1. ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАСЫ Диплом алдындағы іс-тәжірибенің мақсаты студенттерді жобалық-конструкторлық
және өндірістік есептерді шешуге, дипломдық жобаны (жұмысты) орындауға, ғылыми
зертеуді өз бетінше жүргізуге дайындау болып табылады.
Диплом алдындағы іс-тәжірибенің тапсырмасы: зерттеуді жоспарлау, ұйымдастыру
және жүргізу, компьютерлік жүйелер мен желілерді бағдарламалық және аппараттық
қамтамасыз ету облысында жобалық-конструкторлық жұмыстар, компьютерлік жүйелер
мен желілерді эксплуатациялау бойынша есептерді шешуге қатысу, баяндама дайындау
және мамандар алдында баяндама жасау, дипломдық жобаны (жұмысты) жазу туралы
ережеге сәйкес материалды талдау және жинау.
2. ІС-ТӘЖІРИБЕ МАЗМҰНЫ Диплом алдындағы іс-тәжірибенің маңызды факторы - әр студенттің дипломдық
жобасының нақтылығы, яғни, іс-тәжірибе өтілетін фирманың (мекеменің)
қажеттіліктеріне жауап беру керек.
Диплом алдындағы іс-тәжірибе жүйелер мен желілерді бағдарламалық және
аппараттық қамтамасыз етуді жобалау, құру және енгізуде ғылыми проблемелармен
айналысатын ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық фирмаларда, банктер мен
акционерлік қоғамдарда өтеді.
Мүмкін жұмыс орындары: аға техник, инженер міндетін атқарушы,
бағдарламалаушы және т.б. Іс-тәжірибе барысында студенттер әртүрлі жүйелер мен
бөлімдердің іс-әрекетін басқару құрылымын, бар деректер қорының, ДҚБЖ, ақпаратты
бейнелеу, түрлендіру, алмасу және жинақтаудың техникалық құралдары мен
алгоритмдерінің негізгі ішкі бөлімдері мен жалпы құрылымын талдайды және оқып
үйренеді.
Дипломдық жобаның арнайы бөлімінің тақырыбы болып табылатын сұрақтарды
жүйелі түрде талдау керек. Нәтижесінде студент зерттеу есебін өз бетінше құрастыруы,
оның актуальдылығын көрсетуі, зерттеу әдістемесін құру, мүмкін болатын есеп
қойылымын формальдауы, зерттеу көлемін көрсетуі керек.
Студент алынған нәтижелерді талдап оны хабарлап тыруы керек, өз жұмысын
бағалауы, қорытындылар және ұсыныстар жасай алуы, олардың экономикалық
тиімділігін анықтай білу керек.
Жұмыс нәтижелерін студент лабораторияда семинар отырысында, фирманың
техникалық жиналысында баяндайды