5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология


Тақырыбы: Өнертабыстарды жіктеу



бет2/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131864
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Өнертабыстарды жіктеу

Дәріс жоспары:

1 Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі (МКИ)

2 Халықаралық патенттік жіктелуі (МПК)

3 Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуі
Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі (МКИ) немесе халықаралық патенттік жіктелуі (МПК) 1975 жылдың 7 қазанында күшіне енді, ол өнертабыстарға берілетін патенттерді, оның ішінде жарияланған патенттік өтінімдерді, авторлық куәліктерді, пайдалы моделдерді және пайдалылығы туралы куәліктерді қамтитын біраңғай жіктеу жүйесін құру алдын-ала қарастырылады.

1971 жылдың 24 наурызында шыққан халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург келісімінің негізінде қабылданған халықаралық патенттік жіктеу функционалдық-салалық принцип бойынша құрылған және ол негізгі және қосымша құрал ретінде халықаралық аумақта жіктеу, олар туралы мәліметтерді іздеу үшін қолданылады.

Халықаралық патенттік жіктеу қорғау құжатымен қорғауға жататын объектілері бар білімнің барлық салаларын қамтиды.

Халықаралық патенттік жіктеу 8 бөлімге (тарауға) бөлінген, олардың шартты атаулары мен А дан Н дейін латын алфавитінің бас әрпімен белгіленген белгіленулері бар.

А бөлімі – Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру;

В бөлімі - Әртүрлі технологиялық процестер, тасымалдау;

С бөлімі – Химия және металлургия;

Д бөлімі – Текстиль, қағаз;

Е бөлімі – Құрылыс, тау жұмысы;

F бөлімі – Механика, жарық, жылу, қозғалтқыш пен сораптар, қару-жарақтар, жару-қопару жұмыстары;

G бөлімі – Физика;

Н бөлімі – Тоқ.

Халықаралық патенттік жіктеудің құрылымының иерархиясы білімнің барлық салаларын бірнеше жіктеу деңгейіне бөлінумен анықталады. Иерархияның бұл деңгейлері бөлімдерге, кластарға, классішілікке, негізгі топтар мен топшаларға сай болады.

Мысалы:


А 01 В 1/00 негізгі топ

бөлімі класс классішілік 1/24 топша

бөлшектелген рубрикалар

Халықаралық патенттік жіктеудің рубрикасын ізденістің пәніне (объектісіне) қарай анықтайды. Қажетті рубриканың орнатылуын жеңілдету үшін Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі үшін Алфавитті-пәндік көрсеткішті, ал халықаралық патенттік жіктеу үшін терминдер көрсеткішін қолданады.

Әрбір бөлім екі араб санымен белгіленген кластарға бөлінеді.

Мысалы:


А бөлімінде: А 23 – «Құс және тағам өнімдері, оларды өңдеу»;

F бөлімінде: F 26 – «Кептіру».

Әрбір класта бір немесе бірнеше классішіліктер болады. Классішіліктің индексі класс индексінен және латын алфавитінің бас әрпінен тұрады.

Мысалы: А 22 класында екі классішілік бар:

А 22 В – «Мал сою ісі»;

А 22 С – «Етті, құс пен балықты қайта өңдеу»

Әрбір классішілік бөлімшелерге бөлінген, олар «рубрикалар» деп аталады. Рубрика ішінде негізгі (басты) топтар мен топшалар бар.

Бөлшектелген рубриканың индексі классішілік индексінен тұрады, содан кейін екі сан және қисық сызық болыды.

Негізгі топтың индексі классішілік индексінен тұрады, одан кейін екі немесе үшмәнді сан, қисық сызық және 00 символдары болуы керек.

Негізгі топтың мәтіні техниканың саласын анықтайды.

Мысалы: А 22 С 11/00 – «Шұжық өнімдерін өндіру»;

Ғ 25 В 6/00 – «Компрессорлық машиналар, қоңдырғылар мен бірнеше конденсация контуры бар жүйелер».



Топшаның индексі. Топшалар негізгі топқа бағынатын рубрикаларды құрайды. Топша индексі классішілік индексінен, содан кейін бір, екі немесе үшмәнді негізгі топтың нөмірінен, қисық сызықтан, 00 символдарынан басқа екі саннан тұрады.

Мысалы: А 22 С 11/02 – шұжық өнімдеріне арналған шприцтер.

Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуінің 2001 жылы шыққан 8 редакциясы бойынша ол 45 топтан тұрады.

1 кластан 34 класқа дейін – тауарлар.

35 кластан 45 класқа дейін қызметтер.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Халықаралық патенттік жіктеу қандай мақсатпен құрылған?

2 Халықаралық патенттік жіктеуді құру кезінде қандай принципті қолданады?

3 Халықаралық патенттік жіктеудің иерархиялық құрылымында қанша бөлім бар және қандай?

4 Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуінің 8 редакциясы бойынша қанша класс бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996

2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999

3 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.


№ 5 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарын

патенттеу жүйелері
Дәріс жоспары:

1 Германдық өнертабыстарды жіктеу жүйесі

2 Американдық өнертабыстарды жіктеу жүйесі

3 Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі

4 Өнертабыстарды жіктеудің жапондық жүйесі
Өнертабыстарды жіктеу – ғылыми-техникалық әдебиеттердің арнайы түрі ретіндегі патенттік құжаттардың ерекшелігі, патенттік құжаттардың арнайы жүйесін қолдану болып табылады.

Өнертабыстарды жіктеу мынандай мақсаттарды көздейді: техникалық шешімдерді бөлу, сұранысқа сай патенттік құжаттарды және рубрикаға қатысты басқа да патенттік құжаттарды қамтамасыз ету. Өнертабыстарды жіктеу жүйесінің негізі болып, қордағы патенттік құжаттарды орналастыру және индекстеу табылады.

Қолданылатын өнертабыстарды жіктеу көпсатылы жүйе ретінде көрсетіледі. Белгілі өнертабыстарды жіктеуде пәндік-тематикалық (аймақтық), функционалдық және түсіну жүйесін құрудың аралас принципін қолданады.

Ресейде алғашқы өнертабыстарды жіктеу 1896 жылы енгізілген. Ол негізгі шағын бөлімдерді қамтыды. Олар рим сандарымен белгіленген.

Өнертабыстарды жіктеудің белгілі ұлттық жүйелері ретінде германдық, американдық, ағылшындық, жапондық жүйелерді айтуға болады.

1. 1906 жылы Германияда алғашқы рет германдық өнертабысты жіктеу жүйесі басылып шықты. Бұл жүйе көп уақытқа дейін Кеңес Одағы, Германия, Франция, Норвегия, Австрия, Дания, Нидерланды, Чехия, Швеция, Швейцарияда қолданылатын жүйенің негізі болып табылды.

Германдық жіктеу жүйесі негізінен, пәндік-тематикалық принципке негізделіп құрылған. Жіктеу рубрикасы не бұйымды, не технологиялық үрдістерді сипаттайды. Жүйеде 89 класс, 20 000 жуық рубрикаға негізделген. Германдық жүйе 4 категориялық рубрикадан тұрады: класс, классішілік, топ, топша. Бірақ та, жеке кластар сонымен бірге кластар мен қосымша шағын кластарға бөлінеді.

Кластар араб сандарымен белгіленеді (15), классішіліктер – латын әрпімен (35 в), бөлімдер (егер, берілген класта болса) - әріптің үстінде индекспен белгіленеді (21 а3), топтар – топшадан кейін үтір арқылы араб сандарымен, топшалар – екі мәнді сандар қисық сызықтан кейін.

Толық индексі былай көрінеді: Мысалы; 21 h, 30 02 немесе 21 h, 30/02.

Жіктеу жүйесін түсіну тек индекстер иерархиясын қамтамасыз ету арқылы ғана емес, сонымен қатар топшалар деңгейін түсінуді анықтайтын мәтінді орналастыру тәсілін қамтамасыз етеді. Бұл үшін МКИ (ӨХЖ) қолданылады.

Германдық жіктеудегі патенттік кластар тәртіп сақтай отырып, А дан Z дейінгі кластардың атауы неміс әріптерімен орналасу арқалы анықталады. Мұндай құрылым тиімсіз болып табылады. Мысалы; құрылыс жұмысына қатысты өнертабыстардағы кластар рубрикасымен индекстеледі. 19,37,80,84. сол себепті, германдық жіктеу жүйесінде ұқсас кластар, топтар немесе топшалар кең қолданылады.

Германдық өнертабыс жіктеу жүйесіндегі кең қолданылатын пәндік-тақырыптық принцип әртүрлі класқа қатысты бұйымдарды дайындайтын технологиялық процестердің ерекшелігін көрсетеді.

Германдық жіктеу жүйесін 1970 жылға дейін біраз өзгерістермен Кеңес Одағы қолданған.

2. Өнертабыстарды жіктеудің американдық жүйесі алғашқы рет 1830 жылы жарық көрді. Және өнертабыстарды жіктеудің негізгі жүйелерінің бірі болып табылады. Бұл жүйені құру функционалдық принципке негізделген. Осы принциппен қатар, өнертабыстың қай аймаққа жататындығы жөніндегі принцип, сонымен бірге пәндік-тақырыптық принцип те қолданылады. АҚШ-ғы өнертабыстарды жіктеу 300 жуық әрекет етуші кластарды және 100 мың рубрикаларды қамтиды. АҚШ-та кластар нөмірлерінің кезектілігі оның логикалық негізіне қатысы жоқ. Сол себепті, тақырыпқа жақын кластар барлық жіктеу жүйелерінде берілген.

Кластағы классішіліктердің саны әртүрлі: бірден бірнеше жүзге дейін барады. Жіктеу индексі сызықшамен бөлінген екі санмен көрсетіледі. Бірінші сан класты білдірсе, екіншісі классішілікті білдіреді. Мысалы; 2-17 индексі. Индекс классішіліктің класқа қатысты иерархиясын көрсетпейді, ол классішіліктің орналасуын анықтайды.

АҚШ-тың патенттік ведомствосымен дайындалған, тәртіпке сәйкес көрсетілген өнертабыс бір немесе бірнеше жіктеу индекстеріне негізделеді, жіктеу индексінің біреуі негізгі болып табылса, қалғаны қосымшалар болып табылады.

АҚШ-тың өнертабыстарды жіктеуі үнемі қарастырылады және оған өзгерістер енгізіліп отырылады. Сол себепті өнертабыстарды жіктеу жүйесіне қатысты анықтамалық-ізденістік аппараттардыңбарлық элементтері анықталған уақыт мерзіміне қатысты жарамды болып табылады.

3. Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі ең бірінші рет 1852-1855 жылдар аралығында дайындалды. Бұл жүйе Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Американың көптеген елдерінің (Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай) өнертабыстарды жіктеуі үшін негізі ретінде қолданылған.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесіндегі УКИ Ұлыбританияның патенттік ведомствосымен 50 000 жасалған өнертабыстарына нөмірлер сериясымен берілді.

1978 жылы 1 маусымда кіріспе ретінде Ұлыбританияның жаңа патенттік құжаттары басылып шықты, ал 1979 жылы 1 қаңтарда өтініштердің жаңа нөмірлері әрекет етеді. Осыған байланысты бұрынғыдағыдай патенттік серияны анықтау үшін емес, жыл күнтізбесі аралығында әрекет ететін жаңа УКИ (А сериясы) жарық көрді. УКИ-дің А-сериясы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған 152 классішіліктер қосылды, ал 115 классішіліктер толықтай қайта дайындалды. 1980 жылы В-сериялы УКИ шығарылды. Мұнда 70 классішілік қайтадан өңделген және 4 жаңа классішілік енгізілді. Өтініш үшін 1981 жылы С-сериялы УКИ жарық көрді. Әр УКИ бір-бірінен ерекшелене түседі және өзгерістермен толықтырылған, өнертабыстарды жіктеу жүйесінің жандануына және аймақтағы білім деңгейінің өсуіне байланысты. Кейбір классішіліктер толықтай қайтадан дайындалады, ал кейбіреулері жеке өзгерістермен қамтылады. УКИ-дің ақырғысындағы әріпті символдардың орнын сандар басады, олар машиналық өңдеу үшін тиімді. Бұл жүйенің жіктеу индекстері реферативтік патенттік журналда «ABRIdgments of Specificatiop» басылып шығып отырады.

Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесін МКИ-мен байланыстыру жөніндегі Конвенцияда Ұлыбританиямен қол қойғаннан кейін, 1963 жылы жаңа жіктеу енгізілді, ол 8 бөлімді қарастырады. Онда 40 класс, 420 классішілік және 50 000 рубрика бар. Бұл жаңа жүйеде жіктеудің иерархиялық жүйесінен ерекшелінетін фасеттік принцип қолданылады.

Негізгі бөлімдер 8 латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: А, В, С, Д, Е, F, G және Н. УКИ-дің әр бөліміне 2-8 дейін класс кіреді. Әр класс араб сандарымен белгіленген. Кластар классішіліктерден тұрады, олар УКИ-дің негізгі шағын бөлімдері болып табылады. Классішіліктер бөлімдегідей латын әріптерімен белгіленген. Классішілік қандай бөлімдерден тұратынын көрсететін негізгі бөлімдерді қамтиды, негізгі бөлімде сілтеме көрсетіледі, онда МКИ-дің рубрикасының сәйкестігі, сонымен қатар УКИ терминдерінің әрекет ету уақыты жөнінде.

Классішіліктердің көбі (В1С, В1М, В10 осылардан басқа) әртүрлі рубрикаларын қамтиды. Ұлыбританиядағы УКИ МКИ қарағанда ерекшеленеді, және топтар мен классішіліктерден басқа жіктеулерде кездеспейді және барлық рубрикалар шағын бөлімдер деп аталады.

4. Өнертабыстарды жапондық жіктеу басқа жіктеулерден ерекшелене түседі.

Жапондық УКИ-дағы кластар 1-136 дейінгі араб сандарын білдіреді. Ақырғы сан (136) 1961 жылы өзгертілген жоқ. Енгізілген кластар қосымша сандарды қамтиды, мысалы; 13 (7), 13 (9) және т.с.с. Әр класс өндіріс немесе техникалық аймақты қамтиды.

1971 жылы жапондық жүйені сараптауды кейінге қалдыру басылып шығатын өтініштер санын арттыруға алып келді. Сол себепті 1972 жылы бірінші маусымда Жапониядағы Патенттік ведомство тақырыптық серия бойынша кластарды бөлуге өзгерістер енгізілді. Жіктеуде өнертабыстар белгілерінің барлығы қамтылды, сол себепті жапондық бір өнертабыстар жазбаларында 8-9 дейін индекстер көрсетілген. 1980 жылы өнертабыстарды ұлттық жіктеудің орнына Жапонияда жіктеудің негізі ретінде МКИ енгізілді. Бірақ та, көп жағдайларда іздеуде НКИ қолданылады.

Әлемдік патенттік қордың көлемінің өсуі, халықаралық әріптестіктің дамуы өнертабыстардың бірлік жүйесін құруға алып келді.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өнертабыстарды жіктеу дегеніміз не және ол қандай мақсаттарды көздейді?

2 Германдық өнертабысты жіктеу жүйесі ең алғашқы рет қашан басылып шықты?

3 Германдық жіктеу жүйесі қандай принципке негізделіп құрылған?

4 Өнертабыстарды жіктеудің американдық жүйесі алғашқы рет қашан жарық көрді?

5 Бұл жіктеудің ерекшелігі неде?

6 Өнертабыстарды жіктеудің ағылшындық жүйесі ең бірінші рет қашан дайындалды?

7 Бұл жүйе Ұлыбританиядан басқа қай елдерде тарады?

8 Ағылшындық жүйеде қандай принцип қолданылады?

9 Өнертабыстарды жапондық жіктеудің басқа патенттеу жүйелерінен өзгешелігі неде?

10 Қазіргі кезде Жапонияда өнертабыстарды жіктеудің қай жүйесін қолданады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999

2 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

3 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с.

4 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996
№ 6 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы

халықаралық және өңірлік келісімдер
Дәріс жоспары:

1 Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы

2 Таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі

3 Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы. БСМҰ мақсаттары

4 Патенттік кооперация жөніндегі келісім

5 Еуразиялық патенттік конвенция

Қазақстан Республикасымен ратифицирленген: әдеби және көркем шығармаларын қорғау жөніндегі Берн Конвенциясы (Париждік Акт, БСМҰ, 1971 ж. 24 шілде), Авторлық құқық және сабақтас құқықты қорғау аймағындағы қарым-қатынастарға келісім (1993 ж. 24 қыркүйегінде Мәскеу қаласында қол қойылған), Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы (1883 ж. 20 наурыз), Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымы (ВОИС, 1967 ж. 14 шілде), Таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі (1891 ж. 14 сәуір), Патентті кооперация (бірлесу) жөніндегі келісім-шарт (1970 ж. 19 маусым), Еуразиялық патентті конвенция (1994 ж. 9 қыркүйек).

1) 1883 жылдың 20 наурызында қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы. Бұл конвенцияның негізгі принциптері мынандай: біздің елімізде шетелдік өтінушілер үшін (ұлттық тәртіп принципі) және біздің өтінушілердің осы конвенцияның басқа мүше-елдерінде ұлттық тәртіп принципі, сонымен қатар қорғау құжаттарын алуға өтінім берген кезде мүше-елдерінде өтінушілердің басымдылығын сақтау принципі. Мысалы, қазақстандық өтінуші ӨМҚК «Ұлшттық санаткерлік меншік институтына» дұрыс ресімделген өтінім берген кезде (басымдылығы 1999 ж. 18 қаңтардан бастап) бұл басымдылық басқа мүше-елдерінде өнертабысқа және пайдалы моделге өтінім беру жағдайда 12 ай ішінде және тауарлық таңба және өнеркәсіптік үлгіге өтінім берген 6 ай ішінде сақталынады.

2) 1891 жылдың 14 сәуірінде қабылданған таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, бұл келісім тауарлық таңбалар үшін құқықтық қорғау алуды жеңілдетеді, өтінуші өзінің құқықтарын қорғау үшін көптеген елдерге баруды керек етпейді, Женева қаласында орналасқан БСМҰ халықаралық бюросына бір өтінімді ғана береді. Қалған барлық жұмысты бюроның өзі істейді.

3) 1967 жылдың 14 шілдесінде қабылданған БСМҰ орнататын конвенция – Қазақстанға басқа мемлекеттермен қатар әлемдік қоғамдастықтың маңызды істерін шешуге, өзінің ұлттық құқықты қорғау жүйесінің дамуына ақпараттық, кеңесшілік және қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді.

БСМҰ қызметінде келесі мақсаттары бар:

1) бүкіләлемде санаткерлік меншікті қорғауда мемлекеттер арасында байланыстарды нығайту арқылы және қажетті жағдайда әрбір басқа халықаралық ұйыммен қарым-қатынастарды орнату;

2) одақтардың әкімшілік қарым-қатынастарын қамтамасыз ету.

Мақсаттарына жету үшін БСМҰ өзінің белгілі органдары арқылы және әрбір халықаралық келісімдердің құзыреттіліктерін мойындай отырып, санаткерлік меншікті қорғауда келесі қызметтерді атқарады:

1) бүкіләлемде санаткерлік меншіктің қорғауын жақсартуға және осы салада ұлттық заңнамаларды үйлестіруге арналған шараларды ұйымдастыруға көмектесу;

2) Париждық одақтың және осы одақпен бірлескен арнайы одақтардың әкімшіліктік функцияларын атқару;

3) кез-келген басқа халықаралық келісімнің орындалуы үшін өзіне әкімшіліктік функцияларын алу;

4) санаткерлік меншікті қорғауда халықаралық келісімдерді жасауға септігін тигізу;

5) санаткерлік меншік аумағында заңды-техникалық көмек сұрайтын мемлекеттермен қарым-қатынас орнатады;

6) санаткерлік меншікті қорғауға жататын ақпаратты жинайды және таратады, осы саладағы зерттеулерді жүргізеді және оған қаржы жұмсайды және осы зерттеулердің нәтижелерін жариялайды;

7) халықаралық санаткерлік меншікті қорғауды жеңілдететін қызметтердің жұмыстарын қамтамасыз етеді және қажетті жағдайда осы салада тіркеуді жүргізеді, осы тіркеуге тиісті мәліметтерді жариялайды;

8) басқа да жұмыстарды атқарады.

4) Патенттік кооперация жөніндегі келісім (РСТ) 1970 жылдың 19 маусымында жарық көрді, бұл келісім барлық қатысушылар-мемлекеттерде өнертабыстарға құқықты қорғауңды бір уақытта алуға мүмкіндік беретін БСМҰ Халықаралық бюросында бір өтініш беру арқылы жұмыстарды жеңілдетеді.

5) Еуразиялық патенттік конвенция 1994 жыцлдың 9 қыркүйегінде қабылданды, ол дүниежүзінде ең жаңа патентті конвенция болып табылады. Оған те қана ТМД-ң 9 мемлекеті ғана әзірше кіреді. Бұл конвенция осы елдердің азаматтары мен ұйымдарына өздерінің техникалық жетістіктерін, өнертабыстар түрінде патенттеуге көмектеседі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы негізінде жататын ұлттық тәртіп принципінің мәні неде?

2 Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымының функцияларын атаңыз.

3 Еуразиялық конвенция қашан қабылданды?

4 Еуразиялық патент қандай мемлекеттердің аймағында іске асырылады?

5 Таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі қандай жұмыстарды жеңілдетеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

2 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с.

3 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996


№ 7 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарына құқық алу тәртібі

Дәріс жоспары:

1 Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінім

2 Пайдалы модельге патент беруге өтінім

3 Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінім

4 Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы

Қорғау құжатын алуға өтінімді сараптама жасау ұйымына қорғау құжатын иелену құқығы бар адам береді.

Қорғау құжатын беру туралы өтінім мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі. Өтінімнің өзге құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде беріледі. Егер өтінімнің басқа құжаттары өзге тілде берілсе, өтінімге олардың мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтінім беруші сараптама жасау ұйымына басқа тілдегі құжаттары бар өтінім түскеннен кейін екі ай ішінде тапсыруға міндетті. Тиісті төлемдер енгізілген ясағдайларда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс.

Белгіленген мерзімде аударма табыс етілмеген жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі.

Өтінім беруші өтінген немесе рұксат берген не қылмыстық кудалау органдарының немесе соттың талабы болған жагдайларды қослағанда, уәкілетті орган және сараптама жасау ұйымы қорғау кұжатын беру туралы мәліметтер жарияланғанға дейін үшінші тұлғалардың өтінімге қол жеткізуіне рұксат бермеуге тиіс.



Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінім

Өнертабысқа корғау құжатын беруге өтінім бір өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапкыштық бір ойды құрайтын өнертабыс тобына беріледі (өнертабыс бірлігінің талабы).

Өнертабыска өтінімде мынадай құжаттар:

1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны көрсетілген корғау құжатын беру туралы өтінім;

2) білімнің тиісті саласындағы маманңың өнертабысты жүзеге асыруы үшін толық, жеткілікті ашылған сипаттамасы;

3) өнертабыстың объектісін айқындайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негізделуге тиіс;

4) егер өнертабыстың мәнін түсіну үшін қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;

5) реферат;

6) сенімді өкілдер арқылы іс жүргізілген жағдайда – сенімхат.

Өнертабысқа өтінімге өтінім беруге, сонымен бірге ресми сараптама жүргізуге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат қоса тіркеледі, оларды өтінімге қоса немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсыруға болады. Тиісті төлем жасалған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірак ол екі айдан аспауға тиіс.

Төлем жөніндегі кұжаттар белгіленген мерзімде тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі.

Өнертабысқа өтінім берілген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген өтінім құжаттары түскен күн бойынша белгіленеді, ал егер көрсетілген құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күні бойынша белгіленеді.

Өнертабысқа өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды сараптама жасау ұйымы белгілейді.

Пайдалы модельге патент беруге өтінім

Пайдалы модельге патент беруге өтінім бір пайдалы модельге немесе байланыстылығы бір өнертапқыштык ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бірлігінің талабы) қатысты болуға тиіс.

Пайдалы модельге өтінімде:

1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналаскан орны көрсетілген патент беру туралы өтініш;

2) пайдалы модельді оның жүзеге асырылуы үшін жеткілікті, толық ашатын сипаттамасы;

3) оның мәнін білдіретін, сипаттамаға толық негізделген пайдалы модельдің формуласы;

4) сызбалар;

5) реферат;

6) сенімді өкілдер арқылы іс жүргізген жағдайда - сенімхат болуга тиіс. Пайдалы модельге өтінімге өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат пен оның мөлшерін азайтуга негіздемені растайтын құжат қоса тіркеледі, оларды өтінімге қоса немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсыруға болады. Тиісті төлемдер енгізілген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс.

Белгіленген мерзімде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі.

Пайдалы модельге өтінім берілген күн сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтінім түскен күні бойынша белгіленеді, онда тегі, есімі, әкесінің аты (егер ол болса) көрсетілуі немесе арыз берушінің толық атауы, сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күні көрсетіліп белгіленеді.

Пайдалы модельге өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.



Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінім

Өнеркәсіп үлгісіне патент беруге өтінім бір өнеркәсіп үлгісіне немесе өзара байланыстылығы өнеркәсіп үлгісінің бірлігі талабын қанағаттандыратын өнеркәсіп үлгілері тобына катысты болуға тиіс.

Өнеркәсіп үлгісіне өтінімде:

1) өнеркәсіп үлгісі авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны көрсетілген патент беру туралы өтініш;

2) мәлімделген үлгі (үлгілер) туралы толық егжей-тегжейлі түсінік беретін бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттің кескіні бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;

4) өнеркәсіп үлгісінің елеулі белгілерінің тізбесін қамтитын сипаттамасы;

5) өкілдер арқылы іс жүргізген жагдайда - сенімхат болуға тиіс. Өнеркәсіп үлгісіне өтінімге өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшері кемітілуіне арналған негіздемені растайтын құжат қоса тіркеледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етілуі мүмкін. Тиісті төлемдер енгізілген жагдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек.

Төлем жөніндегі құжаттар белгіленген мерзімде тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі.

Өнеркәсіп үлгісіне өтінім берілген күн болып сараптама жасау ұйымына өнеркәсіптік үлгіге қорғау құжатын беру туралы арызда келтірілген, тегі, есімі, әкесінің аты (егер ол болса) көрсетілуі немесе арыз берушінің толық атауы, сипаттамасы, бұйымның кескіні (макеті) болуы керек, ал егер аталған құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысының түскен күні көрсетіліп белгіленеді.

Өнеркәсіп үлгісіне өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет