Контрибуция – соғыста жеңген жақтың жеңілген жақтан соғыс шығындарын өндіріп алу жөнінде салатын
салығы.
Контрреволюция – әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру
немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әртүрлі: бүліктер,
кастандықтар, Азамат соғысы, саботаж, диверциялар, шетелдік интервенция, блокада.
Конфедерация (кейінгі лат. confederatio – одақ, бірлестік) – әрқайсысы өз тәуелсіздігін сақтайтын өзінің
мемлекеттік өкімет және басқару органдары бар егеменді мемлекеттер бірлестігінің формасы. Конфедерация
мүшелері белгілі бір салаларда барлық мемлекеттердің мүддесіне сай мәселелер мен әрекеттерді үйлестіру мен
талқылау үшін арнайы органдар құрады.
Конфискация – сот үкімінің қаулысына сәйкес мемлекет пайдасына жеке мүліктің тәркіленуі.
Концепция – тұжырымдама, белгілі бір мәселеге немесе құбылысқа қатысты көзқарастар жүйесі.
Кооперация (лат. ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен
маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік, акционерлік қоғам нысаны.
Кооперация – ортақмақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұміс істеуі.
Космополитизм – Отан қорғауды, өз мәдениеті мен дәстүрін мойындамайтын, патриотизмнен бас тартуды
уағыздайтын көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |