстар.

2

1

5

11

Отбасылық диагностика әдістері. Отбасын зерттеу және оның бұзылыстар диагностикасы.

1

1

5

12

Отбасы татулығы бағдарламасы. Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама.

2

1

5

13

«Ата-аналар» мектебі. Отбасылық дағдарыстар

2

1

5

14

Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.

2




5

15

Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері

1




5

16

Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

1

1

5

17

Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

2

1

5




Қорытынды: 135

30

15

90

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері.
Жоспары:
1. Отбасы психологиясы жаңашыл психология саласының бірі.
2. Отбасы психологиясының міндеттері.
1.Отбасы - адамның өте маңызды, аса жуапты ісі. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі, бірақ әр отбасы барлығынан бұрын мемлекеттік мәні бар, зор іс болып табылады.
Отбасылық өмір адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап етеді. Отбасы месіне қажетті көптеген практикалық дағдылар мен қасиеттер ата-ана аясындағы күнделікті өмір кезінде де қалыптсып жатады. Мысалы, сіздердің барлығыңыз қазірдің өзінде біраз нәрсені: мысалығ тамақ әзірлеуді, үй жинастыруды, кір жууды, үтіктеуді, шүмек жөндеуді, сөре қағуды т.б. білесіздер. Бұл – үй шаруашылығының қарапайым түрлері, ал сендер бұжан қарағанда күрделірек, мысалы, отбасы қаржысын жоспарлай аласыздар ма? Отбасылық өмірде өмір сүрудің қызықты да мазмұнды болуы үшін, тіпті өте сезімтал жұбайларға да бір-бірінің психологиясын жақсы білуі, өздерімен қоса басқалардың да қасиеттерін түсіне білулері керек, ал педагогиканы білудің маңызы болашақ балаларды тәрбиелеу ғана емесе, сондай-ақ өзді-өзін қажымай-талмай тәрбиелеу үшін де қажет.
Некелесуге дайындықтың болмауы жас жұбайлардың бірлесіп өмір сүруінің бастапқы айларында немесе тіпті алғашқы күндерінде, олардың сезімдеріне ешқандай көлеңке түспеген дегеннің өзінде байқалып тқрады.
Адамдардың отбасылық өмір мұратының негізгі ерекшеліктері, В.А.Сухомлинский айтқандай, некенің материалдық жағына қарағанда өмірдің рухани мазмұны басымырақ мән беруге келіп саяды. Оның айтуынша, адал және кіршіксіз махаббат - өзіңнің рухани байлығыңды екінші біреуге үнемі беріп отыру деген сөз. Атап айтқанда берсең ғана аласың. Егер адамдардың бір-біріне беретінін болмаса, олар іштей сарқылып, бір-бірін жалықтырады, ақыры бұл ренжісуге, айрылысуға апарып соқтыруы мүмкін.
Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі қазіргі отбасыға пайдақұмарлық пен дүниеқорлық жат екенін, қайт оның негізінде адамның жоғары рухани байлығы - өзара сыйласу мен махаббат жатқандығына зейін аударту керек. Сондықтан адамды сүйе білуді үйрену – отбасы иесінің жеке басының ең құнды сапаларын дамыту деген сөз. А.С.Макаренко: Адамды бақытты болуға үйрету мүмкін емесе, оны бақытты боларлықтай етіп тәрбиелеуге болады деген.
2.Отбасының негізгі міндеті – белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру. Отбасы қоғамдық, топтық және жеке адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қоғамның әлеуметтік ұясы бола оытырп, отбасы біраз ең маңызды қажттілікітерді, соның ішінде халықтың санын ұдайы жаңартып отыру қажеттілігін де қанағаттандырады. Сонымен қатар отбасы, әлбетте, өзінің мүшесінің жеке бастық қажеттіліктерін де, сондай-ақ жалпы отбасылық қажеттіліктерді де қанағаттандырып отырады. Осыдан барып, отбасының міндеті туындайды. Отбасының негізгі міндеттері болып репродукциялық, шаруашылық-экономкиалық, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру, комуникативтік және тәрбиелік міндеттер саналады.
Отбасының репродукиялық міндетінің мні тіршілікті жаңғыртуда, яғни баланың туып, адам тұқымының жалғасуыда болмақ. Отбасы халықты сан жағынан ғана емес, сонымен қоса сапа жағынан да ұдайы қайта толықтыруға қастысатын болғандықтан, бұл міндет өз құрамына басқа міндеттердің де элементтерін кіргізіп отырады. Бұл ең алдымен жаңа ұрпақты адамзаттың ғылыми-мәдени жетістіктеріне тарту, оның денсаулығын қорғап және сонымен қоса „жаңа ұрпақтарды түрлі биологиялық кемістіктердің қайта жаңғыруын” болдырмаумен байланысты.
Соңғы жылдарда бұл міндетке бүкіл жұртшылық көңіл бөлуде. Қазіргі отбасында қанша бала болу керек? Деген сұрақтар қойылып, бұл тақырыптарға байланысты газет, журнал беттерінде дискуссиялар пайда болуда. Оларды жүргізушілер – социологтар, демографтар, психологтар. Бұл неге өзекті мәселеге айналып отыр.
Мұның көп себебі бар және олар күрделі де өзара тығыз байланысты. Солардың кейбіреулерін ғана қарастырып көрейік. Бұрын біздің елімізде көп балалы отбасы жаппай тараған болатын. Қазргі кезде жағдай мүлдем өзгерді. Барлық отбасылардың жартысынан көбінде бір-бірден ғана бала бар немесе мүлдем жоқ та, екі немесе үш балалы отбасылар саны едәуір азайып кетті. Неге бұлай болды? Ол жақсы ма әлде жаман ба?
Мұндай жағдайдың пайда болу себептерінің бірі ретінде қалалық өмір сүру салтының таралуы аталынады. Мұның аздаған шындығы бар. Бұдан жарты ғасыр бұрын біздің елімізде он отбасының сегізі селолық болып есептелетін. Қазір еліміздегі халықтың үштен бірі қалада тұрады. Селолық отбасылардың біразы қалалық өмір салтын қстайтын болды. әйелдердің өндірісте жұмыс істеуі, адамдардың материалдық әл ауқаты мен мәдениетінің өсіп, қажеттіліктерінің артуы - міне осылардың барлығын да жоғарыда көрсетілген себептердің қатарына жатқызады. Адамдардың тілектері, олардың бір-біріне деген талабы да ратуша. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары да өзгеріп, олар адамгершілік жағынан жоғарырақ, күрделірек және психологиялық жағынан сезімтал бола бастады. Балаларға деген көзқарас та өзгерді: оларды жақсы киіндіреді, Жан-жақты жабдықталған үй немесе пәтер, жақсы жиһазға ие болуға тырысатын болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет