Студенттердің зерттеу жұмыстарының тақырыптары:
1) Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді математикалық қамтамасын жобалау
2) Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасын құрастыру.
3) Ақпараттық жүйе немесе ішкі жүйе маманының автоматтандырылған жұмыс орнын
(АЖО) бағдарламалық қамтамасын құрастыру
4) Жеке ішкі жүйелердің желілік бағдарламалық қамтамасын құрастыру
5) Қолданбалы бағдарламаларды құрастыру: утилиталар, эксперттік, сараптау жүйелері
және де тесттік бағдарламалар.
Іс-тәжірибе жетекшілері студенттермен бірге олардың зерттеулерінің нәтижелерін,
әдістемесін, бағдарламасын талқылайды, нақтылайды және оның орындалуын
бақылайды.
Дипломдық жобаның тақырыбына сәйкес студент экономика, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы бойынша материалдарды жеке-жеке жүйелеуі және оқып-үйренуі
керек.
Диплом алдындағы іс-тәжірибе мақсаты – оқыту процесінде студенттердің алған
білімдері мен дағдыларын бекіту және іс-тәжірибелік оқытуды теориямен байланысын
қамтамасыз ету. Студент диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту нәтижесінде:
Білуі керек:
1. құрастырылатын немесе жаңартылатын бағдарламалық өнімді жобалаудың негізгі
принциптерін;
2. көпмодульді бағдарламаны жинақтау принциптері және оның құрамдық бөлімдерін
функциялауды;
3. сыртқы және ішкі бағдарламалық интерфейс;
4. бағдарлама жұмысын алып жүретін хабарламалар жинағы
5. деректер қорын жобалау принциптері, деректер қорын басқару жүйенсін таңдау
(ДҚБЖ), реляциялық ДҚБЖ.
6. деректер қорын пәндік облыстың ақпараттық моделі ретінде пайдалану;
7. таңдалған бағдарламалық өнім жобасының қалған мүмкін нұсқалар алдындағы
артықшылығын;
8. бағдарламалық өнімді құрастыру және безендіруде пайдаланылатын негізгі
стандарттарын;
9. ақпаратық технологиялар мен жүйелердің даму перспективалары және жаңа
жетістіктерін;
10. алгоритмдерді құрастыру және анализ негіздерін;
11. өндірістік процестерде қауіпсіздік техникасын;
12. компьютерлік бағдарламаларды құрастырудың негізгі этаптары мазмұнын;
13. құжаттық және фактографиялық түрдегі ақпараттық-іздеу жүйелерін;
Достарыңызбен бөлісу: |