6 дәріс. Тіршілікқамы жүйесі: қолөнер, кәсіпшілік. Қазақтың қолөнері. Дәстүрлі үй кәсібі және оған байланысты атқарылатын салт-дәстүрлер



бет2/2
Дата11.03.2022
өлшемі19.82 Kb.
#456187
1   2
6сд

көк түс – аспанды бейнелесе, ақ түс - қуаныш пен шаттық, көңіл күйдің көтеріңкі болуы мен бақыттың белгісі, сары түс – білімнің, даналықтың, қызыл түс – оттың, күннің белгісі, жасыл түс – жастық пен көктемнің, қара түс – жердің береке нышаны деп түсіндірілді. Сырмақтың, тұскиіз бен кілемнің өз ою-өрнегі, өз нақышы болады. Мысалы: бұл бұйымдарға қолданылған ою-өрнектерді киімге, бау басқұрларға қолдануға болмайды.
Кестелі бұйымдардың ішінде ең көрнектісі болып табылатын тұскиіз — үйге сән беретін негізгі әшекейлік жиһаз болумен бірге үй иелерінің ауқаты мен дәрежесін білдірді. Ол қыз жасауына кіріп, қыздың өзі тігуімен оның шеберлігін, ісмерлігін көретін болған. Тұскиіз П бітімді болып келетін қарақаспен көмкеріліп, оның ішіне гүл ою-өрнектерімен кестеленген, көшпелілерде ежелден өмір сыйлайтын, жарық пен жылудың нышаны саналатын күн бейнесі әдіптеледі. Сондықтан, тұскиіз жиһаз ретінде практикалық мәнді болып қана қоймай, үйдің құт-берекесін білдіретін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын киелі де асыл бұйым болып саналады.
Қазақстанның археологиялық жәдігерлерінде бүгінге дейін жалғасып келе жатқан геометриялық, зооморфтық, космогониялық және өсімдік келбетті ою-өрнектердің сілемдері ұшырасып жатады. Ою-өрнек өнерінің көшбасшысы — халық тұрмысының әр бұйымында ұшырасатын мүйіз бітімді оюлардың негізгілерін қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз сияқты т.б. лар құрайды. Қарға тұяқ, аша тұяқ, құсмұрын, құс қанаты тәрізді оюлар «аң стилі” өнерінің сюжеттерінен негіз алатын сақ дәуірінің сілемдеріне жетелейді. Ең көне ою аспан-ғарыштық бітімді (космогониялық) оюлар болып саналады. Күн іспеттес дөңгелек ою — ілкіде тіл-көзден сақтаушы бойтұмар саналған. Шаршы, тұмарша, балдақ, ирек, су өрнек, сүйір, шынжыр мен көпқырлы, торкөзді, айқасып-иіріле келетін сызық-бедерлерде үш мыңжылдың алдындағы малшы-көшпелі қауымның бастапқы өнерінің іздері байқалады. Дөңгелек шеңбер — күн мен аспанды, төрт құлақ пен төрткүл өрнек дүниенің төрт бұрышын, шұғыла — күн сәулесін, айгүл — ай гүлін, айшық гүл — жаңа туған жарты айды нышандаған мәнді білдірді. Үш бұрышты оюлармен үйлестірілген осындай ежелгі оюдың бірі айгүл ғұндардың мәдени бұйымдары, Пазырық қорғанынан табылған әйелдің өңіржиегінде кездескен.
Кейбір ою-өрнектерге байырғы наным-сенімдік символикалық астарлар таңылды. Қошқар мүйіз бен аша тұяқ малшының малды болуына ырымдалды, егер киімге түйетабан өрнегі салынса ол алыс жолды білдірді, егер адамға бақыт пен еркіндікті тілесе оған құсмұрын, құсқанатты кескіндері бар бұйымдарды сыйлаған. Қазіргі кезде де құсмұрын, құсқанатты жүзіктері бар бес білезік тағу ұшырасады.
Көшпелілерде тұрмыстық және шаруашылық қажетін өтейтін бұйымдармен қамтамасыз ететін ғана қарапайым деңгейде болды. Халық ұста, дарқан, шебер деп атаған кәсіп иелерін қасиетті, киелі деп ерекше сыйлаған. Шеберхананы дүкен, ұста Дүкені деп атап, Дәуіт пайғамбардың әулиелігі дарыған деген наным бойынша ұста дүкенін, көрігін, құрал-сайман, аспаптарын киелі санады. Шеберлік ұрпақтан-ұрпаққа жалғас етілді.
Қолөнерде қолданылатын шикізаттың бірі — тас. Тас қашау өнері қазақтарда негізінен бейіт басына ескерткіш ретінде қойылатын сынтас, құлпытас қойтас, қошқартас, сандықтас және тастан тұрғызылатын сағанатам, күмбездер жасаумен байланысты болып келеді. Бұл кәсіп атадан балаға жалғасатын мамандардың еншісінде болды. Тас қашау өнері ең жақсы дамыған өлке — Батыс Қазақстан өңірі. Ал, тұрмыстық бұйымдар қатарында ең жиі жасалатыны — қол диірмен. Тас шеберлерінің құрал-саймандары ара балта, сүймен, шапқы, пышақ, қырғы тәрізді аспаптармен белгіленген сызық, оюлар қашалады. Қазақта нақышты, нәзік, жіңішке, жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлікпен бұйым жасайтын адамдарды ”қас шебер“ деп атаған.
Ежелгі таным бойынша әрбір кәсіпшіліктің қолдап-қорғап, жебейтін иелері, пірлері, күштері болады деп сенген. Мәселен, ұсталар пірі – Дәуіт, киім тігуде – Ыдырыс, тоқымашылықта – Шис, ағаш ұқсатуда – Нұқ пайғамбар деген сенімдер қалыптасқан.
Сонымен қатар, көп болып жұмылып атқарысатын шаруаларды шағын мерекеге де айналдыра алған. Мысалы, жүн сабауға жиналғандарға арнап тулаққа әшекей, тәтті-кәмпит шашып «Тулақшашу» жасайды. Қолөнер шеберлері арасында түрлі ырым-тыйымдар да болған. Олар – үйшінің киіз үй есігін жасамауы деген ырым бар. Себебі бізге әзірге белгісіз. Сондай-ақ, үй, там, кесене т.б. құрылыстың әлі бітпегенін тұспалдайтын, аяқсыз қалған, жалғасатыны тәрізді белгілер қалдыру ырымы. Киіз үйді сол жақ босағадан бастап тігу себебі. Қасиет таңылған заттар; бақан, балта, өндіруші бұйым. Еңбек, маңдай тер қадірі. Құрақ тігу (көрпе, киім), көрпе, жайманы дұрыс бүктеу, инені дұрыс ұстау. Өрмек аттамау. Жиһаздың көркемдік және философиялық мәні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет