МТС – машина-трактор станциясы
Музари немесе барзигар – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын алым-салық.
Мұз дәуірі – б.з.б. 100-13 мыңжылдықта орта палеолит пен мезолит аралаығында жер бетін ұзақ уақыт мұз
басқан кезең.
Мұфти – мұсылман дініндегі жоғары лауазымды тұлға
Мыңбасы – ертедегі монғол, түрік әскерлеріндегі бір мың жауынгер басшысының атауы.
Мысал – тәрбиелік мәні бар қысқа өлең, әңгіме.
Міндеткерліктер – жергілікті халық міндетті түрде атқаратын қызмет түрлері.
Награда – марапат, ұзақ және адал еңбегі үшін берілетін марапат.
Найза – жебесі асыл темірден жасалатын қару. Мықты ағашқа сапталып, басына жылқы қылынан шашақ
таралған. Батырлардың бес қаруының бірі.
Неандерталь адам – 1856 жылы Германияның Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің
адамы. Табылған жерінің атына байланысты «неандерталь адам» деген атау алған.
Неолит – б.з.б. 5-3 мыңжылдықта мезолит пен қола дәуірі арасындағы тас дәуірінің жаңа кезеңі. Неолит
кезеңіне мал өсіру мен жер өңдеудің басталуы, керамикадан ыдыстар жасау, жылтырата тегістеу әдісімен
жасалған тас құралдардың пайда болуы т.б. тән.
Достарыңызбен бөлісу: |