Дәріс мазмұны
3.1. Жөндеудің негізгі жағдайы
3.2. Қондырғының тозуы және оның алдын ала ескертілуі
3.3. Қондырғыны жөндеуді жоспарлау және оны ұйымдастыру
3.4. Жөндеудің әдістері мен тәсілдері
3.5. Қондырғыларды жөндеу технологиясының негізі
3.5.1. Жөндеудің технологиялық процессінің сұлбасы
3.5.2. Бөлшектер мен түйіндердің тазарту және деффектациялау әдісі
3.5.3. Бөлшектердің жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру әдісі
3.6. Компрессорлы агрегаттарды жөндеу
3.6.1. Поршенді компрессорлы агрегаттардың (2А110-7, 2А220-7) бөлшектері мен түйіндерінің негізгі дефектілері
3.7. Винтті компрессорлы агрегаттарды жөндеу
3.7.1. Винтті компрессорлы агрегаттардың (2А350-7) бөлшектері мен түйіндерінің негізгі дефектілері
3.8. Жылуалмасу және көлемдік аппараттарды, сорғыштарды жөндеу
3.9. Шағын тоңазытқыш қондырғыларды жөндеу
3. Тоңазытқыш қондырғыларды жөндеу
3.1. Жөндеудің негізгі жағдайы
Техникалық қызмет көрсету уақыттың белгілі бір шегіне дейін тоңазытқыш қондырғылардың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді. Обьектінің жұмыс істеу қабілетіне және оның техникалық ресурсына немесе реусурсының құрамалы бөлшкетеріне қатысты операциялар жиынтығы жөндеу деп аталады. Бұл операциялардың құрамына тозған бөлшектерді, құрамалы бірліктер немесе құрамалы комплекстерді ауыстыру немесе қалпына келтіру, қондырғыны техникалық документация міндеттеріне сай келетіндей оның праметрлерін түзету кіреді
Жөндеулер жіктеледі: ресурстардың ағымдық, орташа және капиталдық қалпына келтіру дәрежелері бойынша; техникалық күйі және регламентациясы бойынша.
Ағымдық жөндеу обьектінің жұмыс істеу қабілетін ұзаққа шыдамайтын бөлшектерін ауыстыру немесе кайта құру жолымен қамтамасыз ету немесе қалпына келтіруге арналған. Орташа жөндеу ұзаққа шыдайтын бөлшектерін ауыстыру немесе кайта құру жолымен обьект ресурсын үлкейтуге және жөнделетін жерін қалпына келтіруге арналған. Капиталды ремонт толық ресурстың базалықты қосқанда оның әрбір бөлшектерін ауыстыру немесе кайта құру жолымен жөнделетін жерін қалпына келтіруге арналған
Жөндеу жоспарлық деп аталады егер ол нормативті техникалық документацияның (НТД) міндеттеріне сай құралса және жоспарлы емес, егер ол алдын ала белгілеусіз орындалса. Регламентирленген жөндеу – бұл жоспарлы жөндеу НТД бекітілген преиодикалық және көлемді орныдалатын, жөндеу басталар кезде обьектінің техникалық күйіне тәуелді емес. Регламентті жөндеудің артықшылығы, онда жөндеудің түрі белгілі болады, олар пероидтты түрде жүреді. Бұл жөндеуге дайындалуға және оны шығынсыз өткізуге мүмкіндік береді.
Техникалық күйі бойынша ремонт – жоспарлы ремонт, техникалық күйінің бақылануы НТД бекітілген көлемде және периодтылықпен жүреді, ал көлемі және жөндеудің басталу уақыты обьектінің фактылық күйіне байлынысты анықтайды. Техникалық күйі бойынша жөндеу регламентирленген жөндеуге қарағанда көлемдік тексеру бойынша нұсқамадан ғана тұрады Жеке жөндеу операцияларының көлемі тексеру нәтижесіне толық тәуелді болады.
Обьектінің фактылық күйінің мониторингімен бірге автоматтандырылған жүйенің эксплуатациясы қатысты бағалық процедураларды қолдану, техникалық қызмет көрсету жүйесінің оптимизациясы және жөндеуі үздіксіз бақылауды және өлшеуді қатамасыз етеді. Бұл жүйе әрбір қондырғы обьектісінің фактылық қасиетін үздіксіз бақылауды, бөлшектерерді, обьектілер түйіндерін оперативті тексеруді, осы негіз бойынша техникалық қызмет көрсетуді және техникалық күй бойынша жөндеуді қамтамасыз етеді.
3.2. Қондырғының тозуы және оның алдын ала ескертілуі
Жұмыс процессі кезінде немесе белгілі бір уақыт аралығында машиналар немесе аппараттар бөлшектері физикалық материалды тозудың нәтижесінде қондырғыда техникалық документация міндеттерін қанағаттандырмайды. Материалдық тозу механикалық, жылулық және химиялық факторлардың ісерінен туындайды. Тозу серпімді дефформацияда, бөлшектердің қалпының немесе геометриялық өлшемінің, металл құрылысының, төзімділік сипаттамаларының және т.б өзгеруі кезінде байқалады. Тозу нәтижесінде жарылыстар, саңылаулар өзгереді жұмыс кезінде шу және діріл жоғарылайды Соңғы нәтижесінде тозу түзетілудің және жұмыс қабілетінің жоғалуына әкеп соғады. Механикалық тозу үйкеліс күшінің әсерінен, газ бөлшектерінің, будың, сұйықтың және әр түрлі текті қысымдардың соқтығысу әсерінен пайда болады. Механикалық тозу үйкеліс күші әсерінен, абразивті, эрозиялық, күштік және жылулық қысым әсерінен кавитациялық төзу деп жіктеледі.
Үйкеліс күші әсерінен тозу үйкелетін беттердің, бөлшек материалдарының бір біріне әсерінің ұзақтығына, беттік үйкеліс өңдеуінің сапасына, бір біріне қатысты денелердің орын ауыстыру жылдамдығына, қысымына және басқа да факторларға байланысты
Аброзивті тозу құм және металл бөлшектерінің соқтығысуы нәтижесінде пайда болады. Аброзивті тозуді алдын ала ескертудің негізгі әрекеті болып тоңазытқыш қондырғылар жүйесінің эксплуатацияға өткізер алдындағы нақты тазартылуы. Аброзивті тозу металл емес материалдарды қолдану кезінде бөлшектердің төзуінен окалина немесе металлдық бөлшектер плассмасаның жұмсақ бетіне өтіп кетеді де оны наждаттық тақтай күйіне айналдырады.
Бөлшектің эрозиондық тозуі газ, бу немесе сұйықтың бөлшектерінің үлкен жылдамдықпен қозғалуының әсерінен пайда болады. Эрозиондық тозуге компрессор клапандары, запорлы және түзеткіш араматурала және т.б ұшырайды.
Шаршау тозуы ауыспалы қысымдар нәтижесінде пайда болады. Беттік шаршау тозуы үлкейтілген микрожарылыстар түрінде туындайды. Роторлар, біліктер, шатундық болттар, пружиналар, клапандар пластиналары, тісті дөңгелектер – шаршау тозуына көо шалдығытын бөлшектер тізімі келтірілген. Шаршау тозуы кернеу концентрациясының орындарында пайда болады. Бөлшектерді құрау кезінде шаршау тозуын болдыртпау үшін бір диаметрден келесісіне өту кезіндегі тез ауысулардан өтуге тырысады, бөлшекті термиялық және пластикалық деформацияның әр түрлі әдістері арқылы металл бетін өңдейді.
Кавитациондық тозу ауалық немесе булық көпіршіктер түзілгенде сұйық ағынының үздіксіздігінің бұзылуы кезінде бөлшек бетінде гидравликалық соққылар туындағанда пайда болады. Кавитациондық тозу центрдентепкіш сорғыштардың жұмыс дөңгелектеріне тән
Тозу күштік қысымдардың (майысу, айналу, соққы) әсеріненбөлшектің серпімді деформациясында туындайды. Біліктер, роторлар, шпондық және тесіктік қосылыстар және т.б бөлшектер қысымның әсер етуінен жұмыс бетінің формасын өзгертуі мүмкін. Сапасыз жинамалардың салдарынан есептіктен жоғары қысымда немесе соққылық қысымдар нәтижесінде мұндай қосылыс бөлшектері тек деформирленбейді сонымен қатар кесіледі, болттары ұзартылады, қима профилі майысады.
Тозу жылулық әсер ету кезінде де серпімді деформация ретінде байқалады және металлдың ползучестығына байланысты. Көмірқышқылды болаттар үшін ползучестығы 3750С температурада, ал легирленгендерде 4200С байқалады.
Коррозиондық тозу металлдың қышқылдық күйге ауысуымен аяқталады. Қышқылдандыру нәтижесінде металлдар электрондарны жоғалтады және оксидтер, гидрооксидтер немесе тұздар түзіледі. Металлдардың ортамен әсерлесу механизмі бойынша химиялық және электрохимиялық коррозия ажыратылады. Жүретін процесстер негізі және коррозиядан қондырғыларды қорғау әрекеттері 2.4.5.5 бөлімде сипатталған.
Тозуды алдан ала ескертудің қажетті талап етілуі – қондырғыларды эксплуатациялау ережелерін сақтау. Тозуды төмендету үшін бөлшек материалының сапасын жоғарлатады, біріктірілетін бөлшектер үшін жақсы сәйкестендірілетін материалдарды таңдайды, үйкелетін бөлшектерді өңдеу жиілігін жоғарылатады, үйкелетін жұптардың бөлшектінің жағу сапасын және режимін жақсартады
Машина бөлшектерінің тозуы – табиғи процесс, сол себепті қондырғының қызмет көрсету және құрастыру ережелерін сақтай отырып эксплуатация процессі кезінде бөлшектердің мөлшері және қасиетінің өзгеруі қалыпты тозу деп атайды. Ары қарай эксплуатациялау бола алмайтын тозу шектік деп аталады. Жоғары қысымда қондырғыларды эксплуатациялау, эксплуатациялау ережелерін бұзу, сапасыз құрасытыру немесе жөндеу авариялық тозу әкеп соғуы мүмкін. Ававриялық тозу кезінде бөлшектердің мөлшері және қасиетінің өзгеруі шекті күйдің аумағынан шығады (сурет 3.1).
Сурет 3.1. Q тозудың өзгеруі, Z (a) қарсылықтар интенсивтілігі, бөлшектің есептік периоды кезіндегі үйкеліс буларының кедергілерінің бастапқы саңылаулары (б) және өңдеу периоды кезіндегі G бөлшектің кеңдігінің өзгеруі (в)
Сонымен қатар катастрофиялық тозу да ажыратылады. Бұл кезде эксплуатацияның есептелген уақыттың асып кетуіне немесе қондырғыға түсетін қысымның артуына байланысты бөлшектің бұзылуы жүреді..
Үйкеліс күші әсерінен болатын тозу механикалық тозудың ең бір кең таралған түрі болып табылады. Тозу интенсивтілігін өзінің өмір сүру ұзақтылығына байланысты үш облысқа бөліп қарастыруға болады (сурет 3, а): Өңдеу облысы, қалыпты тозу облысы, катастрофиялық тозу облысы
Өңдеу облысы бөлшектердің жоғары тозуымен, әсерлесулердегі саңылаулардың ұлғаюымен сипатталады (сурет 3.1, б). Өңдеуден кейін эксплуатациялау процесінде әсерлесулерде тозу және саңылаулар үлкейеді. Бірақ эксплуатацияның есептелу уақытының аяғында саңылаулардың ұлғаюы және бөлшектердің тозуы шектікке жақындайды және болдыртпаулар саны жоғарылайды. Қызмет көрсетудің шекті уақытына жеткеннен кейін тозу интенсивтілігі жоғарылайды.
3.3.Қондырғыны жөндеуді жоспарлау және ұйымдастыру
Жөндеудің жоспарлы-алдан ала ескерту әдісіне негізделген қондырғыны жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесі – бұл қауіпсіз және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық кәсіорындардың жиынтығы.
Жөндеудің жоспарлы-алдан ала ескерту (ЖАЕ) жүйесіне техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және жоспарлы жөндеу кіреді:
Ағымдық және профилактикалық тексеру Т, ағымдық А, кіші К, орташа О және капиталды К. Техникалық қызмет көрсету жоспарлы жөндеу жұмыстары арасында бастапқы түрде ауысым ішінде немес аспалу персонал күштері арқылы жүреді. Техникалық қызмет көрсетуге кіреді эксплуатациялық күтім (тазарту, сыртқы тексеріс, жағу, ақауларды көрсету, журналдағы барлық қателіктерді түзету) және техникалық күтім ( шағын ақауларды болдыртпау).
Ағымдық (профилактикалық) тексеру жоспарлы тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұл кезде цилиндрлерді,клапандарды, мойынтіректерді ашады, негізгі бөлшектердің тозуын анықтайды техникалық күтімнің барлық жұмыстарын орындайды.
Ағымдық жөндеу – бұл жөндеудің бір түрі жеке құрамалы бірліктердің жұмыс істеу қабілеті қалпына келтіріледі және қызмет ету уақыты бір жылдан сапайтын ұзаққа шыдамайтын бөлшектер ауыстырылады. Орташа жөндеу машиналардың бөлшектік бөлшектеу және тозған бөлшектерді қалпына келтіру немесе ұзаққа шыдайтын бөлшектерге ауыстыру.
Капиталды жөндеу қондырғының жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру үшін орындайды. Капиталды жөндеу кезінде машинаны толық бөлшектейді және базалықты қосқанда ұзақ уақыт қызмет ететін бөлшектермен ауыстырады немесе қалпына келтіреді. Әрбір орташа жөндеудің көлемі алдыңғы жөндеудің көлеміне кіреді. Мысалы, орташа жөндеудің көлемі алдыңғы жөндеудің барлық жұмыстарын қосады. Капиталды жөндеуге машиналардың модернизациялық жұмыстары немесе қондырғалардың автоматтық және механикалық бойынша жұмыстары да кіруі мүмкін.
3.4. Жөндеудің әдісі және тәсілдері
Жөндеуді ұйымдастыру кезінде орталықтандырылған, деорталықтандырылған және аралас жөндеу тәсілдерін ажыратады.
Орталықтандырылған тәсіл кезінде жөндеу жұмыстарын кәсіпорын цехының жөндеу-механикалық күшінің көмегімен немесе реттік ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады. Бұл тәсілді көшіруге және демонтажға ыңғайлы болатын массасы аз қондырғылардың бір типті мөлшері көп болған кезде қолданады. Орталықтандырылған тәсіл заттық мамандандыру жолы арқылы қондырғының нақты бір түрін арнайы жабдықталған аумақта жөндеген кезде немесе мамандандырылған жұмысшылырдың біліктілігінің есебімен еңбек үнемділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Деорталықтандырылған тәсіл кезінде жөндеу жұмыстары цех персоналдарының күшімен орындалады. Бұл тәсіл әртүрлі типті қондырғылар кезінде қолданылады. Бұл жағдайда жөндеу-механикалық цехы қосымша бөлшектерді ғана жасайды және өндірістік цехтың жұмысшылары орындай алмайтын жұмыстың жеке түрлерін орындайды. Көп жағдайларда аралас тәсіл қолданылады. Бұл кезде капиталды ремонт орталықтандырылып орындаладығ ал ағымдағы жөндеу және тексеру жұмыстары – деорталықтандырылады.
Қондырғыларды түріне, типіне және санына, оның мөлшері мен массасына, жөндеушілердің квалификациясына байланысты жөндеудің әр түрлі әдістері қолданылады.
Индивидуалды әдіс кәсіпорында саны аз болатын қондырғыларды жөндеуде қолданылады. Бұл әдіс жөндеушілердің жоғары квалификациясын, жөндеуде ұзақтылықты қажет етеді және жөндеу процессінің механизациясын қолдануда қиындыққа әкеледі.
Түйіндік әдіс біртипті кәсіпорында саны жағынан көп қондырғыны жөндеуде қолданылады. Түйіндік әдіс кезінде бөлшектер және құрамалы бірліктер ауыстырылады, ал шешілгендері қалпына келтіріліп қосымша ретінде сақтайды. Түйіндік әдіс өндірімділігі орта және шағын тоңазытқыш қондырғыларын жөндеуде кең қолданылады.
Кезекті-түйінді әдіс конструктивті негізделген құрамалы бірліктері бар қондырғыларды жөндеуде қолданылады.
Агрегатты әдіс жөндеу базасына дейін қондырғының көшірілуіне немесе демонтадына үлкен шығындар қажет болмағанда, яғни жөндеудің орталықтандырылған тәсілі кезінде қолданылады. Арнайы мамандандырылған зауыттарды қолданғанда тоңазытқыш агрегаттарының капиталды жөндеуі үшін қондырғыларды 300-500 км арақашықтықта көшіру экономикалық тиімді
Ағындық әдіс өндірістік комбинаттардағы конвейерде немесе ағындық сызықта тек қана тоңазытқыш агрегаттарын жөндеуде қолданылады. Ағындық әдіс өндіруді және жөндеу сапасын жоғарлатуға, жұмыстың өз бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
3.5. Қондырғыларды жөндеу технологиясының негізі
3.5.1. Жөндеудің технологиялық процессінің типтік сұлбасы
Жөндеудің технологиялық процессін әрбір жөнделетін обьект үшін ерекшеліктерін ескере отырып жасайды. Негізі тоңазытқыш қондырғысын жөндеудің технологиялық процессінің жалпыланған сұлбасы келесілерді қосады: техникалық күйіне баға, жүйеден ажырату, жөндеуге өткізу, тазарту жне жуу, дефектация, жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру, тәжірибеден өткізу және эксплуатацияға жиберу
Жөндеуге жіберердің алдында бақыланатын параметрлерінің мәні және жұмыс істеуінің сыртқы белгілері бойынша техникалық күйін анықтайды. Обьектіде орнатылған автоматика қондырғыларының жұмыс істеу қабілетін обьектінің функционирленуі уақытында тексереді.
Ашу алдында обьектіні жұмыс ортасынан (хладагенттен, майдан, хладнотасығыштан, судан) босатады және қысылған ауамен үрлейді. Обьектіден сақтандырғыш клапанын, бақылау-өлшегіш құралдарын, электрохимиялық қорғаушы протекторларын шешеді, ал патрубкаларға тығындар орнады. Магистральді құбырлардан обьектіні құбырлар фланецтері және тығынды вентилдердің арасынад орнатылған төсеніші бар тығындар арқылы ажыратады. Осыдан кейін обьект қажетті жөндеу документациясымен, қосымша бөлшектер жиынтығымен және қосалқы материалдармен бірге жөндеуге жіберіледі.
Жөндеу документациясына сай обьектіні құрамалы бірліктер және бөлшектерге бөлшектейді, сонымен қатар бөлшектеу көлемі жөндеу түріне байланысты.
Бөлшектерді жуу және тазартудың технологиялық операцияларын жөндеу жұмысы кезінед бірнеше рет іске асырады, себебі олар басқа жұмыстарды орындауда қажетті шарттар жасайды.
Дефектация процессі кезінде түйіндер мен бөлшектердің техникалық күйі анықталады , сонымен қоса оларды сұрыптау жүреді.
Бөлшектер мен түйіндерді қалпына келтіру кезеңі жаңа бөлшектерді жасау жолы, түйіндерді тұрақтандыру және басқа да жөндеу операцияларын орындау арқылы бөлшектер мен түйіндерді қайта жасауды болжайды.
Құрастыру операциясы бөлшектер мен құрамалы бірліктердің жөндеу документациясына сай кезектік қосыластардан, сонымен қоса бөлшектердің орналасу орнын тексеруден және функционалды біріктірілген түйіндерді түзетуден тұрады
Обьектіні тәжірибеден өткізу жалпы жағдайда құрама дефектілерін көрсетуге, функционалды түйіндерді жұмысқа қабілетті күйге өтуге, обьект және оның түйіндерінің беріктігін және бітеулігін тексеруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін обьект жөнделген күйде қалпына келтірілген техникалық ресурстарымен актпен расталып, эксплуатацияға жіберіледі.
3.5.2. Бөлшектер мен түйіндердің дефектациясы және тазарту әдістері
Бөлшектің беті қалыпты жағдайда, мысалы маймен, оның бөліну өнімдерімен, қатты бөлшектерімен, коррозия өнімдерімен, органикалық және минералды қалдықтарымен ластанған. Ластануды ингибитрден тұратын 5-10 пайыздық тұз қышқылы ерітіндісімен механикалық тазарту және жуу жолымен кетіреді. Тазартылған бөлшекті сілтінің 2 пайыздық ерітіндісімен мысалы, NaOH, содан кецін сумен жуады. Майлар және олардың бөліну өнімдерін еріткіштермен (бензинмен, керосинмен, уайт-спиртпен төртхлорлы көміртегімен) және сулы сілтілі жуғыш ерітінділермен кетіреді. Бензин және төртхлорлы көміртегі қалпағы бар ванналарда, вентиляциямен жабдықталған ғимараттарда болу керек. Керосин болатты және қазандық бөлшектерде коррозия тудырады. Каустикалық содаға негізделген жуғыш ерітінділер болатты және қазандық бөлшектерді майландыру үшін қолданылады. Каустикалық сода алюминий және оның құймаларын бұзады. Майланған бөлшектердіқысылған ауамен үрлеу арқылы сумен шаяды және кептіреді. Қара және түсті металлдан жасалған хладонды қондырғының бөлшектері тек қана еріткіштермен тазартады.
Қалыпты жағдайда дефектация екі кезеңде жүреді: көрінетін дефектілерді (жарылыс, деформация) анықтау үшін алдымен визуалды, содан кейін құралдардың көмегімен тозу және жасырын дефектілерді анықтайды. Бөлшектердің тозуын бөлшектер арасындағы саңылаулардын номиналды (бастапқы) мөлшері және қалпының өзгеруі бойынша анықтайды. Мөлшерінің өзгеруін қатты тозған тегістер мен қималар бөлшектерінің өзгеруінің нәтижесінде анықтайды. Бөлшек формасының цилиндр түрінде ауытқуы профилінің екі түрінің ауытқуы бойынша сипатталады – көлденең және тік қима. Цилиндрдің көлденең қимасы кезіндегі ауытқу шеңберден ауытқуымен сипатталады, ал профильдің тік цилиндрлі қима кезіндегі ауытқуы конустәрізді болады.
Жасырылған дефектілерді дефектоскопияның түрлі әдістері арқылы табады, мысалы, капиллярлы, ультрадыбыстық. Капилярлы әдіс майеріткіш сұйықтыққа негізделген бояғыш қосу арқылы көрінбейтін жарылыстарға еніп, сосын пенетратпен ттазартылған тексерілетін бөлшектің бетінежағылған сорбентпен жұтылады. Бұл әдістің керосинді сынақ деп аталатын қарапайым нұсқасы былайша іске асырылады. Тексерілетін бөлшекті тазартады, қысалған ауамен үрлеу арқылы кептіреді, керосинмен жуады және сүртеді. Сосын мелдің сулы ертіндісімен жабады. Мел жарылыстың ішіндегі керосинді жұтады және ылғалдылық кепкеннен кейін ақ фонда жарылыс контурын қайталайтын сары сызықтар пайда болады. Капилярлы әдіс кең таралған, себебі дефетілерді анықтауды және іске асыруды оңай.
Ультрадыбыстық әдіс материал қалындығымен бірдей немесе одан жіңішке орналасқан дефектілерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ ол күрделі техникалық заттарды қажет етеді. Дефектация нәтижесінде кайта калпына келетін немесе ауыстыруды қажет ететін жұмысқа қабілетті бөлшектер мен түйіндер анықталады.
3.5.3. Бөлшектердің жұмысқа қабілетті күйінің қалпына келтіру әдісі
Тоңазытқыш қондырғылардың көп бөлігінің жұмыс істеуден шығып қалуы тозудан болатын компрессорлар, сорғыштар және винтиляторлардың жұмыс қабілетінің бұзылуына байланысты. Тозған бөлшектерді жөндеу олардың нлминалды мөлшерін немесе жаңы мөлшерге дейінгі өзгертулерін қалпына келтіру жолы арқылы орындайды. Қалпына келтіру әдісін таңдау кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктеріне және экономикалық мақсатына байланысты болады. Бөлшектердің номиналды мөлшерін қалқыту, шандату, гальваникалық қаптаумен сонымен қосымша бөлшектерді орналастыру арқылы қалпына келтіріледі.
Қалқытуды қалындығы 0,25 мм және одан көп әр түрлі формадағы бөлшектердің өлшемдерін ұзарту және тозуға төзімділігін жоғарылату үшін қолданады. Қалқыту бөлшекті ешбір қыздырусыз орындайды. Одан кейін қабатың тазалық өңделуі қажет етіледі. Мысалы, буынды білік мойнының диаметрін алюминді қазандықтың тербелетін электродының электродоғалық кеңқабатты қалқытумен қалпына келтіріледі.
Шаңдату ерітілген металл бөлшегі қабатының бетіне сығылған газ ағысын жағуынан тұрады. Шаңдату цилиндрлы формалы (төлке, цапфа) қатты күш түсірілмеген бөлшекті қалпына келтіруде қолданылады Материалды шандатудан кейін бетті тазалық өндеуден өткізу қажет.
Бөлшектерді қалпына келтіру үшін электрлік хромдау және металлдандыру жиі қолданады. Хромдау жоғары беріктік және тозуға тұрақтылық қажет болғанда күш түсірілген бөлшектің (білік мойныны, поршенді саусақ, мойынтірек сақинасы) бетінде шағын қабатты өсіруде (0,3 мм дейін) қолданылады. Металлдандыру болатты және қазандық бөлшектердің тозған бетінде қалындығы 8 мм және одан көп металлды өсіруге мүмкіндік береді.
Қосалқы бөлшек білік немесе тесіктің тозған бөлігін ауыстыру үшін жасайдыБұл бөлшекке қысымның түсірілуіне байланысты оны престейді ерітеді және жабыстырады.
Бөлшектің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөндеу өлшемі жолы арқылы алу бөлшек өлшеміне сай келетін механикалық өндеу нәтижесін алдын ала бекітілген мән бойынша өзгертеді. Ал онымен әсерлесетін бөлшек жөндеу өлшеміне сай ауыстырылуы немесе жасалуы керек. Қалыпты жағдайда қымбат бөлшек (білік) жөнделеді, ал арзан болшек (төлек) алдын ала дайындалады. Сериялық шығарылатын қондырғылар үшін бөлшектің жөндеу мөлшері белгілі, бұл арнайы мамандандырылған кәсіпорныдарда жасалған басқа бөлшектермен біріктіруге мүмкіндік береді. Мысалы, поршенді компрессорларда П110-7, П220-7 білік мойынының біріктірілуі ғана – шатун астарының екі жөндеу өлшемі қарастырылған, ал 6W925R компрессорларында төрт жөндеу өлшедері бар төрт біріктіру қарастырылған.
3.6. Компрессорлы агрегаттарды жөндеу
Компрессорлы агрегатты тоқтатудан бұрын оның құрамын кіретін компрессордың, аппараттардың, арамату және автоматика құралдарының техникалық күйін тексереді. Агрегатты құбырлар жүйесінен запорлы вентилдердің көмегімен хладогенттен, майлардан және судан босатып, тоқатып ажыратады. Аммиакты поршенді және винтті агрегаттарды жөндеу кезінде орындалатын негізгі операцияларға мыналар жатады.
Ағымдық жөндеу кезінде техникалық тексеру операциясына қосымша келесілерді орындайды. Шатунды-поршенді топты, муфталарды, электроқозғалтқышты, тығынды вентильдерді және мановакууметрлерді демонтировать етеді. Шатунды-поршенді топтың, муфталардың, біліктердің және электрқозғалтқыштардың бөлшектерін бөлшектейді, тазартады және дефектация жүргізеді. Буындық біліктің шатунды мойнының күйін тексереді. Шатунды болттардың дефектоскопиясын жүргізеді. Сорғыш клапандардың, компресиондық сақиналар эспандерлерінің, сақтандырғыш коапандар тосемшелерінің, нығыздалған сақиналардың пластиналары мен пружиналарын ауыстырады. Мановакуумметрлерді тексеріске, яғни жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін өлшегіш зертханаларға жібереді.
Түйіндерді жинайды және тексереді: шатунды болттарды тартқан кезде (160Н м), тығын және шатунды мойын арасындағы саңылау (0,10-0,19 мм), сызықты бейтарап кеңістікте қорғасын пластинасының оттискісі бойынша (0,8-1,4 мм), сорғыш клапан пластинасының биіктігі (0,9-1,3 мм. Агрегатты жинап маймен толтырады, битеулілікке тексереді және акт бойынша эксплуатацияға жібереді.
Орташа жөндеу кезінде ағымдық операцияға қосымша келесілер орындалады. Майлы сораптың кері клапандарын демонтирлейді. Содан кейін түйіндерді бөлшектейді, бөлшектерді жуады және дефектация жүргізеді. Сорғыш клапандардың, компресиондық сақиналар эспандерлерінің, сақтандырғыш коапандар тосемшелерінің, нығыздалған сақиналардың пластиналары мен пружиналарын ауыстырады Майбөлгішті беріктікке сынайды, түйіндерді жинайды және аралық тісті доңғалақ және майлы сорапты тісті доңғалақ (0,15-0,35 мм) арасындағы саңылауды тексереді, буферлік пружиналардың тартылуы (9-12 мм). Агрегатты жинап маймен толтырады, битеулілікке тексереді және акт бойынша эксплуатацияға жібереді
Капиталды жөндеу кезінде орташа жөндеу операцияларына қосымша келесілерді орындайды. Электрқозғалтқышты, соңғы білікті демонтирлейді. Блок-картерді 5 мин ішінде 3,5 Мпа қысымда беріктігіне гидравоикалық сынақ жүргізеді. Терлеу және ағуды болдырмайды. Қауыздарды, поршеньдерді, роликті мойынтіректердіғ майлы сораптарды ауыстырады. Агрегатты жинайды, маймен толтырады, бітеулікке тексереді, 1 сағ бос пешке домалатады, вакуумирлейді, хладогенмен толтырады. Ары қарай бояп акт бойынша эксплуатацияға жібереді.
3.6.1. Поршенді компрессорлы агрегаттардың (2А110-7, 2А220-7) бөлшектері мен түйіндерінің негізгі дефектілері
Блок-картер эксплуатациялау процессі кезіндежарылыстардың болуына әкеп соғатын айнымалы кернеудің ісеріне шалдығады, ал мойынтіректер мен гильзалардың орыны тозады. Анықталған жарылыстарды синтетикалық смаламен ерітіп жабыстырады. Орныққан орындардың аздаған тозуы кезінде мөлшерін синтетикалық смаланың көмегімен қалпына келтіреді.
Цилиндр гильзаларының айнасы тозады және материалдардың үйкелісіне әкеп соғады. Тозу бірқалыпты жүрмиді: биіктігі бойынша поршеннің қайтымды-түсетін қозғалысының және гильза айнасына поршендік сақиналардың максималды қысымы әсерінен және қима бойынша бір жазықтықта шатунның айналуынан болады. Бекітілгендей, гильзаның тозуы 1,4 бөлігінде көп және жоғарғы бөлігінде тқһөменгі бөлігіне қарағанда 2,2 есе көп. Ал шатунның кеңістіктік айналуында перпендикулярлыққа қарағанда 1,5-2 есе. Аздаған қатерге ие гильзалар (0,1 мм ден аспайтын) металлдың үйкелуін және ылғалдануын қалпына келтіреді, бұл зақымдауларды ұсақ түйірлі тегістелген қағаз арқылы кетіреді. Егер гильзалар терең қауіптер мен үйкелістер болса ауыстырылады, сонымен қатар ішкі диаметрдің эллиптілігі шекті рұқсат етілген мәнінен асады.
Поршендердің жұмысшы беті тозады және қауіптер мен үйкелістер болуы мүмкін. Егер беттік зақымдаулар шамалы болса, онда оны ұсақ түйірлі тегістелген қағаз арқылы кетіреді. Поршендердің беті гильзалардікі сияқты бірқалыпсыз тозады: шатундардың айналу тығыздығы перпендикулярлыққа қарағанда 1,5 есе үлкен, ал жоғарғы және ортаңғы бөліктерде төмеңгіге қарағанда көп. Бірақ тозу жылдамдығы көп емес – гильзаға қарағанда 10 есе аз. Поршендердің бетінен басқа бобышкалардағы поршендік саусақтарға арналған саңылауларжәне поршенді сақиналарға арналған жырашықтар да тозады. Бобышкалардағы саңылаулардың тозу жылдамдығы перпендикулярлыққа қарағанда жазықтықта максималды қысым әсерінен 1,5 есе көп. Пласмасты поршенді сақиналардың тозу жылдамдығы көп емес (1000 сағ атқарылған жұмыс көлемінде 5-8 мкм). Бірақ ұзақ уақыт периоды аралығында жоғары температураға ие болса, онда сақиналар серпімділігін жоғалтады да сыңғыш болып келеді. Поршеннің тронковый бөлігінің диаметрі және элиптілігі шекті рұқсат етілген мәннен асса поршендерді ауыстырады.
Поршенді саусақтар соққылы қысымдарға ұшырайды, бұл олардың жұмыс бетінің тозуына әкеп соғады.. Төлкемен, тозған бобышкамен байланысы бар саусақтар ауыстырылады
Буынтықты білік айналуды және майысуды туғызатын айнымалы күштердің әсеріне ұшыраған. Кернеу концетрациясының орындарында (тесіктерде, білтек қималарында) шаршаған материалдардан жарылыстар пайда болуы мүмкін, олар біліктің бұзылуына әкеп соғады.
Біліктің мойыны тозады, сонымен қатар қозғалмайтын кернеулерде – мойынтірек сақиналарының астында және тісті дөңгелектерде тозу болуы мүмкін. Әт түрлі мөлшерлі және орынды жарылыстары бар буынтықты білік ауыстырылады. Мойындардағы шағын қатерлер тазартылады, ал мойындарды жылтыратып өндейді және тегістейді.. Егер мойын формасының қателігі рұқсат етілген шектен асса жақын арадағы жөндеу өлшеміне дейін тегістейді және жылтыратады. Мойын диаметрі рұқсат етілген шектен төмендесе мойын диаметрін номиналды қалпына келтіру жолы арқылы жөндеу жұмыстары жүруі мүмкін.
Шатундардың жұмысы айнымалы күштермен сипатталады. Сол себепті шатун денесінде майысу және жарылыстар болуы мүмкін, ал төлкенің жоғарғы және төсеніштің төменгі басы тозады. Түзетуге келмейтін аздаған майысуда жарылыстар , жұмыс бетінің тозуы кезінде шатун ауыстырылады. Шатунның жоғарғы басындағы төлкелер сақинамен байланысқан орында тозады. Терең қауіптер кезінде, диаметр және элипстік шекті мәніне жеткенде төлкені ауыстырады. Шатунның төменгі басының астары қауіпке ұшырауы мүмкін сонымен қатар антифрикациондық қималар тозуы да болады. Шағын қауіптер мен жарықшалар, сонымен қатар құманың ылғалдануы шабрениемен кетіреді. Терең қауіпке ие астарлар маркировка есебі бойынша жұппен ауыстырылады.
Шатунды болттар айнымалы күшке шалдығады, сол себепті деформация ( қзындалу, майысу және стрежендердің айналуы), жарылыстар болуы мүмкін. Жарылыстар, ұзындалу (номиналды ұзындықтан 0,03 жоғары), терең қауіптер байқалған шатунды болттар ауыстырылады – болт және гайкамен бірге.
Клапандар соққы күштерінің шарттары бойынша жұмыс істейді, сол себепті оларды пластиналары жарылысқа, қисықталыға және тозуға ие болуы мүмкін және пружиналары деформирленеді. Жарылыстар, қисықталған нығыздалған 0,01 мм тегістелген белдемше түріндегі пластиналар ауыстырылады.
Шарпылардың ескіруі болатты және графитті сақиналар жұмыс бетінің тозуымен, оларды қауіптің пайда болуымен, сақиналар қисаюымен, ал резеңкелі сақиналар мен пружиналардың серпімділігінің төмендеуімен сипатталады. Қозғалмалы графиттердің бетінен, болат сақиналардан терең есем қауіптерді қазандық тақтасы бойынша жояды. Болат сақиналар жарылыстар пайда болған кезде ауыстырылады. Серпімділігін жоғалтқан пружиналар комплектті ауыстырылады.
Тісті доңғалақты майлы сораптар дефектілерге ие. Ол білік цапфаларының, сорап корпустарының және олардың қақпақтарының тозуына байланысты. . Буат және біліктерді жоғары тозу кезінде ауыстырады. Аз тозуға ие қақпақты тақтайда тегістейді. Корпустың тозған орындарын синтетикалық смаламен қалпына келтіреді. Деформирленген нығыздалған сақиналар ауыстырылады.
Пружиналық сақтандырғыш клапанның техникалық күйі визуалды бақылайды және жылына бір рет тарирлейді.. Тексеру кезінде фторпласттық және резеңкелік төсеніштің күйіне назар аударады.
Жинақталған клапанды ашар алдында берілген қысымда торирлейді және зерттелетін қысымда оның бітеулілігін тексереді.
.
3.7. Винтті компрессорлы агрегаттарды
Техникалық тексеру кезінде орындалатын операция көлеміне қосымша ағымдық жөндеу кезінде келесілер орындалады. Шарпыны, муфтаны, майлы сорапты, электрқозғалтқышты, мановакууммертді демонтирлейді.
Мановакуумметрлер өлшегіш лабораторияға тексеріске жібереді. Компрессор және майлы сораптың сальниктерінің резеңкелі тығыздалған сақиналарын ауыстырады. Агрегат және түйіндерді жинайды, компрессор және электрқозғалтқыштары бар майлы сораптың қабілетін тексереді. Агрегатты маймен толтырады бітеулікке тексереді, вакуумирлейді, қосуға дайындайды және цех басшылығының хаттық бұйрығы бойынша эксплуатацияға өткізеді.
Орташа жөндеу кезінде ағымды жөндеудің жұмыс көлемінен басқа келесілерді орындайды. Компрессорлы агрегаттың, компрессордың кері клапаны және тығынды вентилдерін демонтирлейді. Демонтирленген түйіндер және комплекстердің бөлшектерін бөлшектейді, тазартады және дефектацияға келтіреді.
Жартылаймуфтаны, сальникті, винт берілісінің мойынтірек түйінін, компрессор қақпағын, сору камерасын шешу арқылы компрессорды ббөлшектейді. Содан кейін шешілген түйіндерге дефектация дүргізіледі. Мойынтіректерді, ротор блогынын ішкі бетін, ротор бетін және т.б визуалды бақылайды. Майлы сораптың тығындалғын сақиналарын, компрессор электроқозғалтқыштарының мойынтіректерін, манометрлері бар төлкелерді, соленоидты вентилдерді, жағылатын және салқындатылатын жүйенің тығынды вентилдерін ауыстырады.
Майбөлгіштерді және майсалқындатқыштар арасындағы кеңістікті беріктікке және бітеулікке тексереді. Түйіндерді жинайды және тексереді, мысалы, компрессорды бөлшектеу кезінде корпус және сальник қақпағы арасындағы саңылау, 0,6 МПа ауа қысымындағыкері клапандардың бітеулігін тексереді. Агрегатты жинайды, маймен толтырады, вакуумирлейді, хладогенмен толтырады және акт бойынша эксплуатацияға жибереді.
Капиталды жөндеу кезінде орташа жөндеу операцияларына қосымша келесілерді орындайды Компрессор, жағу жүйесін, майсалқындатқышты демонтирлейді. Демонтирленген комплекстерді бөлшектейді, тазартады және дефектацияға келтіреді. Осылайша ротор мойын тіректерінің тығынды түйіндерін, блоктағы роторды, сору камерасын алып тастау арқылы компрессорды бөлшектейді. Екі перпендикулярлы жазықтықта ротор мойынын өлшейді, керосинмен жуады және сүзгілерді, құбырларды, жаққыш жүйе араматураларын ауамен үрлейді. Бөлшектер және түйіндерді ауыстырады, мысалы, майлы сорапты, компрессордың тығынды вентилін және т.б.
Жинақталған компрессордығ майсалқындатқышты бітеулікке тексереді. Агрегатты жинайды, бояйды, маймен толтырады және арнайы сорап көмегімен майды шығару арқылы жаққыш жүйені тазартады. Содан кейін компрессорды 2 сағ ішінде майдың қысымын(0,2 МПа кем емес) және температурасын (150C). бақылау арқылы домалатады. Домалатқаннан кейін майда ауыстырады, ал сүзгі тазартылады. Сосын агрегатты вакуумирлейді, хлдаогенмен толтырады және тұрақты қысымда 1,15; 1,35; 1,55 МПа 3 сағ домалатады. Жөнделген агрегат акт бойынша эксплуатацияға жіберіледі.
3.7.1. Винтті компрессорлы агрегаттардың (2А350-7) бөлшектері мен түйіндерінің негізгі дефектілері
Компрессордың корпусы сору жағында көлденең ажыратуға ие және сору камерасынан, қақпағы бар ротор блогынан тұрады.
Баббитті құймасы бар төлкелі типті сырғанау мойын тіректері ротор және сору блогында орналасқан.. Мойын тіректердің тозуын үш қиманың өлшеу нәтижелері бойынша есептейтін саңылаудың орташа мәні бойынша анықтайды.
Ротролар сырғанау мойынтіректеріде орнатылған және раиалды мойынтіректердің ротор блогында тіркелген. . Ротор дефектациясы кезінде мойын бетін,радиалды мойын тіректі, сальник сақиналарын қарастырады, сонымен қатар диаметрі және геометриялық формасының қисықталуына байланысты мойындардың тозуын анықтайды. Шағын қатерлерді және өткір ұштарды ұсақ түйірлі тегістелген қағаз арқылы кетіреді.. Мойындардағы сақиналық қауіптер үш шеңберден жоғары ұзындыққа және терңдігі және ені 0,3 мм болса ротор жөндеуге беріледі
Роторлардың көп қысым түсірген поршендерінің техникалық күйі және поршень төлкелерін поршеннің сыртқы беттік тексеру жолы арқылы анықтайды. Роторлардың көп қысым түсірген поршені мен блогы арасындағы радиалды саңылауларының диамтері 0,267 мм басқаратын роторы үшін, ал 0,258 мм жетектегі ротор үшін. Үлкен саңылаулар кезінде поршендер мен төлкелер ауыстырылады. Шпонка және шпондық пазаның енін 0,05 мм дәлдікпен үш нүкте арқылы өлшейді Саңылау рұқсат етілген шектен аспауы керек (0,055 мм).
3.8. Жылуалмасу және көлемдік аппараттарды, сорғыштарды жөндеу
Сораптар және аппарттарды жөндеудің технологиялыұ процессі жалпыланған процесстің құрылымына ұқсас.
Герметикалық центрдентепкіш тік насостар жарылыстан қорғануда ұзақ өмір сүрудің жоғары дәрежесіне ие, сол себепті олардың жұмысқа қабілеттілігі техникалық тексермен (үш айда бер рет) қолдау табады ағымдық жөндеу арқылы ғана қалпына келеді (жылына бір рет). Ағымдық жөндеу кезінде техникалық тексеру операциясына қосымша корпусты, жұмыс дөңгелегін, ротор, артқы қақпақты демонтирлеу арқылы сорапты бөлшектеу жүргізіледі. Сорап бөлшектерінің күйін ротор гильзасын және статор бетін қоса отырып визуалды бақылайды. Насосты бөлшектеп болғаннан кейін ажырағыш саңылаулар енін тексереді. Жинақталған сорапты сынақтық қысым арқылы 5 мин ішінде зерттейді және акт бойынша эксплуатациялауға жібереді.
Жылуалмасу және сыйымдылық аппараттары метталлда кернеуге, айнымалы қысымға, коррозия әсеріне шалдыққан. Вентиляторлар және жылуалмастырғыш аппараттраының араластырғыштары тозады, олардың жылубергіш беттері жылуалмасуды төмендететін минералдық және органикалық қалдықтармен жабылуы мүммкін.
Аппараттың ағымдық жөндеуі техникалық тексерудің операцияларын қосады, сонымен қоса: корпусты бөлшектеу, аппарттың ішкі бөлігін тазарту, төсеніштерді ауыстыру.
Орташа жөндеу ағымдық жөндеу операцияларына қосымша қарастырады: тоттанудан, коорзиядан, шаннан жылубергіш бетін тазарту, бакты тазарту үшін ашық буландырғыштардың демонтажы, жылубөлгіш панелдер секциясын зерттеу және араластырғыш дефектациясы, аппараттардың және құбырлардың жылуизоляциялық конструкциясын ауыстыру.
Капиталды жөндеу орташа жөндеудің операцияларынан басқа ауыстыруды өадағалайды: жылубергіш құбырларды, тығынды араматуралар және сақтандырғыш клапандар. Жылуалмасу аппараттарының құрамына кіретін механизмдер де қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.
Аппарат дефектілеріне мыналар тән: байланыс механизмдерінің тозуы, материалдың коррозиондық бұзылуы, материалдың серпімді деформациясы, қабырғалардың шаршағыш бұзылуы, корпусты бөлшектер мен құбырлардың қабырғаларының шаршағыш бұзылуы, жылуизолцияның ылғалдануы және жылуизоляциялық бөгеуші конструкциясының бұзылуы. Жылубөлгіш ққбырлар коррозия салдарынан нүктелік және бірөлшемді сһматериал жоғалтуларына ие болуы мүмкін. Құбыр қабырғасының қалындығын радиоактивті, ультрадыбысты және электромагнитті қалындық өлшегіш арқылы бақылайды. Құбырдың құбырлармен тор арқылы байланысқан орындардағы ағып кетулерді данекерлеу арқылы жояды. Ылғалданған және зақымданған жылуизоляциялық бгеттердің конструкциясы ауыстырылады.
Технологиялық құбырлардың күйі периодтты түрде тексеріледі, бірақ экусплуатация шарттарына байланысты 4 жылда бір рет. Жүргізу уақыты қондырғының жоспарлы жөндеуіне себеп болады. Тексеріс сыртқы және ішкі болуын,коррозияға шалдыққан жерлері бар құбыр қабырғаларының қалындығын өлшеу, ажыраған қосылыстарды тексеруді қарастырады. Жылулық изоляция аумағы, антикоррозиялық қорғанысы бар араматураларды, тіректерді және т.б элементтерді тексереді. Құбырларға да аппараттардағыдай дефектілер тән.
Нүктелік коррозия немесе қабырға қалындығы бар құбырларды кеседі және жаңасымен ауыстырылады.
Тығынды және реттегіш араматткуралардың техникалық күйін корпусындағы жарылыстардың, конусты шинделдің бетіндегі кауіптің, фторпласты және резеңкелі сақиналардың деформациясының болуына тексереді. Терең зақымдаулар кезінде баббитті белдемшені қайта құяды, сосын шабрения көмегімен қайта қалпына келтіреді. Деформациясы қалпына келтірілмейтін шток ауыстырылады. Сальникты араматураларды жинаған кезде сальникты төсеніштерді ауыстырады. Вентильдер жөндеуден кейін қысммен бітеулікке тексеріледі.
3.9. Шағын тоңазытқыш қондырғыларын жөндеу
Тоңазытқыш және сауда тоңазытқыш қондырғыларыды жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұрады және олардың бұл күйін тезникалық тексерулер мен жөндеуді қосатын ППР жүйесі негізінде қалпына келтіріп отырады. Техникалық тексеру және жөндеулерді мамандандырылған кәсіпорын персоналы жүргізеді. Тексеру және ағымдық жөндеу эксплуатациялау орнында жүргізіледі., орташа және капиталды жөндеулер – арнайы мамандандырылған кәсіпорында жүргізіледі. Сальникті компрессордың нмесес ауалы конденсатор вентиляторының электрқозғалтқышы демонтирленеді. Конденсатордың жылубөлгіш бетін жуады. Мойын тіректерді тазартады және электрқозғалтқыштың жаққыш материалымен ауыстырылады. Саудалы тоңазытқыш қондырғыларының суытылатын секциясының есіктері тығынды қондырғылар мен бөлшек дефектілерін ауыстыра отырып, бітеулікке тексеріледі.
Эксплуатациялау кезінде жоюға келмейтін зақымдауларды обьектіні демонтирлейді және арнайы мамандандырылған кәсіпорындарға жөндеуге жібереді. Обьектіні жөндегіш цехта қабылдайды және қалпына келтірілген аналогты агрегатты иесіне береді. Компрессорлы агрегаттың оташа жөндеуі кезінде келесілер орындалады. Бөлшектейтін, шайылатын және тазартылатын агрегаттарды блоктарга демонтирлейді. Дефектілерге ие клапандардың төсеніштерін, пластиналарын және пружиналарын және басқа да бөлшектерін (поршенді саусақ, шатунның жоғарғы басының төлкесі, сальник, шатунды болт) ауыстырады. Қажетті жағдайда блок-картер, цилиндр, буынтықты білік, клапанды тақтай, сонмен қоса конденсатор, несирвер, буландырғыштар және жылуалмастырғыш қалпына келтіріледі.
Компрессорлы агрегаттың капиталды жөндеуі кезінде орташа жөндеу операциясынан басқа келесілер кіреді. Цилиндрлер, поршендер, клапанды тақтайлар детальдарының гильзаларын ауыстырады. Блок-картерді, буынтықты білікті, конденсаторды, ресиверлерді, буландырғыштардығ жылуалмастырғыштарды қалпына келтіреді. Қалпына келтірілген араматура, жылуалмастырғыш және сыйымдылықта аппарттарды берәктәгәне және бітеулігіне қысыммен сынақтан өткізеді, құралдарды автоматты қорғанысқа келтіреді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1.Тоңазытқыш қондырғылардың негізгі беріктігі жайлы мағлұматтар
2. Тозу түрлері
3. Аппараттар мен құбырлар жүйесін коррозиядан қорғау
4. Тоңазытқыш қондырғыларының жоспарлы-ескрету жөндеу жүйесі
5. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
6. Кернелердегі орналастыруларды қалпына келтіру әдісі
7. Қондырғы бөлшектері мен түйіндерін слесорлы-механикалық тәсіл арқылы қалпына келтіру.
8. Пластикалық деформация әдісі арқылы бөлшектерді жөндеу
9. Наплавка арқылы бөлшектерді жөндеу
10. Шаңдату арқылы металлдандыру
11. Электрлік қаптау арқылы бөлшектерді қалпына келтіру
12.Полимерлі материалдарды жөндеу кезінде қолдану
13. Жөндеудің технологиялық процессі
14. Компрессорлар мен қосалқы механизмдерді жөндеуге дайындау
15. машиналарды бөлшектеу және жинаудың жалпы мағлұматтары
16. Машина және бөлшектерді тазарту және майсыздандыру
17. Бөлшектер дефектациясы
18. Бекітілген бөлшектер және резьбалық қосылыстардың негізгі мағлұматтары
19. Поршенді компрессорларды жөндеу
20. Винтті компрессорлар түйінін және бөлшектерін жөндеу
21. Компрессорларды жинау және сынау
22. Вентилятор және сораптарды жөндеу
23. Амиакты тоңазытқыш қондырғылары аппараттарының классификациясы, жөндеу жұмыстарының көлемі және мазмұны
24. Аппаттар бетін ластанудан тазарту
25. Аппараттарды зерттеу
26. Тығынды арматураларды жөндеу және сынау
27. Герметикалық компрессорлары бар тоңазытқыш аппараттарын жөндеу
28. Герметикалық компрессорларды жөндеу
29. Герметикалық агрегаттардың жылуалмасу және қосалқы аппараттарын жөндеу
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Курылев Е.С., Герасимов Н.А. Холодильные установки. - Л., Машиностроение, 1980.
2. Курылев Е.С., Оносовский В.В., Румянцев Ю.Д. Холодильные установки.- Санкт-Петербург, Политехника, 2002.
3. Невейкин В.Ф. Монтаж, эксплуатация и ремонт холодильных установок. - М., Агропромиздат, 1989.
4. Правила устройства и безопасной эксплуатации аммиачных холодильных установок. - М., НПО *Агрохолодпром*, 1991.
5. Холодильные компрессоры / Быков А.В., Бежанишвили Э.М., Калнинь И.М. и др., под редакцией Быкова А.В. - М., Колос, 1992.
Достарыңызбен бөлісу: |