5В050800 «есеп және аудит»


F5 – есептемені басу. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет3/5
Дата17.06.2016
өлшемі403.5 Kb.
#141553
1   2   3   4   5

F5есептемені басу.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тізім бағаналары деген не?

2. Тізім қандай бағаналардан тұрады?

3. Проводкаларды қалай таңдауға болады?

4. Проводкалар журналын қалай толтырылады?

11-тақырып. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді

автоматтандыру.
Дәріс жоспары:


  1. Типтік операция режимі

  2. Типтік операция артуын түзету.

1.Кәсіпорында болған барлық шаруашылық операциялары операциялар журналына енгізіледі. Бухгалтерлік оперцияларды журналға енгізуді автоматтандырудың екі түрі бар:



  • Типтік операция режимі,

  • Құжаттау мен есептеулер режимі.

Типтік операция режимі.

Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың «сценарийі» жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.

Типтік операция менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операция (Типовые операции)» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға типтік оперция тізімі шығады.

Тізімі қарап шығуға және түзетуге оңай болу түшін арнайы топқа біріктірілген. Типтік операциялар тізімінде сол жағында --- топтар белгісі бейнеленген. Бірінші бағанада типтік операция үлгісінің тобы мен атауы көрсетілген. Сол жақтағы бағана – жұмысшы, онда әртүрлі шартты белгілер мен типтік операция үлгісі тізімінің жолдары көрсетілген.

--- бұл жол типтік операция үлгісінің қалыбы болып есептеледі. Қалып операцияларды енгізу үшін қолданылады.

--- бұл жол типтік операция үлгісі тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы типтік операция тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін типтік оперция үлгісін таңдауға болады.

--- типтік операциялар тізіміндегі сатылы түрді көрсетуді алып тастаған топтардың тақырыбы.

Қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Қарап шығатын топтардың сатылы деңгейіне байланысты ашық топтар жолы бірнеше болуы мүмкін. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.


2.Типтік операция артуын түзету.

Типтік операция артуын түзету үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Өзгерту (Изменить)» командасын таңдау керек. Немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын немесе пернелер тақтасынан Shift+Enter пернесінің қосындысын басу керек. Түзетуді аяқтау Enter пернесі немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басу арқылы орындалады. Түзетуден бас тарту үшін Еsc пернесін басу керек.



Типтік операция тобын құру.

Типтік операцияға жаңа жол енгізу келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:



  • Типтік операция терезесіндегі құралдар панелінен --- кнопкасын немесе

  • Ctrl+F9 пернесінің қосындысы немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жаңа топ (Новая группа)» командасын тандаңыз.

Егер тізімге енгізілген жаңа типтік операция тобы нақты бір топқа жазылу керек болса, онда алдын ала сол топқа өту керек. Типтік операциялар тізіміне жаңа топ үшін автоматты түрде жаңа жол қосылады. Осы жолға топ атын теру керек. Топ аты 80 символдан аспауы және типтік операция тізімінде қайталанбауы тиіс. Топ аты терілгеннен кейін Enter пернесін басу керек.Жаңа топ құрудан бас тарту Еsc пернесі арқылы орындалады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Типтік операция режимі деген не?

2. Құжат арқылы журналға енгізуге болады?

3. Шаруашылық операциялар журналын қалай шығарады?

4. Проводкалар журналы қалай толтырылады?

12-тақырып. Типтік операцияны және типтік операция тобын жою.
Дәріс жоспары:


  1. Типтік операция тобын жою әрекеті.

  2. Типтік операцияны енгізу

  3. Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу.

1. Типтік операцияны және типтік операция тобын жою үшін курсорды жойылатын элементке қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:



  • Del пернесін басыңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жою (Удалить)» командасын таңдаңыз.

Экранға шыққан типтік операцияны жою туралы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін типтік операция жойылады. Егер типтік операция тобы жойылатын болса, экранға Типтік операция тобын жоюды орындау қосымша сұраныс терезесі шығады. Иә деп жауап бергеннен кейін осы топқа кіретін барлық типтік операциялар жойылады.
2.Типтік операцияны енгізу.

Операцияларды енгізу үшін типтік операция жазылған тізімнен керекті операцияны таңдап келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:



  • Операциялар үлгісі тізімінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операцияны енгізу (Вести типовую)» командасын таңдаңыз.

Нәтижесінде экранға деректемелерді енгізу сұранысы шығады. Мұндай деректерге операцияның күні, сомасы, қажет болған жағдайда субконто түрі, ТМҚ саны, тағы басқалары жатады. Типтік операцияны енгізудегі үлгі операцияларды қолмен енгізудегі үлгіден бөлектеу. «Жаңа (Новый)» кнопкасын басқаннан кейін үлгінің тақырып жолына типтік операция атауы шығады, ал үлгінің құралдар тақтасына екі кнопка ---Автоматты түрде толтыру (Автозаполнение) және --- Енгізуді жалғастыру (Продолжить ввод) кнопкалары пайда болады. Типтік операция үлгісін ашу барысында --- кнопкасы басылса, автоматты түрде толтыру режимі іске қосылады.
3.Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу.

Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу барысында операция реквизиттерін дұрыс толтыру, оперция проводкаларының тізімін құру және оны дұрыс толтыру ережелері көрсетіледі. Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу арнайы түзету терезесінде орындалады. Түзету терезесін шақыру үшін типтік операция тізімінен керекті операцияны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:



  • F5 пернесін немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Түзету (Редактировать)» командасын таңдаңыз.

Бір немесе бірнеше проводкалардан тұратын бір шаруашылық операциясына тиісті үлгі типтік операция үлгісі деп аталады. Типтік операциямен жұмыс екі режимде жүргізіледі:

  • Типтік операция үлгісін құру

  • Дайын үлгіні қолдану

Типтік операция үлгісіне мыналар жатады:

  • Операция деректемелерін толтыру ережелері: күні, нөмері, сомасы және түсініктемесі

  • Қосымша деректемелерді толтыру ережелері, егер ол операция үлгісінде көрсетілген болса

  • Операция проводкаларының тізімі

  • Проводка деректемелерін толтыру ережелері – шоттар корреспонденциясы, сомасы, субконто, саны, валюта, валюта сомасы

  • Проводка сомасын есептейтін формула.

Экранға типтік операция үлгісін құру терезесі шығады. Терезе екі бөліктен тұрады. Терезенің төменгі бөлігіне операция түрі қолмен енгізіледі. Онда операцияның күні, нөмері, сомасы және қысқаша түсініктемесі, сонымен бірге операцияның бухгалтерлік проводкалары жазылады. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында 1С: Бухгалтерия жүйесінде талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Сондықтан проводкалар тізіміне сәйкес талдамалы есеп обьектісі, саны, валюта түрі және валюта сомасы сияқты деректемелер көрсетіледі. Типтік операцияны толтыру ережелері түзету терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Терезенің жоғарғы бөлігінде проводка сомасын есептеу формуласы жазылады. Бір терезеден екіншісіне өту маустың Shift+F6 пернелерінің қосындысын басу арқылы орындалады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Типтік операцияны қалай енгізуге болады?

2. Типтік операция қандай режимдерде жұмыс жасайды?

3. Типтік операцияға өзгерістерді қалай енгізеді?



13-тақырып. Құжат арқылы шаруашылық операцияларын журналға

автоматты түрде енгізу.

Дәріс жоспары:

1. Құжаттармен әртүрлі амалдар орындау.

2. Шаруашылық операциялар журналдары.

3. Операциялар журналы.


1. Құжаттау режимі 1С: Бухгалтерия программасында құжаттарды қағазға шығарып қана қоймай, қажетті есептеулер мен бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құру үшін қолданылады. Құжаттармен әртүрлі амалдар орындау үшін ең алдымен оны толтыру қажет.

Құжатты операциялар журналына немесе проводкалар журналына енгізу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:



  • Журнал терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Shift+F9 пернесін басыңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Құжатты енгізу (Ввести документ)» командасын таңдаңыз.

Пайда болған тізімнен керекті құжатты белгілеп «Ок» кнопкасын басыңыз. Экранға құжаттың керекті деректерін толтыруға арналған бос бланк шығады. «Басу (Печать)» кнопкасын басу арқылы экранға толтырылған құжат блакісін алуға болады. Құжаттарды таңдаудың ең оңай жолы менюдің «Құжаттар (Документы)» режимін таңдау. Құжаттарды «Операциялар журналына», «Құжаттар журналына» тіркеу және проводкаларды құру үшін «Ок» кнопкасын басыңыз.
2.Шаруашылық операциялар журналдары.

1С: Бухгалтерия жүйесінде кәсіпорынның шаруашылық операциялары туралы деректер журналдарда сақталады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде бірнеші журналдар бар. Журналда әрбір операция бір жолмен берілген, онда сол операцияның болған күні, нөмірі, қысқаша түсініктемесі, сомасы, тағы басқалар берілген.

Барлық журнал үшін нақты уақытқа, кезеңге, айға, тоқсанға, жылға байланысты ғана деректерді шығаруға байланысты көру аралығы қойылады. Операциялар журналы барлық операцияларды және оның бөлігін белгілі бір шарт бойынша таңдауға, қарап шығуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Іріктеу шарты әртүрлі болуы мүмкін. Яғни, талдамалы есептің нақты обьектісі бойынша немесе операциялар сомасы бойынша іріктеуге болады.

Журналмен жұмыс кезінде нақты операцияға тиісті проводкаларды ғана қарауға болады, ал кері жағдайда журғалға енігзілген барлық проводкалар шығады.

Журналдарды шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюдің «Журналдар (Журналы)» режимін таңдаңыз. Экранда жүйедегі бар құжаттар журналдарының тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен керекті журналдың атауын таңдап «Ок» кнопкасын басыңыз.

Экранга таңдалған журнал терезесі шығады. Мысалы, Жалпы журнал ( Журнал общий).



  • Күні-операция күні.

  • Уақыты-операция уақыты.

  • Құжат-осы осы оперцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.

  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.

  • Ақпарат-оперцияның түсініктемесі. Оперцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.

  • Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі.

  • өткен құжат.

  • өтпеген құжат.

  • Жойылуға берілген құжат.

3.Операциялар журналы.

Енгізілген бухгалтерлік операциялардың тізімін қарау үшін 1С:Бухгалтерия программасында Операциялар журналы қолданылады. Онда әр бір операция күнінен, құжат түрінен, түсініктемесінен, сомасынан тұратын бір жолмен көрсетіледі. Операциялар журналында ағымдағы операцияларын қарап шығу мүмкіндігі бар. Операциялар журналын шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюінің «Журналдар (Журналы)» бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басыңыз. Операциялар журналының сыртқы түрі программаның конфигурациясына байланысты шығады.

Операциялар журналы терезенің тақырып жолында журналдағы операциялар қандай аралықта көрінетінін білдіретін аралық көрсетілген. Журнал операциясы экранға кесте түрінде бейнеленіп, оның әр бағанасы операция туралы деректерді көрсетеді. Төменде операциялар журналы бағаналарының атауы мен оның мазмұны берілген. Бағана атауы программаның конфигурациясына байланысты.



  • Күні-операция күні.

  • Уақыты-операция уақыты.

  • Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.

  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.

  • Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.

  • Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі. Журналдарды қарау үшін курсорды, басқару пернелерін немесе қарап шығу сызықшаларын пайдаланыңыз. Журналдағы әрбір жол құжат туралы жазыды көрсетеді, олар күні, ал күнінің ішінде құжат енгізілген уақыты бойынша реттелген. Журналдағы жазудың басына және соңына тез өту үщін сәйкес Home және End пернелерін қолданыңыз. Журнал бойынша курсорды жылжыту үшін келесі мына пернелер қолданылады:

  • Ctrl+\ -келесі күні бойынша құжатқа көшу

  • Ctrl+/ алдыңғы күні бойынша құжатқа көшу.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Операциялар журналы қалай рәсімделеді?

2. Операциялар журналында қандай мәліметтер болады?

3. Шаруашылық операциялар журналдарына мәліметтер қандай құжаттардан жазылады?



14-тақырып. Проводкалар журналы.
Дәріс жоспары:

1.Проводкалар журналын шақыру.

2.Көру аралығы.

3.Журналға енгізілген құжаттармен жұмыс.

4.Бухгалтерлік есеп контуры

1. Проводкалар журналы енгізілген операцияларды бухгалтерлік операциялар тізімі түрінде қарауға мүмкнідік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.

Проводкалар журналын шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюдің «Журналдар (Журналы)» бөлімін таңдаңыз. Проводкалар журналы әр жолы проводкалардың корреспонденцияларынан тұратын кесте түрінде бейнеленеді. Проводка журналының бағаналарында проводкаға, сондай-ақ операцияға тиісті проводкаларға байланысты мәліметтер көрсетіледі. Төменде проводка журналының бағаналарының атауы және оның құрамы келтірілген. Бағана атаулары нақты конфигурацияға байланысты болады.


  • Күні-операция күні.

  • Уақыты-операция уақыты.

  • Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.

  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.

  • Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.

  • Операция сомасы-операция сомаы. Осы операцияның жалпы немесе негізіг сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады.

  • Проводка номері-операцияға тиісті проводканың реттік номері. Егер проводкалар журналының жолы проводкалардың корреспонденциясынан, яғни, оның бөлігінен тұрса, онда корреспонденция номері екі жолдан тұрады. Нөмердің бірінші бөлігі проводка нөмерін, ал екінші бөлігі «/» символымен белгіленген корреспонденция нөмерін көрсетеді. Мысалы, 3/2 нөмірі – операцияның үшінші проводкасын, проводаның екінші корреспонденциясын білдіреді.

  • Шоттар жоспары-проводканың дебеттік және кредиттік шоттарын анықтайтын шоттар жоспарының атауы.

  • Дебет шоты-проводканың кредиттік шоты.

  • Субконто- проводка субконтосы. Бірнеше бағана болуы мүмкін. Біріншіден, проводкада дебеттік және кредиттік субконто, екіншіден, көп өлшемді талдамалы есеп обьектісі, яғни дебеті мен кредитінде екі немесе одан да көп субконто мәні көрсетілуі мүмкін.

  • Валюта-проводкадағы валюта атауы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.

  • Бағам-проводканың ағымдағы валюта бағамы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.

  • Саны-проводка саны. Егер конфигурацияда анықталған болса, сандық есеп жүргізу үшін қолданылады.

  • Вал.Сомасы-валютамен берілген проводка сомасы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.

  • Сома-проводка сомасы.

2. Көру аралығы.

Көру аралығы журналды қарап шығу барысында нақты уақыт аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазудың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Аралық (Интервал)» бөлімін таңдаңыз. Экранға «Журналдың параметрлері (Параметры журнала)» диалогы шығады.

Сәйкес өріске құжаттардың көріну аралығының бастапқы және соңғы күнін теріңіз. Журналда осы көрсетілген күнге байланысты ғана құжаттар, операциялар, проводкалар шығады.

Журналдағы жазулардың орналасу тәртібі.

Журналдарды жазу:



  • Күні бойынша

  • Күннің ішінде құжаттың уақыты бойынша,

Егер жүйеге бірнеше құжат бір күнде немесе бір уақытта енгізілген болса, онда олар енгізілген тәртібі бойынша реттеледі.
3. Журналға енгізілген құжаттармен жұмыс.

Барлық құжаттар «Құжаттар журналына» тіркеледі. Құжаттарды қарап шығуға және түзетуге ашу үшін, журналдағы сол құжатты таңдап Enter пернесін басыңыз. ТҮзету енгізілгеннен кейін оны сақтау үшін «Ок» кнопкасын немесе түзету енгізуден бас тарту үшін «Бас тарту» кнопкасын басыңыз. Бар құжат негізінде жаңа құжат енгізу үшін, журналдағы жаңа құжат енгізуге негіз болатын құжатты таңдаңыз. Программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Негізінде енгізу (Ввести на на основании)» режимін таңдап және құжаттар тізімінен құжаттың түрін таңдап «Ок» кнопкасын басыңыз. Экранда кейбір деректемелері толтырылған құжаттың түрі шығады, қажетті деректемелерді толтырып журналға жазу үшін «ок» кнопкасын басыңыз. Ал құжатты құжатты көшіру үшін құжаттар журналынан сол көшірілетін құжатты таңдап, менюдегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Көшіру (Копировать)» режимін таңдаңыз. Экранда берілген кестеден керекті деректемелерді түзетіп, оны журналға жазу үшін құжаттар журналынан жойылуға тиістіқұжатты таңдап, программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жою (Удалить)» режимін таңдаңыз.Оны алып тастау үшін барлық терезелерді жауып менюдің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Белгіленген обьектілерді жою (Удалить помеченных обьектов)» режимін таңдаңыз.


4. Бухгалтерлік есеп контуры мынадай кешендік есептерден тұрады:

  • негізгі құралдар (НҚ) және материалдық емес активтер (МЕА) есебі;

  • еңбекақы есебі;

  • кассалық және қаржылық-есептеу операциялары;

  • қаржылық шоғырландыру және бухгалтерлік есептемелер.

Бухгалтерлік есеп мәселелерінің кешеніне кассалық және қаржылы есеп беру операциялары; валюталық операциялар есебі; тауарлы-материалдық құндылықтар есебі; негізгі құрал жабдықтар және материалдық емес активтер есебі; еңбек және жалақы есебі; нақты шығындар есебі; бас кітапты жүргізу және баланс құру; салықтық есеп; жиынтық және шоғырландыру, бухгалтерлік, қаржылық есеп беру; халықаралық стандарттар бойынша бухгалтерлік және қаржылық есеп берулер жатады. Мұнымен қатар жоспарлау, жобалардың орындалуын бақылау; бюджеттін орындалуын бақылау; ресурстарды пайдалануды бақылау; сапаны бақылау; қайтарымдар мен шағым талаптарды жұмыспен өтеу; орындаушылар тәртібін бақылау есептері шешіледі.

Талдау мәселесі тобына мыналар жатады: жоспардың орындалуын және ресурстарды пайдалануды талдау; қаржылық және шаруашылық қызметін талдау; техникалық құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануды талдау; маркетинг шаралар мен жарнамалық компанияландың тиімділігін талдау; сапаны және шағым талаптар мен қайтарымдарды анықтайтын факторларды талдау.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Проводкалар журналы қалай жасалады?

2. Бухгалтерлік есеп контуры қандай есептерден тұрады?

3. Құжаттар журналы қалай толтырылады?



15- тақырып. Құжаттар операциясының проводкасын қарауға және

түзетуге ашу.

Дәріс жоспары:

1. Проводкалар журналына өту.

2. Журналдан іздеу.

3. Бастапқы қалдықты енгізу

1. Құжат операциясы проводкаларын ашу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:


  • Құжат үлгісіндегі құралдар тақтасынан немесе журнал терезесідегі --- кнопкасын таңдаңыз,

  • Программа менюінің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Опереция проводкасы (Проводки операции)» командасын таңдаңыз немесе

  • Программа менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Құжат (Документ)» бөлімін таңдап, онан кейін «Операцияны ашу (Открыть операцию)» командасын таңдаңыз.

Операциялар журналына өту.

Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:



  • Құрадар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктін ашып, «операциялар журналына өту (Перейти в журнал операции)» командасын таңдаңыз.

  • Ctri+F11 пернесін басыңыз.

Проводкалар журналына өту.

Проводкалар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:



  • Құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Программаның бас менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Проводкалар журналына өту (Перейти в журнал проводок)» командасын таңдаңыз.

2. Журналдан іздеу.

Журналдан іздеп табу үшін курсорды журналдың сол бағанасына қойып, пернелер тақтасынан ізделетін мәннің символын таңдаңыз. Журналдан іздеу курсор тұрған жерден бастап төмен қарай жүргізіледі. Құжаттар нөмірі бойынша іздеу үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Нөмері бойынша табу )найти по номеру)» режимін таңдаңыз. Экранда «Құжатты нөмері бойынша іздеу (Поиск документа по номеру)» терезесі шығады, құжаттың нөмерін теріп «Ок» кнопкасын басыңыз. Құжатты кез келген шарт бойынша іздеу үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Іздеу (Поиск)» режимін таңдаңыз. Экранда «Іздеу (Поиск)» терезесі шығады.

Керекті мәнді теріп Іздеу (Поиск) кнопкасын басыңыз.


3. Бастапқы қалдықты енгізу.

Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасымен жүргізуді жаңа тоқсаннан бастау ұсынылады.

Бастапқы қалдықты енгізбес бұрын мынадай амалдарды орындау керек:


  1. кәсіпорында қолданылатын шоттарды анықтау.

  2. субконто түрін және субконтоның өзін анықтау.

  3. талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу белгілерін қою.

  4. есепті кезеңді анықтау «жыл, жарты ай, тоқсан, ай». Қалдық өткен кезңге (жыл болса өткен жылодың соңғы айына, тоқсан болса өткен тоқсанның соңғы айына, ай болса өткен айдың соңғы күніне) енгізіледі.

  5. операциялардың көріну аралыған анықтау. Қалдықты енгізу күні үшін әдетте айдың соңғы күні алынады.

Қалдықтың дұрыстығын тексеру.

Қалдықтарды журналға енгізіп болғаннан кейін оның дұрыстығы тексеріледі. Ол үшін «Қалдық-айналым ведомосын» қарап шығу жеткілікті. Егер қалдық дұрыс енгізілсе, 000 шоты бойынша соңғы Дебеттік және Кредиттік қалдықтар нолге тең болуы керек. Қалдық-айналым ведомсының дұрыстығын тексергеннен кейін кәсіпорынның шаруашылық қызметі басталады. Бұл кезеңде күнделікті кәсіпорында болған шаруашылық операциялары проводка немесе құжат түрінде Журналға енгізіледі және осы енгізілген проводкалар мен құжаттар негізінде керекті есеп беру құжаттары алынады.

Енгізілген проводкалар негізнде нәтижесінде нәтижені тоқсан, жыл, ай және кез келген кезеңде алуға болады. Нәтижені есептегеннен кейін программа мынадай тізімдемелерді береді:


  • жиынтық проводкалар

  • қалдық-айналым ведомосы

  • талдамалы есеп обьектісі бойынша қалдық-айналым ведомосы

  • карточка-шоттары

  • талдамалы есеп обьектісінің нақты обьектісі бойынша карточка шоттары

  • шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп обьектісі бойынша)

  • барлық шоттар бойынша талдау есебінің обьектісіне талдау жасау

  • барлық шоттар бойынша талдау есебі обьектісінің карточкасы

  • журнал-ордерлер

  • шоттарды талдау

  • бас кітап

  • шахматка

  • ведомостар және тағы басқалар.

Журналдарда деректер жыл бойына сақталады, яғни бұрынғы проводкаларға түзету енгізуге, қарауға және тағы басқа да деректерге қол жеткізуге болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Бастапқы қалдықтарды қалай енгізуге болады?

2. Операциялар журналына өту қалай орындалады?

3. Журналдан іздеу қалай жүргізіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет