6. Блумның таксономиясы бойынша барлық оқушылар міндетті түрде қол жеткізуі тиіс деңгейлер қандай?



Дата20.10.2022
өлшемі13.89 Kb.
#463091
6-7 сурак


6. Блумның таксономиясы бойынша барлық оқушылар міндетті түрде қол жеткізуі тиіс деңгейлер қандай?
Блум таксономиясы арқылы оқыту оқушылардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызуға ықпал жасайды. Оқушының ғана емес, мұғалімнің де ойлау кеңістігі артуына көмектеседі. Және мұғалімдер үшін дарынды, талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің оңтайлы әдістерінің бірі деп есептеймін. 
Егер оқушының шамасы тек қана ІІІ (жеңілдетілген) деңгей тапсырмаларына жететін болса, оның танымдық қабілеттерін даму деңгейі ең төменгі талап деңгей - «білу» және «түсіну» ауқымында. ІІ деңгей тапсырмаларын орындайтын оқушы «топтау» және «білімін бағалау» деңгейінде. Зерттеу жүргізілгенде диагностиканы оқу жылының басында және соңында 3-4 жыл бойына өткізуге болады. Бұл жеке оқушының да, сыныптың барлық оқушыларының да танымдық қабілеттерінің даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. 
7. Б.Блумның пікірінше, оның таксономиясы оқушылардың ойлау әрекеттерін дамытады. Сіздер осы пікірмен келісесіздер ме?
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет