Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да елдердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. Өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырайдың еңбектеріндегі публистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге келген «Түркістан уалаяты» мен « Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ» журналдарының атқарған рөлі қалай айтуға да тұрарлық. Ал, Мұхамеджан Сералиннің орны тіпті бөлек. ХХ ғасырдың басында қоғамдық өмірге блсене араласқан, журналистикаға да публицистикалық мақалалармен үлес қосқан « ақтаңдақ» аталған тұлғаларымыз Ахмет Байтұрсыновты, М.Дулатовты, М. Жұмабаеты, Ж.Аймауытовты атамай өтпейміз. Тағы бір шоғыр классиктеріміз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров еңбектері ше? Бұлардың таза әдеби шығармаларымен бірге, толып жатқан публицистикалық материалдары өз кезіндегі журналистиканың құнды дүниелері болғандығына сөз жоқ. Одан беріде М.Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің ел өмірінен жазған көркем очерктері мен деректі мақалалары, публицистикалық жинақ кітаптары шыққаны аян. Сайып келгенде мұндай классиктеріміз тек қазақ әдебиетін дамытып қана қоймай, қазақ журналистикасын, публицистикасын да параллелді түрде дамытты деп батыл айта аламыз. Ал олардың творчестволық ізденістері, творчестволық еңбек лабораториясы қалай болып еді, публицистикалық еңбектеріндегі әдіс – тәсілдері мен қалдырған мұраларынан не үйренуге болады? Міне, бұл кеңінен қарастыруға болатын нәрсе. Публицистикадағы дәстүр жалғастығы, алдыңғының кейінгіге үлгі – ұлағаты туралы айту студенттерге пайдалы болары түсінікті.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ баспасөзіндегі әлеуметтік мәселелер
2. Журналист-публицист және кәсіби шеберлік
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991
2-Дәріс. Шығармашылық неден бастау алады? Шығармашылық істердің көбі негізінде мына кезеңдерден тұрады. 1-ші ізденетін іс туралы материалдармен танысып, оны шешу әдістерін табу, яғни даярлық жасау кезеңі.
2-ші даярлықтың үстінде туған идеяларды белгілі бір жүйеге келтіру оны тексеру кезеңі.
3-ші істі жүзеге асыру кезеңі.
Шалқар шабыт тың идеяларға жол салып, шығармашылықтың төгіле өрбуіне бастау қалайды. Шабыт та көңіл-күйге, сырттан әсер етер жайларға, ой адамының күйіне байланысты.
Шабыт деп – шығармашылық адамының ойының нағыз айқын, оның көңілінің көтеріліп, бір белгілі іске беріліп тұрған күйін айтады. Шабыт шығармашылықтың бастапқы кезеңінде журналистің ой-қиялына қозғау салып, үнемі алға жетелейді.
Шабыт кезінде сергектік пен сезімталдық, ой жүйріктігі мен қиял ауқымдылығы қатар қонақтаса, шығармаң ширығып, кейіпкерлерің жанды бейнеге еніп, тіл өзінің шексіз құдіретіне кірігіп, әуелеген асқақ сезімнің жетегіне енесің. Шабыт кернеген кезең, тереңде ой қабаттарында жатқан тың дүниелерге қозғау салып, жаңа бір идеяларға бастау ашады. Шабытты күйде нәтижелі еңбек жасайсың. Айталық тележүргізушінің эфир кезінде шабыт құшағына енетін кезі сирек. Оған жүргізушінің шабытты күйі жеткіліксіз. Ол үшін жүргізушіден бөлек қосымша жұмыс топтарының көңіл-күйі, хабарға қатысушы қонақтардың білімдарлығы, материалдың тартымдылығы мен қызықтылығы, көтеріліп отырған мәселенің ауқымдылығы, режисерлік, операторлық, дыбыс режисері мен жарық берушінің өз істеріне жетіктілігі, материалды терең де жан-жақты білу әсер етеді. Тақырыпты тапқаннан бастап көрерменге ұсынғанша көп қиындықтар мен сан кедергілерге кездесесің. Түсіністік, сыйластық, ұйымдастырушылық жоқ жерде шабыт болмайды.
Шығармашылық үстінде қиялдың атқарар қызметі де ерекше. Қиял есіміздегі мәліметтерді қаз қалпында елестетпей, оны өзгертіп жаңа бейнелерге айналдырады. Ақындар мен жазушыларға қиял қаншалықты көмекке келетін болса, журналистерге өте қажетті. Қиял әдеби хабарлардың өзегіне айналмаса, оны саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді көтеретін хабарлар толқынына тоғытуға келе бермейді.
Экрандық шығарманы құруда ішкі драмалық шешімнің рөлі ерекше. Сценарийді жазу кезеңінде айтылар ой белгілі бір жүйеге еніп, бір-бірімен қабыса байланысса, шығарма арқауы ширап көрермен көңіл-күйін елітетіндей хабарлар өмірге келеді. Ал, режисер, оператор және дыбыс режисері табылған түр мен мазмұнды бір-біріне орайластыра отырып, тақырыптың характерін ашуға және көрерменнің жан дүниесіне әсер ететіндей жолдарды бірлікте, бірлесе іздейді.
Шығарманың даралығы – драматургияның тақырып, идея және композициясынан көрініс табады. Теледидардағы сценарий туралы әңгімені тақырыптан бастау орынды. Себебі, өзекті ойлардың бастау бұлағында тақырып тұрады.
«Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны, азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді.» Сценарий авторы мен редактор азапты ізденіске түсе отырып, алдымен хабарының тақырыбын табады.
«Егер шығармашылық процестің үш түрлі (материал жинау, жинаған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңінің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Шын мәнінде, тақырып суреткердің жан дүниесінде теңселе тербеліп, ойлау процесімен қатарласа жүріп, ой-қиялды қамшылап отырады. Бұл үздіксіз процесс.
Тақырып – шығармадағы басты ой. Автордың құбылысқа қатынасындағы сансыз ойлары, өзінің хабарларындағы кейіпкерлері немесе ізденісіндегі қажетті жайлары. Автордың өзі көрген, куә болған жайларға кірігуі. Демек, тақырып – идея. Идея ғайыптан пайда болатын зат емес. Оған да ақыл-ойдың тоғысы мен сезімталдық қабілет керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Журналист-публицист және кәсіби шеберлік
2. Сұрақ жүргізу: әдістері, кезеңдері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Е.Прохоров.Теория публицистики и искусство фелетона. «ВестникМГУ». Серия «Журналистика» 1996.
2. «Советский фельетон». Москва, 1959.
3. С. Хайдаров. Азамат сыры. Алматы, 1971.
3-Дәріс. Идея – шығарманың негізі
Автор идеяның көмегімен өзінің тақырыпқа деген ұнамдылық көзқарасын білдіреді. Материалды зерттеу барысында да идея ойға келуі мүмкін. Шындығында, идея түгелімен авторға, оның ойларына, алымдылығына, сезімталдығы мен өзге де қасиеттеріне түгелдей қатысты. Тақырып идеядан ауқымды. Бір тақырыпқа бірнеше хабарлар арналса да, олардың әрбірінің идеясы бір-бірінен бөлектеу.
Болашақ сценарийдің материалы жинақталған шақта оның тақырыбы анықталып, идеясы айқындалып, одан әрі журналистің фактіні, оқиға мен кейіпкерлерді іріктеу процесі басталады. Ол сценарий ішіне ене отырып, сонымен бір мезгілде оның композициялық шешімді іздеуі қатар өрбиді. Осы кезең сценарийді жазу кезіндегі ауыр әрі азапты шақ. Жинақталған материалдарды елеп-екшеп отырып, маңыздыларын іріктеп ала білуге де көрегенділік қажет.
Деректі сценарийде әңгіме жанама жайлардан емес, негізгі ойлардан бастау алуы тиіс. Көрермен хабардың өн бойында айтылатын ойларға іштей бірлікте қатыстырылуы шарт. Әрбір эпизод толыға, кеңее отырып, көрерменді хабардағы басты ойға жетелейді. Сценарийде қажетті компоненттер түгел қамтылған кезде ғана тақырып пен идея қиюласа түсіп, орайласа өрбиді.
Аристотель коммуникация процесі үш құрамнан: қайнар көз (источник), хабарлау (сообщение) және адресаттан тұратындығын айтқан. Егер сценарийдің өн бойында осылардың біреуі болмаса, коммуникация да болмайды. Демек, журналист – қайнар көз, сценарий – хабарлама, көрермен – адресат. Шындығы, осы үшеуінің тоғыса келіп, теледидар әлеміндегі ой дүниенің ойдан өрнек салып, сөзбен сандалып, жан әлеміңді бұзып өтіп, ақыл-ойға кірігуі.
Редакция – тірі организм. Онда ой қозғалысқа түсіп, хабарларды талқылаулар жүріп жатады. Жоспарлар мен проблемалар сараланып, ақыл-ой үстемдік алады. Сонда ғана өнімді жұмыс істеуге, ақпараттар, фактілер, ойлар, идеялар алмасуға мүмкіндік туындайды. Редакцияда шығармашылық мәселесінде редактор мен режиссер арасында әңгіме басталып, ойлар өрбиді. Мыс. Редактор: «Менде пісіп жетілген тамаша идея бар. Фактісі де қызғылықты, оқиғаға қатысушы кейіпкерлер де бар. Мұражайдан да керекті қосымша дүниелер табылып қалар деген сияқты ойларын ортаға салады. Ал , режисер болса аталған фактілерден нелерді екшеп алу қажеттігі және оны қандай жолдармен түсіру керектігі жайында өзінше көзге елестете бастайды. Осыдан кейін идеяның ден қоюға болатындығы айқындалғаннан кейін материалды зерттеуге кіріседі. Аптплық мерзімнен кейін редактор мен режисер өз ойларын редакция басшыларына баяндайды. Бас редактор мән- жайға түпкілікті қанығып, идеяның қажеттілігіне көз жеткен соң, бұған қанша мерзім керек болатындығын сұрайды. Осылайша уақыт мерзімі кесілген соң дайын жұмыс жүргізіледі. Редактор телефон арқылы қажетті адамдармен байланысады, мұражайға барады немесе сапарға шығады. Идеяның маңыздылығы да осы салада ізденіп жазып жүрген қаламгер-сценаристердің қызығушылығын оятады. Идеяның жүзеге асуына белгілі адамдармен, өз ісінің мамандарымен, жауапты қызметкерлермен үзбей кездесу көмектеседі. 4-шіден, газет-журналдарды, әдебиеттерді оқу. 5-шіден тәжірибелі журналистермен сұхбаттасу. 6-дан, фактіні табуға көрермендермен араласу, т.б.
Теледидардағы қол-қағым сәттегі таңдай қағушылық, парасаттылық ұзаққа созылмауы мүмкін. Концепцияны жасау үшін шын мәнінде өмірлік тәжірибе мен әлеуметтік ақпаратқа негізделген іргелі білімге сүйену қажет. Алғашқы жоспарларды іске асырмай жатып, келесісін қолға алуға болмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Шығармашылық неден бастау алады?
2. Кәсіби этика мәселелері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991
4. З. Шәмші. Сол бір түн... Алматы, 1904.
4-Дәріс. Шығармашылық процесс және ізденіс сырлары
Шығармашылық жолы – қиын жол. Мұны әркім де түсінеді. Жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай шығармашылық тәсілдерін үйренуі тиіс. Бір қарағанда бәрі де жеңіл көрінгенмен, нақты іске кіріскенде әлі де көп нәрсенің жетіспей жатқанын жас маманның өзі де сезінеді. Мысалға ой қалай туады, тақырып қайдан алынады, мәлімет қалай жиналады, кейіпкермен әңгімелесу психологиясы қалай болмақ, ақыр соңында материал жазу процессін орындап шығу жауапкершілігі қандай? Бұған қоса, тіл, стиль, логика бірден уысқа түсе қоя ма ? Ал композициямен сюжет құру, оны үйлестіру қолдан келе ме? Жазған дүниең қызықты шығып, оқырманыңа әсер ете ме, жоқ па?... Бұл жағдайлар ойлап қарағанға, талай сырдың астарын аңғартпақ.
Журналистің өмірді тануы, оны көріп – біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым –қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзіңнің ой - түйсігіңді , ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан – ой туғызуға көмектеседі, рухани әлеміңді кеңітеді, байытады. Маман ретінде басқа жұрттан ерекшелігіңді байқатады. Өзгелер аңғармағанды журналистің аңғаруына қалыптастырады. Журналист демалыс уақытына қарамай – ақ ой үстінде жүруі мүмкін. Яғни, ол жұмыс процессін станокты тоқтатқандай, бірден доғара алмайды. Болашақ жазатын материалын үйде де , түзде де ойластыра жүруінің өзі оған жат емес.
Журналистің ойы – практикалық істің өзі емес, бірақ соның қозғаушы факторы болып табылады. Ойдың пісіп жетілуі де біршама уақытты қажет етуі мүмкін. Ал тақырып болса, сол күнделікті өмірден көрген – түйген, оқиға құбылыстардан алған әсер мен информациялық қажеттеліктерден туған нақты практикалық істің басы деуге болады. Тақырыпты тапқаннан кейін материал жазу үшін оған тиісті мәліметтер жинау кезегі келеді. Мәліметтер түрлі-түрлі фактілермен оқиғалар, іс - әрекет көздерінен алынады. Журналист материалды жазбай тұрып, оның идеясын ойлануы тиіс. Сондай-ақ автор қандай позиция ұстайды. Бұл да жазу үстеліне отырмай тұрып ойланатын нәрселер. Осындай қарапайым процестердің әрі қарай жалғасуы кездейсоқтық емес. Материал жазылып біткенге дейінгі әрбір сәттің, мезеттің творчество адамы үшін өзіндік орны бар. Айталық, материал сын тұрғысында жазылу керек пе, әлде ұнамды тұрғыда жазылуы керек пе? Мұның өзі редакция мен журналистің мақсат – мүддесіне әрі көтерілгелі отырған мәселенің де қай бағытта екеніне байланысты. Бұл жерде құбылыс жақсылық туралы ма, жамандық туралы ма?... осы екі типтік жағдайды журналистиканы зерттеуші В.А.Аграновский ерекше бөліп қарайды. Себебі бұл материалды жазудың әдісіне келіп тірелелтін мәселе. Оған қоса журналистің жалпы стратегиялық бағытын айқындап, тактикалық іс - әркетін де белгілейтін жайт. Турасын айтқанда, материалдың қандай характерде жазылатыны – публицистикадағы негізгі принципті анықтайды. Автор жағымды материал жазатын болса, өз объектісін емін – еркін аралап, болып жатқан оқиғаға барынша араласуына, ортақтасуына кедергі жоқ. Бұған керісінше, сын материал жағымсыз объекті туралы мәселе қозғалатын болса, журналистің де мәлімет жинауы жеңілге түспейді, біраз кедергілер мен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Дегенмен қалай болғанда да журналистің өзі жазбақ нәрсесін анық көріп – біліп, сезініп жазуы аса қажетті шарт. Бұл оның шығармашылығын, әділдігін, адалдығын білдіретін критерийлер.
Ғалымдар енді біртұтас ғарыштық ақпараттық кеңістік немесе ғарыштық ақпарат банкі туралы айта бастады. Ол әлемдегі аса қуатты сәуле таратушы орталыққа айналған, жарықтан да ұшқыр жылдамдыққа ие, біздің арқамыздан тыс әрекет етеді, информацион деп берілген дербес сана түрінде көрініс табатын сәттері де бар. Екінші сөзбен айтқанда, планетада күн сайын пайда болатын, бір жерден екінші жерге беріліп жататын ақпаратты қабылдап алады да өз бетінше қорытып, қайта таратады. Сіз соның сол ақпараты бойынша шешім шығарасыз, болжам жасайсыз, жоспар құрасыз, яғный адамзаттық хабар екеніне ешқандай күмәніңіз болмастан дара әлемге айналған информациялық ағынның еркінде кетесіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпарат жинау әдістері
2. Ақпараттың шынайылығын анықтау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
5-Дәріс. Жанрларды меңгеру әдісі, идея, желі және мазмұн
Бүгінгі қазақ журналистикасының ізденістерін тілге тиек ету -өзекті мәселе. Өйткені қазіргідей қоғамдық өзгерістер тұсында журналистикада жаңа таным, жаңа көзқарастар пайда болды. Енді бұрынғыша ескі стильде жазу немесе хабар ұйымдастыру нышандары мүлдем өзгеше сипатта жүзеге асырылды. Сондықтан жаңаша жазу мен жаңаша ізденудің қажет екендігін өмірдің өзі алға тартып отыр. Осы ретте бүгінгі заманда журналистердің творчестволарына көз салып, бақылау, байқау қажет екені туындайтыны түсінікті. Қазіргі көрнекті белгілі журналистеріміздің творчествосы сондықтан да жан-жақты қарастыруды олардың еңбектеріне талдаулар жасап, жүйелі пікірлер қорытуды тілейді.
Бүгінде құрғақ информацияның заманы өткен. Ендігі мәселе журналист материал жазғанда терең сараптамалық талдауларға барып, өзіндік ой-түйіндері болмаса еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді. Оқырмандарын тартпайтын, сұрқай материал жазу абырой әпермейтін нәрсе. Бұқаралық ақпарат құралдары да мұндайда көзжұмбайлыққа салынбай, әрбір жазылған материал мен ұйымдастырылған хабарға талап қоюы тиіс. Онсыз газет – журнал мен радио, телевидениенің өзі де оқырман, көрермендері алдында беделіне нұқсаг келтіруі мүмкін. Журналистикадағы замана тынысы, тиімді әдіс – тәсілдер, адамзат күткен рухани мәселелер шеберлік пен тәжірибені, тер төккен маңызды еңбекті қажет етеді. Сонымен бірге, халықаралық журналистиканың да осы заманғы даму деңгейіне көтерілу – журналистік творчествоның өзекті міндеті болып саналады.
Әрине, мұндай жайлардың бәрі оп – оңай атқарылатын іс емес. Ол үшін студент – жас журналист алда тұрған сан түрлі проблемаларды бастан өткеруі керек. Олардың кейбір белгілеріне көз жіберіп көрейік.
Шығармашылық дегеніміз не? Оның теориялық мәні қандай? Алғшқы авторлық талпыныстар туралы сөз. Жеке шығармашылық еңбек. Жазудың қыр – сырлары. Қиындығы мен қызығы. Шабыт пен талант жайында. Ізденістер қалай туады? Психология мен интуиция туралы. Жазу өнері. Шығармашылықтың қадір – қасиетін ұғыну. Шығармашылық туралы қазақ және орыс ғалымдарының еңбектері.
Жанрларды меңгеру жолдары. Жанр характерін сезіну. Осы орайдағы ізденіс сипаттары. Әркімнің өзіндік әдістері. Идея қалай туады? Материалдың өзегі болуы немесе желісі туралы. Айталық басты ойлар хақында. Қажетті мән – мазмұнға жету үшін не істеу керек? Өмір, адам, шындық. Форма мен мазмұнның бірлігі.
Шығарма жазудағы қажетті көркемдік құралдар. Публицистикадағы баяндау ерекшеліктері. Автор сөзі, кейіпкер сөзі. Табиғат суреттерін бейнелеу. Материал жазатын объектіні оқырманға елестете білу. Еігнжай, өндіріс, мал өрісі т.б. Суреттеп жаза білу жөнінде. Тіл қолданыстары. Сөз бояулары. Дәлдік, нақтылық және қарапайымдылық. Ұғымды түсінікті бере білу. Көркемдікті дамыту эволюциясы. Стиль туралы түсінік. Оның ерекшеліктері. Қолтаңбаның туып, қалыптасуы.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәлімет жинау, жазу және өңдеу
2. Шығарма жазудағы қажетті көркемдік құралдар
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жұмалиев Қ. Стиль–өнер еркшелігі–алматы Жазушы,1966.
2. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – Алматы: Ғылым,1971
3. Бектемісов Ә., Ыдырысов Ә. Редактор мен корректорға көмекші құрал. – Алматы: Мектеп, 1978
4. Сикорский Н.М. Теория и практика редактирования.–М.,1980
Қосымша:
-
Зильберт Б.А. Тексты массовой информации.– Саратов,1991
-
Лаврентьева Е.В., Накорякова К.М. Электронная журналистика: Редакционная обработка журналистских материалов.–М.,1989
6-Дәріс. Ой қалай туындайды, тақырып қайдан алынады?
Сөз жоқ, бұл журналистік шеберлік мәселелерінің басты негіздерінің бірі. Ой тақырыптың тууына себепші болады. Ой – шарықтау шегі болса, тақырып – материал жинақтау мен оны қорытып жазудың айқындалған әдісі.
Ойдың өрбуінің қайнар көзі, біріншіден, журналистің өмірлік тәжірибесі, жан-жақтылығы, білімділігі. Осының бәрі бір жүйеге жинақтала келе, ой процесінде өзінің тұщымды пікірлерін қалдырады. Ойдың өрбуі өз кезегінде тақырыптың тууына түрткі болады. Екінші, қайнар көз – ақиқат деректің өзі. Ол ойдың өрбуіне дүмпу береді. Солай етіп, телередактор өз бойындағы бар білімге, дерекке сүйене отырып, тақырыптағы ойларды қорытады. Шындығында, екі қайнар көз де бір-біріментығыз, етене байланысты.
Тосын, тың оқиғалар бір-бірімен тарамдала, тармақтанып өрбіп жатса, оның көрермендерді бей-жай қалдырмасы анық. Теледидар бетіндегі хабарлардың ой-дүниеңе қозғау салмай, шөліңді қандырмай жатуы да не тілінде, не көтерген мәселесінде ізденіс пен жылт еткен жаңалықтың жоқтығы. Осының бәрі де ізденістен-іркілістің, жаңалықтан-еліктеудің үстемдік алып, теледидардағы өткір публийистикалық хабарлардың жай хабарлар тасқынына айналғандығында.
Ойшылдың тылсынына енген суреткер, өз жан дүниесіне қонақтаған сезім сырларын ширата отырып, жан дүниесінде қорытып, көрермен жүрегін селт еткізер тосын ойлармен көмкере, ой елегінде екшейді. Парасат пен ойщылдың астаса келіп, шебер қиюласса, сөзбен сурет салынып, көз алдыңда жанды бейне елестейді. Сезім түйсігінен туындаған сол нәзік бейнеге жан бітіріп, экранда тұлғалы кейіпкерді сұлулық әлеміне ендіру де қол шеберлік.
Теледидардағы редакторларға тән ортақ кемшілік – уақыт өзегіне сай ортақ жайлардың алтын қазығын таба алмай, өз замандастарының жан дүниесінің терең түпкіріндегі сәулелі сезімдеріне ене де, ере де білмеушіліктері. Көзге елеусіздеу көрінген қарапайым құбылыстардың өзінен де жаңалық іздеп, оны таба білу де сезімталдық пен сергектікке, қиялдағыны шалар қырағылыққа байланысты.
Редактор түйсігіндегі бейне режисер не оператордың сезім дүниесіне кіріге астасып, шиырлана шымырланып, олармен қатар өрілмеді дегенше «инемен құдық қазғандай» азапты еңбегің де еш болмақ.
Автор жарыса жамырлаған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре, олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп жұмыр сырлы дүние ұсынады.
Автор – редактордың ойы сценарийді жазу барысында сезімтал, сергек болуф керек. Өмірде, ғылымда, әлеуметтік ортада туған жаңа ұғымдарды, құбылыстарды редактор дереу сезімталдықпен көріп, түсініп, ұғынып, қол-қағымда ойға сіңіріп, ой көрігінде қорытып, көрермендерге ұсынуы шарт. Ғылым мен техниканың қарқынды дамыған заманында редактор жаңаны деркезінде сөзіп, қабылдай алмаса, ол өмір ағымынан шетте қалады. Іргелі ғалымдардың өзіндегі тұжырым қағидалар 10-15 жылда өзгеріп, жаңарып отырады екен. Соған ілесе білу үшін журналистке сезімтал да сергек, тегеурінді де терең ой қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Даулы оқиға төңірегіндегі ақпараттардың берілу түрлері.
2. Диалогтың түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы, 1976.
2. Амандосов Т. Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары. Алматы, 1968.
3.Газет жанрлары. (жалпы редакциясын басқарған Т. Амандосов). Алматы, 1964.
7-Дәріс. Публицистикадағы баяндау, суреттеу мәнері мен тіл, стиль
Публицистикадағы сюжет пен композиция болса, шығарманы жазуда, оны орындау үстінде әдіс – тәсілдерге бастайтын көркемдік – поэтикалық құралдар екені белгілі. Публицистикадағы сюжет жинақы икемді болып келеді. Мұнда шұбалаңқылыққа жол жоқ , онда материал әлсіз шығып, оқушысын тұшынтпайды. Экспозиция, байланыс, даму, шарықтау шегі мен шешім неғұрлым тығыз бірлікте болады.Сонда ғана журналист шығармасы оқырман үшін әсерліде, қызықты болады. Мұны айтқанда творчествоның енді бір құндылығын арттыратын жайт – тіл мен стильге соқпай өтуге болмайды. Тілдік элементтер, стильдік тапқырлықтар материалдың жанды әсерін күшейтетін құралдар қатарына жатады. Сонымен бірге қандай да бір творчестволық шығарманың мән –мазмұнына әр беріп, бояуын көркейтетін алғы шарттар.
Бұлардың өзі айналып келгенде матеиал жазу процесінде үлкен рөл атқарып, журналист творчествосының дұрыс орындалуын қамтатамсыз етпек. Жақсы шығарманың дүниеге келуі осындай заңдылықтарды тиісінше қолдануға байланысты. Публицистика жанрларындағы баяндау, суреттеу, монолог пен диалогты қиыстырып қолдану да творчествоның шұрайлы шығуына жеткізетін жолдар. Осыларды қолдану мен пайдалану нәтижесінде өзіндік қолтаңба, өзіндік мәнер-сипаты келіп шығады. Авторлық қолтаңбаға жету жолында өзіндік әдіс –тәсілдер көрінуі шарт. Онсыз творчестволық ерекшелік айқындалмайды, жазған материал әдеттегі көпшілік стандартта орындалып, трфаретке, схематизмге ұрынады. Мұның өзі творчествоның олқылық, кемшілігі болып шығатыны түсінікті.
Түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы журналист тәжірибе жинаақтап шеберлікке ұмтылуы тиіс. Ал шеберлікте шек болмайды. Творчествоның уақыты өте –келе жаңа қырлары ашылатыны сөзсіз. Осы орайда творчестволық шабыттың орны ерекше. Шабыт – творчество адамының күш –қуатын арттырып, сенімін күшейтіп, қанаттандыратын, жоғары пафосқа жетелеп, рух беретін ғажайып құбылыс. Шынындада осы жақсы шығарманың өмірге келуіне әсер етеін тылсым бір қозғаушы күш екеніне сөз жоқ. Шабыт бар жерде журналист қиялы да өрістей түседі. Творчествоға, публицистикаға деректілік қажет болумен бірге, қиял да қажет. Бірақ ол шындықтан, ақиқаттан ауытқымауы лазым. Журналист қиялы өмір шындығына негізделсе құба – құп! Өмірдің, мәселенің мән – маңызын ашуы – журналистің басты парызы. Әрі бұл оның кәсіби маманы ғана емес, адамгершілік қасиетін ашатын жайт. Журналист ең алдымен азамат бола білуі керек.Қолжазбаның тілі мен стилі туралы түсініктеме. «Стиль» этнонимінің түп-төркіні, оның жалпы сипаттамасы. БүгінгіБАҚ материалдары тіліне қойылатын талаптар: дәл де нақтылық, мейілінше қысқалақ, айқындылық, образдылық, кең мағыналылық, құндылық, көркемділік, т.б. Тіл ғылымының лексикалық, фразеологиялық, емлелік және стилистикалық салаларының нормалары және редакциялау кезінде оларға мән беру қажеттігі.Редактордың автор стиліне арақатынасы. Шығарманың жанры мен тақырыбына байланысты тілдік бөліктердің ерекшеліктері мен дұрыс қолдану жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |