«Жасыл шырша жанында»



Дата23.01.2024
өлшемі1 Mb.
#489575
Ботақан жаңа жыл[2]


«Ниет 7» балабақшасы



«Жасыл шырша жанында»
ертеңгілік.
Бекітемін:
«Ниет 7» балабақшасы
жеке меншік мекемесінің әдіскері
Саткынбаева Г.Д.

2023 жыл



Тәрбиеші: Абдухалткова А.Б.
Тобы: «Ботақан» тобы
Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Жүргізуші: Амансын ба халайық?


Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!
Би: «Джингл Белс» (балалар екі сапқа тұрып пойыз болып кіреді )
(бидің соңында жартылай шеңбер жасап тұрады)
Тақпақтар:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір – бәрі әзір
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді,
Құттықтаймыз ән салып.

Ән: «Орманда шырша туыпты» (В лесу родилась елочка)3 тілде


Жүргізуші:


Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күткен, сағынған!
Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше,
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның
Шамдарын жағып көріңдер!
Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамлары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)

Жүрг: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі»


Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.

Ән: «Тауда туып, тауда өскен»


(Балалар орындарына отырады)

Жүргізуші: Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?


(Қоянды сипаттайды)


Би: «Ап, и звери уног моих сели» (кішкентай аңдардың биі)

Ән: «Аққала»


(1шумағында аққала тұрғызады, қайырмасымен 2шумағын қимылдарымен орындайды)

Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!


(Бірнеше рет қайталайды)
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шаоғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден – саулығың.
Амансың ба, ұлдармын,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!!!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.


Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілілерім де осында екен кәнекей маған жақындап шыр айнала билеңдер.


БИ: «Ұлпақарлар»


Жүргізуші:
Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын.
Сыйлық алып қайтайық

Ән: «Аяз ата»


Аяз ата: Өнерлі балалар, өнерлі қыздар көп екен. Рахмет сендерге. Мен сендерге биылғы Жаңа жылды ала келдім.

Би: «Аппақ аппақ қояндар»


1бала:
Төрле, төрле жаңа жыл
Айтамыз тебірнете Жаңа жыр
Төрле, төрле құтты жыл
Әр кез жүрші төгіп нұр.
2бала: 
Ақ көрпесін жамылып
Ұйықтап жатқан дала нұр
Балаларды сағынып
Келді міне жаңа жыл!
3бала:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
4бала:
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр.
Сыйлығын сүйретіп
Келді міне, Қоян жыл!
Ән: «Новый год»
Жүргізуші:Аяз ата балалар сені күтіп, олар ән де, ойында әзірледі.
Ойын: «Үсіремін»

Аяз ата: Күлдірдіңдер мені, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап,


бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар:


Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балаларды сүймейсің
Тәтті егер бермесең?
Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқыррды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.

(Аяз атамен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)


Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,


Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.

Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!


Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет