5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған


Шағын жылулық ағындардың өлшегіштері арқылы тоңазытқыш құбырларының жылуизоляциясының жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау



бет10/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

1.2 Шағын жылулық ағындардың өлшегіштері арқылы тоңазытқыш құбырларының жылуизоляциясының жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау

Эксплуатация процессінде құбырлардың изоляциясы бірнеше факторлардың әсерінен өздерінің жылу қорғау қасиеттерін төмендетеді.. Осыған байланысты, изоляция арқылы өтетін жылуағындарының нақты мөлшерін анықтау үшін суық құбарлардың изоляциясын периодты түрде тексеру қабылданған. Сонымен қоса жаңадан құрылған құбырлардың изоляциясыда тексерісті қажет етеді. Изоляция арқылы жылуағындарды анықтауды арнайы құралдың – шағын жылулық ағындарды өлшегіштің көмегімен жүргізеді

Суық құбырлардың изоляциондық конструкцияларының өндірістік сынағын жылулық ағындарды өлшегіштің көмегімен жүргізу маңызды мәнге ие. Себебі бұл жоспарлау кезінде қабылданған жылуағындардың нақты мөлшерін анықтауға, жұмыс шарты кезінде бақыланатын конструкцияның экономикалық және эффективтілігін қаншалықты тиімді екенін тексеруге, жылуизоляциондық жұмыстардың орындалу сапасын және есептік әдістердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты:

Нақты зертханалық жұмыс шағын жылулық ағындарды өлшегіштің көмегімен суық құбырлардың жылулық изоляциясының өндірістік сынақты жүргізуінің техникасы және әдістемесімен таныстырады..

Зертханалық қондырғы және өлшегіш лента конструкциясының сипаттамасы.

Зерттеу кезінде ішінде суық рассол циркуляцияланатын болатты изоляциялық құбыр қолданылады (сурет 1.2).. Изоляцияның сыртқа бетіне өлшегіш лента 3 орнатылған. Қорғағыш ленталар 2 өлшегіш лентаға тығыз орналтылған.





Сурет 1.2 – Суық құбырдың жылуизоляциясынның жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау арналған зертханалық қондырғының сұлбасы:



1– термопараны орнатуға арналған изоляциядағы тесік,; 2қорғағыш лента; 3 – өлшегіш лента; 4 – термопара; 6 – потенциометр; 6, 7, 8 – байланыстырғыш тоқтар ; 9ауыстырғыш ; 10 – термопара
Изоляцияның сыртқа бетіндегі ленталардың жабысу тығыздығы лентаның ұшындағы ілгіштердің көмегімен жүзеге асырылады.

Суық құбырдың бетіндегі температура 1 изоляция тесігіне орнатылған термопара 10 арқылы өлшенеді. Қорғағыш лентадағы t2 температура 4 термопара көмегімен өлшенеді. ЭҚК мөлшері 5 потанциометрмен өлшенеді. 5.

Өлшегіш лентаның конструкциясының негізіне қосымша қабырға принципі тән. Өлшегіш лента өз кезегінде ұзындығы 600-630 мм, ені 60-65 мм, қалындығы 4-6 болатын резеңкелі лента болып табылады.

Лшегіш лента үш бөліктен тұрады: термопаралар және қалындығы 1-1,5 мм болатын екі қорғаушы резеңкелі қабаттардан тұратын ленталар орналасқан 3-4 мм қалындықтағы резеікелі материалдан жасалатын орташа жұмыс бөлігі. Бұл қабаттар термоэлементті механикалық зақымдаулардан және сыртқы ауа әсерінен қорғайды. Лентаның жұмысшы бөлігінде 150-200 дана бір бірімен біріктірілген термопаралар орналасқан.



Жұмыс көлемі қосады:

1) Жылулық ағын өлшегіштің қондырғысымен, қорғағыш лента, зерттеу сұлбасымен, өлшеу құралдарымен танысу;

2) Бақылау журналымен және зерттеуді жүргізу әдістемесімен танысу;;

3) Суық құбыр және изоляция бетіндегі температураны, өлшегіштің ЭҚК өлшеу;

4) Зерттеу нәтижесін өндеу, есепберуді безендендіру.

Жұмысты орындау реті:

1Қондырғының қызмет ету инструкциясымен және техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу.

2Қондырғының зертханалық сұлбасымен танысу.

3Зерттеу құралдарының қосылуын және дұрыстығын сынақ стендінде тексеру.

4Бақылау журналымен және нәтижелерді өңдеу әдістемесімен танысу. Жылулық ағын өлшегіштерінің және өлшегіш құралдардың техникалық сипаттамаларын жазу.

5Өлшеулер жүргізу және нәтижелерін бақылау журналына енгізу (кесте 1.2).
6 Есептеу жолымен – өлшегіш тұрақтысының мәнін, меншікті жылулық ағынды, конструкция жылуөткізгіштігінің эквивалентті коэффициентін анықтау.
1.2 кесте – Бақылау журналы

Өлшемдер №

Өлшеу уаұыты t, сағ, мин

Өлшегіш лентаның ЭҚК, мв

Термопараның көрсеткіші, мв

Термостағы температура tТ, ◦С

Изоляция астындағы құбыр бетінде, t1

Қорғаушы лентаның астында, t2

1

2

3

4

5

6





































Есептеу кезеңіндегі орташа мән















Зертханалық жағдайда орнатылған режимді тудыру мақсатында стенд алдын ала дайындалады; құралдар көрсетулері әрбір 5-10 минут сайын 30-40 минутқа алынып тасталынады.


Сынақ нәтижелерін өңдеу:

Сынақ температурасы кезінде өлшегіш тұрақтысының мәні



с = со (1 - αиtи) ккал/(м2·сағ·мв),

(1.2.1)

Құбырөткізгіштің сыналатын конструкциясынан өтетін меншікті жылулық ағын

qF = ес ккал/(м2·сағ),


(1.2.2)

мұндағы е – потенциометр көмегімен өлшенген өлшегіш лентаның нақты ЭҚК, мв.

Металл құбыр бетінің температурасы t1 мен изоляция бетінің температурасы t2 потенциометрмен өлшенген термопалар үшін ЭҚК орташа мәні бойынша сәйкес графиктермен анықталады.

Бірқабатты конструкция үшін жылуөткізгіштік коэффициенті немесе көпқабатты конструкция жылуөткізгіштігінің эквиваленттті коэффициенті мына өрнек бойынша анықталады

λэ = [qF D ln(D/d)] / 2(t2 – t1) ккал/(м·сағ·град),

(1.2.3)

мұндағы D – изоляцияның сыртқы диаметрі, м;

d – изоляцияның ішкі диаметрі немесе металл құбырдың сыртқы диаметрі, м;

t2 – қорғаушы лентада орнатылған термопаралардың көрсетуі бойынша изоляция бетінің температурасы, °С;

t1 – изоляция астындағы құбырдың бетіндегі температура, °С.

Материалдың жылуөткізгіштік коэффициенті температураның сызықты функциясы болып табылады, сондықтан да сынақ кезінде жылуөткізгіштік коэффициентінің мәні қандай орташа температураға сәйкес келетіндігі хататмада көрсетілу керек. Изоляцияның жуықталған орташа температурасы орташа арифметикалық сияқты анықталады.



tср = (t2 + t1) / 2 ◦C.

(1.2.4)


Есеп берудің мазмұны:

1 Жұмыстың атауы мен мақсаты

2 Сынақ өткізуге арналған қондырғы схемасы және өлшегіш құралдардың сипаттамасы.

3 Бақылау журналы.

4 Сынақ нәтижелерін өңдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет