|
Медициналық информатика
|
3
|
5
|
Әлемдік ақпараттық жүйелер, Медбиофизика
|
Медицинадағы заманауи компьютерлік технологиялар, Симуляциялық технологиялар негіздері
|
Мақсаты: Халықтың денсаулығын сақтау сапасын арттыруды қамтамасыз ететін компьютерлік технологияларды пайдалану есебінен медицинадағы ақпараттық процестерді оңтайландыру.
Мазмұны: Медициналық ақпараттандыруға кіріспе. Биология және медицинадағы модельдеу. Биомедициналық деректерді статистикалық талдау. Емдеу-диагностикалық үдерістегі медициналық ақпараттық жүйелер.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:
медициналық информатиканың теориялық негіздері;
медицина және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге арналған компьютерлік қосымшалар.
Орындай алуы тиіс:
дәлелді медицина, клиникалық зерттеулерді автоматтандыру;
денсаулық сақтау жүйесінде басқаруды ақпараттандыру мәселелерін шешу үшін қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды қолдану;
ішкі аурулар клиникасында диагностика, алдын алу, емдеу және оңалту мақсатында медициналық ақпараттық жүйені қолдану.
Меңгеруі тиіс:
медициналық информатика теориясымен, сондай-ақ медицина және денсаулық сақтау қосымшаларында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану практикасын.
|
8
|
Автоматтандырылған жобалау және өндіріс жүйелері
|
3
|
5
|
Модельдер және басқару әдістері
|
Медицинадағы заманауи компьютерлік технологиялар, Денсаулық сақтаудағы менеджмент, Денсаулық сақтаудағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және технологиялар
|
Мақсаты: Автоматтандырылған жобалау және өндіріс жүйелері түсінігін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің кеңінен қолдануының және солардың мүмкіншіліктерін, өнеркәсіптік бұйымдардың өмір айналымында АЖЖ жобалау және өндірісті дайындау кезеңдеріндегі жұмыстарды автоматтандыруды, ЭЕМ көмегімен құрастыру және сызуды меңгеру және қолдану жайлы білімі мен біліктілігін арттыру.
Мазмұны: Заманауи өндірістегі автоматтандырылған жобалау жүйелері. Кәсіпорынның автоматтандырылған жүйесін жобалауды ұйымдастыру жолдары. Жоспар құрамы мен құрылымы. Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ). Құру мақсаты мен міндеттері. АЖЖ құру процесінің құрылымы мен мазмұны. АЖЖ бағдарламалық қамтамасыз ету. АЖ ақпараттық қамтамасыз ету. САПР лингвистикалық қамтамасыз ету. АЖЖ аппаратуралық сенімділігін анықтау әдістері. АЖЖ жергілікті есептеу желілері. Автоматтандырылған жүйелерді жобалау үшін AutoCAD арнайы бағдарламалық құралдары.
|