5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#131732
1   2   3   4   5

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Тележурналистиканың басты міндеті.

2. Монологтық жанрдағы қандай бағдарламаларды білесіз?

3. Жалпы теледидар хабарларын неше топқа бөлеміз?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
4-Дәріс

тақырыбы: Теледидар құрылымы
Дәріс мақсаты: Теледидар құрылымы және оның қызметтің қыр-сырын талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1. Теледидар құрылымы



2. Телехабарлардың практикалық функциясы.
Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі ең әсерлі де ең өткір ақпарат құралы. Телевизияның жаппай өрістей бастағанда, 1962 жылы американдық ғалым Маршал Маклюен оның мүмкіндігін бағалай келе, «енді кітап және өзге де баспасөз құралдарын басу ісі келмеске кетті, оның орнын визуалдық ақпарат құралы – телевизия басты» деген екен. Маклюеннің пікірінде әсіреқызбалық бар деп айыптағанымызбен, өзге ақпарат құралдарына қарағанда теледидар аудиториясының әлдеқайда көп екенін мойындаймыз. Бейне мен дыбыстық қатарды үйлесімде бере алатындығымен, кинематографияның, әсіресе техника мен технологияның жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, өмірдің шынайы кескінін сол қалпында, сол бояуымен бере алатын теледидар қай жанрда көсілсе де, жетімділік тұрғысынан өзге ақпарат құралдарынан біртабан артық, жұртшылықтың зейінін арбап, назарын еріксіз өзіне өзіне аударады.
Телевизияның спецификалық артықшылықтарын санамалай келе өз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен идеясына ойысалық. Жалпы тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық деген үш үлкен топқа жіктеледі. Қоғам өміріндегі күнделікті жаңалықтар, өмірге жаңа енген құбылыстармен таныстыратын ақпараттық блок, белгілі-бір мерзім ішінде қордаланған мәселелер мен оқиғалар легін талдап, сараптайтын сараптамалық жанрдағы хабарлардың өзіндік практикалық функциялары (аудиторияны құлағдар ету, нақты бір оқиғаға баға беру) мен берілу мәнерінде жанрлық ерекшелігі (шапшаңдық, ресми сипат) бар. Ал енді көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы – эстетикалық тәрбие беру, көрерменді әсемдік болмыспен қауыштыру, рухани қажеттілігін сусындату, бір сөзбен айтқанда, рухани ләззатқа бөлеу. Көркем хабарды тамашалауға беттеген көрерменнің психологиялық күйі босаңсып, экран бетіндегі көріністі бар ынта-ықыласымен түйсіну, соған бой алдырып, сондағы шындықпен біте қайнасып, бірге жасасу, эстетикалық нәр алуға әзірленеді. Демек, көркем хабарлар жасауда, оның жанрлық табиғатынан туындайтын эстетикалық ерекшелігі мен мүмкіндігін іс жүзінде бір сәт те назардан шығармастан, барлық процестерді сол факторға бағындырған кәміл. Бұл – көркем телехабарларға қойылатын жалпылама талап. Көркем хабарлардың әрбірінің өзіндік тақырыптық айшығы мен формаларына қарай, олардың әрбіріне қатысты жеке-дара туындайтын міндеттер мен шарттар легі қалыптасады.
Қазіргі қазақ эфиріндегі көркем хабарларды талдау, оларды жасау мәселелеріне көшпес бұрын, қазір телеарналардан беріліп жатқан көркем хабарларды жасалу орнына қатысты екіге бөліп қарау керектігін айтуымыз керек. Бірі – әр телеарна редакциясының өз студиясында жасалатын немесе редакция алқасының ықпалымен, сондағы тележурналистердің басшылығымен, ұйымдастыру, қатысуымен студиядан тыс жерде (мәселен, табиғат аясында) жасалатын көркем хабарлар. Екіншісі – концерттік сахнада немесе театр сахнасында қойылған, бір айта кетерлігі, журналистердің емес, әртістердің басымдығымен, телекөрермендерге ғана емес, залда отырған бұқараға арналып, көрерменнің көз алдында жасалатын көркем хабарлар. Айталық, әртістер қатысымен жасалатын көркем хабар деп отырғанымызға «Бауыржан-шоу», «Шымкент шоу», «Күлкі керуені», «Терісқақпай», «Ән мен әнші», «Сағыныш», «Інжу-маржан», «Айтыс» сынды концерттік және театрлық қойылымдар мен театр спектакльдері жатады. Концерттік бағдарлама, я сахналандырылған қойылым студиялық телехабардан жасалу технологиясы, режиссурасы тұрғысынан түбегейлі ерекшеленеді.
«Хабар» телеарнасынан беріліп жүрген «Таң қалмаңыз» хабарының жасалу ерешелігіне үңілсек, ол хабарда көркемдік редактордың шеберлігі, онда қолданылатын сұхбат жанрының мүмкіндіктерінің қолданыс деңгейі мен тележүргізушінің кәсіби өресі хабар барысында бәрібір актив элемент ретінде сезіліп, хабардың бүтін болмысын айшықтап тұрады. Осы ретте, концерттік сахналар мен театр сахнасында қойылған бағдарламаларды теледидардан беру де теледидардың кинематографиядан еншілеген мүмкіндігін көрсетеді. «Ән мен әнші», я болмаса «Сағыныш» концерттік бағдарламалар теледидардан берілетін кинофильмдер мен мультфильдер секілді трансляциялық жолмен берілетін хабарлар. Олар – дайын телеөнім, тек монтаждық, режиссуралық сүзгіден өткізсе болғаны, телеарнадан беруге болатын телехабарға айналады; ал тележурналистер мұнда мүлде қатыстырылмайды.

Телеарна редакциясы ұжымының қолынан шыққан көркем телехабар болсын, концерттік сахнада жасалған бағдарлама болсын, көрермен үшін берер әсері мен теориялық функциялары ортақ болғасын, біз жұмысымыз барысында екеуін де қарастырамыз. Екеуінің де жасалу мәселелерін, онда туындайтын проблемаларды көрсетіп, ол хабарлардың ішкі құрлымына үңіліп – жүргізуші, режиссер, редактор шеберлігін бағамдап, пішіні мен формасын, идеялық-тақырыптық болмысын ашамыз. Бірнеше хабар санына детальдық сараптама жасаймыз. Қазақстан телеарналарындағы көркем хабарларға қатысты айтылып жүрген сындар мен БАҚ материалдарын нысанаға ала отырып, қазақ телеарналарындағы көркемдік хабарлардың көкжиегін кеңейтудің, олардың мазмұндық болмысын көркейте, ілгерілете түсудің жолдары мен жаңа әдістерін ұсынуға тырысамыз.


1958 жылдың 8-наурызы – қазақ телевизиясының туған күні деп саналады. Дәл осы сәттен бастап, қазақ телевизиясымен бірге телеарналардағы көркемдік хабарлардың да тарихы басталып кетті. Арадағы жарты ғасырға жуық уақытта көрермен қауым телевизиялық көркем хабарлардың эстетикалық қуатынан нәр алып, заман жылжыған сайын бет-бейнесі мен тақырыптық сипаты жаңғырып, түрленіп, қоғамдағы саяси, мәдени өзгерістермен бірге, өмір шындығының көркем образын беруге талпынып келе жатқан телевизиялық көркем хабарлардың жеңісіне де, жеңілісіне де куә болып, олардың оза шапқан жүйрігі мен осалмойын әлсізіне әділ алдияр болып келеді.

Кешегі кеңестік дәуірден кейін еліміз ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіз ғұмырының шындық шежіресі де телевизиялық көркем хабарлардың мақсат-мүддесін айқындап, қазақ тележурналистикасының алдына жаңа міндеттер туғызды.

«Егемендік дәуірде бағдарламаларға ұлттық түр мен пішін, мазмұн мен мән беріп, рухани келбетін таныту қажеттігі туындады» – деген қазақ тележурналистикасының тарихы мен тоериясын зерттеуші ғалым Құдайберген Тұрсынның тұжырымы өте әділ.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Телеарна редакциясы

2. Көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы.

3. Телехабарда музыканы қолданудың қандай тиімділігі бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
5-Дәріс

тақырыбы: Телевидениядағы жоспарлау
Дәрістің мақсаты: Телевидениядағы жоспарлау және оның қыр-сырын талдап, түсіндіру.

Дәріс жоспары:


  1. Перспективалық немесе болжамды жоспарлау.

  2. 1 айлық жоспарлау.

Кез келген БАҚ әр-қайсына материалдарды уақытында беру үшін жоспарлау жүргізіледі. ТД-ғы жоспарлау эфирге шығару “жоспарлау” бөлімі айналысады. Кез-келген хабарларын жоспарлаған кезде әр хабар саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеруіне байланысты жанр, форма, тақырыптарына қарай алдын-ала жоспарлап жіберу беріледі сондықтан ТД түрлері жоспарлаудың мынандай түрлерін қолданады:



  1. Перспективалық немесе болжамды – көбінесе 4 тоқсан ортасынан бастап. Яғни қарашаның ортасынан бастап дайындалды. 1 жылдық ТВ хабарлар беру жүйесі жоспарланады. Мұны бір жыл хабарларды көрсету немесе сеткасы деп аталады.

1) ТВ хабарларды көрсету сеткасы әр редактордың, әр бірлестігінің

1 жылда дайындап көрсететін хабарларын жоспарлау. Яғни мерзімділігі, циклі оны циклді хабарлар деп атайды.

2) хабардың тақырыбын жоспарлау немесе ұзақтығы хронометраж мерзімділігі жиі болады.

3) жарты жылдық жоспарлау, яғни қаңтар атынан июннің аяғына дейін.

4) Тоқсандық жоспарлау немесе 3 айға жоспарлап беріледі (көбінесе квартал түрінде б/ді, көбінесе қайталама хабарлар).

5) 1 айлық жоспарлау – яғни бір айда көрсетілетін хабарлар жоспары. Олар 1 апталық, бір күндік, мерекелік болып та келеді. 1 апталық – алдын-ала 1 апта бұрын дайындалып отырады. Бұнда кез-келген хабардың нақты уақыты, кім жүргізетіні беріледі. Көбінесе 1 апталық бағасын хабардың макеті деп аталады. Сол сияқты бір күндік – теледидарда монтаждық бет деп аталады. Онда таңертеңнен кешке дейін көрсетілетін жоспар рет-ретімен, қандай хабар екені жоспарланады. Таспаның нөмірі белгіленеді, микрофонның папкасы тіркеледі, дикторлық текст тіркеледі. Бұл көбінесе архивке тіркеледі. Дикторлық текст кез-келген хабардың қысқаша мазмұны беріледі. Апталық жоспар 2-ге бөлінеді: а) анықталған, ә) аяқталған (окончатель). Анықталған нұсқада эфирге жоспарлап берілетін нақты күні, уақыты белгісіз болады.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Телехабарларды көрсету сектасы

2. Теледидардағы жоспарлау

3. Монтаждық бет деген не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997

6-Дәріс

тақырыбы: Теледидар және кино өнері
Дәріс мақсаты: Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі

туралы, кино өнеріне талдау және теледидардың обьектісі жайында студенттерге талдап, түсіндіру.



Дәрістің жоспары:

  1. Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі

  2. Кино мен телевидениедегі көрініс пен дыбысты қолданадылуы

Телевидение мен киноның бірліктегі әлеуметтік мәселесі. Қоғамда олардың бір-бірін байытулары. Екеуі де БАҚ-ның ішінде көрнекті мәнге ие. Кино-өнердің ең көпшіл түрі. Алайда, теледидар өмірге келген соң оның мүмкіндігі кинодан да асып түсті.

Кезінде жылына (1980-90 ж.ж.) 150 толықметражды фильм және телевидениеге арналып 80 картина, мыңнан аса деректі және ғылыми ленталар, 100-дей мультипликация жасалатын. Жыл сайын әрбір адам – 18 рет киноға баратын.

Телевидениедегі эволюцияның киноның даму тарихын қайталауы. Өнердің тууында техника рөлінің өлшеусіз мол мүмкіндігі.

Көптеген артық қасиеттері: көріністі екі өлшем арқылы көрсету, артист, режиссерлердің кино және телевидениеде көрермендеріне сахна арқылы емес, экран арқылы үндесулері.

Кино мен телевидение көрініс пен дыбысты қолданады, әрі дыбыс әмбебап түрде, тірі даусты адам сөзін, “тіл заттарын”, музыканы да бірлікте қолданады.

Киноның басқа да көркемдеуші құралдары – монтаж, ракурс, план-теледидарға да ортақ. Алайда, киноның тілін меңгере отырып, телевидение бір мезгілде, “қатысушылық эффектілігін” де көрсетеді. Егер киноэкранда тек қана оқиға, зат, адам өткен шақпен кинокамера алдында көрінсе, телеэкран оны сол шақпен беру құдіретіне ие.

Телевидение кинематографияның көркем және документальды туындыларын кең көлемде көрсете алады. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылады. Біріншіден, кинолентаны телевизиялық бағдарламаның қалыбына салу арқылы. Екіншіден, телевидениеден циклды тақырыптық бірліктегі кинофильмдерді демонстрация жасау. Үшіншіден, фильмді, комментарий жасау жолымен телекөрермендер хаттары бойынша көрсету.

Телевидение кинематографияның күшімен көпшілігінде өз картиналарын жасайды. Телевидениеге арналған алғашқы кинокартиналар көп сериальды болып келді.

Телевизия тілінің қалыптасуында киноөнерінің әсері.

Кинематографиядағы көркем ойынды картиналар. Олардың көпшілігінде драматургиялық негізге құрылуы. Көріністегі факті, оқиға, адамдардың ең жоғарғы қарым-қатынасқа дейін көтерілуі.

Өз кезегінде киноның телевидение әсерін сезінуі. Ол көркем кинода таза телевизиялық әдістердің қолданылуы, мысалы кейіпкердің “камераға ашық жұмыс істеуі”. Ірі пландағы көрініс және т.б.

Отандық және әлемдік кино өнері. “Востокфильм”, “Қазақфильм” киностудияларының құрылымы. Кино өнерінің теледидарға өткен басты элементтері. “Амангелді” киносынан бастау алған әр жылдардағы сүбелі туындылар. “Қазақтелефильм” студиясының 30-жыл ішіндегі әдеби-мәдени, өнер, ғылым, өндіріс, тәрбие, педагогика саласындағы түрлі жанрдағы толық метражды фильмдері мен деректі, музыкалық, мультипликациялық туындылары. Видеоның өмірге келуі. Кино өнерінің қазақ топырағында туып дамуы. “Қазақфильм” киностудиясының теледидар экранындағы туындылары. Бүгінгі “Ұлттық кино орталығының” нарық кезеңіндегі өндірістік, шаруашылық құрылымдары.

Теледидардағы жанр формаларының эволюциясын журналистің ұстанған позициясына, өзі көрсетпек болған нысанына көзқарасына, қарым-қатынасына, нысанның өзіндік қасиеттерімен байланыстыра қарастыру. Бейнелеу құралдарының өзіндік белгілері, тіл ерекшеліктері, техникалық мүмкіндіктер әр жанрдың табиғатын, ерекшеліктерін, белгілерін анықтайтындығын түрлі саладағы хабарлармен бірлікте қарастыра отырып түсіндіру.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Телевидение кинематография

2. Теледидардағы жанр формаларының эволюциясы

3. Телевизия тілінің қалыптасуында кино өнерінің әсері



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
7-Дәріс

тақырыбы: Теледидардың ағартушылық функциясы
Дәрістің мақсаты: Теледидардың ағартушылық функциясы, оның дәстүрлі әдіс-тәсілдерін талдап, түсіндіру.

Дәріс жоспары:


  1. Теледидардың басты мақсаты.

  2. Телеублицистика теориясы уақыт талабына сай қайта қарауды, терең талдауы қажет етеді.

Теледидардың басты мақсаты – аудиторияға ақпарат тарату, идеологиялық тәрбие мен насихат жұмысын жүргізу, саяси-мәдени, экономикалық саладағы хабарлар көлемін өсіру. Ақпараттық және өзге де саладағы хабарлар қатаң саяси сүзгіден өтіп, сюжеттеде тәрбиелілікті көрсету талап етілді. Журналистер қауымы ақпаратың оқиғалылығына баса назар аудара отырып, республиканың халық және ауылшаруашылығы, еңбек ерлері мен мәдениет қайраткерлерін, партияның қаулы-қарарларына орай жоспарын орындаған ұымдар мен еңбек озаттарын арқау етуі өз шығармаларының жанрлық әрі пішіндік, мәтіндік өзгеше сипатынан көрінеді.

Шығармашылыққа кеңестік кезеңнің тар қыспағы, қатаң партиялық бақылау, ұлттық бағыттағы рухани шектеушілік өз зияныны тигізді. Білікті әрі білімді кадрлар даярлаудағы жіберілген кемшіліктер, телеөнердің құпия сырларын ұғына алмаушылық, телехабардың көркемдік-идеялық мазмұныныдағы олқылықтар телестудияның аудиториямен қоян-қолтық араласуына кедергі келтірді. Осындай кемшіліктерге қарамасатан, теледидардың қоғамның тәрбиешілік, ағартушылық, көңіл-көтерушілік бағыттағы табыстары аудитория үшін нәтижелі болды. Телеэкрандағы шығармашылық және техникалық топ сан алуан жүйедегі тақырыптық бағытын айқындап, ол қоғамның күнделікті ақпарат алатын ауқымды аймағына айналды. Алғашқы хабардағы пішін уақыт ағымының аясында өзгеріске түсе отырып, ол болашақтағы  тағылымды дүниелерге негіз қалады. Қазақ телехабарының қалыптасу, даму жолдары теледидардағы шығармашылықы және техникалық топ үшін үйрену, іздену үрдісіне толық кезең болды.

Қарымды телепублицист Сағат Әшімбаев жүргізген «Парыз бен қарыз» телехабарының теледидар тарихындағы орны ерекше. Қоғамдық сананың қалыптасып, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде ағартушылық-философиялық мәндегі бұл хабардың көтерген жүгі салмақты еді. Ел көлеміндегі ақыл-ойдың қаймақтарын қатыстыра отырып, әлемдік деңгейдегі пікірлерді тоғыстырып, ұлттық мұрат-мақсаттарымызды саралап салмақтап, өрнекті пікірлер түйіндеді. «Парыз бен қарыз» сипаты жағынан ағартушылық, көтерген мәселесі жөнінен сынға құрылған проблемалық хабар. Материалды, деректерді жинақтап беруі жөнінен талдау мәнеріндегі философиялық толғаныс. Бұл кемшілікті тұтастай көру. Бюрократизмге көп болып қолдасып жасалған шабуыл. Халық қасіретін ұжымдық тұрғыдан айту.

Хабарға халқымыздың зиялы қауымы қатысып, елдің бүгіні мен болашағы жайында өзекті мәселелерді көтере, осы бағыттағы атқарылатын істерге ой тоқтатты. Студиядағы қонақтардың бәрінің де ой-пікірінде елдің бүгіні мен ертеңі жайлы толғамды ойлары қабаттаса өрбиді. Сағат Әшімбаев биік интеллектуалдық ойдың иелеріне сұрақ тастай отырып, өзі олардың жан дүниесін қоздата үрлеп, жан бітіре, экранда сөзден сурет сомдады. Талант пен биіктіктің астасқан тұсында автор әлемі өзгелермен біріге өріліп, сөз құдіреті санаға сілкініс әкелді. Автор жарыса жамыраған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре, олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп-жұмыр сырлы дүние ұсынды.

Сонымен, мына мәселеге ерекше назар аудартқымыз келеді. Телеублицистика теориясы уақыт талабына сай қайта қарауды, терең талдауы қажет етеді. Егер оны «әдеби жанр» немесе «журналистиканың саласы», я болмаса «саяси проза» дейтін болсақ, онда мынадай сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда олар жанрдың жанрлары болып шыға ма? Егер телепублицистика журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма? Біздің білуімше, телепублицистикаға араласпайтын сала мамандары кемде-кем, оны қалай түсіндіреміз? Телеублицистика тек саясатты ғана қайзай ма екен, ол әлеуметке қатысты кез келген тақырыпты көтере береді емес пе?

Осы ретте тележурна­лис­тiң белгiлi тақырыпта ма­ман­дануына заманның да, телевизияның да даму үрдiсi қажеттілік танытуда. Кезiнде Нобельдiк сыйлық алған, қатарынан озған, ұлы математик орта мектеп оқулығындағы есептердi шығара алмай қиналыпты. Бұған таңырқаудың қажетi жоқ. Өйткенi белгiлi бiр ғылымды үңги зерттеген ғұлама өзiне қажетсiз ақпараттармен басын қатырмайды. Телевизия дүние­ге келген алғашқы кезеңдей емес, қазiр оның да сала-саласында өз iсiн үздiк меңгерген мамандар өсiп жетiл­дi. Сондықтан журналист те әр ғылымның басын шалмай, бiр саладан, мысалы, экономиканы, финансты, өнердi, мәдениеттi, ауыл шаруашылығын, сая­сатты т.б. терең игерген адам болса, олардың пайымына көрермен де, сол саланың мамандары да иланар едi. Американдық CBS арнасында Уолтер Кронкайт деген журналист болды. Ол өз елiнiң саяси өмiрiн бес саусақтай бiлетiн. Оның пiкiрiмен президенттер де санасатын. Сол Кронкайт алпысыншы-жетпiсiншi жылдары кезектi Президент сайлауында ұйқы-күлкiсiз 24 сағат репортаж жүргiзгенде, оның таңдауы кiмге қарай ауса, сол үмiт­кер­дiң алған даусы да өсiп отырған. Совет телевизиясындағы Юрий Жуковтың «Телевизиялық әңгiмелерiне» тек совет басшылары мен көрермендерi ғана емес, әлемдiк саясаткерлер де құлақ түретiн. Бұндай журналистер қоғамдық пiкiр қалыптастырудың үлкен шеберлерi едi. Ал бiздiң елiмiздегi телеканалдарда тек спорт журналистерi ғана тұрақты түрде өз тақырыбымен айналысады. Бiрақ олардың iшiнен Диас Ахметшәрiп сынды бiрен-сараны болмаса, бiр кезде жастардың куми­рiне айналған Сейдахмет Бердiқұлов, Несiп Жүнiсбаев тәрiздi спорт журна­листерiн табу қиын.

Оның жер мен орта таңдамайтындығы мен талғамайтындығы. Әлемнің кез келген нүктесінен сол сәтінде болып жатқан оқиғаларды көрсету мүмкіндігі.

Бір мезгілде көрініс қатарларын көрсете отырып, сол сәтте болып жатқан құбылысқа тележүргізушінің өз ой-пікірін білдіруі.

Музыкамен және қосымша шулармен оны көмкере беру әдістері.

Оқулық телевидение. Оның материалдық-техникалық базасы. Ел тұрғындарын, жастарды жаңа кезеңге сай әлемдік стандарт жүйесіне жақын біліммен қаруландырудағы оның рөлі.

Ағартушылық телевизияның шапшаң қарқынмен дамуы. Көрермендердің көңіл көтерушілік сұраныстарын өтеу. Ағартушылық телевизияның принциптік ерекшеліктері, олар арқылы мазмұн, әдіс және перспективалық даму функциясын анықтау.

Оқулық теледидардың эффектілігі. Оның мектептегі ұстаз бен оқу орнындағы оқытушы рөлін қайталамайтындығы. Керісінше, оларға барлық қырынан көмекке ұмтылушылық. Тікелей әңгіменің артықшылығы мен құралдарды көрсету кезіндегі психологиялық әсері. Пікірталастың сабақ тақырыбын тереңдету мен жан-жақты толықтырудың рөлі.

Ауызша түсінік жұмысының аудиторияға психологиялық факторлар жағынан жан-жақты тиімділігі. Радионың ізін ала теледидардың ауызша сөйлеуді трансляция жасау әдісін меңгеру. Көрнекілік, сенімділік, деректіліктің телевидениені қоғамның педагогикалық қызметіне бір табан жақындата түсуі.

Әлемнің көптеген елдерінде оқытушылық және ағартушылық цикл бағдарламалардың бар екендігі. Аудиториямен кері байланыстың тиімділігі. Мұның оқулық телевидениенің тиімділік функциясына ғылыми талдау жасау кезінде ғалымдарға көмекке келетіндігі.

Орталық теледидардың 1965 жылы ағартушылық бағдарлама көлемін 614 сағаттан, 1978 жылы 2555 сағатқа дейін ұлғайтуы.

Хабарлардың нақтылы белгілі бір тақырып саласына арналуы. Оның танымдық әсерінің әрі жас толқын бойында өмірге қызығушылығын арттырудағы рөлі. Факультативтік сабақтар, мектеп оқушыларының кружоктармен өз бетінше жұмыстары. Жоғары оқу орнына түсуге дайындалушы сырттай студенттер үшін бағдарламалар. Ел тұрғындарына жалпы білім беру бағдарламалары.

Оқулық телевидение қызметінің басты аспектісі оқу мен тәрбиені ұштастыру, телевидениеден жас ұрпақты отан сүйгіштік, патриотизм рухында тәрбиелеуге даярлауы.

Телехабарлар көлемінің 25-30 минуттан аспауы. Кіші жастағы мектеп оқушыларына бұл уақыт қысқартылып беріледі. Бастапқы сынып оқушыларына арналған бағдарламалар уақыты – 10-15 минут.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Ағартушылық телевизияның принциптік ерекшеліктері.

2. Ағартушылық телевизияның шапшаң қарқынмен дамуы.

3. Патриоттық рухтағы хабарлардың маңызы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
8-Дәріс

тақырыбы: Телерадиодағы тікелей эфир
Дәріс мақсаты: Телерадиодағы тікелей эфирлік бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі туралы студенттерге талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:


  1. Тікелей эфир дегеніміз не?

  2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын "Тікелей эфир дегеніміз не?" деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше, тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдапкөрейік. Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді:

1. Сөз бостандығын иелену.

2. Мемлекеттік мүддені ұстану.

3. Құкық негіздеріне сүйену.

4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану.

5. Кәсіби шеберлікті таныту.

6. Жауапкершілік шегінен аспау.

7. Заң аясына бағыну.



Жалпы, радионың ауызекі сөйлеу тілімен, дауыс ырғағымен, техникалық мүмкіндіктерімен о бастан тікелей эфирге бейім екені мәлім. Сондықтан да, тікелей эфирдің тарихи тамыры тереңде жатыр. Бұл турасында профессор Н.Омашев "30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан радиохабары сапалык жағынан алға басты. Эфирден берілетін тікелей хабарлар, сөз жоқ, Қазақ радиосы хабарларының ең күшті қасиеті болды. Осындай таза радиолық пішіндер кеңес радиохабарында 1925-1929 жылдары пайда болып, көп кешікпей жергілікті жерлерде кең таралды"- деп атап өтті. Демек, сол кездерде тікелей эфир пішін ретінде көрініс тапқан. Негізінен, бұрынғы уақытта тікелей эфирде студияны ашып, жаңалықтарды оқып, концерттерді жүргізетін дикторлар еді. "Әлемге аты әйгілі Юрий Борисович Левитаннан кейін 1945 жылы Жеңіс бұйрығын эфирге қазақ тілінде тұңғыш рет мен оқыдым, — деді Әнағаң асқақ үнмен тіл қатып". Бұл - Әнуәрбек Байжанбаев туралы жазылған естелік кітаптан келтірілген үзінді. Мұнда "тікелей" деген сөз айтылмағанмен, диктордың мәтінді тікелей эфирден оқығаны анық. Әйтпесе, эфирге оқыдым деген сездің орнына "запись" жасалды деген тіркес айтылар еді. Өйткені, тікелей эфирден оқылмаған хабарлардың бәрі таспаға түсіріліп, монтаждалып берілетін. Сонымен қатар, тікелей эфирден концерттер де беріліп тұрған. 1944-45 жылдары Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған Қазақ ССР-нің халық артисі Ермек Серкебаев сол жылдардағы тікелей эфирді былайша есіне алады: Тыңдаңыздар! Алматыдан сөйлеп тұрмыз" деп сөйлейтінім есімде. Уақытты айтып, жаңалықтар оқитынбыз. Соның ішінде ең алдымен, соғыстың хабарын айтамыз. Содан соң музыка береміз. Антон Макеимович Москаленко өзіміздің "Хор" және симфониялық оркестр бар Радиодағылар менің музыка мектебін бітіргенімді білген, микрофон алдында ән айтқызып көрді. Сөйтіп, менің әнші ретінде қалыптасуым республикалык эфирден қазақ композиторларының шығармаларын орындаудан басталды". Сондай-ақ, алаңдарда өтетін мерекелік шерулерден тікелей трансляциялар берілетін. 7-ші карашада Ұлы Октябрь мерекесіне, 1-ші мамырда еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күніне арналған салтанатты шерулердегі мерекелік ұрандарды ер және әйел дауысына бөліп дикторлар оқитын. Бұл тікелей эфир болғанымен, трансляциялық жолмен берілгендіктен, шығармашылық емес, техникалық сипат алды. Оның үстіне дикторлар микрофон алдында дайын мәтінді оқитын. Демек, бұрынғы тікелей эфирдің функциясы толық мәнге ие болған жоқ. Сондықтан да болуы керек, көбінесе, пішін ретінде қарастырылды. Ал, цензура жойылып, журналистердің сөз бостандығын иеленуі шын мәнінде жүзеге асқан кездегі тікелей эфирдің ауқымын пішінмен қамту әсте де мүмкін емес. Журналистикадағы бұл жаңа құбылыстың негізі ел өміріндегі саяси маңызы бар өзгерістермен бірге орныққаны мәлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында "Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады" деп, тайға таңба басқандай ашық айтылған. Осындай заң аясындағы нақты мүмкіндіктер радиожурналистикадағы жаңаша әдістің кең қанат жаюына жол ашты. Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: радиоүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу, т.с.с. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақсы сипат алмайды. Тікелей эфир - аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі болып табылады. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуімен алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: "Жүргізуші - журналистің тікелей эфирдегі табысы - кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі". Ол рас, тек бұл тұжырымда тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескертілмеген. Микрафондағы сөйлейтін жүргізуші болғанмен, оның аржағында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сазбен көмкеретін, телефон қоңырауын эфирге қосатьш бір топ қызметкерлер бар екені белгілі. Сол түрғыдан келгенде. тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істін басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатъш іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жүмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден. қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға. келесі бір бөлігі студияға жазылып бір рет таспаға (пленкаға) түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып содан кейін тұтасымен рет-ретімен жиналып үшінші рет қайтадан көшірілетін. Сол жинақталған хабарды дыбыс операторы эфирге қосатын. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген -осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм /ендігі жердегі шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, тыңдарман психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-техникалық прогресс аясында қолданысқа енген соны технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, радиожурналистикадағы хабар тарату әдісі деуімізге негіз бар. Ал әдіс дегеніміз не? "Әдіс, яғни, метод (грек тілінен аударғанда әдіс - бір нәрсеге жетудің жолы) көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі", Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында әдіске осындай анықтама беріліпті. Сол тұрғыдан алғанда, тікелей эфир дәстүрлі радиожурналистика негізінде, радионың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келтірілген қызмет жүйесі деген тұжырым жасай аламыз. Демек, тікелей эфир радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық түрғыда жүйедеу арқылы айқындай аламыз.

"Эфир" - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе "жоғарғы ауа" деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда "эфир - радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы".




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет