Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) жылдарындағы әлеуметтік-
экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күштеп ығыстырып шығару жолымен социалистік
қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнелейді.
Әскери-өндірістік кешен – әскери қару-жарақ, құрал-жабдық және басқа әскери өнімдер өндіретін
кәсіпорындар кешені.
Баға – заттың құны, нарқы. Бағаны босату – заттың өзіндік құнын белгілеу еркіндігі.
Баж (бадж) – отырықшы гінші тұрғындардан жиналатын салық түрі.
Баж салығы – мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.
Достарыңызбен бөлісу: