Делегация – мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.
Демобилизация – әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.
Демобилизация – соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына көшіру.
Демография – халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы.
Демократияландыру – қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық) негіздерде
ұйымдастыру.
Депортация (лат. қуу) – 1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар
халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
Депутат – қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі.
Десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемі.
Дефицит – тапшылық, жетімсіздік.
Дешті қыпшақ – Қыпшақ даласы. ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.
Диаспора – этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс
жерлерге қоныстанған адамдар.
Диверсификация – өнім түрлерінің көрсетілетін қызмет түрлерінің, т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |