6-сынып 1-нұсқа 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер



бет3/22
Дата17.10.2023
өлшемі152.57 Kb.
#480940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
5-6 сынып БЖБ

Бағалау критерийлері Білім алушы

ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін
жазады

  • тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқып,негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып жинақы мәтін жазыңыз
Шерқала – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы тау, қамал аты. Арабшадан аударғанда «жолбарыс» деген мағынаны білдіреді. Төңкерілген кеседей болған таудың жан-жағы биік құз, шығатын жол жоқ. Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. Пирамида сияқты таудың солтүстік-шығыс бетінен түбіндегі туннелге жол тартылған. Тауды үңгіп қазылған туннель жоғарылаған сайын екі тарау болып, тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 метр. Ернеуінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар.
Шерқала тауы жөнінде халық арасында айтылатын аңыз әңгімелер көп. Белгілі ақын Оңайгүл Тұржанова өзінің «Шерқала» атты өлеңдер жинағында мынандай аңызды келтіреді. «…Тауды табанынан тесіп кіріп, жоғары қарай үңгіп қазып, елу метрлік шыңның төбесін ойып шыққан туннельді көргеніңіз бар ма? Маңғыстаудағы Шерқала сондай тау. Тау басында, шың баурайының әр жерінде 2-3 адам сиярлықтай ұяшықтарда қашалған адайдың «үш әліп», түрікменнің «жарты ай» таңбалары Шерқаланың қолдан қолға өткенін сыбырлап қана айтып тұрғандай..."
2-тапсырма Берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай көшіріп жазыңыз
Жошы хан,Айша Бибі,ыдыс аяқ,Барса келмес,Ұлы тау,Көкше тау,халық аралық,еш бір,жап жасыл,он сегіз.

Бағалау критерийі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет