6-7-тақырып. Педагогикалық процестегі балалар ұжымы. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары



бет2/3
Дата27.03.2024
өлшемі33.77 Kb.
#496609
1   2   3
6-7 такырып

Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары.

Қандай болмасын ұжымды ұйымдастырудың негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.
Ұжымды құра отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс-әрекетті таңдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.
Оқушылар ұжымы – іс-әрекеттің әр түрлі саласында қалыптасады: еңбекте, ойында, оқуда мәдени көпшілік және спорт жұмыстарының барысында.
Ұжымдық қатынастарды қалыптастыруда іс-әрекет анағұрлым пәрменді, әсерлі болуы үшін мынадай талаптарға жауап беретіндей болуы тиіс:
Іс-әрекеттің оқушыларға қоғамдық мәні анық болуы тиіс.
Іс-әрекет нәтижелерінің көрнектілігі және сезілгіштігі.
Іс-әрекет мазмұны оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Іс- әрекеттерді орындауда творчествалық инициативаны қолдану.
Сонымен қоғамдық іс-әрекет, қоғамдық талаптар жүйесімен ұштасады.
Ұжым уақытша, оқушылық, тәрбиелік болып бөлінеді. Уақытша ұжым - шектеулі уақытта құрылып, берілгені уақыт көлемінде өз қызметн атқарып, өмір сүруін тоқтады. Бұл ұжым өзінің уақытша екеніне қарамастан тұлғааралық қарым-қатынас пен уақытша ұжымдағы жұмыс істеу деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бұл ойлары мен қажеттіліктері бір жерден шыққан оқушылар мен оқытушылар тарапынан жүзеге асады.
Кәсіби оқу орнының ұжымы басқа ұжымдардан өзінің оқыту жұмыстарымен ерекшеленеді. Мұндай іскерліктің мақсаты тек қана білім алу емес, сондай-ақ қабілеттілік, кей жағдайда тіпті өнім шығару болып табылады. Аталмыш ұжымға қатынас спецификациясы ондағы оқушылардың жас ерекшеліктерімен және педагогикалық емес ұжым құрылымымен анықталады. Топты басқару өндірістік оқытудың шебері және сынып жетекшісінің басшылығымен жүзеге асады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет