Тоқсоба – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Тоныкөк тас жазуы – VІІІ ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Топырақ эрозиясы – топырақтың неғұрлым құнарлы қабатының еріген қар суымен немесе нөсер жауынмен
шайылуы, желмен ұшырылуы. Қазақстандағы топырақ эрозиясы тың жерлерді ойластырмай жыртудың, егін
шаруашылығының агротехникалық шараларын сақтамаудың нәтижесінде мүмкін болып, апатты экологиялық
салдарларға әкеп соқты, көптеген егін алқаптары көп жылдарға дейін құнарсыз болып қалды.
Торсық – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс.
Тоталитаризм – қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандықтары мен
құқықтары жойылатын басқару түрі.
Тотем – адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру
негізінде қалыптасқан сенімі.
Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың
ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымның жырақ кеткен қазақтардан жиналды.
Достарыңызбен бөлісу: |