6-сынып Тас дәуірі


Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау.  Ру –



Pdf көрінісі
бет487/542
Дата27.01.2022
өлшемі1.65 Mb.
#454884
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   542
ЖҰБАНЫШЕВ2021

Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау. 
Ру – өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз деп 
сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы. 
Рубасы – ру билігін жүргізетін адам. 
Руна жазуы – түркілердің көне жазуы. 
Саба – қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс 
Сабау – жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.  
Саботаж – өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру. 
Сағанатам – діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі. 
Садақ – жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі. 
Сайлау құқығы – азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы. 
Салжұқтар – түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі. 
Салжұқтардың атымен аталған. 
Сал-серілер – ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі. 
Самодержавие  –  революцияға  дейінгі  Ресейдегі  патшаның  шектеусіз  жоғарғы  билігі  мен  осындай  билікке 
негізделген басқару жүйесі. 
Саналы адам – ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жартылысынан әлдеқайда жетілген 
адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді. 
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   542




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет