Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі.
Жазалаушы экспедиция – Ресей империясының отаршылдыққа қарсы шығушыларды жазалау үшін
жасақталған әскери бөлімі.
Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін
казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін
пайдаланды.
Жалға беру – жер не мүлікті уақытша пайдалану үшін жалға беру.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) – кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б)П Х съезінен кейін
енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
Жаңару – саяси жүйе, ел өмірінің саны мен сапасына байланысты өзгеру.
Жарғы – белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер
жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
Жариялылық – ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың, мекемелердің және лауазым
иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтығы, қол жетерлілігі.
«Жасақ» («Яса») – Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.
Жас тұлпар – Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының бейресми қоғамдық ұйымы. 1963 жылы құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |