Ақсақал – аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ақинақ – қолма-қол шайқаста қолданылған, ұзындығы 40-60 см, қысқа семсер. Скиф-сақ және иран тілді
халықтарда кең таралған. Ақинақ қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген.
Ақсүйек – хан, сұлтан, қожа ұрпақтары.
Ақын – суырып салма, яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі.
Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.
Алаш автономиясы – 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ Жалпықазақ съезінде
жарияланған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттілігі (1917-1920 ж.)
Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы
бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.
АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) – Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық
жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым
адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.
Алмас қылыш – болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі.
Аманат – кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде
қазақ хандарының, сұлтиандарының, билері мен батырларының беделді отбасынан балаларының біреуін
кепілге алатын болған.
Анимизм – жануарлар мен заттарда және табиғи құбылыстарда мекен ететін ғажайып, тылсым мақұлұқтар
кейіпіндегі жан мен рухқа байланысты ең ежелгі діни сенім. Анимизм ата-баба әруағына табынудан, жанның
мәні өмір сүретіне сенуден айқын көрініс тапқан.
Аннексия – бір елді немесе оның бір бөлігін екінші күшпен қосып алуы.
Антрапология – адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсіпелдерінің пайда болуымен сыртқы
биологиялық қасеттерін зерттейтін ғылым.
Аң стилі – негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын, б.з.б.
VIII-II ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатқа қолданылған өнер түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |