6 дәріс. Тіршілікқамы жүйесі: қолөнер, кәсіпшілік. Қазақтың қолөнері. Дәстүрлі үй кәсібі және оған байланысты атқарылатын салт-дәстүрлер



бет1/2
Дата11.03.2022
өлшемі19.82 Kb.
#456187
  1   2
6сд


6 дәріс.
Тіршілікқамы жүйесі: қолөнер, кәсіпшілік.
Қазақтың қолөнері. Дәстүрлі үй кәсібі және оған байланысты атқарылатын салт-дәстүрлер.
Заттық мәдениеттегі ұлттық ерекшелікті айғақтайтын басты компонент – қолөнер. Халық қолөнері бағзы замандардан бері Ұлы Даланы мекен етіп келген тайпалардың заттық және рухани көне мәдениетінің дәстүрлі жалғасы. Оның дамуы қазақ қоғамындағы көшпелі өмір салты, әлеуметтік-экономикалық жағдай, халықтық сана-сезім және тарихи үрдістермен тығыз байланыста өрбиді. Халықтың этномәдени болмыс-бітімін айғақтайтын факторлардың біріне саналатын қолөнер туындыларында халықтың байырғы дүниетанымы мен символикалық, эстетикалық талғамы ою-өрнек, түрлі бедер-бейнелер арқылы көрініс тапқан.
Қолөнер бұйымдарын жасалуы мен жасалу тәсілдеріне қарай шартты түрде әйел және ерлер қолөнері деп бөлуге болады: ағаш, тері, сүйек өңдеу, тас қашау, бәдіздеу қатарлы күш жұмсалатын шеберлік түрімен еркектер айналысты. Ал жүн және киіз өңдеу, тігіншілік, кестелеу, кілем тоқу және термелеу, ши орау сияқты шеберлік әйелдер еншісінде болды. Дегенмен, киіз басу сияқты дене күшін қажет ететін жұмыстарға ер адамдар қатысып отырды.
Адамзат дамуынының қай сатысында болмасын қоғаммен бірге дамыған қазақтың дәстүрлі қолөнері тарихи дәуірлерде өзінің көркемдік қыры мен технологиясы жағынан толығып, дәуір тынысын қалт жібермей бойына сіңіріп отырды.
Көшпелі халықтың негізгі баспанасы болып келген киіз үйден бастап, үй жиһаздары (мүліктері) кілем, алаша, текемет, тұскиіз, керме, кебеже, сандық, төсек, ыдыс-аяқ және еңбек құрал-жабдықтары сияқты үнемі қолданыста болып келе жатқан қолөнер бұйымдарының сан алуан үлгілері қоғам мен шаруашылық тіршілігінің дамып, өрістей түсуіне байланысты өзгеріп, жетіліп, түрлене түсіп отырған. Қазақтың дәстүрлі қолөнер түрлері мен олардан алынатын өнімдер негізінен табиғи заттар, мал шикізаты саналады. Дәстүрлі шаруашылықтан алынатын шикізат – жүн, тері, сүйек, мүйіз, тарамыс т.б.-лар өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің барлық саласында қолданысқа ие.
Қолөнер бұйымдарынан қазақ халқының тек өзіне тән төл мәдениеті мен тұрмыс-салты сияқты, ғасырлар бойы оның өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері мен қолтаңбасы, өзіндік нақыш бояуы мен әшекей-өрнектерін, тіпті оның жасалуына қарап аймақтық ерекшеліктерін де білуге болады. Олар көшпелілер тұрмысы мен мәдени болмысынан, халқымыздың дүниетанымы мен наным-сенімдерінен мол мағлұмат береді.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық қорғанынан күймелі арбамен бірге тамаша бір киіз үлгісі табылды. Ол киізде Арыстан тектес Барақ иттің тау ешкісін аулау көрінісі бейнеленген (б.з.б. ІҮ ғ. Пазырық қорғаны Таулы Алтай өңірі). Тарихи деректерге қарағанда адамдар қола дәуірінде тас үйлерін тастап, қоныс аударып, көшпелі өмір салтына көшкен тұста киіздің алғашқы нұсқаларын дүниеге әкелген. Сондай-ақ археологиялық қазба жұмыстары кезінде әр жерден кесек киіз,текемет,киіз ішпек,киіз тоқым, тағы басқа да киіз жұрнақтары табылды. Киіздің тұрмысқа мүлік ретінде енуі бұдан әлдеқайда бұрын, тым ерте заманнан басталғанын осындай қазбалардан табылған жәдігерлер айғақтайды.
Қолөнер және әшекей бұйымдарында, киім-кешекте кең қолданылатын қызыл, қара көк, сары, күлгін, аспан түстес көк өңдерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектер табиғат көріністерімен ұштастырыла бейнеленді. Белгілі ұғым-түсініктерді білдіретін ол өрнектердің қайсібір түсінің болмасын өзіндік символдық, ғұрыптық қызметтері болды. Айталық,

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет