5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар



бет13/25
Дата24.04.2016
өлшемі3.64 Mb.
#78878
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25


Курс мазмұны

Фотографияның деректі құраушысы. Фотожурналистика –бұқаралық ақпарат құралының бір бөлігі ретінде. Фотожурналистика жанрлары – репортаж, очерк, фотосерия. Сахнаға жарамды және репортажды жұмыс жасау әдістері. Уақиғалық түсірілім. Дайындық – аппаратура таңдау, объективтер, пленокалар; түсірілім түріне байланысты түсірілім жоспарының үлгілі жоспары – политикалық, өндірістік немесе мәдени уақиғалар. Отырыстар, пресс-конференциялар түсірілімінің ерекшеліктері. Олардың сөз сөйлеулерінің мазмұнын қысқаша жазу және пресс-релиз бойынша дұрысталуы. Мәтін бойынша жұмыс жүргізу.

Мәдени уақиғалар түсірілімі – театралды премьералар, концерттер, кітап презентациясы және т.б. Қалған кадрлар санын бақылау. Өндірістік түсірілім. Техника қауіпсізідігінің шараларын сақтау, тексеру немесе алып жүруші тұлғалармен кеңесу. Жарықтандыру шарттары алдын ала болжамсыз.

Политикалық түсірілім уақиғалары – митингтер, пикеттер, жиналыстар. Бекітілмеген жағдайлардан сақ болу, кейін полицияның шырмауына түспеу үшін. Күтпеген апат уақиғаларның түсірілімдері – жер сілкіну, өрт, су басу. Өте сақ болу. Міндетті немесе қажетті серіктеспен бірге жұмыс жүргізу.

Сот жүйесінің мәжбүрлік акциясының түсірілімі. Кей жағдайда апат оқиғаларынан да қауіпті. Бірге жұмыс жасаған әріптестермен ынтымақтастық. Жаныңдағыларға еш қауіпсіздік төнбеу үшін оларға көз қиығын салып жүру.

Жасырын түсірілім – объект оның бейнесі түсіріліп жатқанын білмейтін жағдай. Жасырын камера этикасы. Жеке фотокөрме ұйымдастыру және дайындау.




Кәсіби қолданыстағы ағылшын тілі

Курс 5, семестр 9, 10


Пән коды

ПДAYP50904

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит


Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.


Мақсаты

Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білімдерді меңгеру, оқу мәтіндерін оқылым, түсінілім, мағыналық және грамматикалық талдау дағдыларын қалыптастыру


Алдыңғы деректемелер

Курсты меңгеру үшін студенттерде ағылшын тіліндегі бастапқы біліктер мен дағдылар болуы тиіс


Кейінгі деректемелер

Бұл пән бойынша алынған білім мамандыққа қатысты терминдердің лексикалық мағынасын түсінуге негіз болады


Тьюторлар

доц. Бедельбаева Р.К.


аға оқытушы Атабаева Ф.К.

Кафедра

«Тілдер»


Байланыстар

Тел: 387 32 28


Оқу жұмыстарының түрлері

Практикалық сабақтар


СӨЖ, СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

- жаттығулар орындау;


- тест тапсырмаларын орындау;

- ауызша тапсырмалары дайындау

- мәтіндерді аудару т.б.


Бақылау түрлері

білімді ауызша бақылау, компьютерде тестілеу (қорытынды)


Күтілетін нәтижелер

- оқи және сөздікпен аудара білу

- ағылшынша мазмұндама жаза білу

- ағылшынша дұрыс сөйлей білу

Курс мазмұны

Оқылатын шет тілінің лексикалық, грамматикалық нормалары. Лексика: сөзжасамдық модельдер; мамандық профиліне сәйкес базалық терминдердің лексикалық минимумы. Грамматика: негізгі сөз таптары – зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, предлог; жай және құрмалас сөйлемдер құрылымы; сөзжасамның негізгі модельдері. Оқылым: танысу, іздену, зерттеу және қарап шығу үшін оқу дағдылары.



Адам ресурстарын басқару психологиясы

Курс 5, семестр 9, 10



Пән коды

ПДPUR50904


Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Алдыңғы деректемелер

  1. Жалпы психология

  2. Мамандыққа кіріспе

  3. Зоо психология

  4. Клиникалық психология

  5. Жас ерекшеліктері психологиясы

  6. Психология бойынша практикум

Кейінгі деректемелер

  1. СПТ негіздері

  2. Психотерапияның теориялық-методологиялық негіздері

  3. Мамандану практикумы

  4. Саяси психология

  5. Заң психологиясы

  6. Этнопсихология

Тьюторлар

Психол.ғ.к., доцент Тихомирова С.В.

Психол.ғ.д., профессор Акажанова А.Т.

Психол.ғ.д., доцент Ахтаева Н.С.


Кафедра

«Психология»

Байланыстар

Тел. 387 36 47

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:

- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)





Курс мазмұны
Персоналды басқару –  (ағылш. Human Resource Management, HRM) – ұйымды «сапалы» (өзіне жүктелген еңбек қызметін дұрыс атқаруға қабілетті) мамандармен қамтамасыз етуге және оны барынша тиімді пайдалануға бағытталған білімдер мен практикалық қызмет саласы.

Персоналды басқару тұрғысынан алғанда, персоналды тиімді пайдалану ұйымдағы топтар мен индивидуумдардың оң және теріс уәждерін айқындап, оң уәждерді ынталандырып, теріс уәждерді жою, сондай-ақ ондай әсерлерді талдау есебінен жүзеге асырылады. Персоналды басқару бақылау концепциясында басқарудың (менеджмент) сапалық жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Түрлі дереккөздерде басқа да атаулары кездеседі: еңбек ресурстарын басқару, адам капиталын басқару, кадрлық менеджмент, персонал менеджменті.


Деректі фильм режиссурасы

Курс 3, семестр 5


Пән коды

ПДRDF30505

Жалпы сыйымдылығы

1 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

15 с.

Мақсаты

Экран өнерінің болашақ шығармашыл қайраткерлерін деректанудың теориялық негіздері жөніндегі білімдермен, сондай-ақ шығармашылық жұмысты тиімді етіп ұйымдастыруға қажетті біліктермен қамтамасыз ету.

Алдыңғы деректемелер


1. Режиссура1

2. Режиссура 2

3. Монтаж 1

4. Монтаж 2,



Кейінгі деректемелер

1.Ғылыми – көпшілік кино түсірілімдері 2

2. Режиссура 3, Режиссура 4



Тьюторлар

доцент а.қ. Чикаев Р.Ш.

доцент а.қ.Васильев М.И.

доцент а.қ.Сулеев А.К.


Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ


СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Кадр жасау

Фильм түсіру (5 мин.)



Бақылау түрлері

Кадр жасау (Р1)

Фильм түсіру 5 мин.) (Р2)

Емтихан (қорытынды)


Күтілетін нәтижелер

Болашақ туындының басты концептуалды идеясын өзі үшін анықтай білу; бүкіл шығармашылық құрамның (драматург, оператор, суретші, сазгер, дыбыс режиссері, аниматор және басқа өндірістік қызметкерлер) күшін басты міндетті орындауға, көркемдігі жоғары кинематографиялық туынды жасауға бағыттай отырып, шығармашылық процесті тиімді басқара білу.


Курс мазмұны
Деректі киноның пайда болуы, оның әлемдік киноматография даму тарихындағы мәні мен алатын орны. Деректі кино жанры. Деректі очерк, портрет.

Спецификалық монтажды ойлау фотоколлажы ретінде.

Артавазда Пелешан дистанционды монтаж әдісі бойынша Деректі фотофильм монтажы. Деректі кино элементтерінің құрамасы.

Авторлық позиция. «Жасырын камера». Мүмкіндіктердің шекарасы. Жанр этикасы. Провокациялық әркеттер. Фильм монтажы.

Жаңалықтар сюжеті. Жағдай орнынан репортаж. Комплектация принциптері және архив деректерімен жұмыс жасау әдістері.

Мәдениет және өркениет әлемі

Курс 3, семестр 5


Пән коды

ПДMKC30505

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді адамзаттың бүкіл тарихи даму барысындағы мәдени жетістіктерімен таныстыру, түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің құбылыстарын өз бетімен талдауға үйрету, қоғамның қазіргі кезеңдегі рухани және материалдық мәдениеті дамуындағы құбылыстар мен үрдістерді оқу барысында объективті межелеуіштер мен құндылықты бағдарларды қалыптастыру.

Алдыңғы деректемелер

1. Социология

2. Қазақстан тарихы



Кейінгі деректемелер

1. Әлем әдебиеті тарихы

2. Қазақ әдебиеті тарихы



Тьюторлар

проф. Габитов Т.Х.

доц. Калпетходжаева С.К.

доц. Зырянов В.И.


Кафедра

«Аймақтану және халықаралық қатынастар»

Байланыстар

Тел. 387 32 24

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Кеңестер

СӨЖ


СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2), компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

- адамзаттың мәдени жетістіктерін тану мен бағалауда өзіндік ұстанымын айқындау;

- зерттелетін проблеманың мәнін түсіну, талдау, өз бетімен және сындарлы ойлау;

- мәдениеттанымдық білімнің түрлі қырларын бөліп көрсете білу, оларды күнделікті және кәсіби салада практикалық шешімдерді негіздеу үшін қолдана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет