5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған



бет2/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1 ГЛОССАРИЙ



Дәрістер – мақсаты дисциплинаның теориялық сұрақтарын логикалық формада қарастыратын оқу сабағының формасы.

Зертханалық жұмыстар – студенттердің жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқу сабағының формасы.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (СРСП) – диалогты режимде аудиториялық сабақ түрінде және аудиториядан тыс уақытта консультация түрінде жүргізілетін оқудың кредиттік жүйесіндегі оқу сабағының формасы.

Тоңазтқыш - тез бұзылатын тағамдарды суытуға, тоңазытуға және сақтауға арналған өндірістік кәсіпорын.

Жұмыстық дене жылулық энергияны механикалық энергияға түрлендіретін машиналарда қолданылатын газтәріздес зат.

Жылутасымалдағыш — реакторда бөлінетін жылуды беру процесінде қолданылатын қозғалатын сұйық немесе газтәріздес орта.

Ауаны кондиционерлеу – бөлмелерде ауа параметрлерін автоматты ұстап тұру.

Тоңазтқыш тізбек — түрлі қызметке арналған тоңазтқыштардан және суытуға және тоңазытуға арналған бір бірімен арнайы тоңазтқыш транспортпен байланысқан қондырғыдан тұратын күрделі жүйе.

Базисті тоңазтқыштар өндірістік-дайындаушы тоңазтқыштарда жасалған өнімдерді жинақтауға арналған.

Таратқыш тоңазтқыштар тағам өнімдерін ұзақ сақтауға және көтерме сауда жүйесі арқылы индустриалды орталықтарды және ірі қалалардың тұрғындарын қамтамасыз етуге арналған.

Сауда тоңазтқыштары қоғамдық тамақ кәсіпорнында және көтерме саудадағы тағам өнімдерін аз уақыт сақтауға арналған.

Тоңазтқыш технологиялық құрылғылар – температурамен, ылғалдылықпен, тоңазтқыш ортаның қозғалыс жылдамдығымен, және кейде өысымен және газдық құрамымен сипатталтын тоңазытылтын объектілерде берілген жұмыс режимін ұстап тұруға және тағам өнімдерін төмен температулық өңдеуге арналған қондырғылар.

Камера – тоңазтқыш қондырғылардың жылуизоляцияланған бөлмелерінің жиынтығы, өнімдерді транспорттауға және орналастыруға арналған қондырғы.

Туннель – камераға қарағанда аз сыйымдылыққа және мқлшерге ие қондырғы,әдетте оның ұзындығы енінен үлкен болып келеді. Оның тоңазытатын қондырғылар комплексімен қоса жиналмалы-шашыратылатын конструкциясы, сонымен қоса, бөлмелерде орналастырылатын өнімдерді транспорттауға және орналастыруға арналған қондырғысы бар.

Аппарат – бөлмеде орнатылатын және сыйымдылығы мен мөлшері тунельге қарағанда аз болып келетін толық зауыттық дайындықтағы қондырғы.

Саудалық тоңазтқыш құралдары– азық-түліктің аз мөлшерін қысқа уақыт сақтауға, сонымен қоса, суытылған, тоңазытылған өнімдерді, жартылайфабрикаттарды және дайын өнімдерді демонстрациялауға және сауда орталықтарында жүзеге асыруға арналған.

Жоғарытемпературалық тоңазтқыш құралдар – сусындарды және 4÷12 ºС температурада тара-құралдардан алынған өнімдерді сатуға, демонстрациялауға және сақтауға арналған құрал;

Орташатемпературалық тоңазтқыш құралдар – 0÷8 ºС температурада өнімдерді сатуға, демонстрациялауға және сақтауға арналған құрал;

Төментемпературалық тоңазтқыш құралдар – -18 ºС температурада тоңазытылатын өнімдерді сатуға, демонстрациялауға және сақтауға арналған құрал;

Комбинирленген тоңазтқыш құралдар – -25 ºС жоғары емес температурада өнімдерді тоңазытуға арналған орташа- және төментемпературалық бөлімдерден тұратын құралдар.

Ауанытоңазтқыш ол арқылы ауа өткен кезде температураны төмендетуге арналған жылуалмастырғаш.

кожухозмеевиковый буландырғыш айналасында тоңазытылатын сұйықтық циркуляцияланатын, иректі буландырғыштан, цилиндрлік қабатшадан пайда болған буландырғыш.

кожухотрубный буландырғыш бір немесе екі қақпақпен жабылған немес жабылмаған екі ұшы теріге енгізілген, түтікті тақтайға бекітілген түтік шоғырымен пайдп болған буландырғыш; сұйықтықтың бірі түтік бойымен ағады, екіншісі түтік пен тері арасындағы кеңістікте ағады.

Пластинкалы буландырғыш - арасында хладагенттің циркуляциясына арналған каналы бар екі пластинканың арасында немесе пластинаға бекітілген немесе екі пластина арасына бекітілген түтіктің қасында пайда болған буландырғыш.

Рециркуляциялық буландырғыш буды сұйықтықтан ажыратуға арналған сеператоры бар буландырғыш; ауырлық күші әсерімен немесе насос және эжектор көмегімен буланбаған хладагент буландырғыш кірісіне қайтып келеді.

Параллельді түтіктері бар буландырғыш екі ұшы коллектормен бекітілген параллельді түтіктер қасында пайда болатын буландырғыш.

Винтті компрессор - ортаның сығылуы винтті тісті екі ротормен байланысқан ротациялық компрессор.

Ауалы компрессор ауаны сығуға арналған компрессор

Герметикалық компрессор - бөлшектенбейтін картердің ішінде электрқозғалтқыш орамы мен ротор болатын және картердан тыс қозғалмалы элементтер болмайтын компрессорлы агрегат.

разъемный герметикалық компрессор (немесе жартылайгерметикалық) қызмет үшін демонтаж жүргізетін болтты байланыстары бар картері бар компрессорлы агрегат. Электрқозғалтқыш орамы мен роторы картердің ішінде орналасқан. Картердің сыртында қозғалмалы бөліктері болмайды.

Глобойдты компрессор - ортаның сығылуы спираль тәрізді ротор мен екі тісті дөңгелек көмегімен бекітілетін ротациялық компрессор.

Көппластинкалы компрессор ротор саңылуында еркін сырғитын пластинканың көп мөлшерінен тұратын ротациялық компрессор. Ротор цилиндр осьіне қатысты эксцентрлі орналасқан өз осьі бойынша айналатын ротор..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет